Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
музыка жауаптары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.89 Кб
Скачать
  1. Музыкалық тәрбие берудің авторлық жүйелері (ш.Сузуки)

  2. Музыкалық аспаптарды сабақтарда қолдану

Балалар аспаптары:

  1. Ішекті – балалайка, мандарин

  2. Үрмелі-флейта, саксафон

  3. Түймелі тілшікті- баян, акордион

  4. Ұрмалы- күйсандық

  5. Ұрмалы- бубен, үшбұрыш, барабан, румба, трещетка т.б.

Металлафон – латын тілінен «металл дыбыстылық» дегенді білдіреді. Темір тілшіктен құралған музыкалық аспап. Басына мата оралған таяқшамен ойнайды. Қатты ойнағанда ашық үн естіледі., ақырын ойнаса таза мөлдір, сыңғырлап естіледі.

Румба – латын американдық сәндік биден шыққан. Бишілер қолдарына қос-қостан сылдырмақ тағылған ағаш аспапты ұстай жүріп билейді. Бұл аспап румба деп аталады. Оны сілкіп не оң қолға ұстап, сол қолмен соғу арқылы түрлі ырғақтық үн шығарады.

Маракас – латын америкасынан шыққан, какос жаңғағы сияқты формасы, ішіне тастың ұнтағы зәйтүн ағашының дәндерін салады. Қазіргі кезде ағашиан, металлдан жасайды да ішіне әртүрлі ұнтақ салып сілкіп, қозғап ойнайды.

Ұшбұрыш – ұрмалы музыкалық аспап. Оны темірден ұшбұрыштап иіп жасайды. Дыбысы нәзік, әрі ашық болады. Аспапты металл таяқшамен ұру арқылы үн шығарады.

Бубен – ежелгі елдерде ертеде пайда болған ұрмалы аспап. Ағаштан жасалған шанақ үстіне жұқа былғары керіледі. Шанақтың жан-жағына темір шылдырмақ тағылады. Бубенді сілку арқылы қолмен соғу не саусақпен дірілдету арқылы ойнайды.

Трещотка – сылдырмақ ойыншық, орыс халқының аспабы. Жоғары жағын жіпке тізілген таяқшалар құрайды. Ойнаушы жіпті 2 жағынан ұстап, сілку арқылы құрғақ дыбысты әртүрлі дыбыс шығарады.

2. Бастауыш сыныптарда қарапайым музыкалық аспаптарды, яғни ойнауға жеңіл асатаяқ, тайтұяқ, үшбұрыш, бубен, маракас т.б. қолдану балалардың музыкаға деген ынтасын, сүйіспеншілігін, белсенділігін, жауапкершілігін арттырады. Олардың музыкалық қабілетін дамытуға, шығармашылық дербестігін қалыптастыруға ықпал тигізеді. Шығармашылық әрекет кезінде музыканы қабылдау, бірігіп орындау (ансамбль), сезімі және дағдысы дамиды.Балалар үшін сабақта қолданылатын музыкалық аспаптар көлемі, салмағы жағынан ыңғайлы, құрылысы қарапайым, әрі мықты болуы керек. Аспаптарды таратып берген соң мұғалім оның шығу тарихы, тембрі туралы түсінік бере отырып, оны сабақта пайдаланудың тиімділігін, мақсатын әңгімелеп, ойнау тәсілдерін көрсеткені жөн. Мұғалім балалардың одан әрі қызығушылығын арттыра түсуі үшін Құрманғазының «балбырауын», Дәулеткерейдің «Қос алқа», халық күйі «Келіншек» т.с.с. жеңіл, ойнақы күйлерден үзінділер алып қолдарына аспап беріп бірге ойнатуына болады.

  1. Балаларға музыкалық тәрбие берудің белгiлi авторлық жүйелері мен әдістемелерін атап,сипаттама беріңіз.

  2. Лад. Мажорлы және минорлы тональдік

«Лад» сөзінің түбі славян халықтарынан шыққан, «ладить» келісімін тауып, жатық айту, үйлесім табу, жарасу деген мағыналарды білдіреді. Лад жүйесіне енген музыкалық дыбыстар лад басқыштары деп аталған. Музыкада көп – алуан лад кездеседі, соның ішінде өте кең қолданылатындары мажор және минор ладтары.

«Мажор» деген сөз – үлкен, қатты деген ұғымды білдіреді.

Мажорлық ладтың тұрақты дыбыстары үлкен мажорлық үшдыбыстылықты құрады.

«Минор» деген сөз - кіші, жұмсақ деген ұғымды білдіреді.

Минорлық ладтың тұрақты дыбыстары кіші минорлық үшдыбыстықтылықты құрады.

Гамма – жеті дыбыстың тәртіп бойынша тоникадан келесі тоникаға дейін қайталануы. Гаммаға кіретін дыбыстар сатылар деп, рим санымен белгіленеді. Лад басқыштарына гаммадағы жоғарылық орнына қарай атаулар беріліп, басты басқыштардың функциялары (I, III, V) әріптермен белгіленген:

I басқыш – тоника, өйткені ол тоникалық үшдыбыста прима (негізгі тон) болып табылады және тональдіктің өзіндік атауын айқындайды. Мажорда ол бас әріп – Т, ал минорда – кіші «t» әріпімен белгіленеді.

II басқыш – төмен түсетін кіріспе тон.

III басқыш – медианта (ортаңғы) саты.

IV басқыш – субмедианта, мажорда «S» – бас әріппен, ал минорда «s» әрпімен белгіленеді.

