- •«Әйелдердің әр жастағы анатомо- физиологиялық ерекшеліктері. Репродуктивті денсаулықты сақтаудағы медбикенің ролі».
- •«Әйел жамбасының өлшемдері мен құрылымы».
- •«Жетілген ұрықтың басының құрылысы мен өлшемі»
- •«Босанудын физиологиясы, босану биомеханизмі, кезең бойынша босану ағымы және жүргізу. Босану кезіндегі ұрық жағдайын бағалау. Партограмманы қолдану».
- •«Жүктілік патологиясы. Ерте кезеңіндегі токсикоз. Гипертензиялық жағдайлар».
- •«Мерзімінен ерте және мерзімінен ұзарған жүктілік. Жүктілік кезіндегі инфекциялар. Аитв-ның анадан балаға берілуінің алдын алу».
- •«Босанғаннан кейінгі кезеңінің физиологиясы мен патологиясы. Босанған ана мен нәрестеге күтім көрсету. Емшектен емізу. Босанғаннан кейінгі септикалық асқынуларда медбикелік күтім ұйымдастыру».
- •«Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы».
- •«Босану әрекетінің ауытқулары».
- •«Оперативті акушерия».
- •«Жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қан кетулер. Геморрагиялық шок. Шұғыл көмек, медбикелік күтім».
- •«Экстрагениталды патология және жүктілік.Ана мен ұ рықтың изосерологиялық қарама-қайшылығы».
- •«Гинекологиялық ауруларды тексеру».
- •«Репродуктивті жүйенің қызметінің бұзылуы»
- •«Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары».
- •«Әйел жыныс мүшелерінің қатерлі және қатерлі емес ісіктері».
- •«Гинекологиядағы іш теспе. Гинекологиядағы ота».
«Босану әрекетінің ауытқулары».
1.Толғақты күшейтетін дәрі:
а)5 бірлік 1,0 окситоцин ерітіндісі
б) 4%-5,0 актовегин ерітіндісі
в)5%- 5,0 аскорбин қышқылының ерітіндісі
г)0,05% - 1,0 алупент ерітіндісі
2.Босану күшінің екіншілік әлсіздігі қай уақытта дамиды?
а) әйел тыныққаннан кейін
б) жатырдың жиырылу қасиеті күшейгенде
в)ұрықтың журек соғысы нашарлағанда
г)әйел шаршағанда
3.Босану күшінің әлсіздігі жиі кездеседі:
а)бірінші босанатын үлкен жастағы әйелдерде
б) бұрын босанған әйелдерде
в) бірінші босанатын әйелдерде
г) 1-2 бала босанған әйелдерде
4.Босану қызметінің дискоординациясында (ретсіз толғоқта):
а) толғақ күшін күшейтеді
б) толғақ күшін төмендетеді
в)наркоз беріп толғақты тоқтатады
г)толғақты жалғастырады
5.Қарқынды босануда:
а)босану процесі 1-3 сағатқа созылады
б)босану процесі 8 сағатқа созылады
в)босану процесі 10-12 сағатқа созылады
г)босану процесі 16 сағатқа созылады
6.Жатырдың жыртылу қаупі төнгенде:
а) акушерлік қысқыштар салып босану процесін жеделдетеді
б) толғақты күшейтетін дәрілер салынады
в) наркоз беріледі және босандырады
г) толғақ тоқтатылады және операцияжасалады
7.Біріншілік әлсіз толғақ байқалады:
а)босану процесінің басында
б)босану процесінің аяғында
в)босану процесінің ортасында
г)қағанақ суы кеткен бойда
8.Екіншілік толғақ әлсіздігі байқалады:
а)босану процесінің басында
б)толғақ кезеңінде
в)босану процесінің ортасында
г)қағанақ суы кеткен бойда
9.Әлсіз толғақта:
а) толғақ күшті, ұзақ,толғақ аралық үзіліс қысқа болады
б)толғақ әлсіз, қысқа, толғақ аралық үзіліс ұзақ болады
в) толғағы ретсіз болады
г) толғақ аралық үзіліс болмайды
10.Қалыпты жағдайда баланы қоршаған су қапшығы қай уақыта жарылады?
а) толғақ кезеңінің барысында
б)толғақ кезеңінің ортасында
в)жатыр мойыны толық ашылғанда
г) толғақ кезеңінің соңында
11.Ұрықтың басы жамбас қуысында ұзақ тұрып қалғанда не жасалады?
а) амниотомия
б) кесар тілігі
в)акушерлік қысқыштар салынады
г) ұрықты бөлшектеп алу операциясы жасалады
12.Босану қызметінің ауытқуын анықтау үшін қолданылады.
а)амниоскопия
б)кольпоскопия
в)гистерография
г)рентгенография
«Оперативті акушерия».
