Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ 2017 каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Клиникалық ситуациялық есеп №3 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат

Пациент М, зейнеткер, 64 жаста. Тізе буындары, көбінесе оң жақта ауырсынуға, ауырсыну жүргенде пайда болуына, оң тізе буыны ісінуіне, ақсаңдау пайда болуына шағымданады. Anamnesis morbi: баспалдақтан көтерілгенде және төмен түскенде тізе буындарында ауырсыну алғашқы рет 7 жыл бұрын пайда болған. Дәрігерге қаралмаған. 6 айдан соң ауырсыну күшейген, қозғалу алдында ауырсыну, тізе буындарында деформациялану пайда болған.

Anamnesis vitae: 4-5 жыл ішінде АҚҚ жоғарылайды, ең жоғарғы деңгейі 150/90 мм сынап бағанасымен, капотен қабылдайды.

Status praesens: Пациенттің жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Бойы 169 см, салмағы 88 кг. Тері қабаты және көрінетін шырышты қабаты қалыпты түсті. Теріасты майлы қабаты шектен тыс дамыған. Сүйек-буын жүйесі – ақсаңдап жүреді. Оң тізе буыны деформацияланған, терісі қызарған, оң тізе буыны үстінде жергілікті температура жоғарылаған. Тізе тобығының «балотирлеу» симптомы теріс мәнді. Екі тізе буынын белсенді және пассивті жазу кезінде сықыр естіледі. Омыртқаны тексергенде бел бөлігінің аздап ауытқуы анықталады. Басқа буын топтары өзгермеген. Тыныс везикулярлы, ТЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 75. АҚҚ 150/90 мм сынап бағанасымен. Іші теріасты майлы торы арқылы ұлғайған, жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған.

Тапсырмалар:

  1. Негізгі синдромды бөліңіз және ажыратпалы диагноз жүргізу қажет ауруларды атаңыз.

  2. Болжам диагноз бойынша қорытынды жасаңыз.

  3. Зертханалық зерттеу әдісі нәтижелерін интерпретациялаңыз.

  4. Буындардың рентгенограммасына интерпретация жүргізіңіз.

  5. Клиникалық диагноз құрастырыңыз.

  6. Клиникалық диагнозға негіздеме беріңіз.

  7. Ұсынылған диагностикалау және емдеу хаттамасы негізінде осы жағдайға байланысты пациентке ем тағайындаңыз.

Клиникалық ситуациялық есеп №3 «Остеоартроз кезіндегі медициналық көмек көрсету» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат

Қадамдар

Іс-әрекет алгоритмі

Балмен бағалау

Негізгі синдромды бөлді және ажыратпалы диагноз жүргізу қажет ауруларды атады

Олигоартрит түріндегі буын синдромы.

Остоеартроз, реактивті артрит, ревматоидты артрит, туберкулезді артрит, подагралық артрит және жарақаттан кейінгі және т.б.

1,0

0,5

0

Болжам диагноз бойынша қорытынды жасады

Біріншілік жергілікті тізе буындарының остеоартрозы, баяу үдемелі. Оң тізе буынының реактивті синовиті. БҚБ II.

1,0

0,5

0

Зертханалық зерттеу әдісі нәтижелерін интерпретациялады

Реактивті синовит нәтижесінде ЭТЖ жылдамдауы 20 –ға дейін, СРБ+ - қабыну көрсеткіштері. Биохимиялық анализдердегі қалыпты несеп қышқылы подаграны жоққа шығарады, холестерин 5,8 ммоль/л.

РА болмауы – РА жоққа шығарады, Райт-Хеддельсон реакциясы теріс мәнді болуы – бруцеллезді, хламидияға, уреоплазмаға, микоплазмаға ИФА теріс мәнді болуы реактивті артритті жоққа шығарады.

2,0

1,0

0

Буындардың рентгенограммасына интерпретация жүргізді

Рентгенограммада 2 кезеңдегі АО Келлгрен және Лоуренс: жиекті сүйектену пайда болуы (остеофиттер), буын қуысы тарылуы, айқын субхондралді склероз.

1,0

0,5

0

Клиникалық диагноз құрастырды

Тізе буындарының біріншілік жергілікті остеоартрозы, баяу үдемелі ағымды. Оң тізе буынының реактивті синовиті. Рентгенологиялық сатысы 2. БҚБ II. Артериялық гипертензия I дәрежесі. Қауіп 2. Семіздік 2 дәрежесі.

1,0

0,5

0

Клиникалық диагнозға негіздеме берді

Біріншілік – жарақаттар, кәсіби қауіптер және т.б. болмаған.

Жергілікті – 3 буыннан кем.

Тізе буындарының остеоартрозы – тізе буындарында ауырсыну, остеофиттер, ОА –ға тән синовиалді сұйықтық, жасы 40 –тан жоғары, 30 минутқа дейінгі тәңертеңгілік қозғалыс қиындауы, белсенді қозғалыс кезінде крепитация болуы.

Баяу үдемелі ағымды – аурудың баяу дамуы, буындардың кезеңді өршулермен және ремиссиямен біртіндеп зақымдалуы, буындар деформациясының біртіндеп дамуы.

Оң тізе буынының реактивті синовиті – қабыну белгілері.

Рентгенологиялық сатысы 2 – буын қуыстары аздап тарылған, остеофиттер.

БҚБ II – буындар қызметі айқын шектелген.

2,0

1,0

0

Ұсынылған диагностикалау және емдеу хаттамасы негізінде осы жағдайға байланысты пациентке ем тағайындады

Өмір сүру салтын модификациялау, дене салмағын төмендету, емдік дене тәрбиесі бойынша ұсыныстар.

Индометациннен басқа ҚҚСЕП тағайындау (протон помпасы блокаторларын бірге қолдануға болады)

Хондропротекторлар (мысалы, хондроксид сульфаты алдыңғы 3 аптада 750 мг тәулігіне 2 реттен, кейін 6 ай ішінде 500 мг тәулігіне 2 реттен ішке қабылдау немесе глюкозамин сульфаты ішке тәулігіне 500 мг-нан (бір рет) немесе б/і аптасына 2-3 реттен, жалпы курсы жылына 2-3 рет).

Глюкокортикостероидтарды тізе буыны ішіне енгізу: триамцинолон (20-40мг), метилпреднизолон (20-40мг), бетаметазон (2-4мг). Енгізу жиілігін жылына 2-3 реттен жоғарылатпайды.

Гипотензивті препараттар: АҚҚ бақылай отырып 5 ұсынылған топтардың ішінен (ААФ ингибиторлары, кальций антагонисттері, бета-блокаторлары, диуретиктер, АРА II)

2,0

1,0

0

Қорытынды

10

5

0

*Препараттар тобын атаса жеткілікті (хондропротекторлар, буын ішіне гормоналді препараттар)

Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 10 минут

Ең жоғарғы балл жинақтары – 10 баллов