- •Бала жасының кезеңдері
- •Баланың физикалық дамуы
- •Жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Ерте жастағы балалардың жүйке-психикалық дамуы.
- •Ас қорыту мүшелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру. Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру.
- •Мезгілі жетіп туылған нәрестелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, күтімі
- •Шала туылған нәрестелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, күтімі
- •Туылу кезіндегі жарақаттар
- •Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауру
- •Тері аурулары
- •Кіндік аурулары
- •Сүйек және бұлшық ет жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Гипокальциемиялық синдром (спазмофилия)
- •Экссудативті-катаралды диатез
- •Ерте жастағы балаларда ас қорыту мен тамақтанудың созылмалы бұзылыстары
- •Гельминтоздар
- •Стоматиттер
- •Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Жіті бронхит
- •Жүрек қан-тамыр жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Туа біткен жүрек ақаулары
- •Жіті ревматикалық қызба
- •Қан түзу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Теміртапшылық анемия
- •Гемофилия
- •Тромбоцитопениялық пурпура
- •Геморрагиялық васкулит
- •Жіті лейкоз
- •Несеп түзу және несеп шығару мүшелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Жіті пиелонефрит
- •Жіті гломерулонефрит
- •Эндокринді жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардағы қант диабеті
- •Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу (бшаые)
- •2016 - 2017 Оқу жылы
- •Менингококк инфекциясы
- •Қызылша
- •Қызамық
- •Желшешек
- •Скарлатина
- •Эпидемиялық паротит
- •Дифтерия
- •Туберкулез
- •Иммунизация
- •Педиатриядағы шұғыл жағдайлар
Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу (бшаые)
БШАЫЕ стратегиясының негізгі мақсаттары:
а) 1 жасқа дейінгі бала өлімін төмендету
б) 5 жасқа дейінгі бала өлімін төмендету
в) 5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімді, сондай-ақ аурушаңдықтың жиілігі мен ауырлығын, мүгедектілікті төмендету, физикалық және психикалық дамуын жақсарту.
г) 2 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімін, сондай-ақ аурушаңдықтың жиілігі мен ауырлығын, мүгедектілікті төмендету, физикалық және психикалық дамуын жақсарту
5 жасқа дейінгі балалардың негізгі өлім себептері (БШАЫЕ):
а) пневмония, диарея, малярия, тамақтану бұзылысы, қызылша
б) пневмония, диарея, малярия, дизентерия, қызылша
в) пневмония, диарея, ауыр анемия, туберкулез, менингит
г) пневмония, диарея, көкжөтел, қызба, қызылша
2 айдан 5 жасқа дейінгі барлық ауырған балада міндетті түрде анықталатын жалпы қауіп белгілерін тексереді (БШАЫЕ), тек біреуінен басқалары:
а) бала сусынды нашар ішеді
б) бала емшек еме алмайды немесе сусын іше алмайды, әр тамақтанудан не сусын ішкеннен кейін құсу
в) дәл осы ауру кезіндегі тырысу
г) летаргиялық немесе ес-түссіз
Астмоидты тыныс (БШАЫЕ) -
а) бала дем алғанда, кеуде қуысының төменгі жағын ішке тартылуы
б) бала дем шығарғанда, кеуде қуысының төменгі жағының ішке тартылуы
в) бала дем алған кезде шығатын қатты дыбыс
г) бала демін шығарған кезде естіліп тұрған, ақырын шығатын дыбыс
Стридор (БШАЫЕ)-
а) бала дем алғанда, кеуде қуысының төменгі жағының ішке тартылуы
б)бала дем шығарғанда, кеуде қуысының төменгі жағының ішке тартылуы
