Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МКЕ педиатрия медбике 4 курс 2017 колонт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.48 Кб
Скачать

Дифтерия

  1. Дифтерия аурудың этиологиясы:

а) микобактериялар

б) коринобактериялар

в) бифидобактериялар

г) хеликобактериялар

  1. Дифтерия ауруында инфекция қандай жолмен таралады?

а) ауа-тамшы

б) ауа-шаң

в) парентералды

г) ауыз арқылы

  1. Дифтерияның негізгі симптомы:

а) энантема

б) ұйылған сүтке ұқсайтын ақ қабық

в) сарғылт-ақшыл түсті іріңді қабық

г) сұрғылт-ақ қабық

  1. Шоғырланған жұтқыншақ дифтерияда қабық:

а) бадамша бездерден жұмсақ таңдайға таралады

б) бадамша бездерден қатты таңдайға таралады

в) бадамша бездерден тіл иіндеріне таралады

г) бадамша бездерден тыс шықпайды

  1. Токсикалық жұтқыншақ дифтерияның симптомы:

а) мойын терісінің қызаруы

б) жұтқыншақ және мойының тері асты майының ісінуі

в) мойының лимфа бездерінің ұлғаюы

г) желке бұлшық еттерінің сіресуі

  1. Көмей дифтерияның стеноздық кезеңінің клиникалық белгілер:

а) ылғалды жөтел, даусы аздап өзгереді

б) құрғақ жөтел, даусының қырылдауы

в) үнсіз жөтел, афония, дем алу қиындайды

г) ұстамалы жөтел, дем шығару қиындайды

  1. Дифтерия ауруының асқынулары:

а) отит, лимфоаденит

б) миокардит, полирадикулоневрит

в) бронхит, пневмония

г) стоматит, пиодермия

  1. Дифтерия ауруында бактериологиялық зерттеуге алады:

а) жұтқыншақ және мұрыннан жағынды

б) қақырықты

в) қанды

г) жұлын сұйығын

  1. Дифтерия ауруының негізгі емі:

а) анатоксин

б) плазма

в) антидот

г) сарысу

  1. Қандай жағдайды алдын алу үшін дифтерияға қарсы сарысуды Безредко әдісімен енгізеді?

а) кардиогенді шокты

б) геморрагиялық шокты

в) анафилактикалық шокты

г) инфекциялы-токсикалық шокты

  1. Дифтерия ауырып жазылған адамдар ауруханадан бактериологиялық зерттеулердің қанша рет теріс нәтижесі алған жағдайда шығарылады?

а) 1 рет

б) 2 рет

в) 4 рет

г) 3 рет

  1. Дифтерия ауруында карантин қанша күнге салынады?

а) 14 күн

б) 10 күн

в) 7 күн

г) 9 күн

  1. Дифтерия ошағында қарым қатынаста болған адамдарға қандай ем алдын алу мақсатымен тағайындайды?

а) антибиотикотерапия

б) антивирустық терапия

в) гормонотерапия

г) химиотерапия

  1. Дифтерия аурумен ауырған науқаспен байланыста болған балаларды қандай дәрігер қарау керек?

а) оториноларинголог

б) офтальмолог

в) пульмонолог

г) невропатолог

Көкжөтел

  1. Көкжөтел аурудың этиологиясы:

а) Кох таяқшасы

б) Леффлер таяқшасы

в) Флекснер бактериялар

г) Борде-Жангу таяқшасы

  1. Науқас бала көкжөтел таяқшасын қанша күн шығарады:

а) 30 күн

б) 20 күн

в) 40 күн

г) 10 күн

  1. Көкжөтел ауруының спазмдық кезеңіне тән:

а) рецидив

б) стридор

в) рефлюкс

г) реприз

  1. Көкжөтел кезіндегі жөтелдің сипаттамасы:

а) қақырық бөлінетін ылғалды жөтел

б) ұстамалы, құрғақ жөтел

в) репризбен өтетін спазмдық жөтел ұстамасы

г) үнсіз жөтел

  1. Көкжөтел ауруының асқынуларына жатады:

а) ревматизм, гломерулонефрит

б) лимфоаденит, стоматит

в) ларингит, ларингоспазм

г) пневмоторакс, өкпе ателектазы

  1. Көкжөтел ауруының негізгі емі :

а) антибиотикотерапия

б) антивирустық терапия

в) аллергияға қарсы терапия

г) химиотерапия

  1. Көкжөтел ауруында науқасты қанша күнге оңашалайды?

а) 10 күн

б) 14 күн

в) 30 күн

г) 21 күн

  1. Көкжөтел ауруында карантин қанша күнге салынады?

а) 21 күн

б) 14 күн

в) 7 күн

г) 10 күн