- •3.Көркем шығарманы оқыту мен талдаудың тәсілдері бағыттары, кезеңдері.
- •2. Ж.Аймауытов «Қартқожа» романы
- •1) Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы
- •2)Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығы. «Ботагөз», «Сұлушаш» романдары
- •9. 3) Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстары
- •1)Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның Тұрсын» толғауы
- •2)Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы, әңгімелері,драмалары
- •3)Көрнекілікті пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері
- •1)Асан қайғы толғаулары және көркемдік ерекшеліктері
- •2) Спандияр Көбеев ағартушылық, оқытушылық қызметі. «Қалың мал» романы
- •3) Сабаққа қойылатын талаптар
- •1) «Оғыз-наме» эпосы. «Оғыз-наме» эпосының зерттелуі, нұсқалары
- •2)Ахмет Байтұрсыновтың өмәрі, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы
- •11.3) Драмалық шығармаларды оқыту
- •3. Жыраулар поэзиясын оқыту. «Бұқар-Абылай заман» тақырыбы.
- •1.Айтыс. Зерттелу тарихы. Жанрлық сипаты. Айтыстың мазмұны мен тақырыбы.
- •2.Б.Майлин – реалист. Оның поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді қызмет еңбек еткен қаламгер.
- •3. Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына талдау жасау.
- •1.Үмбетей жыраудың ел бірлігі, ерлік тақырыбындағы жырлары.
- •2.Ғабит Мүсіреповтің патриоттық тақырыптағы төл туындысы- «Қазақ солдаты» хикаясын жазуы.
- •3.Эпикалық шығармаларды оқыту.
- •1.Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы.
- •2.Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы. «Ботагөз», «Сұлушаш» романдары.
- •1.Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» толғауы.
- •2.Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы,әңгімелері, драмалары.
- •3.Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері.
1-билет
1.Қазақ фольклорының қалыптасып даму кезеңдері. Қазақ фольклортану ғылымы – қазақ фольклорының жиналу, жариялану тарихы мен табиғатын, даму жолдарын зерттейтін ғылым.
V–VIII ғасырларда тасқа жазылған көне түркі жазуларында алуан түрлі шешендік сөздер, тарихи оқиғалар мен эпикалық сюжеттер сілемдері, жоқтаулар, қанатты сөз үлгілері кездеседі.
«Қорқыт ата кітабы» (VIII–IX ғасырлар),
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» (XI ғасыр),
Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу біліг» (XI ғасыр),
Рабғузидің «Қиссасу-л Әнбие» (XIII ғасыр),
«Кодекс куманикус» (XIV ғасыр), т.б. ортағасырлық жазба ескерткіштерде қазақ фольклорының үлгілері жинақталған.[1]
Дегенмен, қазақ фольклорының мақсатты түрде жиналып, хатқа түсе бастауы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдан басталады. П.И.Рычков, П.С.Паллас, И.Г.Георги, И.Ф.Фальк, И.Г.Андреев XVIII ғасырда қазақ фольклорына қатысты біршама құнды мағлұматтар жинап, жариялады.
Бұл еңбектерде, негізінен, этнографиялық деректерге назар аударылып, таныстырушылық сипат басым болса, XIX ғасырдың басында ғалым-саяхатшылар, әскери адамдар мен елшілер фольклорлық шығармалардың бірлі-жарым мәтіндерін жариялап, мазмұндарын баяндады. XIX ғасырдың 2-жартысында қазақ фольклорының ерекшеліктері жөнінде алғашқы ғылыми пайымдаулар айтыла бастады.
Қазақ фальклортану ғылымының қалыптасуына қазақ ағартушылары мен оқығандары:
Ш.Уәлиханов,Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаев,С.Бабажанов,Т.Сейдалин,С.Жантөрин,Б.Дауылбаев, сондай-ақ ресейлік зерттеушілер.В.В.Радлов,Г.Н.Потанин,А.А.Алекторов,В.В.Григорьев,А.В.Васильев,И.Н.Березин,Н.И.Ильминский,П.М.Мелиоранский,А.П.Харузин үлкен үлес қосты.
Шын мәніндегі қазақ фальклортану ғылымының іргетасы да осы кезеңде қаланды. Бұл процесс XX ғасырдың бас кезінде одан әрі дамыды. Осы кезеңде белгілі фольклортанушылар Ә.А.Диваев, М.Көпеев еңбектері жарияланды. Сондай-ақ қазақ фольклорының үлгілері ресейлік басылымдармен қатар қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде де үздіксіз жариялана бастады. XX ғасырдың басында халық мұрасын жинау, жариялау ғылыми-зерттеу жұмыстарымен сабақтаса жүргізілді. Оған Ташкенттегі Киркомиссия мүшелері Халел Досмұхамедұлы, Қалжан Қоңыратбайұлы, Күмішәлі Бөриев, Ілияс Жансүгіров, т.б. белсене қатысып, Сырдария, Жетісу фольклорлық экспедицияларын ұйымдастырған.
