- •Бала жасының кезеңдері
- •Баланың физикалық дамуы
- •Жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Ерте жастағы балалардың жүйке-психикалық дамуы.
- •Ас қорыту мүшелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру. Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру.
- •Мезгілі жетіп туылған нәрестелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, күтімі
- •Шала туылған нәрестелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, күтімі
- •Туылу кезіндегі жарақаттар
- •Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауру
- •Тері аурулары
- •Кіндік аурулары
- •Сүйек және бұлшық ет жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Гипокальциемиялық синдром (спазмофилия)
- •Экссудативті-катаралды диатез
- •Ерте жастағы балаларда ас қорыту мен тамақтанудың созылмалы бұзылыстары
- •Гельминтоздар
- •Стоматиттер
- •Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Жіті бронхит
- •Жүрек қан-тамыр жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Туа біткен жүрек ақаулары
- •Жіті ревматикалық қызба
- •Қан түзу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Теміртапшылық анемия
- •Гемофилия
- •Тромбоцитопениялық пурпура
- •Геморрагиялық васкулит
- •Жіті лейкоз
- •Несеп түзу және несеп шығару мүшелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Жіті пиелонефрит
- •Жіті гломерулонефрит
- •Эндокринді жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардағы қант диабеті
- •Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу (бшаые)
- •2016 - 2017 Оқу жылы
- •Менингококк инфекциясы
- •Қызылша
- •Қызамық
- •Желшешек
- •Скарлатина
- •Эпидемиялық паротит
- •Дифтерия
- •Туберкулез
- •Иммунизация
- •Педиатриядағы шұғыл жағдайлар
Гемофилия
Гемофилия қандай ауру?
а) инфекциялық-аллергиялық ауру
б) отбасылық бейімі бар ауру
в) х-доминанты қиылыса берілетін іштен болатын ауру
г) х-рецессивті қиылыса берілетін іштен болатын ауру
Гемофилия ауруында қанаққыштық не себептен болады?
а) плазмалық факторлардың коагуляциялық (қан ұю) белсенділігінің кемуі
б) тромбоцитарлық қан ұйыту факторлардың белсенділігінің кемуі
в) тромбоциттердің санының азаюы
г) антикоагулянттардың жетіспеушілігі
А гемофилияда қандай қан ұю факторының жетіспеушілігі анықталады?
а) IX
б) XI
в) VIII
г) XII
В гемофилияда қандай қан ұю факторының жетіспеушілігі анықталады?
а) IX
б) XI
в) VIII
г) X
Гемофилияның негізгі клиникалық симптомдары:
а) теріде және шырышты қабығында қанталау өзінен-өзі пайда болады, мұрынан қан ағу, көкбауыр ұлғаяды
б) теріде симметриялы қанталау, буындық синдром, іші қатты ауырады
в) тері және шырышты қабықтары бозарады, бауыр ұлғаяды
г) теріде гематома, гемартроз, қан ұю мерзімі ұзарады
Гемартроз дегеніміз:
а) буынның ісінуі
б) буынның ауырсынуы
в) буынға қан құйылуы
г) буынның деформациясы
Гемартроз қандай аурудың клиникалық көрінісі?
а) анемия
б) гемофилия
в) тромбоцитопениялық пурпура
г) геморрагиялық васкулит
Гемофилия ауруында қан өзгерістері:
а) қан ұю мерзімі ұзарады
б) тромбоциттердің саны азаяды
в) эритроциттердің саны азаяды
г) қан ағу уақытының артуы
Гемофилия ауруында дәрі-дәрмектерді енгізуге болмайды:
а) көк тамырға
б) бұлшықетке
в) тік ішекке
г) ауыз арқылы
Баланың мұрнынан қан кеткенде Сіздің тактикаңыз:
а) баланы отырғызып, басын түзу ұстау
б) баланы отырғызып, басын артқа қарай шалқайту
в) баланы отырғызып, басын алға қарай еңкейту
г) баланы отырғызып, басын қан кетіп жатқан жаққа қарай қисайту
Гемофилия ауруындағы негізгі емдік-сауықтыру шараларына жатады, тек біреуінен басқалары:
а) спорпен шуғылдану, дене шынықтыру сабағына қатысу
б) жарақаттанудың алдын алу
в) емдік дене шынықтыру, массаж, жүзу
г) созылмалы инфекция ошақтарын санациялау
Гемофилия ауруында кез келген манипуляция, тіс экстракциясы (жұлу) қандай дәрігердің бақылауымен жүргізіледі?
а) жалпы тәжірибелі дәрігерімен
б) хирург-травматологпен
в) стоматологпен
г) гематологпен
Гемофилиямен ауырған баланың диспансерлік бақылаудың мерзімі?
а) 3 жыл
б) өмірлік бақылау
в) 5 жыл
г) 15 жасқа дейін
Тромбоцитопениялық пурпура
Тромбоцитопениялық пурпураның этиологиясы:
а) бактериялдық инфекция
б) радиация
в) кандидалар
г) вирустық инфекция
Тромбоцитопениялық пурпураның асқынуы қалай аталады?
а) криз
б) рецидив
в) ремиссия
г) реинфекция
Тромбоцитопениялық пурпураның көрнекті сипаты:
а) симметриялы, қайталап шығу, гепарин қолданғанда жоғалуы
б) полихромдық, полиморфтық, симметрия сақталмауы, бірден өзінен-өзі пайда болуы
в) симметриясыз шығу, қышыну, диета бұзғанда қайтадан шығу
г) жарақат алғаннан кейін шығу, күшті ауырсыну, ұзақ уақыт қайытпау
Тромбоцитопениялық пурпурада қандай мүше ұлғаяды?
а) бауыр
б) шеткі лимфа түйіндері
в) көкбауыр
г) ішкі лимфа түйіндері
Тромбоцитопениялық пурпурада қан талдауындағы өзгерістері:
а) тромбоциттердің саны көбейеді
б) эритроциттердің саны азаяды
в) тромбоциттердің саны азаяды
г) лейкоциттердің саны көбейеді
Тромбоцитопениялық пурпураның емдеуінде қолданатын дәрі-дәрмектер:
а) дицинон, эпсилон-аминокапрон қышқылы
б) гемофер, тардиферон
в) гепарин, трентал
г) винкристин, рубомицин
Тромбоцитопениялық пурпурада қанаққыштық жүргізілген емге бой бермесе қандай операция жасайды?
а) аппендэктомия
б) холецистоэктомия
в) спленэктомия
г) аденомэктомия
Спленэктомия қандай ауруында жүргізіледі?
а) тромбоцитопениялық пурпура
б) геморрагиялық васкулит
в) гемофилия
г) лейкоз
