Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gerbariy__1199_lgi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.34 Mб
Скачать

Сурет-3.2.9. Малиновая

Ағаштан үзіп алынған жемістері 10-12 күнге дейін бұзылмай сақталады

және тасуға едәуір көнбісті болып келеді. Суыққа онша төзімді

еместігіне қарамастан, ол өте белгілі сорт. Климат жағдайы бау

шаруашылығы қолайлы аймақтардадың бәрінде өсіруге болады. Жемісі

тамыздың екінші жартысында піседі, жас күйінде жеуге өте тартымды

болып келеді. Жемісінен көбінесе джем жасауға да жарамды,

кептіргендігісі сапалы мармелад, сусын, компот, шарап және шырын

жасалынады.

Шиенің сорттары

Ботаникалық бауда шиенің Вишня комсомольская, Желанная және

Черешня ревинсон атты сорттары аудандастырылған.

Вишня комсомольская

Орташа мерзімде пісетін, қысқа төзімділігі жоғары,борсуға төзімді,

ішінара өзіндік тозаңданатын сұрып. Бұтаның өнімділігі 4-8 кг. Жасыл

қалемшелермен жақсы көбейетін сұрып.

Сурет-3.2.10. Вишня комсомольская

Жас бұтақшаларды аз қалыптастырады. Орташа биіктіктегі бұта (1,5-2 )

кейде көп діңді шошақты жайылған бөрікбасты. Жеміс салуға 5-жылы

кіріседі. Жемістері ұзынша домалақша, қызыл, ірі, массасы 3,6 г.

Шырыны қызғылт. Сүйегі орташа, мәйегінен жеңіл бөлінеді. Шие тез

өсетіндігімен және ерте жеміс салатындығымен – 3- 4 жылында

ерекшеленеді. Өнімді кезеңі 12-15 жылдан аспайды. Жемістері балаң

және тоңазытылған күйінде пайдаланылады, сондай-ақ мармелад,пастила,

кепкен жеміс, тосап, морс, сироп, жендек, компот, шарап дайындалады.

ЖЕЛАННАЯ

Ағаш бөрікбастарының биіктігі 4-8 м орталығы діңгектің жуандығы

50-60 см. Гүлдері ірі, ақшыл - қызыл. Ағаштарының өмір сүру ұзақтығы

50-80 жыл.Өнімді тікпе көшеттері отырғызылғаннан кейін 4-6 жылдардан

соң береді.

Сурет-3.2.11. Желанная

Гектарынан орта есеппен 80-150 ц өнім алынады. Жемісі етті, тәтті,

ақшыл, ақшыл - қызыл, сары, кейде өте қызғылт, қарақошқыл түсті

келеді.Сүйегі оңай айырылады. Ағаштан үзіп алынған жемістері 6 күнге

дейін бұзылмай сақталады және тасуға едәуір көнбісті. Жемістері жасаң

күйінде және тосап,шарап,шырын ретінде пайдаланады.

ЧЕРЕШНЯ РЕВИНСОН

Кештеу пісетін, қысқа орташа төзімді, құрғақшылыққа төзімді сұрып.

Өнімділігі орташадан жоғары, 4-жылы бір бұтадан 3,5 кг дейін өнім

жиналады. Бұта орташадан биіктеу кең шошақты, қоюлығы орташа

бөрікбасты.

Сурет-3.2.12. Черешня ревинсон

Жеміс салуға 4 - жылы кіріседі. Жемістері біркелкі, домалақ,

қызыл, ірі, массасы 3,7 г бұтақта ұзақ және жақсы күйінде сақталады.

Мәйегі қызыл, шырынды, қышқылтым (4,2ұпай ). Сүйегі мәйегінен жеңіл

босайды. Әмбебап қолданыстағы сұрып. Жемістері балаң күйінде және

компотта да жақсы – 4,4 ұпай, тосапта да - 4,2 ұпай сиропқада өте

тартымды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]