Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ 2017 каз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат

Пациент У., 27 жаста. Айқын жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, аздаған дене жүктемесінде ентігуге шағымданады.

Anamnesis morbi: өзін 2010 жылдың наурызынан асқазан-ішектен көп мөлшерде қан кетуі, геморрагиялық шок белгілерімен жедел түрде хирургиялық бөлімге түсіп операция жасалған кезден бастап ауырады деп есептейді. Асқазанның 2/3 бөлігіне резекция жасалған. Соңғы жарты жылда 7 кг салмақ жоғалтқан, аяқтарында әлсіздік, тырнақтары сынғыштығы байқалады. Аймақтық дәрігерге қаралған, қанның бақылау анализінде Нв 42 г/л, эритроциттер – 1,7х1012/л, ТК-0,8, лейкоциттер – 3,27х109/л, тромбоциттер-64,07х109/л.

Anamnesis vitae: ерекшеліксіз

Status praesens: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Тері қабаты, көрінетін шырышты қабықтар субиктериялы, таза. Тынысы везикулярлы, ТЖЖ минутына 18 рет. Жүрек тондары анық, барлық нүктелерде қатал емес систолалық шу естіледі. ЖСЖ минутына 100. АҚҚ 100/60 мм сынап бағанасымен. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасы жиегінде. Ұрғылау симптомы екі жақты теріс мәнді, несеп бөлінуі ауырсынусыз.

Тапсырмалар:

  1. Ажыратпалы диагноз жасау үшін аурулар шеңберін түзіңіз.

  2. Болжам диагноз құрастырыңыз.

  3. Зерттеу мақсатын негіздей отырып зерттеу жоспарын құрастырыңыз.

  4. Клиникалық диагнозды құрастырыңыз.

  5. Клиникалық диагнозға негіздеме беріңіз.

  6. Ұсынылған диагностикалау және емдеу хаттамасы негізінде осы жағдайға байланысты пациентке ем тағайындаңыз.

  7. Емнің нәтижелілігін бағалау үшін ең ерте зертханалық көрсеткішті көрсетіңіз.

  8. Ары қарай емдеу және алдын алу бойынша ұсыныстар беріңіз.

Клиникалық ситуациялық есеп №2 «Анемия кезіндегі медициналық көмек көрсету» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат

Қадамдар

Іс-әрекет алгоритмі

Балмен бағалау

1

Нормохромды анемияда ажыратпалы диагноз жасау үшін аурулар шеңберін түзіңіз

Гемолитикалық анемиялар, апластикалық анемия, созылмалы аурулар (бүйрек, қалқанша безі аурулары және т.б.), теміртапшылық анемиясы, полидефицитті анемия (теміртапшылық және В12 дефицитті анемия)

1,0

0,5

0

2

Болжам диагноз құрастырды

Анемия ауыр дәрежесі себебі анықталмаған. Асқазанның қан кетуімен асқынған ойық жара ауруы бойынша асқазанның 2/3 бөлігінің резекциясынан кейінгі күй.

1,0

0,5

0

3

Зерттеу жоспарын құрастырды

Жалпы қан анализі (тромбоциттер мен ретикулоциттер)

Биохимиялық қан анализі (жалпы белок, мочевина, креатинин, АЛТ, АСТ, билирубин және фракциялары, сарысулық темір, ферритин, ЖТББ, қандағы ретикулоциттер)

Жалпы несеп анализі

Витамин В12, фолий қышқылы деңгейін анықтау және/немесе гематолог кеңесінен кейін ажыратпалы диагностика үшін стерналді пункция

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

Фиброколоноскопия

  • Қосымша зерттеу әдістерінің тізімі алмасып тұруы мүмкін

1,0

0,5

0

4

Клиникалық диагнозды құрастырды

Күрделі себепті анемия (полидефицитті, пострезекциялық теміртапшылық және В12- дефицитті) Б кезеңі, ауыр дәрежесі (немесе III дәрежесі). Асқазанның қан кетуімен асқынған ойық жара ауруы бойынша асқазанның 2/3 бөлігінің резекциясынан кейінгі күй.

1,0

0,5

0

5

Клиникалық диагнозға негіздеме берді

Күрделі себепті анемия

Полидефицитті – анемиялық синдромның клиникалық белгілері, гемоглобин деңгейі 42 г/л, темір дефициті мен витамин В12.дефициті. Теміртапшылық – сидеропениялық синдром (тырнақ сынғыштығы) темір дефициті белгілері (ферритин, сарысулық темір төмендеуі, ЖТББ жоғарылауы).

В12- дефициті – қандағы панцитопениялар белгілері, нейтрофилдер полисегментациясы, қандағы витамин В12 деңгейі төмендеуі.

Постгастрорезекционды күй – 2010 жылы тоталді асқазан резекциясы

Б кезеңі–гипохромды анемияның клиникалық толық көрінісі

Ауыр ағымды дәрежесі – Нв деңгейі 70 г/л-ден төмен

2,0

1,0

0

6

Ұсынылған диагностикалау және емдеу хаттамасы негізінде осы жағдайға байланысты пациентке ем тағайындады

Гемотрансфузиялар: эритроцитарлы масса (лейкофильтрленген) – 200мл

Глюкоза 5%-200,0+ аскорбин қышқылы ерітіндісімен 5%-10,0 в/і тамшылатып.

Витамил В12х1000 мг теріастына

Парентералді темір препараттары (космофер 2-4 мл в/і тамшылатып 100 мл физ. ерітіндімен, фербитол, жектофер, феррум лек және басқалар)

2,0

1,0

0

7

Емнің нәтижелілігін бағалау үшін ең ерте зертханалық көрсеткішті көрсетті

Ретикулоциттер 5-8 күндері – ретикулоцитарлық криз

1,0

0,5

0

8

Ары қарай емдеу және өршудің алдын алу бойынша ұсыныстар берді

Диета

Қабылдауды жалғастырады:

- витамин В12 ұзақ уақыт (өмір бойы)

- темір декстраны III (100 мг/2мл) тәулігіне 1 рет, бұлшықет ішіне, гемотологиялық көрсеткіштерге байланысты курсын жеке анықтайды.

- тұратын мекен-жайына қарай аймақтық дәрігерге Д-тіркемеге тұрады, гематологта Д-тіркемеге алынады

1,0

0,5

0

Қорытынды

10

5

0

*Препараттар тобын атаса жеткілікті (витамин В12, парентералді темір препараттары)

Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 10 минут

Ең жоғарғы балл жинақтары – 10 баллов