2. Исатай қозғалысы, Махамбет Өтемісұлы және оның шығармашылығы. Тайманұлы мен Махамбет Өтемiсұлы бастаған шаруалар көтерiлiсi (1836 — 38). Едiл өз-нiң Каспийге құятын аймағына 1801 жылдан бастап патша рұқсатымен Кiшi жүздiң Бөкей сұлтан басқарған 5000 қазағы коныс аударды. Iшкi Бөкей ордасы құрылды. 19 ғ-дың 30 жылдарының соңында мұнда 20 мыңдай түтiн, 80 мың адам жайлады. Бөкей баласы Жәңгiр 1824 ж. хан тағына отырған соң, патша үкiметiнiң қолдауымен ел басқаруды өзгертуге кiрiстi. Наразылық жер дауынан басталды. Бiр ғана Жәңгiр хан 400 мың десятина жердi өз иелiгiне қаратқан. Жәңгiрдiң iнiсi Меңдiгерей Бөкейханұлы, би Балқы Құдайбергенұлы, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлы iрi меншiк иелерi болды.1836 ж. ақпанда, халықтың Жәңгiр ханға қарсы күресi басталды. Исатай, Махамбеттер 1837 ж. қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидiң, Шоқы сұлтанның ауылдарын шапты.1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас басталды. 1838 ж. 12 шiлдеде Исатай жасағы мен подполковник Геке бастаған жазалаушы әскер Ақбұлақ деген өзеннiң бойындағы шайқаста бетпе-бет кездестi. Осы шайқаста Исатай қаза тауып, көтерiлiсшiлер талқандалды. 1846 ж. Махамбет жалдамалылардың қолынан қаза тапты.
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға тақырлы. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арнаған 106 өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды.
3.Оқу процесін ұйымдастыру. Сабақ оның түрлері. Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес.
Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды
тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар – жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты классификациясы жоқ. Мұның басты себебі – сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдын ала болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады:
дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:
- жаңа білім материалын хабарлау;
- білімді бекіту;
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;
- қорытындылау;
- білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.
Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:
- оқу саяхаттары;
- кино-теле-сабақтар;
2-билет
1.Фольклордың жанрлары.Фольклордың тарихилығы,поэтикасы.Фольклортану бөлімінің қызметін үлкен үш кезеңге бөліп қарауға болады. 1930-1940-жылдар аралығында Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтының секторы ретінде жұмыс жасап, фольклорлық мәтіндерді жинап, жүйелеумен айналысқан. Бұл кезеңде, негізінен, М.О.Әуезовтің 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» мен С.Сейфуллин жариялаған «Ежелгі әдебиет нұсқалары» (1931), «Қазақ әдебиеті» (1932) қолданыста болған. 1940-жылдары фольклор секторы бөлімшеге айналып, дәстүрлі және кеңестік фольклор зерттелді. Әсіресе, М.Әуезовтің жетекшілігімен 1948 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклор. 1-т. Алматы, 1948» деген ұжымдық монографияны ерекше атауға болады.
Өкініштісі, бұл еңбек қолжазба күйінде-ақ сынға ұшырады, бірақ сын ғылымнан аулақ, саяси-идеологиялық сипатта болды да, аталмыш кітап «зиянды» деп танылып, ғылыми айналымнан алынып тасталды (1947 жылғы 21 қаңтарда жарияланған Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателер туралы» атты қаулысын қараңыз). Шындығына келгенде, бұл еңбек – үлкен жұмыстың игілікті бастамасы еді, өйткені, сол тұстың өзінде-ақ қазақ әдебиетінің тарихын бірнеше том етіп жазу көзделген. Бірақ бұл ой жүзеге аспады. Өйткені, идеологиялық, саяси ұстанымды басшылыққа алу міндет болды. Ұлттық мұраны құлшыныспен зерттеуге мұның теріс әсері болса да, бұл еңбекті дайындау барысында фольклордың тарихын жанрлар арқылы зерттеуге талпыныс үзілген жоқ. Томның бірінші бөлімі қазақ фольклорының зерттелуіне арналған. Екінші бөлімде ғұрыптық фольклор, шаруашылық туралы өлеңдер; дін, салт өлеңдері; Наурыз; бақсы сарыны; бәдік, арбау, жалбарыну; жарапазан және жарапазанның батасы; үйлену салт өлеңдері: әдет, салт; тойбастар; жар-жар, сыңсу-жұбату; беташар; мұң, шер өлеңдері: қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау деп, жеке-жеке қарастырылған.
Фольклорлық мұраларды жанрлық тұрғыдан көптомдық түрінде жариялау 1950-1970-жылдары жүзеге асты. 1957 – 1959 жылдар аралығында «Қазақ эпосы» сериясы бойынша «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қозы-Көрпеш –Баян-сұлу», «Қыз Жібек» жырларының академиялық басылымы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Және 1957-1964 ж. аралығында қазақ және орыс тілдерінде үш том «Қазақ ертегілерінің» академиялық басылымы дайындалып, мәтіндер жанрішілік түрлерге жіктеліп, ұсынылды. Бұл кезеңдегі зерттеулерде «фольклор» мен «ауыз әдебиеті» ұғымдары бөлінбеген, сол себепті халық арасына ауызша таралғаны ескеріліп, ақындар айтысы да фольклор ауқымында зерттелді. Сондықтан 1965-1966 ж. фольклортану бөлімі «Айтыстың» да үш томын дайындап, жарыққа шығарды.
