- •Өндіріс орнына жалпы сипаттама...........................................4
- •Студенттің тәжірибе кезінде атқарған жұмысы....................7
- •Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне сипаттама......................................................................................10
- •Өндіріс орнына жалпы сипаттама
- •Оңтүстік Қазақстан облысы:
- •Институт басшылығы:
- •Студенттің тәжірибе кезінде атқарған жұмысы:
- •Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне сипаттама
- •Гидрологиясы
- •Қорытынды:
- •Әдебиеттер тізімі
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ, ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ КАДАСТР КАФЕДРАСЫ
СТУДЕНТТІҢ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУ ЕСЕБІ
(29.05.2017 – 01.07.2017)
Студенттің аты-жөні: Копбосын Амандық Жанысбекұлы
Мамандықтың атауы және шифрі: 5В060900 География
Курс: 3
Практиканың жетекшісі: Абилова Асия Биляловна - география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушысы
Практиканың өту орны: “Казгипроград” 1 Жобалау институты
Алматы 2017
Мазмұны:
Кіріспе..............................................................................................3
Өндіріс орнына жалпы сипаттама...........................................4
Студенттің тәжірибе кезінде атқарған жұмысы....................7
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне сипаттама......................................................................................10
Қорытынды...................................................................................15
Әдебиеттер тізімі..........................................................................17
КІРІСПЕ
Өндірістік тәжірибеден өту оқу үдерісіндегі теориялық біліммен қатар жүретін пәндер сияқты теориялық білімді тереңдетіп бекіту мақсатында барлық студенттерге міндеттеледі.
Практикаға дұрыстап даярлану барысында студент алда атқаратын жұмысының бағдарламасы мен оның мазмұнын түсініп алуы керек, нұсқалған анықтамалар мен әдебиеттерді жинап, кафедрадан жіберілетін тәжірибе жетекшісімен кеңес және әдістемелік құралдар алуы керек.
Өндірістік практиканың күнделігін студент қана толтырады. Атқарылған жұмыстар мен өткізілген экскурсиялар жөніндегі жазбалар қажетіне қарай, бірақ аптасына бір реттен кем толтырмауы қажет. Жазбаларды растау практика жетекшісінің қол қоюы арқылы дәлелденеді. Практиканы аяқтағаннан кейін студент өзінің атқарған жұмысы жөнінде өндіріс орнындағы жетекшісінен мінездеме алады.
Студенттің есеп беру жұмысында келесі мәселелер көрсетілуі керек: а) практиканың базасы жөніндегі жалпы мағлұмат, практика өтудің тәртібі мен мерзімі; б) жұмыстың мақсаты мен міндеттері; в) өндірістің әдістері; г) жеке тапсырманың мазмұны мен рындалуы жөніндегі қысқаша баяндау, жұмыстың жекелеген категориялары бойынша талдау жасап тұжырымдау. Практиканың соңында студент кафедраға: а) күнделік: б) тәжіребиеден өткендегі жөніндегі есебін; в) практика жетекшілерінен алған мінездемелерін өткізуі тиіс.
Өндіріс орнына жалпы сипаттама
“Казгипроград ” 1 Жобалау институтының тарихына келетін болсақ, ол бұрынғы Бас Мемлекеттік “Казгипроград” жобалау институтының бір топ қызметкерлері арқасында құрылған. Ол өз кезегінде Қазақстандағы қала құрылысы жұмысымен айналысатын бірінші институт болып табылады.
Көптеген жыл бойына институт қызметкелері республика аумағындағы қала құрылысы жұмыстарымен айналысқан. Бұл мекеменің қызметкерлері облыстың аудандық жоспарлау сұлбасынан қала құрылысы жобаларын жасады. Сонымен қоса, әкімшілік аудандардың жобалары мен бас жоспардан жеке қала, ауыл, кент секілді аудандардың жобаларын жасайды. ҚР-ның облыстарынан: Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарының жобаларын жасаумен шұғылданады.
Бүгінгі таңда, институт мамандары қала құрылысы аясында өздерінің мол тәжірибесін көрсетіп жүр. Жобалар компьютерлік геоинформациялық технологиялар көмегімен жасалынады.
Институтқа нарықтық қатынастық шарттарда жобалаулардың мерзімдік жоспары жасалды және орындады:
75 бас жоспарлы және аймақтық тармақтардың дамыту схемалары;
12 жобалардың толық орналастырулары;
жеке тапсырыс бойынша 2-10 макеттерді жасады;
ТЭО және еркін-экономикалық жағдайының «Достық» аймақтарға Алакөлге, ТЭО Жасауға көлдерге жиектік демалыстарының аймақтық бас жоспарлары.
Еңбек еткен жылдар аралығындағы институттың қызметкерлері көмегімен келесідей жобалар іске асырылды:
