Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контраценция диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470.64 Кб
Скачать

Химиялық әдіс

Химиялық әдіс дегеніміз - химиялық заттары бар қынап ішілік спермицидтерді қолдану, ол әдіс сперматозоидтарды жатырдың ішіне кіргізбейді және олдарың қозғалуына тосқауыл жасайды.

Қазіргі спермицидтерді кірем, таблеткі, қынаптық свечалар, тампондар түрінде шығарады. Олардың бір түрін қынап ішіне жыныстық қатынастың алдында 5-10 минут бұрын енгізіп қояды. Оның әсері тек қынап ішінде ғана болады.

Ұтымдылығы:

әсері тек қынап ішінде ғана болады;

жыныс қатынасынан жұғатын аурулардың алдын алады;

 жыныстық қатынасы қалыпты жағдайда болмайтын әйелдерге де тиімді;

Жетіспеушілігі:

тек жыныстық қатынастың алдында енгізіп қояды;

аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Жатырішілік ұрықтануға қарсы заттар (жұқз)

ЖҰҚЗ – жүктіліктің алдын алатын, жатыр ішіне енгізетін кішкентай құрал. ЖҰҚЗ сперматозоидтың жұмыртқа жасушасына қарай қозғалуына тосқауыл жасайды да ұрықтандыруды болдырмайды, сонымен қатар, егерде ұрықтану болып қалса, онда, жұмыртқа жасушасын жатыр қабырғасына жабыстырмайды.

ЖҰҚЗ екі түрі шығарылады: дәрілік және дәрілік емес. Дәрілік ЖҰҚЗ құрамында мыс, күміс, алтын, прогестерон және басқа да прогестиндер бар. Бұл заттардың ЖҰҚЗ қоспасының басты мақсаты – ЖҰҚЗ сапасын жақсарту және олардың әйелдің дене мүшелеріне зиянды әсерлерін төмендету.

ЖҰҚЗ жатыр ішінде акушер-гинекологтардың ғана көмегімен енгізіледі, және тек медициналық мақсатпен қолданылады. ЖҰҚЗ жатыр ішінде 5-10 жыл жатуы мүмкін, одан көп уақыт ұстауға болмайды, егерде қажет болса басқа жаңасын алмастырып салу керек. ЖҰҚЗ көбінесе бала туған әйелдерге ыңғайлы.

    Ұтымдылығы:

       Жоғары сапалы;

      Ұзақ уақыт әсер береді.

Жетіспеушілігі:

Етеккір көп, ұзақ келуі мүмкін, кейде ауыратын болады;

Әйелдер спиралдің түсіп қалуын байқамайды, сондықтан ЖҰҚЗ мұртшасы бар ма, әлде жоқ па деп, әр-кезде тексеріп тұру керек. Бұның жағдайын спиралді салған дәрігерден сұрап білуіңізге болады;

АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды;

Жыныс мүшелеріндегі бұрыннан бар ауруларда асқындырып жіберуі мүмкін. Сондықтан, ЖҰҚЗ ішкі жыныс мүшелерінде аурулары бар әйелдерге қолдануға болмайды.

Инъекциялық әдіс

Инъекциялық әдісті қолдау дегеніміз – бұлшық етке гормондық дәрі салу арқылы 8-12 апталық контрацептикалық әсер жасау арқылы және ол дәрінің біртіндеп дене мүшесіне таралуы арқылы жүктіліктің алдын алу, ондай дәрінің әсерінің ұзақтығы гормондық дәрінің түріне байланысты.

Инъекциялық әдістің құрамына бір ғана гормон кіреді, ол – гестаген гармоны әйелдің дене мүшесіндегі жұмыртқа жасушасының өсіп жетілу құбылысын тоқтатады немесе жояды.

Бұл дәріні қолдануды тоқтатқанан кейін, ұрықтану құбылысы бірнеше айдың ішінде қалпына келеді.

Ұтымдылығы:

        Жоғары сапалы;

        Ұзақ уақыт әсер береді.

Жетіспеушілігі:

Етеккір  келуі бұзылуы мүмкін;

Ұрықтану құбылысы бірнеше айдың ішінде қалпына келеді.

Егерде қосымша әсерлері байқалса, оны дәрінің әсері аяқталмағанша қосымша әсерлеріді жоюға әрекет жасауға болмайды.

АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды;