- •Бала жасының кезеңдері
- •Баланың физикалық дамуы
- •Жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Ерте жастағы балалардың жүйке-психикалық дамуы.
- •Ас қорыту мүшелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру. Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру.
- •Мезгілі жетіп туылған нәрестелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, күтімі
- •Шала туылған нәрестелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, күтімі
- •Туылу кезіндегі жарақаттар
- •Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауру
- •Тері аурулары
- •Кіндік аурулары
- •Сүйек және бұлшық ет жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Гипокальциемиялық синдром (спазмофилия)
- •Экссудативті-катаралды диатез
- •Ерте жастағы балаларда ас қорыту мен тамақтанудың созылмалы бұзылыстары
- •Гельминтоздар
- •Стоматиттер
- •Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Жіті бронхит
- •Жүрек қан-тамыр жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Туа біткен жүрек ақаулары
- •Жіті ревматикалық қызба
- •Қан түзу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Теміртапшылық анемия
- •Гемофилия
- •Тромбоцитопениялық пурпура
- •Геморрагиялық васкулит
- •Жіті лейкоз
- •Несеп түзу және несеп шығару мүшелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Жіті пиелонефрит
- •Жіті гломерулонефрит
- •Эндокринді жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардағы қант диабеті
- •Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу (бшаые)
- •2016 - 2017 Оқу жылы
- •Менингококк инфекциясы
- •Қызылша
- •Қызамық
- •Желшешек
- •Скарлатина
- •Эпидемиялық паротит
- •Дифтерия
- •Туберкулез
- •Иммунизация
- •Педиатриядағы шұғыл жағдайлар
Тері аурулары
Нәрестелерде баздану не себептен пайда болады?
а) инфекцияның теріге түсуі
б) иммунитеттің төмендеуі
в) жылы ұстағаннан
г) қанағатсыз қүтім
Нәрестенің терісі базданғанда қолданылады:
а) 1% эритромицин майы
б) залалсыздандырылған өсімдік майы
в) 1% тетрациклин майы
г) 5% калий перманганат ерітіндісі
Пиодермияға жатады:
а) баздану
б) везикуллопустуллез
в) омфалит
г) фунгус
Терінің және кіндіктің іріңді-қабыну ауруларында қолданатын физиотерапия:
а) ультрадыбыспен емдеу
б) микротолқын терапия
в) электрофорез
г) ультракүлгін сәулелері
Кіндік аурулары
Кіндік жарасының жұқпалы емес ауруына жатады:
а) фунгус
б) катаралдық омфалит
в) флегмоноздық омфалит
г) некротикалық омфалит
Кіндік жарасының іріңді-қабыну ауруы:
а) фунгус
б) омфалит
в) кіндік жарығы
г) склерема
Омфалит -
а) кіндік жара түбінен грануляцияның өсуі
б) кіндік маңының терісі мен теріасты ұлпалардың қабынуы
в) туа біткен аномалия
г) кіндік жарығы
Катаралдық омфалиттің негізгі симптомдары:
а) кіндік айналасындағы тері өзгермейді, кіндік жарасы қан ағады
б) кіндік сақинасы ісінеді және қанталайды, кіндік жарасынан серозды-іріңді бөлініс шығады, баланың жалпы жағдайы өзгермейді
в) кіндік сақинасы сыртқа шығада, бала мазасызданады
г) кіндік айналасындағы тері қанталайды және ісінеді, жарасынан ірің бөлінеді, баланың жалпы жағдайы нашарлайды
Флегмоноздық омфалиттің клиникалық белгілеріне жатады, тек біреуінен басқалары:
а) кіндік айналасындағы тері қанталайды және ісінеді, жарасынан ірің бөлінеді
б) флебит, артериит, лимфангоит
в) баланың жалпы жағдайы өзгермейді
г) баланың жалпы жағдайы нашарлайды
Сүйек және бұлшық ет жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Баланың сүйек ұлпасының химиялық құрамы:
а) су көп, минералдық тұздар аз, қан тамырларына бай
б) минералдық тұздарға аз
в) қан тамырларына бай
г) барлық жауаптар дұрыс
Баланың сүйегі тез өседі:
а) 1 жасқа дейін
б) туғаннан кейін 2-3 жыл ішінде
в) 4-6 жасқа дейін
г) жаңа туылған кезеңінде
Үлкен еңбегі орналасқан:
а) самай және төбе сүйектер арасында
б) шүйде және төбе сүйектер арасында
в) шүйде және самай сүйектер арасында
г) төбе және маңдай сүйектер арасында
Кіші еңбек орналасқан:
а) самай және төбе сүйектер арасында
б) шүйде және төбе сүйектер арасында
в) шүйде және самай сүйектер арасында
г) төбе және маңдай сүйектер арасында
Үлкен еңбектің формасы қандай?
а) ромб тәрізді
б) үш бұрышты
в) квадрат
г) шеңбер
Кіші еңбектің пішіні қандай?
а) ромба тәрізді
б) шеңбер
в) квадрат
г) үш бұрышты
Үлкен еңбек қашан жабылады?
а) 2 жаста
б) 6 айда
в) 2-3 айда
г) 12-15 айда
Кіші еңбек қашан жабылады?
