Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МКЕ педиатрия медбике 4 курс 2017 колонт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.48 Кб
Скачать

Мезгілі жетіп туылған нәрестелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, күтімі

  1. Жүктіліктің нешінші аптасында туылған нәресте мерзгілі жетіп туылған деп саналады:

а) 35-37 апта

б) 38-40 апта

в) 41-42 апта

г) 32-34 апта

  1. Мезгілі жетіп туылған нәрестінің белгісіне жатады:

а) терісі жүн қаптаған, тері асты майы нашар дамыған

б) тері қатпарлы, тері асты майы жоқ

в) тері қанталауға және ісінуге бейім болады

г) тері асты майы жақсы дамыған

  1. Мезгілі жетіп туылған нәрестінің белгілеріне жатады:

а) кіндік сақинасы іштің төменгі 1/3 бөлігінде орналасқан, физиологиялық рефлекстер дамымаған

б) кіндік сақинасы семсер тәрізді өсіндімен шат сүйектердің қосылыс аралығының дәл ортасында орналасқан, сору және жұту рефлекстері жақсы дамыған

в) бас сүйектері жұмсақ, жіктері және еңбектері ашық, физиологиялық рефлекстері нашар дамыған

г) басы және тұлғасы үлкенірек, қол-аяқтары қысқа, сору және жұту рефлекстері нашар дамыған

  1. Мезгілі жетіп туылған нәрестінің белгілеріне жатады, тек біреуінен басқалары:

а) тері асты майы жақсы дамыған

б) қыз балаларда үлкен жыныс ернеулері кіші жыныс ернеулерін жауып тұрады

в) ұл балаларда аталық жыныс бездері умадан тыс қалады

г) ұл балаларда аталық жыныс бездері уманың ішінде

  1. Жаңа туылған нәрестінің жағдайын шкала Апгар бойынша бағалайды:

а) туылғаннан кейін 1мин ішінде және 5 мин кейін

б) туылғаннан 2 сағаттан кейін

в) туылғаннан 30 мин кейін

г) алғашқы патронаж өткізгенде

  1. Жаңа туған нәрестінің жағдайы қанағаттанарлық деп есептеледі:

а) шкала Апгар бойынша 7-10 балл

б) шкала Апгар бойынша 9-10 балл

в) шкала Апгар бойынша 8-10 балл

г) барлық жауптар дұрыс

  1. Шкала Апгар белгілеріне жатады, тек біреуінен басқалары:

а) жүрек соғысының жиілігі, тыныс қозғалысы

б) дыбыстарға және жарыққа реакция

в) мұрын катетеріне реакция, терінің түсі

г) бұлшық еттердің тонусы

  1. Қалыпты жағдайда жаңа туған нәрестенің дене температурасын көрсетіңіз:

а) 35,0-360С

б) 36,0-36,40С

в) 36,5-37,50С г) 37,5-380С

  1. Жаңа туған нәрестеге арналған босану бөлмесінің ауа температурасы:

а) 200С

б) 220С

в) 230С

г) 250С төмен емес

  1. Туылған кейінгі нәрестеге антропометрия және толық медициналық тексеруді өткізу уақытын белгілеңіз:№6

а) 15 мин кейін

б) 30 мин кейін

в) 1 сағаттан кейін

г) 2 сағаттан кейін

  1. Жаңа туылған нәрестінің физиологиялық жағдайларына жатады:

а) асфиксия

б) гипотермия

в) жыныс мүшелерінің өзгерістері

г) омфалит

  1. Жаңа туылған нәрестінің физиологиялық жағдайларына жатады, тек біреуінен басқалары?

а) транзиторлық қызба

б) транзиторлық гипотермия

в) физиологиялық сарғаю

г) физиологиялық эритема

  1. Мезгілі жетіп туылған нәрестінің дене салмағының физиологиялық кемуі:

а) 12-14%

б) 10 % дейін

в) 20%

г) 14-16%

  1. Мезгілі жетіп туылған нәрестінің дене салмағы қалпына келеді:

а) 2 күннен кейін

б) 1 айдан кейін

в) 7-10 күнде

г) 20 күннен кейін

  1. Жаңа туылған нәрестінің сүт бездерінің ісіну себебі:

а) сыртқы ортаның әсері

б) шала туылуы

в) ананың эстрогендерінің құрсақ ішінде ұрыққа өтуі

г) қабыну процесі

  1. Жаңа туылған нәрестінің физиологиялық сарғаюның симптомдары:

а) нәрестінің жалпы жағдайы өзгермейді, тері және шырышты қабықтары сарғаяды, несеп және нәжістің түсі өзгермейді, бауыр және көкбауыр ұлғаймайды

б) тері және шырышты қабықтары сарғаяды, несеп қоныр түсті, нәжіс ағарып кетеді, бауыр ұлғаяды