2.Кенесары Касымов қозғалысының әдебиеттегі көрінісі. Кенесары ханның өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Фольклорда да, жазба әдебиетте де Кенесары бейнесін сомдауға қалам тартқан жазушылар аз болған жоқ. Фольклорда Кенесары тек өз бойына ғана тән (стиль, өмірбаянының жеке сарындары, тұлғаның ерекшеліктері, “өзіндік” іс-әрекеттері) және оны сыртқы саясатқа қарсы күресуші ұлттық батырлардың белгілі қатарына қосуға мүмкіндік беретін типологиялық қасиеттерді біріктіреді.
Кенесары туралы ауыз әдебиеті шығармалары көпжақтылығымен және саяси-тақырыптық байлығымен ерекшеленеді. Кенесары – Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтеріліске байланысты поэзиялық шығармаларды былайша топтастыруға болады:
1. Тарихи поэмалар: Нысанбай – “Кенесары – Наурызбай”, Көкбай – “Абылай – Кенесары”, С.Керімбеков – “Кенесары батыр”, О.Шипин – “Кенесары мен Наурызбайдың Адырлы мен Байтақ қалаларын алуы”, Н.Ахметбеков – “Кенесары – Саржан”, “Сары Кене” (“Жасауыл қырғыны”).
2. Лирикалық поэмалар: “Наурызбай – Қаншайым”, “Наурызбай – Фатима” (авторы белгісіз).
3. Туған жермен қоштасу өлеңдері: “Кенесарының Көкшетауға қоныс аударуы, бұған Досқожаның айтқан өлеңі”.
4. Жоқтау өлеңі: “Нысанбайдың Кенесары мен Наурызбайға арнаған жоқтауы”, “Наурызбайдың Саржанды жоқтауы”.
5. Ауызша поэтикалық арнау: “Кенесарының Балғожа биге хаты”, “Балғожа бидің Кенесарыға жауабы”.
6. Толғау: Д.Әлімбаев – “Кенесары”, М.Ж.Көпеев – “Сарыарқа кімдікі?”
Бұл шығармалардың мазмұны көркем ойды кеңінен қолданып, өмірді типтенген жалпыламада суреттей отырып, 1837-1847 жылдардағы көтерілістің әртүрлі оқиғалары мен кезеңдерін қамтиды. Басты кейіпкер бейнесі нақты және толық көрініс табады.
Кенесары көтерілісі халық санасында талай өлең-жырлардың, ауыз әңгімелердің өзегі болып келді. Ондай туындылар, сөз жоқ, тарихи оқиғалардың дәл көшірмесі емес, сол оқиғалардың, дәуірдің халық ұғымындағы бейнесі, халықтың берген өз бағасы. Алдымен ескертетін жағдай – Кенесары және оның батырлары туралы айтылатын жырлар мен әңгімелер бір мезгілде пайда болмаған. Бұған қоса әңгіме, жыр шығарушылардың бәрі өз заманының саяси, тарихи шындығын толық түсінген деп те айтуға болмайды.
3.Әдебиетті оқыту әдістері. Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс – тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі — әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері – кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс немесе репродуктивті әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Сөздік әдіс
Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуде бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күре тамыры деуге болатындай.
Көрнекілік әдіс
Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы зор.
Практикалық әдістер
Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді.Бұл әдіс кітаппен жұмыс түрлері кезінде жазушы тілі, стилін анықтауда өте тиімді.
Зерттеу әдісі
Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблеме шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды щығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.
Әдебиет сабағында ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып, пайдалануы керек. Көркем оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Әдебиетті өнер деп тануда, көркем туындыны өнер туындысы деп қабылдауда, сөз касиеті мен құдіретіне, оның эстетикалық нәзік нәріне тұшындыруда бұл әдіс алғашқы баспалдақ, яғни көркем шығарманы оқушы жүрегіне бастайтын алғашқы сезім көпірі ретінде ежелден-ақ тиімді әдіс болып, мұғалімдер тәжірибесінен кең орын алуда.
3-билет
1. Ауыз әдебиеті шығармаларының көркемдік ерекшеліктері және тәрбиелік маңызы.Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес.
Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас.[2] Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді. Ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеум. бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеум.-қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді.
2.Шоқан Уәлиханов шығармашылығы.Шоқанның фольклор,әдебиет тарихы,поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері. Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Николай Иванович Веселовский:
«Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды.
Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді.[5]
Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған.
