- •Бекет № 4 Клиникалық ситуациялық есеп №1 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №1 «Жүктілік кезіндегі несеп жолдары инфекциясында медициналық көмек көрсету» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №2 «Анемия кезіндегі медициналық көмек көрсету» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №3 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №3 «Остеоартроз кезіндегі медициналық көмек көрсету» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №4 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №4 «Диспепсия кезіндегі медициналық көмек көрсету» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №5 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №5 «Өкпелік инфильтрация синдромы кезіндегі медициналық көмек көрсету» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №6 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №6 «Гипергликемиялық кетоацидоздық кома» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №7 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №7 «Жедел стеноздаушы ларинготрахеит» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №8 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №8 «Тырысу синдромы» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп № 9 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •«Бөгде дене» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп № 10 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №10 «Гипертермиялық синдром» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық жағдайлық есеп №11 Емтихан тапсырушыға ақпарат
- •Жүктілік 34-35 апта. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы Ұрықтың антенаталды өлуі. Емтихан қабылдаушыға ақпарат
- •Клиникалық жағдайлық есеп № 12 Емтихан тапсырушыға ақпарат
- •Мерзіміндегі босану 38 апта. Ерте босанудан кейінгі қан кету. Көп босанушы. Ірі ұрық. Емтихан қабылдаушыға ақпарат
- •Клиникалық жағдайлық есеп №13 Емтихан тапсырушыға ақпарат
- •Жүктілік 38-39 апта. Босанудың I кезеңі. Эклампсия. Емтихан қабылдаушыға ақпарат
- •Клиникалық жағдайлық есеп № 14 Емтихан тапсырушыға ақпарат
- •І кезеңнің әлсіздігі. Родостимуляция. Геморрагиялық шоктың II дәрежесі. Травмалық шок. Нәрестенің интранаталды өлуі. Емтихан қабылдаушыға ақпарат
- •Клиникалық жағдайлық есеп № 15 Емтихан тапсырушыға ақпарат
- •Босанғаннан кейінгі кеш кезең. Кесар тілігінен кейінгі перитонит. Емтихан қабылдаушыға ақпарат
- •Бекет № 6 Неврология Естің деңгейін, психофизикалық дамуы,бұлшықет тонусын тексеру, рефлекторлы жүйені, бас ми нервтерінің кызметі, қозғалыс координациясын,сезімталдықты анықтау
- •Бекет № 6 Неврология Естің деңгейін, психофизикалық дамуы,бұлшықет тонусын тексеру, рефлекторлы жүйені, бас ми нервтерінің кызметі, қозғалыс координациясын,сезімталдықты анықтау
- •Бекет № 8 Туберкулез диагнозын анықтаудағы диагностикалық алгоритмын жүргізу
- •Бекет № 9
- •Бекет № 10
- •Аттестациялық парақ
[Введите текст]
|
|
Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы |
044/50-10- 62
беттің
|
ЖТД-интерндерінің практикалық дағдылары мен біліктіліктерін ОҚКЕ технологиясы арқылы бағалау бойынша қорытынды мемлекеттік аттестациясына арналған әдістемелік өңдеу
|
|
[Введите текст]
«БЕКІТЕМІН»
ОӘЖ жөніндегі проректор
м.ғ.д. Анартаева М.Ұ.
______________________
«_____»__________ 2017 ж.
ЖТД-интерндерінің практикалық дағдылары мен біліктіліктерін ОҚКЕ технологиясы арқылы бағалау бойынша қорытынды мемлекеттік аттестациясына арналған әдістемелік өңдеу
Мамандығы: Жалпы дәрігерлік практика
Курс:7
Шымкент, 2017
ЖТД-интерндерінің практикалық дағдылары мен біліктіліктерін ОҚКЕ технологиясы арқылы бағалау бойынша қорытынды мемлекеттік аттестациясына арналған әдістемелік өңдеу «Акушерия және гинекология курсымен алғашқы медициналық санитарлық жәрдем» кафедрасының мәжілісінде қаралып талқыланған
Хаттама № _____ «____»________________2017 ж.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Югай Н.В.
Әдістемелік өңдеу клиникалық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясы мәжілісінде қаралып талқыланған
Хаттама №____ «_____»__________2017 ж.
Төрайымы м.ғ.к., доцент ____________ Сейдахметова А.Т.
Интернатура Кеңесінің және жұмысқа орналастыру бөлімінің қаралып талқыланды
Хаттама №____ «_____»__________2017 ж.
