Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
музыка жауаптары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.89 Кб
Скачать
  1. Музыка тыңдау сабағының әдістемесі

Жалпы музыкалық педагогикада музыканы тыңдау үдерісінің төрт кезеңін ұсынады:

1.                Кіріспе әңгіме

2.                Шығарманы тыңдау

3.                Тыңдаған шығарма туралы әңгіме

4.                Қайталап тыңдау.

Музыкалық тəрбие берудегі музыка тыңдау – музыка пəнінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Ол музыкалық жан – жақтылықты кеңейтеді, музыкалық білімін толықтыра отырып, қабылдауын дамытады, сүйішпеншілігі мен көркемдік талғамын қалыптастырады. Музыка тыңдау барысында шартты түрде бастауыш сынып оқушыларының қабылдауын былайша топтастыруға болады: шығарманың мазмұнын елестету, оның жанры, құрылысы жəне басқа көркемдік құралдарын ажырату. Оқушылар бірінші сыныпта əн немесе күй жанры жөнінде толығымен мағлұмат алады: Ал, екінші сыныпта олар күрделі фактурасы бар « Жыл басы кім болады?» атты балалар операсы мен аңыз – күй «Жетім бала» эпикалық бірнеше көріністен тұратын көлемді күймен танысады. 15 Үшінші сыныпта əн мен сөздің өзара тығыз байланысымен қазақтың ұлттық шығармашылығы түрлерімен: терме, жыр, айтыс, күй тартыс, атқты жыршы – термеші, күйшілерімен танысады. Төртінші сыныпта бағдарламаның музыка тыңдау бөлімі жүйелі бірізділікпен жалғасып отырады. Оқушылар əн мен күйдің күрделі музыкада «жаңа өмірге» ие болғанын көре отырып, композиторларының шеберлігінің арқасында халық музыкасының түрленіп, жаңа бояулармен нəрленгенін байқайды. Қазақстанның жəне шетел шығармаларымен танысу музыканың күрделі жанрлары мен формаларын білуге көмектеседі

      Сабақ жоспарын құрастырғанда музыка мұғалімі жоғарыда көрсетілген төрт кезеңді басшылыққа ала отырып, аталған сабаққа әрдайым шығармашылық  тұрғыда  қарау керек екендігін естен шығармағаны жөн. Ол- әр сабақта осы көрсетілген кезеңді осы ретпен  қолдану керек деген ұсыныс емес. Өйткені әр баланың, әр сыныптың (оның жас шамаларының бірдей екендігіне қарамастан) музыкалық қабілеті, ұстанымы,қабылдау мүмкіндігі әртүрлі болады, сондықтан да сабақ жоспарын құрастырарда  мұғалім сол сыныптың мүмкіндігін, алдын-ала дайындығын  ескере отырып, музыка тыңдауды оның әрқайсысынан бастай беруіне болады. Ең негізгісі – баланың сол сабақтан өзінің жан-дүниесіне әсер ететіндей рухани азық алып шығуы.

Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді», т.б. өзгерісін бақылап, сезінуге үйретеді. Оқушы эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді.

Мұғалім оқушыға шығарманың мазмұнын композитордың ойымен барынша жақындата түсіндіруді басты мақсат етіп қоюы қажет. Тыңдауды неден бастау керек? Бұл – музыка тыңдауға үйретудің күрделі де маңызды мәселесінің бірі. Жалпы, қабылдау процесі жөнінде О.Апраксина: «...кез келген қабылдау күрделі процесс, оған түрлі сезім мүшелері қатысады, нәтижесінде күрделі шартты рефлекторлық байланыстар жиынтығы түзіледі. «Музыкалық қабылдау – оның мәні шындықтың көркем бейнесін музыкалық шығармадан ести алу және оның мазмұнын көркемдік бірлік ретінде сезіне отырып бастан кешіре білу қабілеті» - деп атап көрсетті.

Музыкалық шығарманы қабылдау процесі үстінде оқушы оны толық тыңдайды, бірақ толық түсінбеуі немесе мүлде түсіне алмауы мүмкін. Бұл оның музыка тыңдаудағы тәжірибе ауқымына байланысты қабылдайды. Музыкадағы барлық оқиға желісі музыка үнінің құдіретті тілі арқылы жеткізіледі. Егер, оқушы күрделі мазмұнға құралған байланысы бар кесек туындыларды тыңдай білмесе, шығарманы толық түсіне білу қиын. Сөз жоқ, ішкі мазмұны музыка тілі арқылы берілетін күрделі шығармалардың негізгі өзегі оның әуені болып табылады. Ал, тыңдаушы музыкалық білімнің, әсіресе тыңдау қабілетінің аздығынан сол әуеннен ештеңені сезіне алмай, музыканы шала ұғып, эстетикалық әсерленуі ойдағыдай болмайды. Кейде соның салдарынан музыкалық шығарманы түсінбей де қалады. Бұдан басқаны қабылдау үшін оны тек тыңдап қана қою жеткіліксіз екенін аңғарамыз.