Ш.Ш. Уәлиханұлы, 1965 КСРО пошта маркасы, (ЦФА тізімдемесі № 3154, Scott № 2971B)
Ш.Ш. Уәлиханұлы, 2010 Қазақстан пошта маркасы
Психологияда қалдырған ізі
Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны — халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы мәселе еді. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этнографиясын зерттеген шовинистік рухтағы орыс ғалымдарының еңбектерінде халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасалып, тіпті ұлттық психологиямызға күйе жағылып, екінші сорттағы халық деп келгені белгілі. Осындай келеңсіз көзқарасқа қыр жағдайында туған халқының ұлттық ар-намысын қызғыштай қорғап, қазақ халқын "тағы халық" деп қарау мүлде қате, бұл білместіктен айтылған сөз, халқымыз ертеден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи да көшіп-қонудың салдарынан оқу-білімнен кенжелеу қалса да, рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға ұмтылғыш, жаңалыққа бейім халық деп тебіренеді. Ол Шығыстың эпосына емес, индогермандық эпосқа ұқсайды", — деп ол түйіндей келе, ол қазақтардың рухани байлығын өркениеті аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды Шоқан қазақ ақындарының төгілдіре жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады.
Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халықтық психологиясын көрсететін белгілердің бірі — сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнері халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. "Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы, — деп жазды ол, — бәрінен де артық көрініс табады. Өткенді қастерлеу мен аңыздардың молдылығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл". Ғұлама ғалымның осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. Шоқанның психологиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғаныстарымен астарласып жатады.
3. Әдеби шығармаларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігін ескерту.Көркем шығарманы оқыту барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Сондай-ақ, балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту, одан білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі болып табылады. Бұл мәселелерде де оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Тиімділік идеялары, саралап – даралап оқыту, оқушылардың бүкіл ой еңбегін, оқу еңбегін оған ерекше күш түсірмейтіндей, қонымды, қолайлы, нақтылы, белгілі бір уақыттарда нәтижелі, жемісті болатындай етіп ұйымдастыру, жүргізу туралы сөз етеді. Көптеген ғалымдар, психологтер, мұғалімдер зерттеулері, пікірлер бойынша, оқушыларды көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады.
1. Кіші жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12-дегі жасөспірімдер.
2. Ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14-дегі жасөспірімдер.
3. Үлкен жастағыларға 9-11- сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды. Балаларды топқа бөлу, әрине, қатып қалған дүние емес. Қабілеті, дарыны, ынтасы, еске ұстауы, алғырлығы, ойлылығы жағынан бір сыныптағы бір жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірибеден белгілі.Кіші жастағылар – психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі де қалыптасып, толысып жетпегендер. Олар – қимыл-қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге де сенгіш, барлығын шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер. Бұл жастағыларды ертегілер әлі қызықтырады, фантастикалық, қиял – ғажайып оқиғалары бар шығармаларды беріле оқиды. Кино, көгілдір экран алдынан кетпейтіндер де осылар. Қиялдары ұшқыр, қабылдаулары алғыр болып келеді.
4-билет
1.Жиембет әрі батыр, әрі жырау.Жиембет Бартоғашұлы ((1570-1575) жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан). Қазақтың аса талантты жырауы, биі әрі жеңімпаз батыры. Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыкқан. Жиембеттің жас шағы қазіргі Батыс Қазақстан аймағының Өзен, Жем, Арал аралығындағы ауылдарда өткен. 16 жасынан хандар, билер, батырлар жанында жүріп, ел билігіне араласады. Өсе келе ол Есім ханның беделді биі әрі батыры дөрежесіне көтеріледі. Талай ұрыс, шайқастарға катысып, ерлік көрсетеді. Ханның жауынгер жасағын баскарып, жеңімпаз қолбасшы болады. Ол сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер Есімнің кіші жүз еліндегі ең бір беделді бас биі ретінде танылады. Жиембет әсіресе 1620 жылғы Есім ханның ойрат-қалмақтармен соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, шапқыншы жауды ойсырата жеңіп, бетін кайтарады.[1]. Жиембет жыраудың ересен ерлігі мен әділ де алғыр билік қызметі былай жазылған: "...Ол Есім ханның кіші жүздегі ел басқарушы биі, қолбасшы батыры болған. Қалмақтарға қарсы 1620-27 жылдарғы жорықтарға қатысып ұйымдастырушылық қабілетімен, ерлігімен көзге түскен".
Сөйтіп ол үлкен абырой, беделге ие болады. Жиембет бидің Есім ханмен бұл достық қарым-қатынасы ұзаққа бармайды. Екеуінің арасында ел аралық бітімгерлік, жер дауы, жесір дауы кезінде келіспеушілік өрістей береді. Бетің бар, жүзің бар демей, турасын кесіп айтатын қайсарөжет би Есім ханның кейбір озбыр жөн-жосықсыз іс-әрекеттеріне қарсы шығады. Оның бұл мінезі ханға да жаға бермейді. Сөйтіп хан мен бидің арасы суи бастайды. Жиембет ханнан іргені аулақтатып, қол астындағы елге өзінше билік жүргізе бастайды. Мұны білген хан оның соңына түсіп, куғынға салады. Сонда бір кездесуде Жиембет жырау Есім ханға Еңсегей бойлы, Ер Есім толғауын арнайды.
