- •2. Жалпы және жергілікті жансыздандырудағы медбикенің рөлі.
- •Десмургия. Таңғыштардың түрлері. Таңғыш салу тәсілдері.
- •Қан кету. Қан тоқтату әдістері.
- •5. Жедел және жоспарлы операцияға дайындаудағы медбикенің рөлі.
- •6. Операция кезінде және операциядан кейінгі кезең. Операция, операциядан кейінгі кезеңдері пациенттердің медбике күтуінің ерекшелігі
- •7. Зақымданулар.
- •8. Жаралар. Күйіктер. Үсіктер. Электрозақым.
- •9. Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары. Жалпы және жергілікті іріңді инфекциясы.
- •10. Анаэробты және созылмалы хирургиялық (спецификалық) инфекция. Хирургиялық паразитарлық аурулардың алдын алудағы медбикенің рөлі.
- •11. Қан айналымының бұзылыстары.
- •12. Ісіктер
- •13. Бас пен мойын хирургиялық ауруларымен зақымдануы.
- •14. Кеуде торының жіне кеуде қуысында орналасқан мүшелердің хирургиялық аурулары.
- •15. Құрсақ қуысының ағзаларының, тік ішектің хирургиялық аурулары.
- •16. Омыртқа бағанының және жамбас сүйегінің зақымданулары мен хирургиялық аурулары. Зәр шығару жолдарының зақымданулары мен хирургиялық аурулары.
- •17. Реаниматология. Реанимация және интенсивті терапия бөліміндегі медбике жұмысының ерекшеліктері
«Хирургия және реанимациядағы медбикелік іс» пәні бойынша
мемлекеттік кешенді емтиханның тест сұрақтары
Мамандығы «Медбикелік іс» ІV курс VІІ семестр
2016 - 2017 оқу жылы
1. ҚР хирургиялық қызметті ұйымдастыру.
Хирургиялық инфекцияның алдын алу.
1.Алматы мемлекеттік медицина институтының жалпы хирургия кафедрасының алғашқы меңгерушісі:
а) А.Н. Сызғанов
б) Ю.Баккал
в) С.Д.Асфендияров
г) К.Ш.Шуақов
2. Ең алғашқы болып қансырауды тоқтатуға бұрауды қолданған:
а) Пеан
б) Микулич
в) Эсмарх
г) Кофер
3) Алматы мемлекеттік медицина институының бірінші ректоры кім болды?
а) К.Ш.Шуақов
б) И.К.Қарақұлов
в) С.Д.Асфендияров
г) Е.Әбдірахманов
4. «Канон врачебной науки» еңбегінің авторы:
а) Цельс
б) Гален
в) Гиппократ
г) Абу Али Ибн Сина
5.Қазақстанда лапароскопиялық холициститэктомияны бірінші болып жасаған дәрігер:
а) Д.А.Даиыров
б) М.А.Алиев
в) Г.К.Ткаченко
г) А.Н.Сызғанов
6. «....жарамен жанасатын заттардың барлығы залалсыз болу керек»,-деген ойды кім айтты?
а) Бергман
б) Листер
в) Пирогов
г) Гиппократ
7. Жарақаттық шоктың клиникалық көрінісін алғашқы болып жазған:
а) Гиппократ
б) Пирогов
в) Вишневский
г) Авиценна
8. «Дәрігердің антын» құрастырған:
а) Авиценна
б) Гален
в) Антилусс
г) Гиппократ
9. Қан айналым жүйесін ашқан ғалым:
а) Пирогов
б) Листер
в) Гален
г) Гарвей
10.Революцияға дейінгі кезеңде Қазақстанда медицина қызметкерлерін қалай атады :
а) аймақтық емшілер:
б) бақсылар
в) шамандар
г) ауылдың білгірлері
11. Асептика бұл –
а) жараға инфекцияның түсуінің алдын алуға бағытталған шаралар
б) жарадағы микробтарды жоюға арналған шаралар
в) микроорганизмдердің таралуын болдырмауға арналған шаралар
г) адам ағзасындағы патогенді микрофлораны жоюға арналған шаралар 12. Баккал әдісімен операциялық алаңды өңдеу үшін қолданады:
а)1% бриллиант жасылы спирт ерітіндісі
б) метилен көгін
в) мүсәтір спиртін
г) с-4 (первомурды)
13. Биксті құрастырып, клиникалық тәжірибеге алғаш рет енгізген:
а) Пастер
б) Губарев
в) Шиммельбуш
г) Бергман
14. Көк – іріңді таяқшаны не жояды?
