Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Office_Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.71 Кб
Скачать

Тема: Алкогольмен улану кезіндегі көрсетілетін жедел көмек

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1

Интерн науқастың жағдайын дұрыс бағалап диагноз қойды: «Алкагольмен жедел улану». Науқасқа процедура барысын жіті түсіндірді.

2

Науқасты орындыққа отырғызып, алдына алжапқыш жауып, аяғының арасына леген қойылады. Науқас басын сәл алға қарай еңкейтеді.

3

Зондты енгізер алдында иектен кіндікке дейінгі аралықты өлшеп алып, оған алақанның ұзындығын қосамыз және зондты енгізер алдында жылы суға батырады. Науқастың оң жағына тұрып, зондты тұйық шетінен 10 см қашықтықта оң қолмен ұстап, науқастан аузын ашып, мұрын арқылы терең тыныс алуын сұрайды.

4

Зондты тіл түбіне дейін енгізіп, науқастан жұтынуын сұрайды. Зондты белгіленген жерге дейін енгізеді.

5

Зондқа воронканы жалғап, науқастың тізесіне дейін төмен түсіреді, воронкаға асқазан құрамы құйылады, оны таза банкаға жинап алады.

6

Воронкаға су құйып, біртіндеп науқастың басынан жоғары деңгейге көтереді. Су деңгейі воронканың жіңішке жеріне жеткенде тізе деңгейіне дейін төмен түсіріп, асқазан құрамын легенге құяды.

7

Манипуляцияны су тазарғанша қайталайды. Воронканы зондтан ажыратып, зондты сақтықпен асқазаннан шығарып алады. Науқас аузын сумен шаяды, тыныштануына мүмкіндік беріледі.

8

Кейін шеткі венаны катетеризациялайды. Антидот енгізе бастайды: 30% этанолдың 1,5-2,0 мг/кг-ға есептеп (60 кг х 2=120 мл) 0,9% натрий хлоридінің немесе 5% декстрозаның 400,0-800,0 мл ерітіндісімен к/т тамшылап жібереді. Активтенген көмірді науқастың дене массасының 0,5 мг/кг есебінен per os береді (60 т/д). Әрі қарай интерн науқастың жағдайын бағалайды.

Жалпы саны

5. Қажетті медициналық құралдар мен жабдықтардың тізімі:

  • Диаметрі 10-12 мм, ұзындығы 1-1,5 м кең асқазан зонды

  • Асқазан зондына кигізілуі үшін түтікті бөлігінің 8 мм-ден аз емес болатын, сыйымдылығы 1 л болатын воронка

  • Воронкаға суды құятын ожау (кружка)

  • Бөлме температурасындағы суы бар шелек

  • Жуылған суды құятын леген

  • Клеёнкалы алжапқыш (2 дана), сүлгі, резеңке қолғап.

  • К/т құюға арналған штатив

  • К/т құюға арналған система

  • жгут

  • 30% этанол 2,0 мл (120 мл)

  • 0,9% натрий хлориді немесе 5% декстроза – 400,0-800,0 мл

  • Активтелген көмір (дене салмағының 0,5 мг/кг есебінен - 60 т/д)

  • Шприц 5,0 мл

  • Суы бар стакан

Тақырыбы: «Жоғары тыныс алу жолдарының бөгде денесінде көрсетілетін жедел көмек (Геймлих әдісі)».

Қадам критерийлері

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1.

Егер зардап шегушінің санасы анық болса жөтелу арқылы бөгде денені өз еркімен алып тастауға әрекет жасату керек.

2.

Егер зардап шегуші өз еркімен бөгде денені шығара алмаса, зардап шегушінің арқа жағынан тұрып қапсыра құшақтау керек.

3.

Бір қолын жұдырықтап, бас бармағы тұрған жерден оны зардап шегушінің ішіне кіндік пен қабырға доғасының деңгейінде (іштің эпигастральды аймағы) қояды.

4.

Екінші қолы жұдырықтың үстіне қойылып, жұдырық ішке қарай тез итеріледі. Осы кезде қолды шынтақ буынында тез бүгу қажет, бірақ зардап шегушінің кеуде клеткасын басуға болмайды.

5.

Жоғары тыныс алу жолдарының өткізгіштігі қалыпқа келгенше, қажет болса әдісті бірнеше рет қайталауға болады.

6.

Егер зардап шегушінің есі танған немесе оған артқы жағынан келу мүмкін болмаса, зардап шегушіні арқасымен жатқызу керек. Бір қолды екінші қолдың үстіне қойып, астында жатқан қолдың алақанының негізін кіндік пен қабырға доғасының арасына (іштің эпигастральды аймағы) қойыңыз.

7.

Денесінің бүкіл салмағын пайдаланып зардап шегушінің ішін жоғарыға диафрагмаға дейін басыңыз. Зардап шегушінің басын жанына қарай бұру қажет.

8.

Өткізілген шара тиімсіз болған жағдайда трахеотомия жүргізуді және зардап шегушіні шұғыл госпитализациялауды шешу керек.

Барлығы

Интернге арналған тапсырма. Клиникалық сценарий №1

Науқас 45 жаста кенет пайда болған жөтелге, тыныс алудың қиындауына шағымданады. Шағымдары түскі ас уақытында тамақ қабылдау кезінде кенет пайда болды.

Анамнезінде:кенет туындаған жөтел, тері жамылғысының кенет бозаруымен, ауа жетпеу сезімімен бірге жүрген тыныс алудың қиындауы.

Обьективті:қарау кезінде жалпы жағдайы ауыр. Санасы шатасқан. Науқас қозған, тері жамылғысы анық бозарған, көгерген реңмен. Тынысы шулы, жиілеген, үзіп- үзіп тыныстау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]