1. Ұрықты бөлшектеп алу операциясына жатады:
а) краниотомия
б) амниотомия
в) эпизиотомия
г) перинеотомия
2. Ұрықты бөлшектеп алу операциясы жасалады:
а) тірі балада
б) өлі балада
в)ұрық жамбасымен келгенде
г)ұрық басымен келгенде
3. Акушерлік қысқаштар салынады,біреуінен басқа:
а)күшену кезеңінің әлсіздігінде
б)ұрықтың гипоксиясында
в)миопияның жоғарғы дәрежесінде
г)бала басы кіре беріс жазықтықтан жоғары орналасқанда
4. Жатыр ішіне қыру жасалады:
а)өздігінен болатын түсіктің сатыларында
б)бала аяғымен келгенде
в) бала жамбасымен келгенде
г) мезгілінен ерте босануда
5. Операция жасаудағы ескерілетін акушерлік шарттар, біреуінен басқа:
а)тірі нәресте
б)әйелдің операцияға келісімі
в)әйелдің дене қызуының қалыпты болуы
г)әйелдің дене қызуының көтерілуі
6. Перинеотомия-
а)қағанақ суын жасанды жолмен жару
б)аралықтыңтерісін бүйірінен кесу
в) жатыр мойнын кесу
г)аралықтың терісін тігінен кесу
7. Клейдотомия -
а) жатыр мойнын кеңейту операциясы
б) омыртқаны кесу операциясы
в)аралықтың терісін кесу
г) бұғананы кесу операциясы
8. Спондилотомия-
а) жатыр мойнын кеңейту операциясы
б)омыртқаны бөлшектеу операциясы
в)аралықтың терісін кесу операциясы
г) кебеже сүйегін кесу операциясы
9.Эвисцерация -
а) жатыр мойнын кеңейту операциясы
б) омыртқаны бөлшектеу операциясы
в)аралықтың терісін кесу операциясы
г)кеуде мен іш қуысының мүшелерін бөлшектеп алу операциясы
10.Декапитация операциясы қай уақытта жасалады?
а)көлденең орналасудың асқынған түрінде
б) баланың көлденең орналасуында
в) баланың жамбасымен келуінде
г) баланың басымен келуінде
11.Краниотомия операциясының жасалу көрсетілімі:
а) босану қызметінің әлсіздігі
б) қағанақ суының ерте кетуі
в) тірі бала
г) өлі бала
12.Краниотомия операциясының сәттері:
а) бала басын тесу
б) акушерлік қысқаштар салу
в) декапитациялық ілмекті енгізу
г) жатыр ішін қыру
13.Краниотомия операциясының сәттері:
а) кебеже сүйегін кесу
б) акушерлік қысқаштар салу
в)эксцеребрация
г) жатыр ішін қыру
14.Амниотомия жасалады, біреуінен басқа:
а) қағанақ жазық болғанда
б) қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуінде
в) қағанақ суының жарылуы кешеуілдегенде
г) қағанақ суының ерте кетуінде
15.Акушерлік қысқаштар салынады:
а. егіздікте
б. баланың көлденең орналасуында
в. нәрестенің гипоксиясында
г. шала туылған балада
16 .Босану жолдарын дайындау операцияларына жатады:
а. жатыр мойнын кеңейткіштермен кеңейту
б. пластикалық операциялар
в. амниоскопия
г. кесар тілігі
17. Декапитация операциясы қай уақытта жасалады:
а.көлденең орналасудың асқынған түрінде
б.баланың көлденең орналасуында
в.баланың жамбасымен келуінде
г.баланың басымен келуінде
18. Краниотомия операциясының сәттері:
а. бала басын краниокластпен тартып шығару
б. акушерлік қысқаштар салу
в. декапитациялық ілмекті енгізу
г. жатыр ішін қыру
19. Кесар тілігіне тұрақты көрсетілім:
а.анатомиялық тар жамбастың 1-2 дәрежесі
б. нәресте салмағының ірі болуы
в. жасы 30 дан асқан әйелдер
г .ұрықтың гипоксиясы
20. Кесар тілігін жасау үшін керекті шарттар:
а. тірі нәресте
б. әйелдің дене қызуының қалыпты болуы
в. әйелдің операцияға келісімі
г. барлық жауабы дұрыс
21. Кесар тілігінен кейінгі асқынулар:
а)барлық жауабы дұрыс б)өкпе ателектазы
в)вена тромбозы
г)барлық жауабы дұрыс
22.Ұрықтың таза жамбасымен келуінде:
а)аяғын бұрады
б)жамбасынан,шат арасынан тартып шығарады
в)аяғынан тартып шығарады
г)кесар тілігін жасайды
23.Жамбасымен келуде бір аяқтың қынапқа түсуінде:
а)аяғынан тартып шығарады
б)аяғын бұрады
в)перинеотомия жасалады
г)эпизиотомия жасалады
