- •Музыкалық өнердегі жанрлық жүйе
- •Музыкалық қабiлеттiлiктің мәнi және оларды дамыту әдiстерi.
- •Интервал туралы түсінік
- •Музыка өнері сабағындағы ән салу. Мақсаты, міндеттері, негізгі әдістері.
- •5 Лекция
- •Музыка тыңдау сабағының әдістемесі
- •Музыканы қабылдай білуге тәрбиелеудің алғышарттары
- •Балалар даусымен жұмыс істеу ерекшеліктері
- •Бастауыш мектептегі музыкалық оқытудың және тәрбиелеудің мазмұны
- •Музыка өнері сабағы – бастауыш мектептегі музыканы оқытудың негізгі түрі.
- •Музыкалық іс-әрекет түрлері.
- •Музыканы қабылдаудың төрт кезеңі
- •Музыкалық өнердiң ерекшелiгi, оның тәрбиелiк және бiлiмдік мүмкiндiктерi.
- •Музыкалық-ырғақтық қимылдар
- •Мектептегі музыкалық жұмыстарды жоспарлау және есепке алу
- •Рояль және фортепиано аспабы туралы түсінік
- •Музыкалық қабiлеттiлiк құрылымына педагогикадағы заманауи көзқарастар
- •Ән айту дағдыларын қалыптастырудағы вокальдық жаттығулардың рөлі
- •Отандық музыкалық тәрбие беру жүйесі
- •Симфониялық оркестрдің аспаптары туралы түсінік
- •Музыка сабақтарында музыкалық-дидактикалық ойындарды пайдалану
- •«Көп жортқан түлкі терісін алдырар».
- •«Ұрлық түбі – қорлық».
- •«Жаман ұры жанындағысына қарамайды» т.Б
- •«Күн мен жаңбыр» ойын
- •Үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстар
- •Қазіргі заманғы музыка сабағына қойылатын талаптар
- •Вокалды-хор дағдыларын қалыптастыру және дамыту әдістемесі
- •Халық музыкасының жанрлары
- •Балалар шығармашылығын дамыту әдістемесі
- •Бастауыш мектептегi музыкалық жұмыстарға арналған музыкалық материалдарды таңдау қағидалары.
- •Балаларды музыка сауатының негіздерімен таныстыру әдісі
- •Сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.
- •Музыкалық тәрбие берудің авторлық жүйелері (ш.Сузуки)
- •Музыкалық аспаптарды сабақтарда қолдану
- •Балаларға музыкалық тәрбие берудің белгiлi авторлық жүйелері мен әдістемелерін атап,сипаттама беріңіз.
- •Лад. Мажорлы және минорлы тональдік
- •Бастауыш мектептегі музыкалық шығармашылық жұмыс формалары.
- •Нақты әуенді сүйемелдеу үшін дұрыс аккордты таба білудің әдістемесі
- •Әріптік және сөздік ноталар туралы түсінік
- •Хор туралы түсінік
- •Балалар дауысын дамыту және интонациямен жұмыс істеу әдiстерi.
- •Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбиенің ұстанымдары мен әдіснамалық негіздері.
- •Қазақтың ұлттық аспаптарының жіктелуіне сипаттама беріңіз.
- •Әндерді орындап,талдау
Бастауыш мектептегi музыкалық жұмыстарға арналған музыкалық материалдарды таңдау қағидалары.
Балаларды музыка сауатының негіздерімен таныстыру әдісі
Сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.
Сыныптан тыс жұмыстың негізгі міндеті – мектеп оқушыларының қызығуын, бейімділігін, қабілеттілігін жан-жақты дамытып, олардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.
Егер де сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқу жқмысымен дұрыс ұштасатын болса, онда ол бүкіл тәрбие жұмысының жүйесін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыс оқу жоспарын толықтыра түседі.
Бұл бағытта жүргізілетін арнаулы зерттеу жұмыстары әр түрлі сыныптан тыс жұмыстар мектеп оқушыларының кәсіптік қызығуы мен түсініктерінің тууының негізгі көзі болып табылатындығын дәлелдеді.
Музыкалық шығармашылық ән айту, тыңдау, музыкалық
сауаттылық және музыкалық ырғақ педагогикалық процестермен байланыста болса ғана,
шығармашылық белсенділік нәтижелі болады. Үйірмелерде оқушылар музыка сабағында
алған білімін кеңейтіп, орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады.
Мектептегі бір сағаттық музыка сабағы оқушылардың музыкалық бейімділігін жете дамыта
алмайды. Сондықтан сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық жұмыстарға қатысуы арқылы
олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік туады. Бұл жұмыстардың қай түрі болсын, оқушының
музыка сабағынан алған білімін толықтыруы тиіс. Сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық-
көпшілік жұмыстар оқушыларды барынша көбірек қамтуды, олардың танымын кеңейтіп,
музыка өнеріне деген көзқарасын қалыптастыруды мақсат етеді. Осы мақсатқа жету үшін,
баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны қызықтыратындай тақырып пен музыкалық
материал таңдап алғаны жөн. ұйымдастыру алдында біршама дайындық әңгіме жүргізіледі.
Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда қойылатын міндеттер:
- музыка өнерінің мазмұны мен мәнін айқындау;
- оқушылардың ұйымдастырушылық, тәрбие және насихат жұмыстарының қажетті білім мен дағды алуына жәрдемдесу, олардың белсенділігін арттыру;
- театр, кино өнері арқылы қазіргі заман талабына сай оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру;
- музыкалық спектакльдердің, музыкалық кино өнерінің теориясы және практикасымен таныстыру;
Сыныптан тыс жүргізілетін түрлі музыкалық тәрбие жұмыстарын екі салаға бөлуге болады:
Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбие.
Үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстар.
Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбиелеу жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпесе де, олардың музыканы білуге деген ықыласы болуы керек. Бұл салаға лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық нештерді ұйымастыру, жүргізу, карнавалдар, конкурстар, байқауларды өткізу кіреді.
Мектептегі музыка мұғалімі өз сабағында білім берумен шектелетін білікті маман ғана емес, ол музыкалық – тағылымдық жұмыстарды жүргізуші, мерекелік кештерді, концерттерді, түрі үйірмелерді ұйымдастырушы.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың ішіндегі ең сүбелі сала – танымдық, тағылымдық мәні зор лекция-концерттер ұйымдастыру.
Өздігінен жүргізілетін музыкалық іс-әрекеттер.
Отбасындағы музыкалық тәрбие
Музыкалық формалар. Фактура, оның көркемдік рөлі
Ән үйрету кезеңі
Жасөспірімдерді əн айту өнеріне тəрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым нəтижелі болатыны дəлелденген шындық. Əн салу адам жанының 40 сұлулығына, ой мен ақыл кабілетінің арта түсуіне тікелей əсер етеді, тіпті баланың физиологиялық дамуына да септігін тигізеді. Əн үйретпес бұрын, оқушыларды денесін бос, тік ұстауға, басты қалай ұстап, ауызды қалай ашу керектігін, яғни денені ұстау қалпын анықтап үйрету қажет. Сосын демді қалай дүрыс алу керектігі айтылуға тиісті. Əннің түрі мен екпініне байланысты іштен дем алу өнерінің еркін қалыптасуы ұстаздың тиянақты еңбегіне байланысты дамиды. Демді əннің аяғына дейін жеткізе білу, яғни ауаны үнемді пайдалану - əнші шеберлігінің негізі деуге болады. Демді ұзақ шығаруға сүйене отырып, дауысты дыбыстарды дөңгелете алуға дағдыландыру - əнші тəрбиелеудің басты мақсаты. Əн үйрету кезінде дауысты жəне дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтып үйретіп, дикцияға көп мəн берілгені жөн. Əнді таза, анық айту үшін оқушыларға арнайы жаттығулар беру керек. Жаттыгуларды негізгі екі трі бар: 1) Жеке өз бетімен дайындалғандары. 2) Нақтылы əдіс-тəсілге, əннің белгілі қиындығын меңгеруге арналғаны. Оқушылардың жаттығуға деген қызығушылық көзқарастарын қалыптастырып, оларды нақтылы максатқа қолдану керек. Əн айту алдында оқушы даусын арнайы жаттықтырып алу керек (распевания). Əуендік жəне ырғақтық тұрғыдан қарапайым, тез жатталатын əуенді жай екпінде, модуляциялы секвенция ретінде жарты тон бойынша жоғары-төмен айтқызып үйрету өте тиімді. Жаттығулар арасында бірдей ұзактықта тыныс алып отырса (паузалар), ол əуенді қайталауға, əн айту шеберлігін дамытуға зор мүмкіндік береді. Əнді түрлі аспаптармен (баян, фортепиано) сүйемелдеп айтқан оқушының музыкалық дамуына зор əсер етсе, əннің өзін жеке айтып жаттыққан да əуендік, гармониялық жəне ладтық сезімнің өсуіне көп көмек береді.
Әннің сөзін дұрыс айта білуге үйрету әдістемесі
Музыкалық тәрбие берудің авторлық жүйелері (Э.Жак-Далькроз)
Музыкалық-сахналық жанрлар. Опера. Балет
Музыкалық қызығушылықты дамыту формалары мен әдiстерi.
Музыка сабағында да ойын технологиясын қолдана отырып, материалды тез
меңгеруге, музыкалық шығармаларды қабылдауға, әуенді ести білуге үйретуге болады.
Бастауышта оқытылатын барлық пәндер сияқты музыка сабағында да ойынның маңызы зор.
Ойынды әдетте мұғалім сабақ алдында не сабақты қорытындылар сәтте пайдаланады.
Ойын-балалар әрекетінің бір түрі, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-
қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным үдерісіне
әсерін тигізеді.
Ойын-әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Ойын
теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар,психологтар, социологтар
зерттеуде.Мысалы, жүйелі жүргізілген ойындар кезінде төмендегідей ойындар
жүргізілді. Эмоцияны дамыту, қарым-қатынас, эмоционалдық дискомфорт жағдайын
жақсартуға бағытталған ойындардан «Әуенді тап!», “Шатасқан ноталар”, “Кім немесе не үні
екенін тап”, “Әуенге қозғалыс ойла да, сыйла”, «Музыка арқылы менің эмоцияларым”,
“Көңіл-күйді көрсет”, “Әнді тап”, “Музыкалы-мимикалық гимнастика” т.б. Ойындық өзара
әрекет-бұл өмірдің имитациясы емес, бұл баланың қоғамда өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін
жүзеге асыруына, өзін-өзі бекітуге мүмкіндік беретін ерекше іс-әрекет түрі. Яғни, ойын бала
тұлғасының әлеуметтік дамуының негізгі факторы. Музыкалық ойындар оқушының
музыкаға деген құлшынысын, қызығушылығын ғана арттырып қоймай, есте сақтау, ойлай
білуге, ажырата, салыстыра алуға баулиды.
