- •Музыкалық өнердегі жанрлық жүйе
- •Музыкалық қабiлеттiлiктің мәнi және оларды дамыту әдiстерi.
- •Интервал туралы түсінік
- •Музыка өнері сабағындағы ән салу. Мақсаты, міндеттері, негізгі әдістері.
- •5 Лекция
- •Музыка тыңдау сабағының әдістемесі
- •Музыканы қабылдай білуге тәрбиелеудің алғышарттары
- •Балалар даусымен жұмыс істеу ерекшеліктері
- •Бастауыш мектептегі музыкалық оқытудың және тәрбиелеудің мазмұны
- •Музыка өнері сабағы – бастауыш мектептегі музыканы оқытудың негізгі түрі.
- •Музыкалық іс-әрекет түрлері.
- •Музыканы қабылдаудың төрт кезеңі
- •Музыкалық өнердiң ерекшелiгi, оның тәрбиелiк және бiлiмдік мүмкiндiктерi.
- •Музыкалық-ырғақтық қимылдар
- •Мектептегі музыкалық жұмыстарды жоспарлау және есепке алу
- •Рояль және фортепиано аспабы туралы түсінік
- •Музыкалық қабiлеттiлiк құрылымына педагогикадағы заманауи көзқарастар
- •Ән айту дағдыларын қалыптастырудағы вокальдық жаттығулардың рөлі
- •Отандық музыкалық тәрбие беру жүйесі
- •Симфониялық оркестрдің аспаптары туралы түсінік
- •Музыка сабақтарында музыкалық-дидактикалық ойындарды пайдалану
- •«Көп жортқан түлкі терісін алдырар».
- •«Ұрлық түбі – қорлық».
- •«Жаман ұры жанындағысына қарамайды» т.Б
- •«Күн мен жаңбыр» ойын
- •Үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстар
- •Қазіргі заманғы музыка сабағына қойылатын талаптар
- •Вокалды-хор дағдыларын қалыптастыру және дамыту әдістемесі
- •Халық музыкасының жанрлары
- •Балалар шығармашылығын дамыту әдістемесі
- •Бастауыш мектептегi музыкалық жұмыстарға арналған музыкалық материалдарды таңдау қағидалары.
- •Балаларды музыка сауатының негіздерімен таныстыру әдісі
- •Сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.
- •Музыкалық тәрбие берудің авторлық жүйелері (ш.Сузуки)
- •Музыкалық аспаптарды сабақтарда қолдану
- •Балаларға музыкалық тәрбие берудің белгiлi авторлық жүйелері мен әдістемелерін атап,сипаттама беріңіз.
- •Лад. Мажорлы және минорлы тональдік
- •Бастауыш мектептегі музыкалық шығармашылық жұмыс формалары.
- •Нақты әуенді сүйемелдеу үшін дұрыс аккордты таба білудің әдістемесі
- •Әріптік және сөздік ноталар туралы түсінік
- •Хор туралы түсінік
- •Балалар дауысын дамыту және интонациямен жұмыс істеу әдiстерi.
- •Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбиенің ұстанымдары мен әдіснамалық негіздері.
- •Қазақтың ұлттық аспаптарының жіктелуіне сипаттама беріңіз.
- •Әндерді орындап,талдау
Музыкалық өнердегі жанрлық жүйе
Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.
Музыкадағы жанр музыкалық шығармалардың тек пен түрін айқындайтын көпқырлы ұғым ретінде қалыптасты. Музыкадағы жанр категория ретінде музыкатанудың негізгі мәселелері мен музыка эстетикасын айқындайды. Музыка өнерінің тарихи даму жолында жанр белгілері оның стильдік белгілерімен астасып жатты (қ. Стиль). Музыкалық жанрларға ән, әнұран, серенада, опера, оперетта, симфония, сюита, увертюра, концерт, оратория, кантанта, трио, квартет, романс, хорал, месса, реквием, т.б. жатады. Музыка жанрлары іштей жанрлық түрлерге бөлінеді (мысалы, операда ария, т.б.). Музыкалық жанрлар осы өнер саласында қалыптасқан ағым, бағыт, стильмен үндесе дамыды (қ. Музыка).
Музыкалық қабiлеттiлiктің мәнi және оларды дамыту әдiстерi.
