- •Проблеманың өзектілігі
- •Контрацепция туралы мифтер-Білінің !!!
- •1)Табиғи.2)тосқауылды.3)жатыр ішілік заттар.4)лактационды әдіс.4)жедел контрацепция әдісі және 5 ерікті әйелді немесе 6еркекті хирургиялық ұрықсыздау әдісі.
- •Физиологиялық әдіс
- •Лактациялық аменорея әдісі
- •Жыныстық қатынастың үзілуі
- •Тосқауылдық әдіс
- •Химиялық әдіс
- •Жатырішілік ұрықтануға қарсы заттар (жұқз)
- •Инъекциялық әдіс
- •Хирургиялық әдіс
- •Ішетін контрацепциялар
- •Контрацептикалық әдісті таңдау
- •Біздің Елімізде өзекті мәселенің бірі көп балалы айелдерде контрацепцияны колданудың төмендігі , оган кері асер ететін факторлар.
Мазмұны
1.Тақырыптың өзектілігі, қажетілігі 1-2 бет.
2.Зерттеудің мақсаты, міндеті 2-3 бет.
3.Контрацепция – деген не ?Сізге не ушін қажет? 3-4 бет.
4. Контрацепция туралы мифтер –Біліңіз !!! 4-8 бет.
5.Контрацепцияның түрлер,тиімділігі,қауптілігі, қолдануға болмайтын жағдайлар. 8-16 бет.
6.Қазақстан елінде әйелдер, көп балалы Аналар арасында контрацепцияны қолдану пайызы. 17-19 бет.
7.Көп балалы аналар арасында контрацепцияның төмендеуіне әсер ететін факторлар. 19-20 бет.
8.Қорытынды. 21 бет.
Шартты қысқартулар тізімі
ШЖЖЖ -Шынайы жолмен жанұяны жоспарлау
ДЖҚ -дүниежүзілік қауымдастық
ДСҰ -денсаулық сақтау ұйымы
ЖИТС -иммунитет тапшылық симптомы
ЖАӘ -жалпы ақпараттау әдісі
КАК-Комбинирленген ауыздық контрацептивтер (КАК):
ӨЗХС -Өз еркімен келісілген хирургиялық стерилизациялау
ЖІС -Жатырішілік спираль
ЛАӘ -Лактациялық аменорея әдісі
ТПК-Таза прогестинді контрацепция.
Проблеманың өзектілігі
Халықаралық отбасы күні 1994 жылдың 15 мамырынан бастап өтілуде. Отбасы- өмір бойы біздің қасымызда болатын ең жақын адамдар. Ел басшымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2050» стратегиясында әйелдерге «Сіздер- отбасының тірегісіздер, еліміздің болашақта қандай болатына балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты» деп айтқан. От басын жоспарлау - бұл кейбір жеке адамдар мен ерлі - зайыптылардың қалаулы емес жүктіліктен сақтануына, дүниеге келетін сәбилердің уақытымен ,санын реттеуде еркін және жауапты шешім қабылдап,осы таңдауды қадағалауға арналған шаралар жиынтығы. Басқаша айтқанда, отбасын жоспарлау – баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз.
Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының қалыптасуына теріс ықпал ететін факторлар ретінде жыныстық қатынастардың ерте басталуы, олардың арасында жыныстық жолдар арқылы берілетін жұқпалы аурулардың көбеюі, сондай-ақ темекі мен ішімдікке әуестілігі қоғамыздың ертеңгі күні дүниеге дені сау ұрпақ алып келуіне күмәндіміз.. Жас қыздардың жоспарланбаған жүктіліктен жасанды түсік тастауы- болашақ ананың ұрпақты болу денсаулығына кері әсерін тигізері анық және тастанды балалар қоғамымызда әлеуметтік жетімдер санының артуына себепші факторлардың бірі.