Төрағасы м.ғ.к., доцент ________________ Досыбаев Б.Қ.
Әдістемелік өңдеу Әдістемелік Кеңесте бекітілген
Хаттама №____ «_____»__________2017 ж.
Кіріспе
Әлемдік деңгейде дәрігерлердің кәсіби біліктілігі объективті құрылымдық клиникалық емтиханмен бағаланады - бұл сенімді және жоғары дәрежеде өзін ақтаған инновациялық әдіс.
Мемлекеттік емтихан кезінде жалпы дәрігерлік практика – интерндерінің тәжірибелік дағдыларының деңгейін объективті құрылымдық клиникалық емтиханның нәтижелерімен бағалайды. Мемлекеттік емтихан ОҚКЕ технологиясы бойынша 10 бекетте өткізіледі
- бірінші бекет – Амбулаторлық кезеңде жедел коронарлық синдромы кезіндегі көмек;
- екінші бекет – Клиникалық өлім жағдайындағы ересек адамның жүрек- өкпе реанимациясы;
- үшінші бекет – Ауру диагностикасы мен емі және пациенттке небулайзер қолдануды үйрету
- төртінші бекет –Клиникалық ситуациялық есептер
- бесінші бекет - Шүйдемен жатудың алдынғы түрінде босануды қабылдау
- алтыншы бекет – Естің деңгейін, психофизикалық дамуы,бұлшықет тонусын тексеру, рефлекторлы жүйені, бас ми нервтерінің кызметі, қозғалыс координациясын,сезімталдықты анықтау
- жетінші бекет – Асқазанды жуу
- сегізінші бекет – Туберкулез диагнозын анықтаудағы диагностикалық алгоритмі
- тоғызыншы бекет – Сүт безін зерттеу әдісі
- оныншы бекет - Аяқ-қол зақымданудағы тасымалдау иммобилизациясы
Жалпы дәрігерлік практика – интерндерінің келесі құралдар мен муляждарды қолданып тәжірибелік дағдыларын көрсетуі қажет: босануды қабылдау техникасын үйренуге арналған муляждар, небулайзер, ЖӨР жүргізуге арналған муляж.
ОҚКЕ кезінде әр бекетте орындалатын қызмет түрі нақты және кезекті қадамдық әрекеттер арқылы көрсетіледі.
Әр бекетте орындалуы қажет тапсырмаға 10 минут беріліп, максималді 10 балмен бағаланады. Емтихан тапсырушының манипуляцияны жүргізе білу біліктілігіне қарай әр қадамдық әрекет 0-ден 3-ке дейінгі балл аралығында бағаланады.
Мақсаты – ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды бағалау және жетекшілік ету.
Бекет № 1
Ішкі аурулар бойынша
Амбулаторлық кезеңде жедел коронарлық синдромы кезіндегі көмек
Емтихан тапсырушыға ақпарат
51 жастағы науқас емханаға келесі шағымдармен жолықты: төс артында қысып ауырсыну, ауырсыну физикалық жүктемеден кейін (2-ші қабатқа көтерілу) басталды, 10 мин ішінде созылды, еш қайда берілмейді, өзінен-өзі басылады. Осындай ауырсыну ұстамалары 2 аптадан бұрын басталды, күнделікті физикалық не эмоционалдық күш түскенде (тәулігіне 8-10 рет) болып тұрады. Медициналық көмекке жолықпады. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пульс – мин 80 рет, АҚ – 150/90 мм.с.б. Жүрек шектері солға 1 см жайылған. Жүрек тондары үнді, анық. Тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Бауыры ұлғаймаған.
Қан анализі: Нв 130г/л, Эр 3,85*10/л, Л 9,2*10/л, эоз 1%, п/яд 4%, т/яд 60%, л 20%, м 6%, ЭТЖ 21 мм/сағ.
Несеп анализі: салыстырмалы тығыздығы 1,022: ақұыз, қант - жоқ, Л - 2-3 көз алаңында. ЭКГ:
Амбулаторлық кезеңде жедел коронарлық синдромы кезіндегі көмек бойынша тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз.