Бүгінгі білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеудегі басты мақсат- жеткіншек ұрпаққа мәдени, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие бере отырып, олардың әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, өнер шығармаларын сүйіп, туған табиғатын, оның байлығын қастерлеп,бағалай білуге қабілеттерін қалыптастыру.
Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және өзінің көркемдігі,нәзіктігімен адам жанын баурап,олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына септігін тигізеді. Жас өспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, эмоциялық сезімталдығына қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде музыка сабағының алатын орны ерекше.
Баланың бойында музыкалық қабілет жас кезінен басталады. Мектеп жасына жеткен бала психологиялық түйсіну мен музыканы көз алдына елестетуді біршама меңгеріп шығады. Оның бойында музыкаға деген өзіндік ой саналық және сезімдік тұрғыдағы қарым-қатынас қалыптасады. Сонымен бірге әуен-саз,өлшем-ырғақ жүйесін есіту тәжірибесі қалыптасып,есте сақтап қалу қабілеті де жинақталады. Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі.
Музыканы қабылдау – музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады, яғни музыка тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты. Музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелей отырып, бірте-бірте музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастырған жөн. Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында емес, сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады. Ән үйрену үшін алдымен тыңдау, сонан соң орындау керек, сондықтан орындау барысында интонация тазалығына, мәнерлігіне назар аударған жөн.
Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту олардың музыкалық қабілетін (есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен қатар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам-сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.
Арнайы зерттеулер мен іс-тәжірибелердің көрсетуі бойынша төменгі сынып оқушыларының музыкаға деген қызығушылығы бар ынтасымен дамып жетіледі. Оқушының эмоциялық әсерін, музыкалық есту қабілетін, лад пен ырғақты сезіну, есте сақтау шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет. Ән үйрену кезеңінде оны таза айтуды үйрену үшін алдымен айтылған дыбысты есте сақтай отырып қабылдап, сонан соң дыбысты дұрыс, дәл елестетуді қадағалау қажет. 4,5,6, сынып оқушылырының мінез-құлқы психология, педагогика әдебиетінде қиын, өзгерісті деп қарастырылады.
Дауыс ерекшеліктерін дамытудың әдістері мынадай жағдайларды қамтиды:
1. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне
үнемі бағыт беріп отыру.
2. Әнді еркін,қиналмай айту,сонымен қатар әншілік өнердің
ережелерін қатаң сақтау.
3. Жәймен,асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару.
4. Көмейдің тұрақты қалпы,оның маңызды қасиеті.
5. Дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды
қысқа, нақты келтіру.
6. Музыкалық шығармаларды терең түсініп, өз мәнерінде айту.
7. Сабақ барысында үйлесімді сезімге бой алдырушылыққа бағыттау,
ал сабақтың шарықтау бөлімінде бірыңғай немесе жеке көркемдік
нәтиже қажет.
8. Балалардың жеке басының өзгешеліктерін есептей отырып,
музыкалық материалдарды таңдай білу.
Жеке қадағалау формалары:
1.Фонитарлық бақылау (тексеру)
2.Ән айтуын жеке тексеру
3.Күйді не әнді тыңдау
4.Әрбір топпен қосымша сабақтар өткізу
Оқушылардың сабақ кезеңінде дамытылған музыкалық қабілеттері сабақтан тыс музыкалық-танымдық «Өнер әлемі» үйірмесінде ұштастырылып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ән айту дағдылары қалыптастырылады. Көрнекті музыка әдіскері О.А.Апраксина: «Если уроки пения и внеклассные кружковые занятия составляют стержень,вокруг которого обьединяются и другие силы, то результаты получаются исключительно плодотворные»,-деп жазған. Ән айту шеберліктері жетілген өнерлі өрендер түрлі өнер сайыстарына қатысып,жүлделі орындарды иеленді.
Музыка адам өмірінің жан серігі,музыканы сүймейтін адамды кездестіру мүмкін емес, өйткені ол баршаға қажет,оның тілі кім-кімге де түсінікті.
Міне, сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің міндеті-шәкірттерін музыка өнерінің сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала білуге тәрбиелеу.
Осы негізде айтылған академик А.Жұбановтың «Гимнастика денені қалай түзесе, музыка да адам жанын солай түзейді» деген нақыл сөзі оқушылардың эстетикалық,рухани байлығын кеңейтіп,қанаттандыру керек екенін дәлелдейді.