Жалпы айтқанда ,жанұяны жоспарлаудың негізгі мақсаты –ана мен нәрестенің денсаулығын қорғау және жалпы халықтың денсаулығын жақсарту болып саналады. Жүктілік ана организміне түсетін үлкен салмақ болғандықтан, жүктілікке алдын-ала дайындалған дұрыс.Егер әйелде қандайда бір созылмалы ауру болған жағдайда емдеп, гинекологқа қаралып жыныс жолымен берілетін инфекцияларға анализ тапсырған дұрыс. Болашақ аналарға арналған дәрумендерді қабылдауды ұсынуы және ішу себебін түсіндіріп айтуы мүмкін. Болашақ ана зиянды әдеттерден бас тартқаны жөн. Сонымен қатар, жоғардағы айтылғаны ғана емес, жалпы адамның физикалық және ой жүйесі мен әлеуметтік жағдайының да сау болуы.
Жанұяны жоспарлау – бұл дұрыс қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білімді, әлеуметтік-ағарту, медициналық, діни салт және тәрбиелік шара. Жеке мағынада бұл термин ерлі-зайыпты жұбайлармен бала туылудың мерзімін, олардың санын, қажетсіз жүктілікті болдырмау мақсатында контрацептивтерді таңдау болып табылады. Жанұяны жоспарлау мен ұлтшылдықтың өзектілігі мен қажеттілігі қалыпты босану әйелдердің жартысында ғана болады, көп жағдайда жетілмеген, дені сау емес сырқат балалар туылады,әлемдегі халық саны жылына 1,73%, немесе 87 млн өсіп отыр, ал ТМД елдерінде өлім көрсеткіші жүз мыңдаған. Сондықтан, осы елдерде халық саны абсолютты және және салыстырмалы көлемде азайып жатыр. Жанұяны жоспарлауы дамыған елдерде (АКШ,Жапония,Англия) перинаталды өлім 5-8%, ал ана өлімі 100 000 тірі туылғандарға 10 аз. Ал жанұяны жоспарлауы жетілмеген (мысалы, Бангладеш) елдерде осы көрсеткіштер 100% және 500 сәйкес келеді. Жанұяны жоспарлау медициналық көз қарас бойынша репродуктивті қызметтің негізі білген жағдайда іске асады.
Жанұяны жоспарлай мәселесі: жыныстық қатынас арқылы берілетін аурушаңдықтың өсуі, жүктілер жағдайның үнемң нашарлауы, көп жағдайда ана және нәресте өлімінің жоғарылауына алып келеді, түсіктердің көп болуы, біздің азаматтарымыздың әсіресе ерлер арасында репродуктивті мәдениетінің төмен болуы алып келеді. Осының барлығы жанұядағы дисгормонияға, бедеулі некенің көбеюіне, ажырасумен бйаланысты. Жанұяны жоспарлау туу санын төмендетпейді, алайда дені сау баланың туылуына мүмкіндік береді.
Жануянын жоспарлау мәселесі - отбасылық жұптарға немесе жеке тұлғаларға алдын ала жоспалау арқылы көп қиындықтардың алдын алады, мысалы жүктілікті жоспарлау, бала күтімі, қажетсіз жүктілікті, бала көтеру уақының арақашықтығын жоспарлау, ата-ананың жасына байланысты бала көтеру т.б. Мақсатқа жету жолдарында бұл қиындықтардың алдын алу үшін контрацептивтер, ұрықсыздандыратын дәрілерді қолданады. Отбасын құру әдісіне бала көтеруді жоспарлау, белсіздікті емдеу, тәлім тәрбие, отбасы туралы, медициналық генетикалық ақыл кеңестерден тұрады.
Зерттеулер нәтижесінде, егер 16 жасқа дейінгі әйелдердің бірінші жүктілігі түсікпен аяқталса, онда келесі жүктіліктер сәтсіз болуы мүмкін (өзіндік түсіктер, ерте босану). контрацепция әдістері Жүктіліктен қорғанудың сан алуан түрлері Контрацепция құрамына, мөлшеріне, әсер етуіне көрсеткішіне, қарсы көрсеткішіне, қолдану ерекшелігіне, қолдану әдісіне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Отбасын жоспарлау үйлесімді және қayiпciз жыныстық қатынас құруға, өз денсаулығын caқтayғa мүмкіндік беретін контрацепция әдістері арқылы жүзеге асырылады.