Бекет № 1
Ішкі аурулар бойынша
Амбулаторлық кезеңде жедел коронарлық синдромы кезіндегі көмек
Емтихан қабылдаушыға ақпарат
Бағалау парағы
№ |
Қадамдарды бағалау көрсеткіштері |
Балмен бағалау |
||
1 |
Науқасты тексеріп және жағдайын бағалады |
1,0 |
0,5 |
0 |
2 |
Электрокардиограмманы талдады (сол қарынша миокардының алдыңғы қабатының жедел жайылмалы ишемиясы) |
2,0 |
1,0 |
0 |
3 |
Жедел жәрдем бригадасын науқасты ауруханаға жеткізу үшін шақырды |
1,0 |
0,5 |
0 |
4 |
Ангинозды ұстаманы басу үшін тағайындады: |
|
|
|
4.1 |
- физикалық және эмоционалды тыныштық берді |
1,0 |
0,5 |
0 |
4.2 |
- аспирина таблеткасын шайнатты (150-300 мг) |
1,0 |
0,5 |
0 |
4.3 |
- сублингвалды нитроглицерин 0,4 мг берді |
1,0 |
0,5 |
0 |
4.4 |
- оттегі - 4-8 л/мин, егер оттегімен қанығуы < 90% болса |
1,0 |
0,5 |
0 |
4.5 |
- АҚҚ мен ЖЖЖ қадағалап 5 мг метопролол тартрат берді |
1,0 |
0,5 |
0 |
5 |
2 не 3 рет нитроглицерин қабылдағаннан кейін ауырсыну басылмаса, ауырсыну сезімінің күшіне және кері белгілеріне байланысты 3-5 мг морфин көк тамырға не тері астына еңгізді |
1,0 |
0,5 |
0 |
6 |
Жедел жәрдем бригадасымен науқасты ауруханаға тасымалдау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
Барлығы |
10 |
5 |
0 |
Кезең бойыншамаксималды балл – 10 балл
Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 10 минут
Бекет № 2
Жедел шұғыл медициналық жәрдем бойынша
Клиникалық өлім жағдайындағы ересек адамның жүрек- өкпе реанимациясы
Емтихан тапсырушыға ақпарат
Науқас 67 жаста нитроглицеринмен басылмайтын жүрек аймағындағы интенсивті ауру сезіміне шағымданып ЖТД жүгінді. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚ – 100/60 мм с.б.б. ЭКГ-да кенеттен полиморфты қарыншалық тахикардия пайда болған, ол ірі толқынды қарыншаның жыпылықтауына ауысқан.
Ауру диагностикасы мен жүрек-өкпе реанимациясын жүргізудің тәжірибелік дағдысын көрсетіңіз.
Науқастың жағдайын бағалаңыз
Науқастың жанында дұрыс орналасыңыз
Жанама массаж техникасын жасаңыз
Тыныс жолдарын қалпына келтіру техникасын жасаңыз
Жасанды тыныс беру техникасын жасаңыз
Жүргізілген шаралардың нәтижелілігін дұрыс бағалады
Бекет № 2
Жедел шұғыл медициналық жәрдем бойынша
Клиникалық өлім жағдайындағы ересек адамның жүрек- өкпе реанимациясы
Емтихан тапсырушыға ақпарат
Бағалау парағы
№ |
Қадамдарды бағалау көрсеткіштері |
Балмен бағалау |
||
1 |
Латексті қолғап кигеннен соң, студент пациенттің жанына жұмыс істеуге ыңғайлы қалыпта орналасады. Пациенттің жағдайын бағалайды: -есі жоқ; -тынысы жоқ; -ұйқы артериясында пульс анықталмайды; - көз қарашығы кеңейген; |
1,0 |
0,5 |
0 |
2 |
Пациентті қатты, тегіс жерге арқасымен жатқыз. Еденге жатқызып көмек көрсету құтқарушыға өте ыңғайлы. Құтқаруышының тізесі пациент жанына болуы шарт. |
1,0
|
0,5 |
0 |
3 |
Реанимация шараларын жүрек тұсына соққы беруден баста. Семсер тәрізді өсіндіні тауып, оның төске қиылысқан жерінен екі саусаққа жоғары жерге 1-2 рет соққы бер. Соққының күші қатты немесе жай болмауы тиіс. Ұйқы артериясы ырғағын тексер. |
2,0
|
1,0 |
0 |
4 |
