Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-30 әдебиет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.74 Кб
Скачать

9. 3) Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстары

Әдеби тіл дегеніміз белгілі бір қалыпқа түскен, диалектілер мен қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда жалпыға бірдей ортақ, түсінікті тіл. “Әдеби тіл дегеніміз – жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл”. Яғни, әдеби тіл қоғамның барлық саласында қолданылатын нормаланған тіл.Мектепте әдебиет пәнін оқытатын мұғалімдерге қойылатын талап сынып жоғарылаған сайын күрделене береді. Оқушыларды ауызша сөйлеу мен ойын жазбаша жан‑жақты бере білуге дағдыландыру ‑ әдебиет сабағында жүзеге асады. Оқушылардың әдеби тілді меңгеруі әр түрлі тапсырмалар мен өздік жұмыс түрлерін орындату арқылы жүзеге асады. Бұл жұмыстар мәтінді талдаумен тығыз байланыста жүргізіледі. Мәселен, төменгі сыныптарда шағын, жай, хабарлы сөйлемдерге құрылған мәтіндер алынса, жоғары сыныптарда көлемдірек, суреттеме, диалогқа құрылған мәтіндер таныстырылады. Тіл ұстарту – оқушылардың әдеби тіл нормаларын сақтай отырып, көркем, айқын, нақты сөйлей алуы. Тіл дамытуда оқушыларға мәтінді дауыстап немесе іштей оқыту, мәнерлеп оқыту, мазмұндату, сұрақтарға жауап беру, көркемдік ерекшелігін талдау жұмыстарын жасайды. Одан әрі көркем шығарманың жекелеген элементтерін ажыратып, талдап, жай және күрделі жоспар түрлерін жасау жұмыстарымен жалғасады.Тіл ұстарту жұмысының түрлері сыныптарға, оның ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. Мәселен, ортаңғы сыныптарда төмендегідей тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады:

Мазмұндау, олардың түрлері. Орта буын сыныпта әдебиетті оқытудағы негізгі жұмыстың бірі – оқушы тілін дамыту, ойын ауызша жүйелі айта білуге дағдыландыру. Мазмұндаудың бірнеше түрлері бар.

1) мәтінге жуық мазмұндау. Бұл көбіне ықшам мәтіндерге қолданылады. Мәселен, Ғ.Мүсірповтің “Ер ана” әңгімесін мәтінге жақын мазмұндау үстінде ондағы оқиға сюжет желісі сақталып, автор қолданған сөз тіркестері, қанатты сөздер, мақал‑мәтелдер тізбесі, сол сияқты пейзаж, портреттерді келтіре отырып мазмұндалады.

2) Көркем шығарманың мазмұнын қысқаша мазмұндау көлемді мәтіндерге қатысты. Онда оқушыдан өзі толық меңгерген шығарманың мазмұнын ықшамдап айту талап етіледі. Мәселен, повесть, роман жанрларының бөлімдері бойынша негізгі мәселелер жинақталып айтылады. Бұл мазмұндау оқушыларға мәтіннің негізгі түйінін ұғып, түсініп айта білуге дағдыландырады.

3) Шығарманың жағын өзгерте мазмұндау. Бұл оқушыға мәтінді жақынырақ түсінуге көмектеседі. Мәселен, С.Мұқановтың “Өмір мектебі” романы, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі бірінші жақтан баяндалған. Соны үшінші жақтан баяндатса, оқушы автор мен кейіпкер қатынасын ажыратып, кейіпкер бейнесін терең ұға алады.

10-билет

1)Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның Тұрсын» толғауы

Марғасқа Жырау(т.-ө.ж.б.) – ақын. Қазақ поэзиясында жауынгерлік рухты жырлап, көне дәстүрді жалғастырған жыраудың өмірі мен өлеңдерінің туындауы туралы нақты деректер сақталмаған. Ол Есім ханның жорық жырауы, қол бастаған батыры болған. Ташкент өңірін билеп тұрған Тұрсын ханның Есім ханға қарсы бүлігін басуға қатысқан (1627). Марғасқа Жыраудың бізге жеткен санаулы ғана жырлары оның от тілді, орақ ауызды жырау болғандығын көрсетеді. “Ей, Қатағанның хан Тұрсыны” атты өлеңінде Ташкент ханының қазақ ауылына опасыздықпен шабуыл жасағанын, жазықсыз жандарды қырып-жойғанын бетіне басады. Марғасқа жырау Қазанғап Байболұлының құрастырып жазып шыққан "Еңсегей бойлы ер есім" атты тарихи жырды алғаш жырлаушы болған деген болжам бар. Бірақ оның "Ей қатағанның Тұрсын ханы" деген 13 жолдан тұратын жыры ғана ауызша сақталған. Басқа жазбалары кездеспейді. Қазанғап Байболов "Еңсегей бойлы ер есім" атты дастанын Бекасыл әулиенің "Жаныс шежіресі" тарихи-шежіре кітабының желісі бойынша жазылғанын ескерте кетейік. Қазанғап жырау одан басқа Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шойбек датқа, Астай имам, Арғынбай Баймағанбетұлы, Ботбай Тұрта, қара молда Еркебек, сияқты авторлардың жазбасын пайдаланғаны жөнінде сілтеме жасаған. 1940 жылы жазбаларының ұрлануына байланысты Қазанғап жырау 1941 жылы көктемде Ұлттық ғылыми кітапханасы тарихи қолжазбалар қорына "Еңсегей бойлы ер есім" және "Төле бидің тарихы" деген екі дастанын тапсырған. Авторлық құқығы бекітілген. Есім хан ордасы қазіргі Төле би ауданы, Кеңесарық ауылының жанындағы "Төрткүлтөбе" деген жерде болған. "Қатаған қырғыны" атты Есім хан мен Тұрсын ханның соғысы осы аудандағы Саңлақ, Дабырашылы, деген жерде өткен. Саңлақ - Майбұлақ, Қазақстан ауылының арасындағы Сайрамсу мен Балдыбірек өзендерінің оң жағасындағы тастақты жердің атауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]