1.Түсініктеме хат
Дипломалды тәжірибесінің жұмыс бағдарламасы 0501000 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы, Қазақстан Республикасының жалпы кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес жасалған. Жалпы өндірістік тәжірибесіне 108 сағат берілген.
1. Жалпы ережелері
1.1 Дипломалды тәжірибесі жұмыстарын білу,оқу барысында алған білімдерін толықтыру мақсатында жүргізіледі.
1.2 Дипломалды тәжірибе өту уақыты 3 апта .
Дипломалды тәжірибе бойынша білім алушыға мынадай біліктілік, іскерлік дағдылары қалыптасуы тиіс:
Нақты ұйымның әрекетін зерттеуге
арнайы пәндерді зерттеу негізінде алынған білімдерін бекітуге, кеңейтуге, тереңдетуге
жүйелеуге бағытталған мамандықтың бағдары бойынша танысу тәжірибе тұтас кәсіби әрекетті меңгеру
жұмыстардың келесі түрлерін кіргізеді: облыстық жұмыспен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасының, аудандық(қалалық), жұмыспен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімінің, Мемлекеттік Орталықтан зейнетақы төлеу
Орталық құрылымдық бөлімдерінен, жинақтаушы зейнетақы қорының функцияларымен танысу.
Тәжірибе базалары
Мамандық бойынша тәжірибе базасын таңдауда есепке алу керек.
-тәжірибе бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігінің болуын;
- тәжірибелік дағды алуда көмек көрсететін білікті мамандардың болуын.
Мамандық бойынша тәжірибенің ұйымдастырылуы
Дипломалды тәжірибе барысында білім алушылар тәжірибелік дайындауды жүзеге асырады, біліктілік сипаттамасына сәйкес кәсіби іскерліктермен дағдылар қалыптасады, нақты кәсіпорындармен мекемелердің жұмысын зертеудің негізінде білімдер кеңейтеді, тереңдетеді және жүйелейді, осы заманғы жабдықтар тәжірибелік түрде, бастапқы кәсіби тәжірибеде меңгеріледі..
Бағдарламаның жеке курсы мен бөлімдері бойынша оқушылар тәжірибесіне жетекшілік ету бөлім бастықтарымен, жетекші мамандарымен жүзеге асырылады.Тәжірибенің бірінші күні оқушы ұжыммен, тәжірибе жетекшісімен бірлесе отырып тәжірибеде өтудің күнтізбелік-тақырыптық жоспарын құрастырады. Бөліммен атқарылатын барлық жұмыс түрлерімен танысады.
Жоспарда жұмыс орындары , жұмыс мазмұны мен орындалу мерзімі көрсетіледі.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар бекітілгеннен кейін, екі данадан шығарылып, бір данасы байланыс каналдары бойынша колледжге, екіншісі тәжірибеші жұмысы үшін қалдырылады.
Әлеуметтік жұмыстың мазмұны туралы толық мағлұмат алу үшін тәжірибе кәсіпорындарда субъектілерінде өткізілуі керек.
Тәжірибе жетекшісінің міндеттері
Кәсіпорын тәжірибешілерді жұмыс орындарымен және қажетті тәжірибелік материалдармен қамтамасыз етеді.
Бұйрықпен тәжірибе жетекшісі тағайындалады. Оның міндеті тәжірибеге жалпы жетекшілік ету:
-әр жұмыс орынында білікті мамандар арасынан жетекшілерді таңдау және олардың тәжірибешілермен жұмыс істеуін қадағалау;
-оқушыларды жұмыс орындары бойынша бөлу;
-оқушының жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау: оларды орналастыру, тәжірибелік материал алуына көмектесу, консультациялар ұйымдастыру;
-тәжірибеші жұмысы туралы қысқаша сын-пікір қалыптастыру.Сын-пікірде оқушының тәжірибе бағдарламасын орындауы, оның жұмысқа қатынасы , еңбек тәртібі, өндірістік дағдыны игеруі белгіленеді.
Тәжірибе жетекшісі жұмыс орындарында оқушы инструктажын жүргізеді, тәжірибешілердің жұмысты орындауы мен тәртіп сақтауын тікелей жетекшілік етіп, үнемі бақылау жасайды.
Оқушының міндеттері
Оқушылар міндеттері:
-Кәсіпорын мен мекемелер субъектісінің жұмыс тәртібін сақтауға;
- жұмыс орындарында берілген жұмысты өздігінен орындауға, оның нәтижесі үшін жауап беруге;
-белгілі тәртіппен күнделік жүргізуге , оны тәжірибе жетекшісіне күн сайын тексеріске және қол қоюға беруге;
-тәжірибе нәтижесі туралы белгілі қосымшаларымен колледжге жазбаша түрде есеп беруге міндетті.