Ұйқы артериясы ырғағы жоқ болса, жүрекке жанама массажды баста. Қолыңды төске дұрыс орналастыр, бірінші қолдың алақан негізін төстің ортаңғы бөлігіне қой, екінші алақанның негізін оның үстіне орналастыр, саусақтар төске жанаспауы қажет. Шынтақ буынын бүкпей, иықтарыңды алақанның тұсында түзу ұста. Кеудені басуды қолдардың күшімен емес, дененің жоғарғы бөлігінің салмағымен жүзеге асыр. Басу тереңдігі 5-6см. 30 рет басып, 2 рет дем береміз. Дауыстап 1,2,3...30- деп сана. |
2,0 |
1,0 |
0 |
5 |
Тыныс жолдарын төменгі жақты көтеріп, басты шалқайту арқылы аш. Тура өлшемді орофарингеальды түтүкшені таңда. Түтікшенің иілген жағын тілдің иілген жағына қарсы етіп дистальды жағымен енгіз. Түтікше жұтқыншаққа тірелгенде 180° айналдыр. |
2,0 |
1,0 |
0 |
6 |
Жасанды тыныс беруді дұрыс жаса: сол қолмен бет пердені бетке кигізіп, оң қолыңмен қапшықты 2 рет бас (тыныс беру ұзақтығы 1 сек). Тыныс беру мен компрессия қатынасы 30/2 |
1,0 |
0,5 |
0 |
7 |
Жүргізілген шаралардың нәтижелілігін дұрыс бағалады:
|
1,0 |
0,5 |
0 |
Қорытынды |
10 |
5 |
0 |
|
Кезең бойынша максималды балл – 10 балл
Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 10 минут
Бекет №3
Ауру диагностикасы мен емі
(стандартталған пациент, небулайзер қолдану арқылы)
(бронх демікпесі)
Дәрігер-интернге мәлімет
Қыз бала 6 жаста. Жедел жәрдем дәрігерінен алынған актив бойынша учаскелік дәрігер баланы үйінде қарады.
Меңгерген тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз:
Ауру анамнезі мен шағымдар жинау;
Баланы қарау, өкпе аускультациясы мен перкуссиясынан кейін бала жағдайын бағалау;
өкпе аускультациясы;
қан, зәр, анализі мен рентген суретін интерпретациялау;
пикфлоуметрия өткізу және қорытындысын бағалау;
клиникалық диагноз қою және негіздеу;
емдеу алгоритмін құру;
небулайзер қолдану техникасын ана мен балаға үйрету.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 4,3х1012/л
Гемоглобин г/л 118 г/л,
Түстік көрсеткіш 0,9
Лейкоцит г/л 4,8х109/л
Эозинофил 14 %
т/я 4%,
с/я 49%
лимфоцит 29%,
моноцит 7 %
ЭТЖ 3 мм/ сағ
Зәр анализі
Көлемі 100мл
Түсі ашық-сары
Реакция қышқыл
Салыстырмалы салмағы 1015
Түсі мөлдір
Ақуыз жоқ
Лейкоцит 0-1 көру аймағында
Эритроцит жоқ
Цилиндры жоқ
Кеуде клеткасының рентгенографиясы:
R – өкпе тінінің мөлдірлігі жоғары,
өкпе түбінде бронхөкпе суреті
күшейген,ошақтық көлеңке жоқ..
Бекет №3
Ауру диагностикасы мен емі
(стандартталған пациент, небулайзер қолдану арқылы)
(бронх демікпесі)
Стандартталған пациентке ақпарат
Шағымдары : Ұстамалы жөтелге, ысқырық тәрізді тынысқа шағымданады.
Ауру анамнезі: ( ауру қалай, неден басталды; қалай өтті және қанша уақыттан бері ауырады; немен емделді, ауруын немен байланыстырады.
3 және 4 жасында, мамыр айында, қала сыртына шыққанда қыз балада тұншығу ұстамасы болған, қалаға көшкен соң ұстама өздігінен қайтты. Қазіргі ұстама шоколад жегеннен болды.
Жедел жәрдем дәрігері шұғыл шаралар өткізіп, ұстамасы кеткен. Учаскелік дәрігерге актив берілді.
Өмір анамнезі: Қыз қалыпты жүктілік пен жедел босанудан. Дене салмағы 3400 г, дене ұзындығы 52 см. 2 айлығынан жасанды тамақтандырылады. 1 жасқа дейін атопиялық дерматитпен ауырады. 1 жастан кейін шоколад, құлпынай, жұмыртқа жеген соң аллергиялық бөртпе байқалады.
Жан-ұя анамнезінен:анасында рецидивирленген крапивница, әкесінде – асқазанның ойық жарасы.
