Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контраценция диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470.64 Кб
Скачать

1)Табиғи.2)тосқауылды.3)жатыр ішілік заттар.4)лактационды әдіс.4)жедел контрацепция әдісі және 5 ерікті әйелді немесе 6еркекті хирургиялық ұрықсыздау әдісі.

Физиологиялық әдіс

Әйелдің жыныстық жұмытқасынан әр-бір жаңа жұмырқалық жасуша  жуықтап алғанда келесі етеккірге 14 күн қалғанда өсіп жетіледі. Әйелдің жұмыртасының жасушасының өмірі өте қысқа, ол 24 сағат өмір сүреді десек, сперматозойдтың өмірі 48 сағатқа созылады да, бұл екі есе көп уақыт өмір сүреді дегенді білдіреді. Осы жағдайды білгеннен кейін, овуляция болатынға дейінгі және одан кейінгі үш-төрт күндегі «қауіпті күндерде» жыныстық қатынас жасамасаңыз күтпеген жүктіліктен сақтана аласыз. Бұл әдіс, тек ай-сайынғы етеккірі өзгеріссіз, дұрыс етеккір кезеңі болатын әйелдерге ғана тиімді. Егерде, сіздің күнделікті өміріңізде қандай да бір жағымсыз жағдай болып қалса, ол етеккірдің реттік кезеңі бұзуы мүмкін, мұл кезде жыныстық жұмыртқа жасушасының өсуінің уақытын бұзады.

Төменде етеккірлерінің кезеңдері әр-түрлі ұзақтық кезеңде болатын әйелдердің «қауіпті күндерін» анықтауға болатын кесте берілген.

Ұрықтанудың мүмкін болатын кезеңін қалай есептеуге болады ?

 Сіздің етеккіріңіздің ең қысқа кезең күні 

Сіздің бірінші «қауіпті күніңіз» .Сіздің етеккіріңіздің ең ұзақ

кезең күні  Сіздің соңғы «қауіпті күніңіз»

Ескертпе: * 1 күн = етеккірдің бірінші күні (етеккірдің қанауының)

Контрацепцияларды физиологиялық әдіспен

қолданудың   ұсынсы:

1.    Етеккір күнтізбегін бастаңыз, онда 8 ай бойына әр-бір болған етеккір кезеңінің ұзақтығын белгілеңіз. Әр кезең етеккірдің бірінші басталған күнінен басталады (етеккір кезеңінің бірінші күні) және келесі етеккір басталуға бір күн қалғанда (етеккір кезеңінің соңғы күні) аяқталады.

2.    Ең ұзақ және ең қысқа күндерде болтын етеккір кезеңін анықтаңыз.

3. Кестеден өзіңіздің «қауіпті күніңізді» табыңыз. Етеккіріңіздің ең қысқа күнінің ұзақтығын қолданып және соңғы «қауіпті күніңізді» қолдана отырып, ең ұзақ еттеккір кезеңін алыңызда өзіңіздің бірінші «қауіпті күніңізді» анықтаңыз.    

4.    Қазіргі етеккір кезеңінің ұзақтығын ескере отырып, бірінші және соңғы «қауіпті күніңізді» анықтаңыз.

5.    «Қауіпті күніңізде» жүктілік болып қалмасы үшін контрацепцияның басқа да әдістерін: барьерлік , химиялық ж.б. түрлерін қолдануыңызға болады.

Ұтымдылығы:

        Денсаулыққа қатері жоқ;

        Қосымша әсерлері жоқ;

        Қаражатты көп қажет етпейді.

Жетіспеушілігі:

        Жоғары сапалы емес;

       «Қауіпті күніңізде» жыныстық қатынас жасамау керек және контрацепцияның басқа әдісін қолдану керек болады;

АИЖА/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды. тын әдіс.

Дененің ыстығының көтерілуі овуляцияның болғанын емес оның дамуының басталғанын білдіреді. Дененің қызуы кейде овуляцияға 12-24 сағат қалғанда төмендеуі мүмкін, одан кейін орта есепте 0,2-0,5 ºС көтерілуі мүмкін. Сондықтан, дененің қызуының көтерілуінің соңғы үш тәулікке созылған уақыты, ұрықтанудың немесе жүктіліктің мүмкін болатын күндері деуге болады.

Дененің қызуының көтерілуіне басқа да жағдайлар (күтпеген жағдайлар, аурушылықтар ж.б.) әсер беретін болғандықтан, дененің қызуының көтерілуін өлшеу әдісі жүктілікті болдырмаудың ең тиімді әдісі бола алмайды.

Мынаны ескерген жөн, кейбір әйелдердің дене қызуы еш өзгермейді, сонлықтан бұл әдіс те барлық әйелдерге бірдей тиімді емес.

 Дене қызуының көтерілуін өлшейтін әдісті  қолданудың ұсынысы.

1. Денеңіздің қызуының көтерілуін күнде ертең ерте төсегіңізде жатқанда өлшеңіз;

2. Денеңіздің қызуының көтерілуін күнде ертең ерте өлшегенде бір ғана термометрмен өлшеңіз;

3. Денеңіздің қызуының көтерілуін белгіленген бір уақытта және денеңіздің белгіленген жерінен ғана өлшеңіз (ауыз қуысының қызуын – 5 минут, ал тоқ ішектің немесе жатыр қынабының қызуын – 7 минут) өлшеу керек;

4. Әр күні өлшеген қызуыңыздың қанша болғанын белгілі қағазға тізіп жазып жүріңіз;

5. Дененің қызуы кейде овуляция кезінде орта есепте 0,2-0,5 ºС көтеріледі. Егерде дененің қызуы көтерілмегенін анықтасаңыз, жалғастыра беріңіз, себебі әлі овуляция болмаған.

6. Егерде сіздің денеңіздің қызуы түспеген болса, онда сіздің «Қауіпті күніңіз» әлі жалғасып жатыр деген түсінікті білдіреді, ендеше бұл басқа бір сырттан әсер етудің салдарынан көтерліген қызуыңыз емес.

   Ұтымдылығы:

        Денсаулыққа қатері жоқ;

        Қосымша әсерлері жоқ;

        Қаражатты көп қажет етпейді.

Жетіспеушілігі:

        Жоғары сапалы емес;

       Овуляция кезінде жыныстық қатынас жасамау керек және контрацепцияның басқа әдісін қолдану керек болады;

АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды.