Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ 2017 каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Клиникалық ситуациялық есеп №5 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат

Науқас М., 64 жаста. Жедел көрсеткіштермен ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Дене қызуы - 40,00. Күрт мәңгірген. Диффузды цианоз. Мойын бұлшық еттері қатайған. Керниг симптомы оң мәнді. Көз қарашықтары біркелкі, жарыққа реакциясы бар. Тынысы шулы, тыныс актіне қосымша бұлшық еттер қатысады. Перкуссияда оң жағында барлық аймақтарда тұйық өкпелік дыбыс. Аускультацияда сол аймақтарда патологиялық бронхиалді тыныс, крепитация. ТЖ минутына 28 рет. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 130 минутына, ырғақты. АҚҚ 90/60 мм сынап бағанасымен. Бауыр қабырға доғасы жиегі астынан 2 см шығыңқы, жұмсақэластикалық консистенциялы. Таңертеңнен бері несеп бөлінбеген.

Ауру анамнезі әйелі айтуымен жиналды. 3 күн бұрын суықтаудан кейін жедел ауырған. Дене қызуы қалтыраумен бірге 390 –қа дейін жоғарылаған. Бірнеше сағаттан соң кеуде торында оң жағында ауырсыну, іріңді қақырық пайда болған. Өз бетінше емделген, парацетамол, доксициклин (0,1г тәулігіне 2 реттен ішке) қабылдаған. Кеше жағдайы нашарлаған, мәңгіріп, қиын дем алған. Жедел жәрдем шақырған.

Өмір анамнезінен: артериялық гипертониямен 10 жыл бойы ауырады.

Cito жалпы қан, несеп анализі, ЭКГ, кеуде торының рентгенограммасы жасалды.

Жалпы қан анализі: гемоглобин 152 г/л, Л. 14,0х109/л. Эозинофилдер-0%, миелоциттер-2%, метамиелоциттер 5 %, таяқша ядролы-18%, түйіршікті ядролы-49%, Л-19%, М-7%, ЭТЖ-50 мм/сағ

Жалпы несеп анализі (60,0 мл катетермен алынған): белок 1,0 г/л, эритроциттер 4-5 к/а, лейкоциттер 10-12 к/а.

ЭКГ: синусты тахикардия. Миокардтың аздаған диффузды өзгерістері.

Тапсырмалар:

  • Амбулаторлық кезеңде берілген антибактериялық терапияға баға беріңіз.

  • Қанның, несептің жалпы анализдеріне, өкпе рентгенограммасына интерпретация жасаңыз.

  • Болжам диагноз құрастырыңыз.

  • Жедел терапия тағайындаңыз.

  • Диагнозды нақтылау үшін зерттеулер тағайындаңыз.

  • Зертханалық зерттеу әдісі нәтижелерін интерпретациялаңыз

  • Клиникалық диагнозды құрастырыңыз.

Клиникалық ситуациялық есеп №5 «Өкпелік инфильтрация синдромы кезіндегі медициналық көмек көрсету» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат

Қадамдар

Іс-әрекет алгоритмі

Балмен бағалау

1.

Амбулаторлық кезеңде берілген антибактериялық терапияға баға берді

Бұл пациент үшін доксициклин І –ші линиядағы препаратқа жатпайды және амбулаторлық кезеңде 60 жасқа дейінгі қосалқы аурулары жоқ науқастарға тағайындалуы мүмкін.

1,0

0,5

0

2.

Қанның, несептің жалпы анализдеріне, өкпе рентгенограммасына интерпретация жасады

Жалпы қан анализінде – лейкоцитоз солға ығысумен, ЭТЖ жылдамдауы

Жалпы несеп анализінде – протеинурия, аздаған гематурия және лейкоцитурия.

Рентгенограммада – кеуде торының оң жартысы инфильтрация арқылы біркелкі көлеңкелен. Кеуде ортасы көлеңкесі ығыспаған.

1,0

0,5

0

3.

Болжам диагноз құрастырды

Үйде дамыған (ауруханадан тыс) тоталді оң жақты пневмония, ауыр ағымды. ТЖ 2 дәрежесі. Инфекциялық-токсикалық шок. Менингит белгілері?

1,0

0,5

0

4.

Жедел терапия тағайындады

  • РЖТБ (ОРИТ) жатқызу

  • ЖӨВ (ИВЛ)

  • Вазопрессорлар: допамин 5мкг/кг/мин

  • Дезинтоксикациялық терапия

  • Антикоагулянттар: мысалы, гепарин

  • Эмпириялы антибактериялық терапия 2 антибиотиктен: макролид (азитромицин тәулігіне 0,5 1 рет немесе спирамицин тәулігіне 1,5 млн МЕ 3 рет немесе эритромицин тәулігіне 1,0х3 рет в/і тамшылатып) + цефалоспорин 3-ші туындысы (цефотаксим в/і тәулігіне 1-2 г 2-3 рет 10 тәулік) немесе қорғанысымен пенициллиндер амоксиклав в/і тәулігіне 1,2 г 3 рет.

  • Гиперэргиялық қабыну реакциясын жою мақсатында 90 мг преднизолон в/і тағайындалуы мүмкін.

2,0

1,0

0

5.

Диагнозды нақтылау үшін зерттеулер тағайындады

Міндетті түрде:

  1. БҚА – креатинин, электролиттер, бауыр ферменттері

  2. Грамм бойынша боялған жағынды микроскопиясы

  3. Қоздырғыштарды анықтау және олардың антибиотиктерге сезімталдығын бағалау үшін культуралді зерттеулер

  4. Менингитті жоққа шығару үшін невропатолог кеңесі.

Қосымша:

  1. Коагулограмма

  2. Артериялық қандағы газдар

  3. Атипиялық микрофлораларды анықтау үшін қанды ПТР (ПЦР) (хламидия, микоплазмалар, легионеллалар, аспергиллалар, ЦМВ және басқа)

  4. Гемокультураны зерттеу (әртүрлі венадан екі сынама жүргізген тиімді)

  5. Спирометрия

  6. Плевра пункциясы плевралық сұйықтықты цитологиялық, биохимиялық, микробиологиялық зерттеумен бірге

  7. обырға күдіктенген кезде кілегейлі қабықтың биопсиясымен ФБС

  8. Туберкулез, обыр, иммунопатологиялық және басқа да күйлерді жоққа шығару үшін кеуде бөлігінің КТ

  9. Қажетіне қарай иммунопатологиялық күйлерді жоққа шығару үшін өкпе биопсиясы (трансторакалді, трансбронхиалді, ашық)

2,0

1,0

0

6.

Зертханалық зерттеу әдісі нәтижелерін интерпретациялады

БҚА – мочевина жоғарылауы (шок фонында жіті бүйрек жетіспеушілігі)

Коагулограмма – гиперкоагуляция, гиперфибриногенемия

Қақырық анализі –пневмококк туғызған пневмония

Жұлын сұйықтығының анализі – менингитті дәлелдейтін белгілер жоқ

2,0

1,0

0

7.

Клиникалық диагноз құрастырды.

Үйде дамыған (ауруханадан тыс) оң жақты тоталді пневмония пневмококты этиологиялы, ауыр ағымды. ТЖ 2 дәрежесі. Инфекциялық-токсикалық шок. ДТІС (ДВС) синдромы гиперкоагуляция кезеңі. Менингизм.

1,0

0,5

0

Қорытынды

10

5

0

Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 10 минут

Ең жоғарғы балл жинақтары – 10 баллов