Сол айдаудан Жиембет би 1643 жылы ауылына қайтып оралады. Бұл кезде Есім хан өлгенді. Ел-жұрты, ағайын-туыстары өзінің сүйікті биі, талай ел қорғаны болған батырын зор құрмет көрсетіп қарсы алады. Төбесіне көтеріп оған сый-құрмет көрсетеді. Айдау, бұғауда тапқан кесел, жарақатын жазуға көмектеседі. Бірақ жырау бұрынғыдай көсіліп жырлай алмайды. Дендеп кеткен ауру алмай қоймайды. Жетпістен асқан шағында бұл дүниемен коштасады. Біз Жиембеттің билік кызметіне қатысты сөз қозғадық, ал оның жыраулық таланты өз алдына арнайы сөз етуді кажет етеді. Жиембет жыраудың біраз толғаулары "Бес ғасыр" жинағында жарияланған.
2.Ыбырай Алтынсарин-педагог, ағартушы, аудармашы. Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні.Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсарин (шын аты - Ибраһим) 1841 (1889) жылы дүниеге келді. Туып-өскен жері -Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857-1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді. Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868-1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876-1879) қызметін атқарады. Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашып, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбе мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды. Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактикалық оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. Ыбырай - жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі - Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»). Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкіметі 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен Ыбырайдің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді. Арқалық қаласында Ыбырай мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Ыбырайға күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Ыбырай атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың, т.б. бар.Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті.Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады.Ыбырай әңгімелерінң негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әректтері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілкке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады.Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды.
3.Көркем шығарманы оқыту мен талдаудың тәсілдері бағыттары, кезеңдері.
5-билет
1.Ақтамберді жыраудың мұрасы.Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар.Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады.Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты«Ақтабан шұбырындының» куәгері болады.Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі ретінде танылады.Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды ата мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтанберді айтарлықтай роль атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді.Ақтанберді шығармалары негізінен нақылдық толғаныстар түрінде болп келеді. Олар көшпелі қазақтардың ой арманымен, мақсат мүддесімен астасып жатады. Жыраудың «Түйе мойнын тұз кесер», «Күлдір күлдір кісінетіп», «Жылқыдан асқан мал бар ма?» тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халқының мінез құлық ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көз қарастары анық аңғарылады. Мал атаулының, оның ішінде жылқы түлігінің көшпелілер өміріндегі орыны жайында өз тұстастары арасында дәл Ақтанбердідей толғаған ақын жоқ. Ол жылқыны тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді. Әсіресе, батырдың жан серігі, жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды.Ақтанберді жырларындағы негізгі сарын ерлікке үндеу, жауға қарсы күреске жігерлендіру. Ол жау табанында қалған жерлерді азат етуді аңсайды, бүкіл қазақ болып бірігіп атқа қонуды, жоңғарларға күйрете соққы беруді армандайды. «Балпаң балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады.Ел қорғау жолында өлген ерде арман жоқ деп білді. Аласапыран кезеңде туып, шайқас алаңында шыңдалып өскен Ақтанберді жырлары қазақтардың он сегізінші ғасырдағы жаугершілікке толы өмірінің шынайы суреттерін алға тартады. «Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке» дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелеген. Қысқа, нақыл, шешен сөздердің шебері. Ол 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болған. 1738-1752 жылдары қазақ-қалмақ арасында болған қанды қақтығыстардың барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау болған. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.Ақтамберді жырау өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады. Әлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Менімен ханым ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» және тағы да басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы.Ақтамбердінің «Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап-мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады.Ақтамберді толғаулары мен жырлары С.Мұқановтың «Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер», «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «15-18 ғасырдағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарына енгізілген.
2. Абай Құнанбаев шығармашылығы. Абай лирикасы. Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.
3.Көркем мәтінді талдау жолдары. Әдебиет — өнер пәні. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы — әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы парасаттылыққа , имандылыққа , инабаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.
Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу түрлерін жіктеп ажыратамыз:1) көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу. Қиын, түсініксіз образды, айшықты сөздерді ұғына оқу, яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;2) таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;3) іштен оқу немесе өздік оқу. Іштен оқудың оқушыны жеке, өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы маңызы ерекше зор. Ойлану, өз бетімен іздену, жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;4) рөлге бөліп оқу. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі, қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда, сабақтың эмоциялық, психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;5) хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру, мәнерлі, айқын оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді;6) ұжымдық оқу. Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Оқу техникасына, мәнерлеп оқуына қарай, оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса, көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды, мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын арттыруға әсер етеді;
7) жұптық оқу. Жұптық оқудың тиімділігі, біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады, екіншіден ұқыпты тыңдай білуге, бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;8) мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі.