а) сутегінің асқын тотығы
б) бор қышқылы
в) йод
г) спирт
15. Операция бөлмесіндегі ауаны залалсыздандыру үшін ағылшын хирургы Листер нені қолданды?
а) сулеманы
б) карбол қышқылын
в) хлораминді
г) спиртті
16. Хирургтың қолын Спасокукоцкий – Кочергин әдісімен өңдеу үшін, қанша % мүсәтір спирті қолданылады?
а) 0,1%
б) 0,5%
в) 1%
г) 2%
17.Оптикалық құралдарды төмендегі әдістермен залалсыздандырмайды:
а) құрғақ кептіретін шкафта
б) автоклавта ағынды бумен
в) формалин буларымен
г) антисептік ерітінділермен
18.Операция кезінде операциялық бөлменің 1м3 ауасында рұқсат етілетін микроорганизмдердің саны:
а) 5000
б) 3000
в) 5000 астам
г) 1000
19.Матаға оралып залалсыздандырылған құрал – саймандар мен жапқыштарды сақтауға болады:
а) 48 сағат
б) 72сағат
в) 1 апта
г) 24 сағат
20. Жанасу арқылы жұғудың алдын –алу үшін, мынадай шаралар жүргізіледі:
а) науқасты жуындыру
б) киімін ауыстыру
в) клизма жасау
г) құрал – саймандарды залалсыздандыру
21. Залалсыздықты бақылаудың ең сенімді әдісі болып табылады:
а) бензой қышқылының балқуы
б) күкірттің балқуы
в) бактериологиялық
г) Микулич әдісі
22.Газды гангренада науқасқа операция қандай бөлмеде жасалынады?
а) «іріңді» операциялық бөлмеде жасау керек
б) «таза» операциялық бөлмеде
в) таңғыш бөлмесінде
г) кез келген бос операция бөлмесінде жедел жасау керек
23.Науқаста аппендэктомиядан кейін дене қызуы, жара төңірегінде қызару, ауыру сезімі белгілері бар, науқаста жұқтырудың қандай түрі болды?
а) имплантациялық
б) ауа арқылы
в) тамшылар арқылы
г) жанасу арқылы
24. Сынап оксицианиды мынадай антисептикалық топқа жатады:
а) галлоидтар
б) альдегидтер
в) тотықтырғыштар
г) ауыр метал тұздар
25. Шиммельбуш биксінде заттарды орналастыру түрі:
а) еркін
б) арнайы
в) арнайы емес
г) әмбебеп
26. Анаэробты микробтарға қарсы тиімді антисептик:
а) риванол
б) сутегінің асқын тотығы
в) этил спирті
г) бор қышқылы
27. Альдегидтер тобына жатпайтын антисептик:
а) лизол
б) күміс нитраты
в) формалин
г) формальдегит
28. Биологиялық антисептика әдісіне мынадай емдеу шарасы жатпайды:
а) трипсин
б) химотрипсин
в) жараны біріншілік хирургиялық өңдеу
г) антибиотиктер
29. Операциялық алаңды өңдеуге арналған антисептикті атаңыз:
а) күміс нитраты
б) лизоформ
в) калий перманганаты
г) йоданат
30. Тотықтырғыштар тобына жататын антисептик:
а) бор қышқылы
б) карбол қышқылы
в) риванол
г) сутегінің асқын тотығы
31. Физикалық антисептика әдістері қандай физика заңдарына негізделген?
а) гигроскопиялық
б) капиллярлық
в) осмостық
г) диффуздық
32. Антибактериалды заттарды қолдануға қарсы көрсеткіштер:
а) сезімталдыққа сынақтың оң болуы
б) асфиксия
в) гемофилия
г) анемия
33. Губарев әдісімен кетгутты залалсыздандырғаннан кейін, мына ерітіндіде сақтайды:
а) 96 % спиртте
б) люгольдің спирт ерітіндісінде
в) 70% спиртте
г) 5% йод ерітіндісінде
34. Антибиотиктерді ұзақ уақыт қабылдағанда, мынадай асқыну болуы мүмкін:
а) пневмония
б) отит
в) естудің нашарлауы
г) құсу
35. Іріңді жаралар кезінде протеолиттік ферменттерді мынадай мақсатпен қолданады:
а) фибринолиз үшін
б) иммунитетті көтеру үшін
в) аллергияға қарсы
г) ісінуге қарсы
36. Науқаста септикалық жағдай. Иммунологиялық төтеп беру қасиеті төмендеген. Қандай бейспецификалық заттармен иммунитетті көтеруге болады?