в) нәрестінің жағдайы нашарлайды, тері сарғаяды, бауыр және көкбауыр ұлғаяды

г) нәрестінің жалпы жағдайы ауыр, тері сарғаяды, алақан мен табаны сарғаяды, бауыр ұлғаяды

  1. Неонатальды кезеңінде сарысудың жалпы билирубин деңгейінің арттыруы себебіне жатады:

а) бүйректің физиологиялық жетілмеуі

б) бауырдың физиологиялық жетілмеуі

в) ішектің физиологиялық жетілмеуі

г) орталық жүйке жүйесінің физиологиялық жетілмеуі

  1. Неонатальды кезеңінде сарысудың жалпы билирубин деңгейінің арттыруы себебіне жатады:

а) эритроциттердің биологиялық гемолизі

б) эритроциттердің физиологиялық гемолизі

в) эритроциттердің химиялық гемолизі

г) эритроциттердің термиялық гемолизі

  1. Жаңа туылған нәрестінің жыныс мүшелерінің өзгерістеріне жатады, тек біреуінен басқалары:

а) сүт бездері ісінеді

б) 5-8 күнде қыз баланың қынабынан 2-3 күн 0,5-2 мл қан ағады

в) ұл балалардың умасы ісінеді

г) дене қызуы көтеріледі

  1. Нәрестенің тері қыртыстарының күтім үшін қолданады, тек біреуінен басқалары:

а) 5% перманганат калия ерітіндісі

б) балалар сеппесін

в) балалар кремін

г) зарарсыздандырылған өсімдік майын

  1. Мезгілі жетіп туылған нәрестінің гигиеналық ваннасының судың температурасы:

а) 34-360С

б) 37-37,50С

в) 39-400С

г) 32-340С

  1. Алғашқы жарты жылда балаға гигиеналық ваннасын жүргізеді:

а) күнде

б) күнара

в) аптасына 1 рет

г) аптасына 2 рет

  1. Мерзімінде туылған нәрестенің кіндік қалдығы нешінші күні түседі?

а) 7-10 күнде

б) 2 аптадан кейін

в) 3-5 күнде

г) 2 күннен кейін

  1. Кіндік қалдығының дұрыс күтімін белгілеңіз:

а) құрғақ және таза ұстау, үстін жаппау

б) антисептиктерді қолдану қажет емес

в) нәрестенің киімін таза ұстау, несеп және нәжістің кіндік қалдығына түспеуін қамтамасыз ету

г) барлық жауаптар дұрыс

  1. Мезгілі жетіп туылған нәрестенің кіндік жарасы қалыпты жағдайда жазылады:

а) 7-10 күнде

б) 2-3 күнде

в) 1 ай толғанда

г) 2 аптадан кейін

  1. Перзентханадан шығарғаннан кейінгі жаңа туылған нерестеге үй жағдайында алғашқы патронаж жүргізу мерзімі:

а) алғашқы 5 күн ішінде

б) алғашқы аптада

в) 10 күн ішінде

г) алғашқы 3 күн ішінде

  1. Перзентханадан шығарғаннан кейінгі нәрестені жаңа туылған кезінде учаскілік мейірбикесінің үй жағдайында бақылауының жиілігі:

а) алғашқы туған 3 күннен кейін перзентханадан шыққан соң, 28-ші күні

б) алғашқы туған 3 күннен кейін перзентханадан шыққан соң, 14-ші күні, 28-ші күні

в) алғашқы туған 3 күннен кейін перзентханадан шыққан соң, 7-ші күні, 21-ші күні, 28-ші күні

г) алғашқы туған 3 күннен кейін перзентханадан шыққан соң, 7-ші күні 21-ші күні

  1. Не үшін баланы қатты жөргектеуге болмайды?

а) қатты жөргектелген нәресте жылуды сақтай алмайды

б) қатты жөргектеу нәрестенің емізу үрдісіне кедергі жасайды (толық аузы ашылмайды)

в) жөргектелген нәресте көп ұйықтап, емшекті сұрамайды

г) барлық жауаптар дұрыс

  1. Жүктіліктің қалыпты өтуіне қауіп төндіретін «қатерлі белгілеріне» жатады, тек біреуінен басқалары:

а) қынаптан қан аралас бөлінулер

б) бұлшық еттердің тартуы және қол-аяқ, беттің жансыздануы

в) құрғақ жөтел

г) дененің қызуы 37,50С жоғары

  1. Жүктіліктің қалыпты өтуіне қауіп төндіретін «қатерлі белгілеріне» жатады, тек біреуінен басқалары:

а) бастың қатты ауруы

б) іштің ауруы, құсу

в) қағанақ суының ағып кетуі

г) қыжыл, жүрек айнуы