в) бала дем алған кезде шығатын қатты дыбыс
г) бала демін шығарған кезде естіліп тұрған, ақырын шығатын дыбыс
Стридор және астмоидтық тынысын анықтау үшін (БШАЫЕ):
а) қолды баланың ішіне қою керек
б) баланың аузына құлақты төсеу арқылы тыңдау
в) фонендоскоп арқылы тыңдау
г) қолды баланың кеуде қуысына қою керек
2 айдан 12 айға дейінгі ауру балада жөтел немесе тыныс алудың қиындауы бар болса, жиіленген тыныс алу деп есептеледі (БШАЫЕ):
а) 1 минутта 60 не одан көп
б) 1 минутта 50 не одан көп
в) 1 минутта 40 не одан көп
г) 1 минутта 30 не одан көп
12 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада жөтел немесе тыныс алудың қиындауы бар болса, жиіленген тыныс алу деп есептеледі (БШАЫЕ):
а) 1 минутта 60 не одан көп
б) 1 минутта 50 не одан көп
в) 1 минутта 40 не одан көп
г) 1 минутта 30 не одан көп
Егер 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада жөтел немесе тыныс алудың қиындауы 30 күннен артық созылса (БШАЫЕ), келесі ауруларға зерттеу жүргізіледі, тек біреуінен басқалары:
а) туберкулез
б) бронх демікпесі
в) көкжөтел
г) бронхит
2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада ауыр пневмонияның белгілеріне жатады (БШАЫЕ), тек біреуінен басқалары:
а) жалпы қауіп белгілердің кез-келгені
б) кеуде қуысының ішіне тартылуы
в) жиіленген тыныс алу
г) тыныш кезіндегі стридор
Егер 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада пневмония және астмоидты тыныс алуы бар болса, қандай бронхолитик тағайындалады (БШАЫЕ)?
а) сальметерол
б) сальбутамол
в) кленбутерол
г) фенотерол
Пневмония кезінде 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада қандай ауыз арқылы берілетін антибиотик тағайындалады (БШАЫЕ)?
а) амоксициллин
б) ципрфлоксацин
в) эритромицин
г) гентамицин
Ауыр пневмония кезінде стационарға шұғыл түрде жолданатын және бактерияға қарсы дәріні ауыз арқылы қабылдай алмайтын 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балаларға қандай антибиотиктерді бұлшық етке енгізеді (БШАЫЕ)?
а) эритромицин, тетрациклин
б) ципрфлоксацин, цефтриаксон
в) ампициллин, гентамицин
г) бициллин, пенициллин
2 айдан 5 жасқа дейінгі ауырған баланы шұғыл түрде анасы тез арада қайтып алып келуі тиіс (БШАЫЕ), егер балада:
а) қызба пайда болса
б) жағдайы нашарлағанда
в) сусын іше алмаса немесе еме алмаса
г) барлық жауаптар дұрыс
Диареясы бар 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада сусыздану дәрежесін келесі белгілері арқылы анықтайды (БШАЫЕ), тек біреуінен басқалары:
а) летаргиялық немесе ес-түссіз, мазасыз немесе қатты ашуланшақ
б) тері қатпары баяу немесе өте баяу жазылады, көздері шүңірейген
в) сұйықтық іше алмайды немесе нашар ішеді, сұйықтық шөліркеніп, сараңдықпен ішеді
г) қызба, жұтынғанда ауырсыну, құсу
2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада диарея болса (БШАЫЕ), нені қараймыз және анықтаймыз?
а) кеуде қуысының ішіне тартылуын, стридор немесе астмоидтық тынысы бар ма, тынысы жиіленген бе?
б) көзге көрінетін қатты азу белгілері, алақандарының бозаруы, екі аяғының ісігі бар ма?
в) летаргиялық немесе ес-түссіз күйде ме, мазасыз немесе қатты ашуланшақ па, көздері шүңірейген бе, сұйықтық іше алмайды немесе нашар ішеді ма, сұйықтық шөліркеніп, сараңдықпен ішеді ме, тері қатпары баяу немесе өте баяу жазылады ма?
г) тамағында ақ өнез бар ма, мойын лимфа түйіндерінің ұлғайюы бар ма?
