Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ 2017 каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Клиникалық ситуациялық есеп №7 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат

Қыз бала 2 жаста, жедел ауырды, дене температурасы 37,8 С, жөтел. Келесі күні жөтелі сақталған, дауысы қарлығып, ентікпе пайда болды, температурасы 39,8 С дейін көтерілген.

Өмір анамнезінен, бала 3 айлығында көкжөтелдің ауыр формасымен ауырып, невропатологта энцефалопатиямен бақыланған. 1 жасқа дейін профилактикалық екпелерден шектеулерде болған.

Қарау кезінде баланың жағдайы ауыр, дауысы қатты, айқын инспираторлы ентікпе, ұстама тәрізді жөтел. Терісі таза, боз, мұрын – ауыз үшбұрышының цианозы.

Т/Ж – минутына 42 рет. Дем алу кезінде қабырға аралық, эпигастрии аймақтарында тартылу байқалады. Ауыз қуысының шырышты қабаты және аңқа таза. Өкпеде тынысы қатқыл сырыл естілмейді. Жүректе – тондары әлсіз, тахикардия. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры +1 см. Менингеальды белгілері жоқ. Есі анық.

30 минуттан соң бала мазасызданып, тынысы қиындай бастады, бастың шаш бөлігінде терлегіштік пайда болды.

Тапсырма:

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  2. Ажыратпалы диагностика жүргізіңіз?

  3. Сіздің диагнозыңызды қандай қосымша зерттеу әдістері нақтылайды?

  4. Алынған зерттеулер нәтижелерінен нені күтетініңізді айтыңыз?

  5. Диагнозды коррекциялаңыз.

  6. Осындай жағдайлар кезінде негізгі ем принциптері қандай?

  7. Антибактериальды терапияға көрсеткішті айтыңыз.

Клиникалық ситуациялық есеп №7 «Жедел стеноздаушы ларинготрахеит» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат

Қадамдар

Іс-әрекет алгоритмі

Балмен бағалау

1

Болжам диагнозын қойды.

Диагнозды дұрыс құрды. Жедел стеноздаушы ларинготрахеит, 3 дәрежелі стеноз.

1,0

0,5

0

2

Ажыратпалы диагностика жүргізіп, келесі жағдайларды айтып шықты.

Стеноздың даму себептері. Ажыратпалы диагноз: Жедел стеноздаушы ларинготрахеит (дифтерияны жоққа шығарды)

2,0

1,0

0

3

Диагнозды нақтылау үшін жеткілікті көлемде қосымша зерттеу әдістерін ұсынды.

ЖҚА,ЖЗА, қан биохимиясы (жалпы белокпен қоса), рентгенография.

1,0

0,5

0

4

Күтілетін өзгерістерді айтып шықты.

Қандағы ҚСР, рентгенограммадағы өзгерістер.

2,0

1,0

0

5

Диагнозды коррекциялады.

Жедел стеноздаушы ларинготрахеит, стеноз III дәрежелі..

1,0

0,5

0

6

Осындай жағдайлар кезінде негізгі ем принциптерін айтып шықты.

Ингаляциялық терапия, оттегі терапиясы. ӨЖВ көрсеткіштерді айтып шықты.

2,0

1,0

0

7

Антибактериальды терапияға ұсынысын айтып шықты.

Антибактериальды терапияға көрсеткіштері.

1,0

0,5

0

8

Барлығы

10

5

0

Бекетке берілетін максимальды уақыт – 10 мин.

Максимальды балдар суммасы – 10 балл