Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контраценция диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470.64 Кб
Скачать

Лактациялық аменорея әдісі

Лактациялық  аменорея – бұл әйелдің баланы емшек сүтімен бағып жүрген кездегі етеккірдің болмаған уақыты, осы кезде жыныс жұмыртқа жасушасының өсіп жетілуіне көмектесетін гармонның физиологиялық жолына емшекпен емізу құбылысының кері әсерінен болады.

 Лактациялық  аменорея күтпеген жүктіліктен сақтайтын ең тиімді әдіс болып есептеледі, егерде баланы тек қана емшек сүтімен ғана тамақтандыратын болса, және де емшекпен әр екі сағат сайын және міндетті түрде, түнде де емшек сүтімен емізіп тамақтандыратын болса.

 Лактациялық  аменорея әдісі әдетте, баланы туғаннан кейін, баланың тамақтануына қосымша тамақ қосылғанға дейінгі 6 ай уақытына ғана қолданылады.

      Ұтымдылығы:

      Eмшекпен тамақтандырудың   дұрыс әдісі мен уақыт аралығын қатал сақтаған кезде ғана тиімді;

        Қосымша әсерлері жоқ;

        Қаражатты көп қажет етпейді.

      Жетіспеушілігі:

     АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды.

Етеккір келгенге дейін ғана тиімді әдіс немесе бала туылғаннан кейінгі 6 айдан артық уақытта пайдасы жоқ;

Жыныстық қатынастың үзілуі

Жыныстық қатынастың үзілуін қалай түсінуге болады, ол дегеніміз ер адам сперманы (ұрықбөліну) қынаптың сыртына және әйелдің сыртқы жыныс мүшелеріне шығаруды айтады. Жыныстық қатынастың толық үзілуі болу үшін, ер адам еркектік жыныс мүшесін қынаптан толығымен шығаруы керек.

Ұтымдылығы:

    Қаражатпен еш байланысы жоқ;

    Қосымша әсерлері жоқ;

Жетіспеушілігі:  

Төмен сапалылығы (себебі ер адам сперманы бөлгенен кейін, оның бірнеше тамшысы қынапта қалып қалса, ол күтпеген жүктілікті тудыруды болдыруы мүмкін);

Кейбір ер адамдар сперма шығару уақытын бағындыра алмай қалуы мүмкін;

 Екі жақтың да қанағаттанбай қалуы мүмкін;

 АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан   сақтамайды.

Тосқауылдық әдіс

        Қынапқа, одан ары жатыр мойнына және жатырға сперматозоидтарды өткізбейтін тосқауылдық  әдісі арқылы жүктілікті болдырмау үшін механикалық зат қолданады және ол ұрықтануды болдырмайтын кедергі жасайды.  Механикалық зат ретінде кедергі үшін кеңінен қолданып жүрген презервативті қолданады. Сонымен қатар цервикалдық қалпақты, диафрагманы және губканы қолдануға болады.

Презервативконтрацепциялық әдістің ең тиімдісі және сапалысы болып есептеледі, оны сперманың қынапқа кіріп кетпесі үшін қолданады. Презервативті эрекция кезінде (еркектік жыныс мүшесінің қозу кезі) еркектің жыныс мүшесіне толығымен тигізеді. Презервативті қолданған кезде есіңізде болсын, әр-бір жыныстық қатынас үшін жаңа презерватив кию керек. Презерватив АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардың таралуынан және жұғуынан    сақтайды.

 Цервикалдық қалпақ  - қалпаққа ұқсайтын сияқты, оны жатырдың мойнына кигізеді, сол кезде жатырдың мойнының сыртқы жағында немесе қынаптың жоғарғы жағында ұсталады да сол зарядты қысым тудырады. Сонымен цервикалдық қалпақ өзінің кедергі жасайтын дісімен сперматозойдтың жатыр ішіне өтіп кетпеуін қамтамасыз етеді.  

   Диафрагма – ол купол тәрізді жұмсақ доғалы резинке қалпақ, оны жыныстық қатынастың алдында қынапқа киеді, киген кезде артқы доғасы қынаптың артқы қуысына, ал алдыңғы доғасы шат сүйегіне мықты тақалады, ал куполы жатырдың мойнын жабады.

Цервикалдық қалпақшаны және диафрагма көп-рез қолданатын контрацепциялық заттардың қатарына жатады. Цервикалдық қалпақшаның немесе диафрагманың размерін дұрыс таңдау және оны қалай қолдану туралы кеңесті тек әйлдер кеңес беру мекемесінің маман дәрігері акушер-гиниколог қана бере алады.

Губка – спермицин сіңірілген, полиуретаннан жасалған жастық. Контрацептикалық губканың цервикальдық жағында шұңқыр бар, ол жатырдың қынабымен қозғалмайтындай болып жабысу үшін керек және жыныстық қатынас кезінде орнынан басқа жаққа жылжып кетуден сақтайды. Сонымен қатар екінші жағында қынаптан тез суырып алу жеңіл болуы үшін жасалынған торланған жібі бар.

Губканы қолданар алдында оны сумен жақсылап сулап алады да, қынаптың ішіне терең етіп кіргізеді. Қынаптың ішіне енген қынаптық губка 24 сағат бойы үздіксіз контрацептикалық әсер береді. Қолданысы біткен губканы лақтырып тастау керек.

Тосқауылдық әдіс жыныстық қатынасты қалыпты жағдайда, ылғи болатын адамдарға жүктіліктің болмауынан сақтайды.