6-билет
1.Бұқар жырау-қазақ жыраулар поэзиясының алыбы.Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:
“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда барасың?”, “Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды. Бұл орайда жырау Абылай ханды “әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай” деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын “қырық мың атан тарта алмас” деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз байланыста алып қарастырады:“Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің. Қырық беске келгенде, Жақсы-жаман демедің. Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының, атының басын бір кезеңге тіредің!”.Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас сипаттамаларын Қожа Ахметше жырлайтынын аңғартады:“Отыз жасқа келгенде, Дүниедей кең едің.Отыз бес жасқа келгенде, Қара судың бетінде, Сығылып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің… Елу бес жасқа келіпсің, Елу бес жасқа келгенде, Жақсы болсаң толарсың, Жаман болсаң, маужырап барып соларсың”…Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде бақ болған” әйгілі батырларын “өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.
2.Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы. «Қарағанды», «Миллионер» романдары. Мұстафин Ғабиден (29. 11.1902, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауы – 20.1.1984, Алматы) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.Ауыл молдасынан ескіше сауат ашып, 14 жасында Спасскі зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқиды. Сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебін бітірген (1916). 20-жылдардан бастап ауылдағы кеңес жұмыстарына араласты. 1925 жылдан білімін көтеру мақсатында Қызылордаға келіп, оқуға түсе алмай, өлкелік сотта іс-қағаздарды тіркеуші болып істеді. Түскен шағымдарды негізге ала отырып, ел ішіндегі заңсыздықтар туралы мақалалар жазуға үйренді. Жазушылыққа ұмтылысы да осы кезеңдерден басталды.1925 – 1964 жылы Қарағанды шахтасында темір жонушы (токарь), «Қарағанды пролетариаты» (қазіргі «Орталық Қазақстан») газетінің жауапты хатшысы, Новосібірде шыққан «Қызыл ту» газетінің, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының қызметкері, редакторы, ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы (1953 – 1956, 1962 –1964) қызметтерін атқарды. Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» (1927) «Жыл құсы» альманағында жарияланса, тұңғыш жинағы «Ер Шойын» (1929) деген атпен шықты. 1940 жылы web шахтерлерінің өмірінен жазылған «Өмір не өлім» атты тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығармашылық жолдың бастауын белгілеген еңбек еді. Қаламгер алғашқы романынан-ақ қазақ топырағындағы өндіріс тақырыбын қозғады, шығармада бұрын жабылып қалған өндірістің Кеңестік кезеңде қайта ашылуы суреттелді. Автор осы жолдағы күресті кейіпкерлер әрекеті арқылы біраз шиеленістіріп, жұмысшы табының бейнесін жасады. Бірақ тартыстың жасандылығы роман кейіпкерлері бейнелерінің әлсіз шығуына, композициясының босаңдығына әсер етпей қоймады. Кейін бұл тақырыпқа қайта оралып, Мұстафин Ғабиден дәуір шындығы мен өндіріс адамдарын суреттеуде едәуір табыстарға жетті. Соғыс жылдарында «Құлаған құз», «Алынған кек», «Басқа пәле тілден», «Айғақ» (1942), «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Керуен» секілді шағын туындылары өмірге келді («Жиырма бес», 1953).
оғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам тартып, тары дақылынан мол өнім алуда дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірінен «Шығанақ» повесін жазды (1945). Соғыс жылдарында еңсесі түскен елге ерен еңбегі арқылы көмек көрсетіп, демеу болған ақтөбелік диқан Шығанақтан да басқа мұнда еңбек адамдарының кесек тұлғалары көрініс тапқан. Шығармада қажырлы еңбектің нәтижелі жемісі сөз етіледі. Ауыр арпалыс нәтижесінде жеткен жаңа өмірдің күрделі де қиын жолын үлкен суреткерлікпен жазады. Бұл өз кезеңінде ұрпақты еңбек сүйгіштікке, табандылыққа, адалдыққа жетелейтін, тәрбиелік мәні жоғары шығарма болды. «Миллионер» повесі (1948) соғыстан кейінгі халық өміріндегі өзгерістерді бейнелеуге арналған. Повесть бірнеше шет тілдерге аударылған (ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, чех, болгар, венгр, қытай, т. б.), шығарма желісі бойынша осы аттас пьеса да жазылған. Ол «Қарағанды» (1952), «Дауылдан кейін» (’1960), «Көз көрген» (1963) романдарын жазды. Бұл шығармалар идеялық-көркемдік қуатының молдығымен қазақ әдебиетіне зор үлес болып қосылып, жазушыны әдебиеттің аса көрнекті өкілдерінің қатарына көтерді.Мұстафин Ғабиден шығармалары шетел тілдеріне аударылып, оқырмандардан өз бағасын алды. Мұстафин Ғабиденнің шығармалары 20 ғасырдың басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген ауырпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда Мұстафин Ғабиден өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалық суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмтылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелейді. Кеңестік дәуір әдебиетінде көрнекті шығармалардың біріне айналған «Қарағанды» романы (1952) – ел экономика көтерген өндіріс ошағы мен сол өңірдегі жұмыскерлер, зиялылар турасындағы кең тынысты, күрделі роман. Мұстафин Ғабиден бұл шығармасында «Өмір мен өлім» романының кейбір сюжеттік желісін пайдалана отырып, ұлттық зиялылар қауымының қалыптасу кезеңін нанымды бейнелейді.Кейіпкер тағдырын қайшылықты оқиғалар легі арқылы өткір, ұтымды көрсетіп, адамдар әрекетін уақыт тұрғысынан емес, адамгершілік ұстаным тұрғысынан тануға ұмтылды.