а) 12 айда
б) 6 айда
в) 4-5 айда
г) 3 айда
Жаңа туған баланың омыртқа жотасы:
а) 1 физиологиялық қисаю бар
б) түп-түзу, қисаймаған
в) 3 физиологиялық қисаю бар
г) 2 физиологиялық қисаю бар
Дені сау балаларда қашан сүт тістері шығады?
а) 4-5 айда
б) 8-9 айда
в) 6-7 айда
г) 1 жаста
Сүт тістерінің тұрақты тіспен алмасуы қашан басталады?
а) 3-4 жаста
б) 8-9 жаста
в) 5-7 жаста
г) 11-12 жаста
1 жастағы баланың қанша сүт тістері болу керек?
а) 8
б) 10
в) 6
г) 12
3 жастағы баланың қанша сүт тістері болу керек?
а) 18
б) 20
в) 22
г) 12
Кай жаста ер балалардың бұлшық ет күші қыздарға қарағанда жоғары болады?
а) мектеп жасында
б) мектеп жасына дейін
в) емшек жасында
г) жаңа туылған кезеңінде
Мешел
Мешел ауруы қай витаминнің жетіспеушілігінен пайда болады?
а) D
б) Е
в) А
г) В
Мешел ауруында қандай минералды алмасу бұзылады?
а) фосфор-калий
б) фосфор-кальций
в) фосфор-магний
г) фосфор-натрий
Мешелдің пайда болуына әсер ететін факторлар, тек біреуінен басқалары:
а) шала туылу
б) аллергия
в) күн сәулесінің жеткіліксіздігі
г) нәрсіз және бірыңғай тамақтандыру
Витамин D3 қалай аталады ?
а) токоферол
б) эргокальциферол
в) ретинол
г) холекальциферол
Витамин D2 қалай аталады?
а) ретионол
б) эргокальциферол
в) холекальциферол
г) токоферол
Мешел ауруының бастапқы кезеңінің симптомдары:
а) қабырғалар жұмсақ және иілгіш, 5-8 қабырғаларда «мешелдік таспих»
б) тершеңдік, сәбидің басы «төртбұрыш тәрізденеді»
в) тершеңдік, үрей қорқу, желке шаштың түсу, желке сүйегінің жалпаю (краниотабес)
г) кеуденің төменгі апертурасы ұлғаяды, тахикардия, бауыр және көкбауыр ұлғаяды
Мешел ауруының қандай дәрежесінде сүйек, бұлшық ет және басқа да жүйелер зақымдалады?
а) ауыр
б) жеңіл
в) орташа ауыр
г) барлық дәрежесінде
Мешел ауруының ауыр дәрежесіндегі симптомдар, тек біреуінен басқалары:
а) үлкен еңбегінің ауданы үлкейеді, желке шашы түседі, краниотабес
б) «мешелдік бүкірлік», кифоз, лордоз, сколиоз
в) «мешелдік білезік», «інжу жіптер»
г) аяқтары О немесе Х әрпе тәріздес өзгереді
Мешел ауруындағы бас сүйектердің өзгерістері:
а) кифоз
б) «мешелдік білезік»
в) краниотабес
г) сколиоз
Мешел ауруындағы төс сүйектердің өзгерістері:
а) кифоз, лордоз, сколиоз
б) «інжу жіптер», «мешелдік білезік»
в) краниотабес
г) «тауық төсі», «мешелдік таспих»
Мешел ауруының қан сарысуындағы өзгерістері:
а) гипокалиемия және гипомагниемия
б) гипокальциемия және гипофосфатемия
в) гипокалиемия және гипонатриемия
г) гиперкальциемия және гиперфосфатемия
Мешел ауруында сүйектердің рентгенологиялық зерттеуінде табылады:
а) остеопороз
б) остеонекроз
в) остеопатия
г) остеосклероз
Витамин D3 тәуліктік емдеу дозасын белгілеңіз:
а) 500 ХБ
б) 1000 ХБ
в) 1 500-5 000 ХБ
г) 10 000-15 000 ХБ
Витамин D3 алдын-алу дозасын белгілеңіз:
а) 1000 ХБ
б) 500 ХБ
в) 10 000-20 000 ХБ
г) 1500- 5 000 ХБ
Сулкович реакцияның өткізу мақсаты:
а) несепті фосфорурияға зерттеу
б) несепті қантқа зерттеу
в) несепті аминоқышқылдарға зерттеу
г) несепті кальциурияға зерттеу
Мешел ауруының емдеуінде қолданатын дәрі-дәрмек:
а) аугментин
б) актовегин
в) аквадетрим
г) аквафор
Мешел ауруының емдеуінде қолданатын ванна:
а) пермаганат калий ерітіндісімен ванна
б) қалқан жапырақты, тұзды, құмды ванна
в) гигиеналық ванна
г) шалфей, түймедақ тұндырмасымен ванна
D витаминге бай тағамдар:
а) картоп, сәбіз, қызылша
б) алма, алмұрт, өрік
в) жұмыртқаның сарысы, бауыр, балық майы
г) күріш, тары, жүгері
Мешел ауруының арнайы алдын-алу жылдың қай мезгілінде өткізбейді?
а) жаз
б) қыс
в) күз
г) көктем
Постнаталдық арнайы емес алдын алу шараларына жатады, тек біреуінен басқалары:
а) таза ауада серуендету
б) витамин D беру
в) табиғи тамақтандыру
г) массаж, гимнастика