Тәжірибе бағдарламасы дәлелді себептермен орындалмаған жағдайда, оқушы сабақтан бос уақытында тәжірибеге қайта жіберіледі.
Оқушылар білуге тиіс:
Нормативті құжаттармен жұмыс істей білуге
Әлеуметтік қорғаудың қызметтерінің негізгі бағыттырын білуге
Тұтынушылар жеке проблемасын білуге
Әлеуметтік жұмыстың кәсіби ерекшеліктерін білуге
Әлеуметтік көмек көрсету нысандарын білуге
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмысының негіздерін білу;
Мамандық бойынша жұмыс бағдарламасын құрастыру бойынша нұсқаулар (оқушылар үшін)
Бағдарламада көрсетілген пән бойынша тақырыптық жоспар және жұмыс мазмұны үлгі болып келеді.Сондықтан тәжірибеде өтетін аудиторлық ұйымдарда, фирмаларда және шаруашылық субъектілеріндегі ерекшеліктер есебінде тәжірибенің жұмыс бағдарламасын құрастыру қажет.Егер тәжірибе бағдарламасының жеке пункттерін оқушы орындамаса, бұл мәселелер жұмыс бағдарламасынан алынып тасталады. Осы мәселеге жұмсалған уақытты басқа тақырыптарды терең меңгеруге мақсатты пайдаланған жөн.Бұл жағдай есепте жазбаша дәлелденуі қажет.
Жұмыс бағдарламасында оқушылар орындайтын тәжірибелік жұмыс түрлерін кәсіпорын мен мекемелерде жүзеге асырылып жатқан операциялар сипатына сәйкес түзеткен жөн.
Кәсіпорын мен мекеме жұмысында өзгерістер пайда болған жағдайда, ол тәжірибе бағдарламасында белгіленуі қажет.
Жұмыс бағдарламасында әр тақырып бойынша жұмысты орындаудың күнтізбелік мерзімі, орны (кәсіпорын және мекеме) белгіленуі қажет.
Жұмыс бағдарламасы ПЦК отырысында қаралып, кәсіпорын, фирма және шаруашылық субъектісінің тәжірибе жетекшілерімен келісіліп, колледж директорымен немесе оның оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарымен бекітіледі.
Тәжірибе есебі А4 форматында, шрифт көлемі -14, арақашықтық -1.5, беттің көлемі бойынша тегістеу сол жақ -3см, жоғарғы, төменгі, оң жақтары- 2см. Беттің төменгі жағында беттің нөмері жазылады. Барлық материалдар тексеруден өткеннен кейін түптелініп тапсырылады.
Есеп мазмұны және оны қорғау
Дипломалды тәжірибенің аяқталуы кезінде оқушы тәжірибе жетекшісіне тәжірибе бағдарламасының орындалғаны туралы есебін ұсынуы қажет. Онда тәжірибенің атқарған жұмысы көрсетіледі.
Есепте үлгілі күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес курстың барлық тақырыптары бойынша тәжірибе барысында атқарған жұмыс құжаттарының көшірмелері тігіледі. Көшірме болмаған жағдайда оқушы өз қолымен жазылған құжаттарын тігеді. Бұл жағдайда тәжірибе жетекшісі құжатты дұрыс жазу іскерлігін қадағалауы қажет.
Есепке тігілетін құжаттар:
Кәсіпорын немесе мекеме жетекшісімен бекітілген, тәжірибе жетекшісінің қолы қойылған (ұйым мөрімен куәландырылған аудиторлық ұйым, кәсіпорын немес мекеме жетекшісінің немесе ол болмаған жағдайда оның орынбасарының, тәжірибе жетекшісінің және тәжірибешінің қолы) тәжірибенің күнтізбелік жоспары.
Тәжірибенің әр күніне жетекшінің қолы қойылған күнделік.
Мөрмен куәландырылған (міндетті түрде) мінездеме.
Кәсіпорын, фирма және шаруашылық субъектісіндегі тәжірибе жетекшісі есепті тексеріп бес балдық жүйемен бағалайды. Тәжірибешілер аттестациясын жүргізу ұсынылады.
Тәжірибенің аяқталуы кезінде оқушы колледждегі тәжірибе жетекшісіне есебін тексертеді.Тәжірибенің жалпы бағасын есеп қорғалғаннан кейін қойылады. Есепті қоғау кезінде тәжірибе өту деңгейі, оқушылардың теориялық білімді және алған тәжірибелік дағдыны бекіту дәрежесі анықталады. Тәжірибе бағасы сынақ кітапшасына қойылады.
жағдайларды талдау бойынша оқу тәжірибесі оқушылар кәсіпорындарда, фирмаларда және шаруашылық субъектілерінде белгілі себептермен өте алмаған тақырыптарды тренинг-кластерда, компьютер кластарда өткізеді.