V басқыш – доминанта, барлық тұрақты дыбыстардың ішіндегі ең жоғарғысы болып табылады. Мажорда – «Д» бас әріпімен, ал минорда – кіші «d» әрпімен белгіленеді.

VI басқыш – субмедианта (төменгі медианта), өйткені субдоминанта мен тоника аралығында орналасқан.

VII басқыш – жоғары көтерілуші кіріспе саты.

Тоника дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуындағы биіктік дәрежесі тональдік деп аталған.

Тональдіктің толық атауы іштей екі компонентті сақтайды:

1) тониканың атауы;

2) ладтың атауы.

  1. Бастауыш сынып оқушыларының дауыс диапазонын анықтай алу

Балаларға музыкалық тәрбие беруді ұйымдастырудың формаларының түрлері.

  1. Музыкалық тәрбие берудің авторлық жүйелері (К. Орф)

  2. Музыка сабақтарында музыкалық-дидактикалық ойындарды пайдалану

  3. Музыкалық тәрбие берудің авторлық жүйелері (З.Кодай)

  4. Балаларды музыкалық дамытуда қолданылатын негізгі құралдар.

  5. Музыканы оқытудың және тәрбиелеудің әдістері.

«Әдіс» термині гректің «metodos», яғни ақиқатқа, күтілетін нәтижеге қол жеткізудің жолы, амалы деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде әдіс ұғымына берілген көптеген анықтамаларды кездестіруге болады. Жалпы алғанда оқыту әдістері білім берудің мақсаттары мен міндеттерін шешуге бағытталған жолдар және амалдар жиынтығы болып табылады.

Оқыту әдістері келесі үш белгімен сипатталады. Олар: оқыту мақсаты, меңгерту амалы және оқыту субъектілерінің өзара әрекеттесу сипаты. Демек, оқыту әдістері төмендегілерді қамтиды:

         -  мұғалімнің оқыту жұмысының және оқушылардың оқу жұмыстарының өзара байланысты амалдары;

         - олардың оқытудың түрлі мақсаттарына жетудегі жұмыстарының ерекшеліктері.

         Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістері – ақпараттандыру (мұғалім оқу материалын баяндайды, түсіндіреді); оқушыларға практикалық дағды, іскерліктерді үйрету; оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту; мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекетіне жетекшілік ету функцияларын орындауы.

Сөздік әдістер. Бұл әдістің көмегімен ақпараттар (білімді) жеткізетін құралдар мұғалімнің сөзі және баспа сөздері (кітап) болып табылады. Оларға әдістер жүйесінде жетекші орын алатындар кіреді: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, эвристикалық әңгімелесі, дискуссия, лекция, кітаппен жұмыс.

Көрнекілік әдістер. Әр түрлі суреттер, репродукциялар, кестелер, үлгілердің көмегімен табиғи түрінде немесе символдық түрде бейнеленген қоршаған ортадағы құбылыстармен, процестермен, объектілермен сезімдік тұрғыдан таныстыруға арналған.

Практикалық әдістер. Бұл әдістерге жаттығулар (ауызша, жазбаша, графикалық, лабораториялық, практикалық әрекеттер, есептер шығару, үлгілеу және тағы басқалары) жатады. Бұл әдістерді қолдану нәтижесінде оқушылар жаңа білімдер алады. Ал музыкалық білім беруде музыкамен белсенді әрекетке түсу, музыка шығару, түрлі орындау, интонациялық – дыбыстық процестерді моделдеу арқылы еске түсіру, елестеу сияқты есту – көрнекілік әдістерінің диалектикалық бірлігін құрайтын практикалық әдістер ретінде қарастырылады.

Музыкалық білім беру әдістері өзінің құрылымы бойынша күрделі әрі мұғалім мен оқушының өзара іс - әрекеттерінің көптеген аспектілерін қамтиды. Музыка оқыту әдістері музыкалық білім берудің жалпы және нақты мақсаттарына, мазмұнына тәуелді болып келеді. Олар оқушылардың психологиялық және жас балалар организімінің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктеріне, сондай – ақ келгенде мектептің материалдық – техникалық жабдықталуына байланысты таңдаланады.

Аталған әдісті қолдануда мұғалімге нақты жағдайға сәйкес ең қолайлы, тиімді, қажетті жақтарын таңдай білу міндеті жүктеледі. Педагогикалық бақылау және баға беру тәсілдері музыка сабақтарында оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін есепке алуды қолданылатын әдіс. Олар оқушылардың музыкалық      даму барысында түзетулер енгізуде қосымша роль атқарады. Бақылау мен тексеру оқу процесінің өзінше жеке элементі болып шет қалмауы, керісінше білімділік, дамытушылық, тәрбиелік, талпындыру функцияларын атқарып отыруы тиіс.

         Музыкалық білім беру жетістіктеріне қол жеткізу оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдап алуға байланысты. Ол үшін келесі өлшемдерді негізге алуға болады:

-         оқу материалының мазмұны мен жалпы мақсаттары;

-         оқу пәнінің ерекшелігі;

-         дидактикалық талаптар;

-         оқушының жас ерекшелігі;

         - оқушылардың музыкалық білім саласындағы теориялық, практикалық даярлық деңгейі; 

-         оқушылырдың музыкалық тәрбиелік деңгейі;

-         оқушылардың жеке дара ерекшеліктері;

         - мектептің әлеуметтік ортасы, материалдық-техникалық базасы;

-         музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлік және тәжірибе деңгейі.