3. Міндеттері:
1. Жанұяны жоспарлау сұрақтары бойынша оқыту және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.
2. Жанұяны жоспарлау бойынша жоғары сапалы қызмет көрсетуге қажетті кеңес беруде халықтың білімін жетілдіру және оқыту.
3. Қазіргі контрацепция әдістері бойынша білімін тереңдету.
4.Жанұяны жоспарлау сұрақтары, жас қыздармен жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру сұрақтары бойынша халықпен санмитарлы-ағарту жұмыстарын жасауға жағдыларын мен білімдерін тереңдету.
5. Өзінің мамандандырылған жұмысында білім мен дағыларын үздіксіз жетілдіру қажеттіліктерін қалыптастыру.
6.Тиіді контрацепция әдісін тусіндіру, көп балалы аналар арасында контрацепцияның қажеттілігін түсіндіру.
7.Көп балалы Әкелер арасында әйел кісі денсаулығына байланыстты қажетті жағдайда уақытша контрацепция қолдану қажеттіліг түсіндіру жұыстары жүргізу туралы ақпарат тарату.
Контрацепция
Көптеген ерлі-зайыптылардың және әйелдердің алдында, керек емес жүктіліктен қалай сақтау керек деген сұрақ тұрады. Бұл сұрақтың туындауына себеп болатын, жүкті болатын әйелдің немесе дүниеге келетін баланың дені сау болама деген сұрақ емес, сонымен қатар бақытты отбасы құрыла ма жоқ па деген күрделі сұрақ тұрады
Осы кезде контрацепцияны қолдану қауіпсіз жыныстық қатынас жасауға және денсаулығыңды сақтауға, сонымен қатар өзіңнің жаныңа жайлы және ұнайтын өмір сүруге көмектеседі.
Контрацепция сізге қалай көмегін тигізеді:
1.Ұнайтын адамыңмен ерікті сезінуіңе көмектеседі және керегі жоқ жүктіліктің болып қалуынан сақтайды.
2.Сіздің балалы болуыңызды ойлануға мүмкіндік береді. Сондықтан, ойланып шешкенен кейінгі балалы болуға шешім қабылдап, еккіқабат болып, балалы болуыңыз өзіңіздің жоспарыңызбен болады да, ол ісіңізге өкінбейтін боласыз.
3.Жасанды жолмен баланы алдырып тастағанда, денеңізге және жан-дүниеңізге жарақат әкелетін, денсаулығыңызға зиянын тигізетін қауіп және қатерден сақтайды.
4.Бір бала туғаннан кейінгі екінші баланы туудың арасындағы уақыттың жиі болмауын сақтауға көмектеседі. Себебі екі баланың арасының аз дегенде үш жыл болуы, ананың денсаулығының қалпына келіп және келесі баланы тууға да денсаулығын дайындауға көмегін тигізеді.
5. Кейбір контрацепциялар жыныс жолымен жұғатын аурулардан сақтайды.
Көтпеген жүктіліктен сақтанудың көптеген әдістері бар. Бірақта, барлық әйелдерге бірдей жақсы әсер ететін контрацепциялық дәрі жоқ екенін естен шығармау керек. Қандай емдік әдісті алсаңыз да, оның жетістігі мен жетіспеушілігі, жағымды, жағымсыз және кері әсерлері болады. Сондықтан контрацепцияны әр-адамның дене мүшесіне қарай, қалай әсер беруіне байланысты, жыныстық қатынасқа деген нйетіне және денсаулығының жарамдығына байланысты таңдауы керек. Сіздің денсаулығыңызға пайдасы бар контрацепцияны дәрігер акушер-гинеколог немесе әйелдерге кеңес беру мекемесінің арнайы даярланған акушеркасы ғана таңдап бере алады.