2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада диарея болса ауыр сусыздану белгілеріне жатады (БШАЫЕ), тек біреуінен басқалары:
а) летаргиялық немесе ес-түссіз күйде, көздері шүңірейген
б) сұйықтықты іше алмайды немесе нашар ішеді
в) тері қатпарлары өте баяу жазылады
г) тері қатпарлары баяу жазылады
2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада диарея болса орташа сусыздану белгілеріне жатады (БШАЫЕ), тек біреуінен басқалары?
а) мазасыз немесе қатты ашуланшақ, көздері шүңірейген
б) сұйықтықты іше алмайды немесе нашар ішеді
в) сұйықтық шөліркеніп, сараңдықпен ішеді
г) тері қатпарлары баяу жазылады
Ауру балада диарея болса ішінің тері қатпарларының реакциясын (БШАЫЕ) қай жерде тексереді?
а) кіндігі мен іштің бүйір жағының арасында
б) оң қабырға астында
в) эпигастрий аймағында
г) сол қабырға астында
Диареясы бар ауру балада сусыздану белгілері жоқ болса (БШАЫЕ), қандай емдеу жоспарын тағайындайды?
а) А жоспары
б) В жоспары
в) Б жоспары
г) емдеу жоспарын 5 күннен кейін анықтайды
Диареясы бар ауру балада орташа сусыздану белгілері бар болса, (БШАЫЕ) қандай емдеу жоспарын тағайындайды?
а) А жоспары
б) В жоспары
в) Б жоспары
г) емдеу жоспарын 2 күннен кейін анықтайды
Диареясы бар ауру балада ауыр сусыздану белгілері бар болса, (БШАЫЕ) қандай емдеу жоспарын тағайындайды?
а) А жоспары
б) В жоспары
в) Б жоспары
г) емдеу жоспарын тек стационарда педиатр тағайындайды
Диареяны үйде А жоспар бойынша емдеу жүргізгенде (БШАЫЕ), қандай дәрі-дәрмек тағайындайды?
а) темір препаратын
б) цинк препаратын
в) кальций препаратын
г) магний препаратын
Диареяны үйде емдеу кезінде А жоспар (БШАЫЕ) бойынша тағайындайды:
а) сиыр сүтін, ішке кальций препараттарын
б) қосымша сұйықтықтар беру (пероралды регидратациялық тұз, сорпа, күріштің суы, айран, биолакт, таза су), ішке цинк препараттарын
в) пероралды регидратациялық тұз 75 мл/кг мөлшерінде 4 сағат ішінде беру
г) көк тамырға физиологиялық ерітіндісін 100 мл/кг мөлшерінде енгізу
Диареяны Б жоспар бойынша емдеу кезінде тағайындайды (БШАЫЕ):
а) сиыр сүтін, ішке кальций препараттарын
б) қосымша сұйықтықтар беру (пероралды регидратациялық тұз, сорпа, күріштің суы, айран, биолакт, таза су), ішке цинк препараттарын
в) пероральдық регидратациялық тұз 75 мл/кг мөлшерінде 4 сағат ішінде беру
г) көк тамырға физиологиялық ерітіндісін 100 мл/кг мөлшерінде енгізу
Диареяны В жоспар бойынша емдеу кезінде тағайындайды (БШАЫЕ):
а) көк тамырға физиологиялық ерітіндісін 50 мл/кг мөлшерінде енгізу, ішке кальций препараттарын
б) қосымша сұйықтықтар беру (пероралды регидратациялық тұз, сорпа, күріштің суы, айран, биолакт, таза су), ішке цинк препараттарын
в) пероральдық регидратациялық тұз 75 мл/кг мөлшерінде 4 сағат ішінде беру
г) көк тамырға физиологиялық ерітіндісін 100 мл/кг мөлшерінде енгізу
Диарея емдеуінде қандай ерітіндімен ауыз арқылы регидратацияны (БШАЫЕ) жүргізеді?