3. Жанр түрлерін таныту. Эпос, лирика, драма. Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. Эпос — әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі — сюжет желісінің тежелетіндігі. Эпостық жанрдағы шығармаларда негізгі әңгімеге қатыссыз “бөгде” бір нәрселер бейнеленетін секілді. Шын мәнінде бұл — эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін қолданатын тәсілдерінің бірі. Эпос тұтастықты көксейді, шындық дүниені қалайда кең көлемде көрсетуді қалайды. Нәтижеде қомақты, өркешті, кең тынысты шығарма туады. “Батыр Баян” поэмасында Мағжан осы тәсілді шебер іске асырады. Жорыққа аттануға әскерін жинаған Абылай ханға Баян батырды күттіру арқылы оның тұлғасын ғана биіктетіп қоймайды, сол арқылы поэмаға қосымша талай оқиғаларды суреттейді., шығарма ауқымын барынша кеңейтеді, құлашын кең жазады. Эпос оқиғасы сырт оқиға ғана емес. Қаһарманның ішкі дүниесіне бойлау, оның жан диалектикасын ашу қандайда қызғылықты оқиғадан кем әсер етпейді.
7-билет
1. Үмбетей жыраудың ел бірлігі, ерлік тақырыбындағы жырлары. Үмбетей жырау- дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жолдағы алғашқы ұстазы - өз әкесі болған. Ол ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанық адам болғанға ұқсайды. Сол себепті халық шежірелерінен, шешендік сөздерінен, халық дастандарынан көп тағылым алған.
Үмбетей жырау- елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. "Бөгенбай өліміне", "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауларында ол Бөгенбай бастаған халық батырларын дәріптеп, қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгенбай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке балайды, "Боламшыдай анадан болат тудың,Бөгенбай" деп қастерлейді. Атамекен жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін-Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау- бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгенбай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Жырау тек Бөгенбайды ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы батырлардың - Қаракерей Қабанбай, Қаз дауысты Қазыбектің, батыр Жәнібектің, Баянның және т.б ерліктерін де өлең жолдарына қосқан.
2.Ғабит Мүсіреповтың патриоттық тақырыптағы төл туындысы-Қазақ солдаты хикаясын жазуы. Ғабит Мүсіреповтың патриоттық тақырыбындағы төл туындысы – «Қазақ солдаты» хикаясын жазуы.Қазақ солдаты – Ғабит Мүсіреповтің 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен жарыққа шыққан, 1950 жылы қайта өңделіп, толықтырып жазылған романы.«Қазақ солдаты» романы майдан шындығы туралы көрініс тапқан патриоттық тақырыптағы туынды. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және жазушы Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш романы. Шығарма қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. Сонымен қатар романда тұңғыш рет әр түрлі ұлттағы Халықтардың бауырмалдық достығын көрсетілді. Жауынгерлердің өшпес ерлігі, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі сипатталды. Романның бірінші бөлімінде Қайрош Кеңестік тәрбие көрген азамат, оның жастық шағы, өсіп, ер жетуінде өмірде жолын тауып, оқу іздеп қалаға қашуы айқын бейнеленеді. Соғыс кезіндегі жауынгерлердің өмір шындығы ғана емес, сонымен қатар қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді.
3.Эпикалық шығармаларды оқыту. Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят (повесть) жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшіліктері - олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы. Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, «Әңгіме жанры деген не? Оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не?» дегендей. Әдеби-теориялық білім бастауыш ұғымнан бастап, сынып жоғарылған сайын, оқушылардың жас ерекшіліктеріне байланысты күрделене түсуі керек. Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:
Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы.
Көркем образдары, образдар галереясы.
Автор - көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.
Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Көркем туындыны толық оқымай, мазмұнын жетік меңгермей тұрып, оны талдау мүмкін емес. Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдау (барлық көркем компоненттерін қосып) роман, эпопеяларға қарағанда әрі қолайлы, әрі жеңіл болады. Әңгіме мен мысалды талдауда мұғалімнің олардың көркем табиғатын таныту, барлық бітім-болмысын сөз етуге мүмкіндігі мол. Ал роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде талдау мүмкін емес. Сондықтан, әсіресе, осындай көлемді шығармаларды оқыту үшін, мұғалім айрықша еңбектенеді. Ең бастысы, қандай мәселелерге көңіл бөлу керек, талдаудың қай түрі тиімді, қандай әдіс-тәсілдер нәтижелі болмақ, міне, осы мәселелерге мұғалім ерекше назар аударады. Оқушылар роман, повестерді оқи отырып, автормен «кезігеді», онымен іштей сырласады, олар авторды да, оның туындыларын да өз пікірі, эмоциясы, дүниетанымы арқылы қабылдайды, ал мұғалім мақсаты-сол алғашқы, өзіндік қабылдауларды ғылыми негізге бағыттау, дұрыс бағыт-бағдар беру болып табылады. Көлемді шығармаларды талдауда да мұғалім көркем мәтінмен жұмысқа ерекше ден қоюы керек. Әрі оны тұтастай қарастыруды ойластырғаны жөн (мазмұн мен форма бірлігін сақтай). Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшіліктерімен даралана талданады (сыныбыны, жасына қарай). Мысалы6 бастауыш буында (5-7) сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9-сыныптарда ол тереңдетей түседі, авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негіде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.