Бекет №3
Ауру диагностикасы мен емі
(стандартталған пациент, небулайзер қолдану арқылы)
(бронх демікпесі)
Емтихан қабылдаушыға ақпарат
Бағалау парағы
№ п/п |
Қадамдарды бағалау критерилері |
Балдық баға |
||
1 |
Амандасудан кейін емтихан тапсырушы науқастың қасына отырып аты, фамилиясы, жасын сұрайды. Егер науқас бала ерте жаста болса, қасында анасы немесе туысы болса анкеталық мәліметтер жиналды. |
1,0 |
0,5 |
0 |
2 |
Шағымдарын дұрыс жинады (негізгі шағымдарды бөліп алды) ауру анамнезі: ( ауру қалай, неден басталды; қалай өтті және қанша уақыттан бері ауырады; немен емделді, ауруын немен байланыстырады. Өмір анамнезін анықтады (жүктілік және туу, нәрестелік кезеңін, өткерген ауруларын, профилактикалық егулерін, тамақтануын, психомоторлы дамуын, тұқым қуалауын, аллергоанамнезін, социалды – тұрмыстық жағдайын) |
1,0 |
0,5 |
0 |
3 |
Баланы қарап, жалпы жағдайын дұрыс бағалады. Балаға қарау жүргізді (терісін, шырышты қабаттарын, қарады: Шеткі лимфа түйіндерін пальпациялады, тыныс жиілігі және жүрек соғу жиілігі есептеді, өкпе және жүрек аускультациясын және перкуссиясын жүргізді. Ішке, бауырға, көк бауырға пальпация жүргізді, физиологиялық бөлінділерін анықтады). Алдын – ала диагноз қойды: Бронх ентікпесі, өршу сатысы. |
2,0 |
1,0 |
0 |
4 |
Қан, зәр, анализдерін интерпретациялады және Rn-суретін интерпретациялады. |
1,0 |
0,5 |
0 |
5 |
Клиникалық диагнозды дұрыс негіздеп, құрастырды. . Бронхиальды ентікпе, атопиялық түрі, орташа персистирлеуші, өршу сатысы. ТЖ І. |
1,0 |
0,5 |
0 |
6 |
Емдеу жоспарын дұрыс құрастырды:
|
2,0 |
1,0 |
0 |
7 |
Небулайзерді қолдану техникасын дұрыс көрсетті: |
2,0 |
1,0 |
0 |
|
Барлығы |
10 |
5 |
0 |
Кезең бойынша максималды балл – 10 балл
Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 10 минут
Бекет № 4 Клиникалық ситуациялық есеп №1 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
Науқас әйел П., 25 жаста, екі жақты бел тұсында сыздап ауырсынуға, несептің аз порциямен жиі ауырсынып шығуына, 5 ретке дейін никтурияға, төменгі қабақтар, аяқ бастарының ісінуіне, кешкі уақытта 370 С –қа дейін дене қызуы жоғарылауына, бас ауруымен, бас айналуымен, әлсіздікпен бірге байқалатын АҚҚ 150/100 мм сынап бағанасына дейін көтерілуіне шағымданды.
Anamnesis morbi. 12 жыл бойы екі жақты бел тұсында ауырсыну синдромы, дизуриялық синдром байқалады. Кезеңді бас ауруы мазалайды. Тұратын жеріне қарай ЖДА-ға қаралған. Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің деректеріне қарап созылмалы пиелонефрит диагнозы қойылып, диспансерлік тіркеуге алынған. Созылмалы пиелонефрит өршуі көктемгі-күзгі уақыттарда жылына 1-2 реттік кезеңмен қайталанған.
Бұл жоспарланған бірінші жүктілік. Жүктіліктің 12-ші аптасында акушер-гинекологқа жүктілік бойынша тіркеуге алынуға келген. Бақылау барысында АҚҚ оң жақта 160/90 мм сынап бағанасымен, сол жақта 155/85 мм сынап бағанасымен. Дизурия жоқ. Жалпы несеп анализі қалыпты. Қанда лейкоциттер 9,0х109/л, ЭТЖ 30 мм/сағат. Терапиясыз жалпы ұсыныстар берілді. Соңғы 2 күн ішінде жоғарыдағы шағымдар пайда болған.
Anamnesis vitae: ерекшеліксіз.