а) димедролмен
б) т-хелпермен
в) т-активинмен
г) антибиотикпен
37. Операция бөлмесін қандай тәртіппен жинастырады?
а) қорытынды
б) жалпы
в) ерекше
г) алдын ала
38. Саңырауқұлаққа қарсы қолданылатын антибиотик:
а) цифран
б) низорал
в) биомицин
г) пенициллин
39. Хирургтың қолын өңдеу әдістерді ұсынған авторды атаңыз:
а) Алиев
б) Спасокуккоцкий
в) Греков
г) Пирогов
40. Асептика - дегеніміз қандай шаралар?
а) жарадағы микроорганизмдерді жою
б) жараға микроорганизмдердің түсуінің алдын алу
в) жара мен ағзалардағы микроорганизмдерді жою
г) ағзаларға микроорганизмдердің түсуінің алдын алу
41. Дезинфекция жүргізудің мақсаты:
а) спора мен вирустарды жою
б) аспаптарды механикалық тазалау
в) шартты және шартты-патогенді микробтарды жою
г) вирустарды жою
42. Эндогендік инфекцияның таралу жолдары:
а) гематогенді
б) ауа-тамшылы
в) жанаспалы
г) имплантациялық
43. Жанасу арқылы жұғудың алдын алу үшін жүргізіледі:
а) жапқыштарды залалсыздандыру
б) тігіс жіптерді залалсыздандыру
в) хирургтің қолын өңдеу
г) құрал-саймандарды залалсыздандыру
44. Автоклавта давления 1,1 атм. Температура 120 0С-та залалсыздандыру ұзақтығы:
а) 1 сағ
б) 1,5 сағ
в) 45 мин
г) 2 сағ
45.Сәулелік залалсыздандырудан өткен заттардың сақталу ұзақтығы:
а) 1 ай
б) 5 жыл
в) 6 ай
г) 3 жыл
46. Газбен залалсыздандыру кезінде қолданылады:
а) 6% сутегі асқын тотығы
б) йодонат
в) 96% этил спирті
г) этилен тотығы
47.Антисептика дегеніміз қандай шарттар?
а) жараға микроорганизмдердің түсуінің алдын алу
б) жара мен тұтас организмдегі микроорганизмдерді жою
в) аспаптардағы микроорганизмдерді жою
г) залалсыздандыру жүргізу
48. Физикалық антисептика әдісі:
а) химиялық ерітінділер қолдану
б) жараны хирургиялық өңдеу
в) автоклавта залалсыздандыру
г) лазер сәулесін қолдану
49. Қан қалдықтарын анықтауға жүргізілген азопирам сынамасы оң болғанда, түсі қалай өзгереді?
а) қызғылт-көкшіл
б) көк
в) қара-қошқыл
г) сарғыш
2. Жалпы және жергілікті жансыздандырудағы медбикенің рөлі.