8-билет
1.Асан қайғы жырау. Кейінгі ұрпақ əулие танып, аты аңызға айналған, Шоқан Уəлиханов «көшпелілер философы» атаған Асан қайғы ХҮ ғасырда өмір сүрген. Өз заманының үлкен ойшылы болған.Асан қайғы (Хасан Сəбитұлы) 1361–1370 жж. шамасында Еділ бойында туса керек. Қазақтың данышпан ақылгөй ақын-жырауы, өз дəуірінің бас биі Асан қайғы — Шыңғыс хан тұсында жасаған Үйсін Майқы бидің алтыншы ұрпағы. Майқы Алтын Орданың қырағы данышпан адамы болған. Бірнеше хандарды қолынан өткізген.Қазақстан Ғылым академиясының Қолжазба қорындағы көптеген аңыздарды салыстырғанда мынаны аңғарамыз [1; 242]: Асанның əкесі — саятшы Сəбит, шешесі — Салиха, ал оның əйелінің аты Күлжазира-сұлу, баласы Абат батыр екені көрінеді. Асанның енді бір баласы Жетім Жаңалы атаныпты. Ол əз-Жəнібекпен бірге қалмақ хақында бірнеше жыл кепілдікте жүрген. Оның жетім атануы, асылы, ол Асанға өкіл бала боп кеткен аға, інілерінің баласы болса керек.Асан жасынан жұртының мұң-мұқтажын армандап, болашағын ойлаумен, болжап толғанумен боп, шерменде бола беріпті. Осыдан жұрт оны, «қайғы» деген лақап есім қосып, Асан қайғы деп атап кеткен.Асанның (Хасанның) əкесі Сəбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Шежіре- аңыздардың айтуынша, ол ұзақ жасаған. Он сегіз мың ғаламның: құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел, əулие, атақты саясатшы болса керек. Ал баласы Асанды ес білгеннен осы қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тəрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқының қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да өз тұсындағы хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосады. Ой, пікір жарыстырып, тайталасып ер жетеді. Сол бозбала кезінен-ақ ақындық, жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, əдет-ғұрып мəселесін шешерде оның ақылдығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді.Бұл жерде ерекше айта кететін жай, Асан қайғының нақты қай жылы, қай жерде өлгені əлі белгісіз. Бір мəліметтерде Асан Ата қазіргі Өзбекстан жерінде Жиделі Байсында дүние салды делінеді .Ел аузындағы қария сөздің айтуында, Асан қайғы Сарыарқада дүние салып, оған Ұлытаудың топырағы бұйырған. Ал, Ш. Уəлихановтың жазуында Асан Ата өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп, Ыстықкөлдің жағасында дүние салған.Профессор Х. Сүйіншəлиев: «Қазіргі Ақтөбе облысының жерінде «Асан Ата» есімінде ескі бейіт бар. Оны халық Асан қайғының моласы деп қатты құрмет етеді. Бірақ ол мола анық осы Асан қайғынікі ме, əлде басқа біреудікі ме — мұның өзі əлі анықталмаған мəселе» [1; 248, 249], — деп жазады. Ə. Əбілқайырқызы «Дала данышпаны» деген мақаласында: «Асан қайғының нақ жерленген жері белгісіз. Екі дерек бар: біріншісі бойынша Жезқазған облысының (қазіргі Қарағанды облысы) Ұлытау ауданында, ал екіншісі бойынша Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі ауылынан 16 шақырым жерде жерленген екен. Асан қайғыға арнап жасалған ескерткіш Асан Ата кесенесі «Жеті əулие» қорымында орналасқан» [4; 8], — деген дерек ұсынады.Бұл пікірге академик Д. Кішібеков қосылады: «Асан қайғы кесенесі Шиелі жерінде деген пікірге қайта оралсақ, өзім сол жердің тумасы болғандықтан ба, əйтеуір оған əбден қосыламын... Айтарым, Асан қайғы Шиеліге келді ме? Əрине, қазақ халқына Жерұйық іздеген əулие мұнда келмеуі мүмкін емес. Өйткені Шиелі тұрмысқа қолайлы жерлерге жатады. Қазақта жабайы шие шыққан жерді əулие жер дейді. Шиелі — жабайы шие өте көп шыққан өңір. Шиелі атауы да сол жағдайдан туындаған. Шиелінің жері өте бай болған» [5; 5].Ақынның қанша жасағаны да мəлімсіз. Халық аңызында ол – көпті көрген көне. Бір аңызда Асан 95 жасқа келген қарт, енді бір аңызда оның жасы 120-да еді делінеді..