Status praesens: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері қабаты қалыпты түсті, құрғақ. Қабақтары, аяқ бастары ісінген. Тыныс везикулярлы, ТЖ минутына 18 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 88 рет. АҚҚ 160/95 мм сынап бағанасымен. Іші пальпациялағанда жұмсақ, ауырсынусыз, жүктілік мерзіміне қарай жатыр ұлғаюына сәйкес ұлғайған. Нәжіс жүйелі, формалы. Бүйректері пальпацияланбайды. Ұрғылау синдромы екі жақтан да оң. Айтуына қарағанда, несеп шығаруы жиі, ауырсынусыз, аздаған мөлшерде, никтурия 5 ретке дейін.
Тапсырма.
Несеп жолдарының инфекциясын анықтау мақсатында тіркеуге алу барысында тағайындау қажет зерттеулерді көрсетіңіз.
Болжам диагноз құрастырыңыз.
Зерттеу жоспарын құрыңыз.
Зертханалық зерттеу әдісі нәтижелерін интерпретациялаңыз.
Клиникалық диагнозды құрастырыңыз.
Ұсынылған диагностикалау және емдеу хаттамасы негізінде осы жағдайға байланысты пациентке ем тағайындаңыз.
Көрсетілген антибактериялық препараттардың ішінде (пенициллиндер, цефалоспориндер, фторхинолондар, бисептол) қайсысын жүктілік кезінде қолдануға болмайтынын атаңыз.
Клиникалық ситуациялық есеп №1 «Жүктілік кезіндегі несеп жолдары инфекциясында медициналық көмек көрсету» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
№ |
Қадамдар |
Іс-әрекет алгоритмі |
Балмен бағалау |
|||||
1 |
|
Несепті культуралді зерттеу (несепті бактерияларға егу) |
1,0 |
0,5 |
0 |
|||
2 |
Болжам диагноз құрастырды |
Созылмалы екіжақты пиелонефрит, латентті ағымды, өршу сатысы, белсенділік 2. СБЖ (нақтыланады). Артериялық гипертензия бірінші дәрежелі. Жүктіліктің 12 аптасы. |
1,0 |
0,5 |
0 |
|||
3 |
Зерттеу жоспарын құрды |
Қосымша зерттеулер:
|
1,0 |
0,5 |
0 |
|||
4 |
Зертханалық зерттеу әдісі нәтижелерін интерпретациялады |
Жалпы қан анализі: ЭТЖ жылдамдауы Жалпы несеп анализі: салыстырмалы салмағы төмендеуі, несептік синдром (протеинурия, эритроцитурия, лейкоцитурия басымдығымен цилиндрурия), несеп жолдары инфекцияларына тән Зимницкий бойынша несеп анализі 1 порцияда 1010-550,0 мл, 2 порцияда 1012-750,0мл. СПБ 0,18гр – гипоизостенурия, никтурия, аздаған протеинурия Нечипоренко бойынша несеп анализі: лейкоцитурия Мочевина және креатинин: қалыпты, СБЖ 0 дәрежелі Несепті бактериологиялық зерттеу: нақты бактериурия |
2,0 |
1,0 |
0 |
|||
5 |
Клиникалық диагнозды құрастырды |
Созылмалы екіжақты пиелонефрит микронефролитиаз фонында, латентті ағымды, өршу фазасы, белсенділігі 2. СБЖ 0 дәрежелі. Артериялық гипертензия бірінші дәрежелі. Жүктіліктің 16 аптасы. |
2,0 |
1,0 |
0 |
|||
6 |
Ұсынылған диагностикалау және емдеу хаттамасы негізінде осы жағдайға байланысты пациентке ем тағайындады |
Антибактериялық терапия: ампициллин немесе аминопенициллин/клавулон қышқылы, цефалоспориндер (цефепим, цефтриаксон). Гипотензивті терапия: допегит таблеткасы 250 мг 1 таблеткадан күніне 1 рет ары қарай АҚҚ бақылай отырып дозасын титрлеу. Тәулігіне амлодипин таблеткасының 5 мг немесе 10-20 мг қосуы мүмкін. |
2,0 |
1,0 |
0 |
|||
7 |
|
Фторхинолондар, ко-тримазол, тетрациклин, нитроксолиндер |
1,0 |
0,5 |
0 |
|||
Қорытынды |
10 |
5 |
0 |
|||||
* препараттар тобын атаса жеткілікті (антибиотиктер тобы)
Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 10 минут
Ең жоғарғы балл жинақтары – 10 баллов
Клиникалық ситуациялық есеп №2
