- •«Әйелдердің әр жастағы анатомо- физиологиялық ерекшеліктері. Репродуктивті денсаулықты сақтаудағы медбикенің ролі».
- •«Әйел жамбасының өлшемдері мен құрылымы».
- •«Жетілген ұрықтың басының құрылысы мен өлшемі»
- •«Босанудын физиологиясы, босану биомеханизмі, кезең бойынша босану ағымы және жүргізу. Босану кезіндегі ұрық жағдайын бағалау. Партограмманы қолдану».
- •«Жүктілік патологиясы. Ерте кезеңіндегі токсикоз. Гипертензиялық жағдайлар».
- •«Мерзімінен ерте және мерзімінен ұзарған жүктілік. Жүктілік кезіндегі инфекциялар. Аитв-ның анадан балаға берілуінің алдын алу».
- •«Босанғаннан кейінгі кезеңінің физиологиясы мен патологиясы. Босанған ана мен нәрестеге күтім көрсету. Емшектен емізу. Босанғаннан кейінгі септикалық асқынуларда медбикелік күтім ұйымдастыру».
- •«Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы».
- •«Босану әрекетінің ауытқулары».
- •«Оперативті акушерия».
- •«Жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қан кетулер. Геморрагиялық шок. Шұғыл көмек, медбикелік күтім».
- •«Экстрагениталды патология және жүктілік.Ана мен ұ рықтың изосерологиялық қарама-қайшылығы».
- •«Гинекологиялық ауруларды тексеру».
- •«Репродуктивті жүйенің қызметінің бұзылуы»
- •«Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары».
- •«Әйел жыныс мүшелерінің қатерлі және қатерлі емес ісіктері».
- •«Гинекологиядағы іш теспе. Гинекологиядағы ота».
«Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы».
1.Ұрықтың көлденең орналасуында жүрек соғысы қай жерде жақсы естіледі?
а) кіндіктен жоғары
б) кіндіктен төмен
в)кіндік деңгейінде оң немесе сол жағында
г) кіндіктен төмен оң жақта
2.Баланың көлденең орналасуындағы жатырдың пішіні қандай?
а) овоид пішінді
б)көлденең бағытта созылған
в) қиғаш бағытта созылған
г) құм сағаты пішіндес
3.Баланың тігінен орналасуында жүрек соғысы қай жерде жақсыестіледі?
а) кіндіктен жоғары
б) кіндіктен төмен
в) кіндіктің тұсында
г)кіндіктен төмен оң немесе сол жақта
4.Баланың көлденең орналасуында Леопольдтың 3-ші әдісінде :
а)ұрықтың ірі бөлігі анықталмайды
б) жамбас қуысында баланың басы анықталады
в) жатыр түбіндегі бала бөлігі анықталмайды
г) жамбас қуысына баланың жамбасы қарайды
5.Баланың көлденең орналасуындағы ең ауыр асқыну:
а)түсік
б) жүктілік кезіндегі анемия
в)жүктілік кезіндегі пиелонефрит
г) көлденең орналасудың асқынған түрі
6.Баланың көлденең орналасуындағы жүктілік пен босанудың асқынуы:
а) түсік
б) жүктілік кезіндегі анемия
в)жүктілік кезіндегі пиелонефрит
г)қағанақ суының ерте кетуі
7.Көлденең орналасудың асқынған түрінің клиникасы,біреуінен басқа:
а) жатырдың төменгі сегменті ауырсынады
б) қолы түскен, ісінген, бала қозғалмайды
в) қағанақ суы ерте кетеді
г) қағанақ суы кеш кетеді
8.Баланың көлденең орналасуында жүкті әйел перзентханаға жіберіледі:
а) босанудың 1-ші кезеңінде
б) жүктіліктің 30 аптасында
в) жүктіліктің 20 аптасында
г)жүктіліктің 37-38 аптасында
9.Ұрықтың көлденең жатуында:
а) баланың тік белдеуімен (осімен) жатырдың тік белдеуі (осі) сәйкес келмейді
б) баланың тік белдеуімен жатырдың тік белдеуі сүйір бұрыш жасайды
в) баланың тік белдеуімен жатырдың тік белдуі сәйкес келеді
г)баланың тік белдеуімен жатырдың тік белдеуі тік бұрыш жасайды
10.Ұрықтың көлденең орналасуының себебі:
а)тар жамбас
б) гипоксия
в) асфиксия
г) анемия
11.Баланың көлденең орналасуында позициясы қалай анықталынады?
а) бала арқасына байланысты
б) ұрық басына байланысты
в) майда бөліктеріне байланысты
г) кіндігіне байланысты
12.Ұрықтың көлденең орналасуының алдыңғы түрінде бала арқасы қайда қарайды?
а) артқа
б)алдына
в) сол жағына
г) оң жағына
13.Ұрықтың көлденең орналасуын анықтау үшін:
а) жамбас өлшемдері өлшенеді
б)сыртқы акушерлік тексеру жүргізіледі
в) кольпоскопия жүргізіледі
г) бактериоскопиялық тексеру жүргізіледі
14.Ұрықтың қиғаш жатуында:
а) баланың тік белдеуімен жатырдың тік белдеуі сәйкес келмейді
б)баланың тік белдеуімен жатырдың тік белдеуі сүйір бұрыш жасайды
в) баланың тік белдеуімен жатырдың тік белдуі сәйкес келеді
г) баланың тік белдеуімен жатырдың тік белдеуі тік бұрыш жасайды
15.Ұрықтың көлденең орналасуының І позициясында ұрықтың басы қай жаққа қарайды?
а) жатырдыңсол жақ бүйіріне
б) жатырдың оң жақ бүйіріне
в) жатырдың алдыңғы қабырғасына
г)жатырдың артқы қабырғасына
16.Ұрықтың көлденең орналасуынын ІІ позициясында ұрықтың басы қай жаққа қарайды?
а) жатырдың оң жақ қабырғасына
б) жатырдың оң жақ қабырғасына
в) жатырдың алдыңғы қабырғасына алдына
г)жатырдың артқы қабырғасына артқа
17.Ұрықтың көлденең орналасуында кіндіктің қынапқа түсуі қалай анықталады?
а) қынаптық тексеру арқылы
б) ультрадыбысты тексеру арқылы
в) бимануалды тексеру арқылы
г) рентгенді тексеру арқылы
18.Ұрықтың көлденең орналасуында,біреуінен басқа:
а) жатыр деңгейі төмен болады
б)жатыр деңгейі жоғары болады
в) жатыр пішіні көлденең бағытта созылған болады
г) жамбастың кіреберіс жазықтығында нәрестенің ірі мүшесі анықталмайды
19.Көлденең орналасуда баланы сыртқы бұру:
а) жасалады
б) жасалмайды
в жүктіліктің 35-36 аптасында жасалады
г) жүктіліктің 20 аптасында