а) глюкоза ерітіндісімен
б) натрий хлорид гипертониялық ерітіндісімен
в) пероралды регидратациялық тұз ерітіндісімен
г) натрий хлорид физиологиялық ерітіндісімен
Пероралды регидратациялық тұз мен қайнаған суды қандай арақатынысымен ерітеді?
а) 1 пачка 1 литр суға
б) 2 пачка 1 литр суға
в) 1 пачка 0,5 литр суға
г) 2 пачка 0,5 литр суға
Ауыр сусыздануда диареясы бар ауру балаға (БШАЫЕ) қандай сұйықтықты көк тамырға енгізеді?
а) кальций хлорид ерітіндісін
б) калий хлорид ерітіндісін
в) глюкоза ерітіндісін
г) натрий хлорид физиологиялық ерітіндісін
Ауру балада орташа сусыздану болса (БШАЫЕ) ұсынған пероралды регидратациялық тұз мөлшерін қанша уақытта беру керек?
а) 4 сағат ішінде
б) әр сұйық нәжістен кейін
в) 12 сағат ішінде
г) 8 сағат ішінде
Егер диареяда ауру баланың нәжісінде қан аралас болса (БШАЫЕ),Сіз қалай жіктейсіз?
а) пневмония
б) тамақтану бұзылысы
в) ауыр анемия
г) дизентерия
Егер 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада диарея ұзақтығы 14 күн және одан да ұзақ уақытқа созылса(БШАЫЕ), диареяны Сіз қалай жіктейсіз?
а) сусыздану жоқ
б) созынқы диарея
в) тамақтанудың ауыр бұзылуы
г) дизентерия
Алақандарының көрнекті бозаруы (БШАЫЕ) тән:
а) анемияға
б) ауыр анемияға
в) диареяға
г) салмағы төмен балаға
Алақандарының шамалы бозаруы (БШАЫЕ) тән:
а) ауыр анемияға
б) анемияға
в) пневмонияға
г) салмағы төмен балаға
2 айға дейінгі нәрестенің өте ауыр ауруының белгілеріне жатады (БШАЫЕ), тек біреуінен басқалары:
а) тамақтанудан бас тартса
б) жиіленген тыныс алу минутына 50 не одан көп
в) жиіленген тыныс алу минутына 60 не одан көп
г) тырысу
2 айға дейінгі нәрестенің өте ауыр ауруының белгілеріне жатады (БШАЫЕ), тек біреуінен басқалары:
а) кеуде қуысының ішіне тартылуы
б) кеуде қуысының ішіне қатты тартылуы
в) қимылдардың болмауы
г) ынталандырған кезде ғана қимыл жасауы
2 айға дейінгі нәрестенің өте ауыр ауруының белгілеріне жатады (БШАЫЕ), тек біреуінен басқалары:
а) қызба (37,50С не одан жоғары)
б) дене қызуының төмен болуы (36,50С төмен болуы)
в) дене қызуы 37,00С
г) тырысу
2 айға дейінгі ауру нәрестенің тыныс алуы жиі деп есептеледі (БШАЫЕ):
а) 1 минутта 60 не одан көп
б) 1 минутта 50 не одан көп
в) 1 минутта 40 не одан көп
г) 1 минутта 30 не одан көп
Өте ауыр ауру кезінде стационарға шұғыл түрде жолданатын және бактерияға қарсы дәріні ауыз арқылы қабылдай алмайтын 2 айға дейінгі нәрестеге қандай бактерияға қарсы дәрі-дәрмектерді бұлшық етке енгізеді (БШАЫЕ)?
а) гентамицин, ампициллин
б) эритромицин, тетрациклин
в) ципрфлоксацин, цефтриаксон
г) бициллин, амоксициллин
2 айға дейінгі нәрестеде терідегі іріңді бөртпелерді және кіндік инфекциясын жергілікті емдеу үшін не қолданылады (БШАЫЕ)?
