- •3.Көркем шығарманы оқыту мен талдаудың тәсілдері бағыттары, кезеңдері.
- •2. Ж.Аймауытов «Қартқожа» романы
- •1) Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы
- •2)Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығы. «Ботагөз», «Сұлушаш» романдары
- •9. 3) Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстары
- •1)Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның Тұрсын» толғауы
- •2)Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы, әңгімелері,драмалары
- •3)Көрнекілікті пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері
- •1)Асан қайғы толғаулары және көркемдік ерекшеліктері
- •2) Спандияр Көбеев ағартушылық, оқытушылық қызметі. «Қалың мал» романы
- •3) Сабаққа қойылатын талаптар
- •1) «Оғыз-наме» эпосы. «Оғыз-наме» эпосының зерттелуі, нұсқалары
- •2)Ахмет Байтұрсыновтың өмәрі, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы
- •11.3) Драмалық шығармаларды оқыту
- •3. Жыраулар поэзиясын оқыту. «Бұқар-Абылай заман» тақырыбы.
- •1.Айтыс. Зерттелу тарихы. Жанрлық сипаты. Айтыстың мазмұны мен тақырыбы.
- •2.Б.Майлин – реалист. Оның поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді қызмет еңбек еткен қаламгер.
- •3. Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына талдау жасау.
- •1.Үмбетей жыраудың ел бірлігі, ерлік тақырыбындағы жырлары.
- •2.Ғабит Мүсіреповтің патриоттық тақырыптағы төл туындысы- «Қазақ солдаты» хикаясын жазуы.
- •3.Эпикалық шығармаларды оқыту.
- •1.Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы.
- •2.Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы. «Ботагөз», «Сұлушаш» романдары.
- •1.Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» толғауы.
- •2.Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы,әңгімелері, драмалары.
- •3.Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері.
1) «Оғыз-наме» эпосы. «Оғыз-наме» эпосының зерттелуі, нұсқалары
«Оғыз-наме» эпосы -Қыпшақ дәуірінен бізге жеткен аса елеулі ескерткіштің бірі және бірегейі. Көне аңыздарға сүйеніп жазылған бұл шығармада елдің елдігі, бірлігі, ерлігі жырланады. Осындағы жер, су, мемлекет, кісі аттары еңбектің белгілі бір тарихи оқиғаларға сүйенгендігін аңдатады. Қағанның Көкбөрі, Көктәңірге табынулары болса, қоғамдық сананың өте көне дәуірдегі болмысынан хабардар етеді; сондай-ақ ертедегі Қаңлы, Қыпшақ, Қарлұқ сияқты біраз этникалық атаулардың арғы мағынасы да ашылғандай болады.. Жалпы алғанда, эпос қазақ, өзбек, қарақалпақ, түркімен, әзербайжан, түрік халықтарының ортақ мұрасы. Бірақ өте көне дәуірде жасалған бұл фольклорлық мұра бергі 13-ғасырдың аяғында ғана жазуға түскен.Шығарманың бізге жеткен бір ғана нұсқасы бар, ол – көне ұйғыр әрпімен жазылған Париждің ұлттық кітапханасының Шефер қорында сақтаулы тұрған қолжазба. Ғалымдардың айтуынша ол – түпнұсқалық жазба емес, бұрынырақ жазылған қолжазбаның көшірмесі. Ғылымда қалыптасқан дағды бойынша авторы белгісіз қолжазба қай жерде табылса немесе жарияланса, сондай-ақ кім тауып жарияласа, шартты түрде сол жердің (мысалы, Қазан нұсқасы) немесе жариялаған адамның атымен (Диваев нұсқасы) аталады, сондықтан «Оғыз-наменің» о баста тақырып қойылмаған қолжазбасын Париж нұсқасы деп атау орынды деп ойлаймыз.«Оғыз-наменің» зерттелу, жариялану, өзге тілдерге аударылу тарихы 1815 жылы Н.Ф.Дитцтің қолжазбаның жекелеген бөліктерін неміс тіліне аударуынан бастау алады. В.В.Радлов Париж қолжазбасын жан-жақты зерттеп, 1893 жылы туындының мазмұнымен бірге мәтіннің транскрипциясы мен оның жолма-жол аудармасын жариялады. Түрколог А.М.Щербак ескерткіштің транкрипциясын жасап, оны жолма-жол орыс тіліне аударып, 1959 жылы «Мухаббат-наме» мәтінімен бірге жарыққа шығарады. Кітапқа жазған ғылыми мақаласында А.М.Щербак жазбаның ғылыми сипаттамасымен бірге мәтінге лексика-грамматикалық түсініктеме дайындап, ескерткіштің тілін, жазылған уақыты мен орнын белгілеуге ден қойған. Еңбегінде А.М.Щербак В.В.Радловтың транскрипциясын басшылыққа алған, сонымен қатар ол В.Банг, П.Пелльо, Р.Нур дайындаған мәтіндермен де жақсы таныс болғанын көруге болады . «Оғуз қағанды» жазуға түсірген 13-ғасыр бұл әдеби мұраның қай дәуірге тәндігін белгілейтін меже-өлшем емес, ол осы 13-ғасыр түріктерінің байырғы сөз қазынасының жазуға түсу фактісін көрсететін мерзім-өлшем ғана.Бұл 13-ғасыр деген уақыт өлшемі «Оғуз қағанның» тілдік фактілері - фонетикалық, грамматикалық және лексикалық белгілері үшін аса маңызды. Сол себепті де бұл эпосты тілдік жағынан, оның ішінде лексикалық сипаты тұрғысынан зерттеу бүгінгі күнде аса қажетті мәселе болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, біздің шағын зерттеу еңбегіміз өзекті әрі соны екендігі дау тудырмайды.
2)Ахмет Байтұрсыновтың өмәрі, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы
Ахмет Байтұрсынов - Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). 1882-84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды. 1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді. 1918-19 жж. Алашорда қатарында болады. 1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады. 1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер. 1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды. 1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған. Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті: ...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды... халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. Мұхтар Әуезов депті: Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны - «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала - бұлт, шындық - күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты.Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