1.Науқасқа енгізу наркозын береді:
а) беткейлі наркоз ретінде
б) операция жасау үшін
в) қозу сатысын болдырмау тез ұйықтату үшін
г) операция барысында
2. Демеуші наркоз дегеніміз-
а) тез ұйықтататын енгізу наркозы
б) беткейлі наркоз, базис-наркоз
в) негізгі наркоз
г) қосымша наркоз
3. Базис-наркоз дегеніміз-
а) тез ұйықтататын наркоз
б) операция кезінде және одан кейін берілетін беткейлі наркоз
в) операция барысында жүргізілетін наркоз
г) қосымша наркоз
4. Сұйық ұшқыш наркотикалық затқа жатпайды:
а) эфир
б) азот тотығы
в) фторотан
г) хлорэтил
5. Газ тәрізді наркотикалық затқа жатады:
а) азот тотығы
б) фторотан
в) хлороформ
г) хлорэтил
6. Ингаляциялық наркоздың түріне жатпайды:
а) эндобронхиалды
б) веналық
в) эндотрахеалды
г) маскалық
7. Жалпы жансыздандыру кезінде болмайды:
а) қимылдың болмауы
б) тынысы мен жүрек соғуының тоқтауы
в) есінің, сезімталдықтың жоғалуы
г) орталық нерв жүйесінің тежелуі
8. Ингаляциялық наркоздың мынадай түрі болмайды:
а) эндобронхиалды
б) эндотрахеалды
в) энтералды
г) масқалық
9. Ингаляциялық емес наркоздың түрлері:
а) бұлшықеттік
б) маскалық
в) ингаляциялық
г) анальгезия
10. Эфирлі наркоздың үшінші сатысын атаңыз:
а) қозу сатысы
б) ояну сатысы
в) хирургиялық ұйқы сатысы
г) анальгезия сатысы
11. Масқалық наркоздың жеткіліксіздігі:
а) басқарып отыру, дозасын анықтау қиын
б) операцияға қатысатын медицина қызметкерлеріне әсер етеді
в) наркотикалық зат көп мөлшерде жұмсалады
г) науқас әлсірейді
12. Беткейлі анестезияға жатады:
а) сүйекішілік анестезия
б) өткізгіштік анестезия
в) инфильтрациялық анестезия
г) жағу анестезиясы
13. Жұлындық анестезияның кезеңі:
а) қимылдық, сезімталдық, рефлекстердің қалпына келу кезі
б) қозғалу бұзылыстарының алғашқы кезеңі
в) толық жансыздану және бұлшықеттердің босаңсу кезеңі
г) әлсіреу
14. Механикалық асфиксияға жатады:
а) ларингоспазм, бронхоспазм
б) тілдің артқа ығысып, бітеуі
в) кеңірдекке тампон, сілекей, құсық бөліністерінің түсуі
г) өңештің тарылуы
15. Жүрек тоқтағанда жүргізілетін шара:
а) венаға 10% натрий хлориді ерітіндісінің 10 мл енгізу
б) Сильвестр әдісімен жасанды демалдыру
в) жүректің тікелей емес массажы
г) гемотрансфузия
16. Бұлшықет релаксанттарының негізгі қасиеті:
а) ұлпаларды ісіндіру
б) блокаторлық
в) инфузиялық
г) миопаралитикалық
17. Механикалық асфиксияда жүргізілетін шара:
а) 1% 1,0 мл либексинді венаға енгізу
б) тыныс жолдарының бітелуін жою
в) тазалау клизмасын жасау
г) 0,1 % 0,5-1,0 мл атропин ерітіндісін тері астына енгізу
18. Ингаляциялық наркоздың әдісін ата:
а) жабық
б) жартылай жабық
в) ашық
г) жартылай ашық
19.Оң өкпеге лобэктомия жасалғаннан кейін науқаста ұйқы артериясында тамыр соғуы анықталмады. Не істеу керек?
а) трахеостомия
б) науқаста жүректің қызметі тоқтады, реанимация шараларын жүргізу керек:
в) клизма
г) жоғарыдағы көмектердің барлығын орындау керек
20.Бауырдың қатерлі ісігінің қансырауында қандай тиімді ем түрі жүргізіледі?
а) қан құйылмайды
б) жаңа мұздатылған плазманы құю керек
в) витаминотерапия
г) аутогемотерапия
21. Қандай ауру кезінде науқас тұрған қалпында мойын веналары кеңейіп кетеді?
а) гематоракста
б) экстрасистолияда
в) керілген пневматорокста
г) гемофилияда
22. Өткізгіштік анестезияның түрі:
а) жұлындық анестезия
б) нерв бағаналарының, өрімдерінің анестезиясы
в) паравертебральді анестезия
г) премедикация
23. Жергілікті анестезияның қарсы көрсеткіші:
а) науқастың қозушаңдығы
б) тоқтамаған ішкі қансырау
в) ұлпалардағы айқын қабынулық және тыртықтық өзгерістер
г) жоғары температура
24. Маститте операция жасау үшін қолданылатын анестезияның тиімді түрін атаңыз:
а) жұлындық анестезия
б) эндотрахалды наркоз
в) маскалық наркоз(фторотанмен)
г) жергілікті инфильтрациялық анестезия
25.Ингаляциялық наркозда тыныс алу шектелген, наркоздың әдісін атаңыз:
а) жабық
б) жартылай жабық
в) жартылай ашық
г) ашық