а) тетрациклин майы
б) 1% бриллиант жасыл спирт ерітіндісі
в) эритромицин майы
г) 5% перманганат калий ерітіндісі
2 айға дейінгі нәрестенің жергілікті бактериалды инфекцияны емдеу үшін (БШАЫЕ) ауыз арқылы қандай бактерияларға қарсы дәрі-дәрмек тағайындайды?
а) амоксициллин
б) ампициллин
в) эритромицин
г) тетрациклин
2 айға дейінгі нәрестеде жергілікті бактериалды инфекциялардың белгілеріне жатады (БШАЫЕ), тек біреуінен басқалары:
а) кіндіктің қызаруы
б) терідегі іріңді бөртпелер
в) кіндік жарығы
г) кіндіктен іріңді бөлінділердің ағуы
Мерзіміне жетіп туылған нәрестелерде сарғаю (БШАЫЕ) қайтады:
а) 14 күнде
б) 21 күнде
в) алғашқы 36 сағат ішінде
г) 28 күнде
Шала туылған нәрестелерде сарғаю (БШАЫЕ) қайтады:
а) 14 күнде
б) 21 күнде
в) алғашқы 36 сағат ішінде
г) 28 күнде
2 айға дейінгі нәрестенің ауыр сарғаю белгілеріне жатады (БШАЫЕ), тек біреуінен басқалары:
а) алғашқы 36 сағаттан кейін пайда болатын сарғаю
б) алғашқы 24 сағатта пайда болатын сарғаю
в) алақандарының кез келген жаста сарғаюы
г) кез келген жаста табандарының сарғаю
2 айға дейінгі нәрестенің ауыр сарғаюы кезінде (БШАЫЕ) шұғыл емдеуіне жатады, тек біреуінен басқалары:
а) гипогликемияның алдын алуы
б) анасына стационарға барар жолда нәрестені қалай жылыту керектігін түсіндіру
в) стационарға шұғыл түрде жолдама беру
г) бактерияларға қарсы дәрі-дәрмектің бірінші дозасын бұлшық етке енгізу
2 айға дейінгі ауру балада диарея болса, қандай белгілері арқылы сусыздану дәрежесін анықтайды (БШАЫЕ), тек біреуінен басқалары:
а) ынталандырған кезде ғана кимылдау немесе қимылдардың болмауы
б) тері қатпарының баяу немесе өте баяу жазылады
в) көздері шүңірейген
г) барлық жауаптар дұрыс
2 айға дейінгі нәрестені анасы тез арада медициналық көмекке жүгінуге керек (БШАЫЕ), егер:
а) қызба пайда болса
б) алақандары мен табандарының сарғаюы
в) денесі әдеттегіден салқын сезілсе
г) барлық жауаптар дұрыс
2 айға дейінгі нәрестені анасы тез арада медициналық көмекке тез арада алып келуі керек (БШАЫЕ), егер:
а) нашар емсе
б) жиіленген тыныс алу
в) аз қимылдаса
г) барлық жауаптар дұрыс
Салмағы төмен нәрестеге «кенгуру» әдісі бойынша күтім жүргізеді, егер:
а) тек емшекпен емізсе
б) нәрестенің жағдайы қалыпты болса
в) өз бетінше дем алса
г) барлық жауаптар дұрыс
Сәбиді емізуді қате ұстау белгісін белгілеңіз:
а) сәбидің иегі емшекке тимей тұр
б) сәбидің аузы барынша ашық
в) астыңғы еріні сыртқа шығыңқы болады
г) емшектің басым бөлігі астынан емес, үстіне көрініп тұр
Сәбиді емізуді қате ұстау белгісін белгілеңіз:
а) сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады
б) сәбидің аузы барынша ашық
в) астыңғы еріні сыртқа шығыңқы болады
г) емшектің ареоласының басым бөлігі үстінен емес, астынан көрініп тұр
«Педиатриядағы медбикелік іс» пәні бойынша
мемлекеттік кешенді емтиханның тест сұрақтары
Мамандығы «Медбикелік іс» ІV курс VІІІ семестр
