- •3.2 Ботаникалық бауда өсірілетін негізгі сүйекті жеміс ағаштарының өсу жағдайлары және биологиялық ерешеліктері
- •Алхорының сорттары.
- •Слива – венгерка домашняя.
- •Cурет-3.2.1. Слива – Венгерка домашняя
- •Слива-фиолетово-красная
- •Сурет-3.2.2. Слива-Фиолетово- Красная
- •Манчжурьская красавица.
- •Сурет-3.2.6. Манчжурьская красавица
- •Көксұлтан
- •Сурет-3.2.7. Көксұлтан
- •Алшаның сорттары
- •Фиолетовая десертная
- •Сурет-3.2.8. Фиолетовая десертная
- •Малиновая
- •Сурет-3.2.9. Малиновая
- •Шиенің сорттары
- •Вишня комсомольская
- •Сурет-3.2.10. Вишня комсомольская
- •Өріктің сорттары
- •Хосровшам
- •Сурет-3.2.13. Хосровшам
- •Никитский – краснощекий
- •Сурет-3.2.14. Никитский-красношекий
- •Қызылбет
- •Сурет-3.2.15. Қызылбет
- •Шабдалының сорттары.
- •Киевский ранний.
- •Сурет – 3.2.16. Киевский ранний
- •Эльберта.
- •Сурет-3.2.20. Инжир
- •Қарағаш (Ulmus – вияз, берест, ильма)
- •Қарағаш (Ulmus – вияз, берест, ильма)
- •Райхан немесе Насыбайгүл (Ocimum basilicum)
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ботаникалық бауға қысқаша сипаттама.
Түркістан қаласы бұрын Ұлы Жібек жолында жатқан ең ірі және Тұран мемлекетінің рухани орталығы болған, қазіргі заманда қайтадан өркендеп келеді. 1991 жылы бұл жерде А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университеті ашылды.
Соңғы уақытта бұл аймақта туристік қатынастар ұлғаюда, бірақ ауа райы Түркістан қаласында өте құбылмалы , антропогендік шөлденуге ұшырады, тоғайлар тек қана өзеннің бойында ғана қалды. Қызыл құмнан ұрған ыстық жел кедергісіз Түркістанға дейін жетеді. Соңғы жылдары жылдың орташа температурасы 1 °C көтерілді, жылдық жауын – шашын 28 мм – ге дейін азайды.
Өте құнды жергілікті өсімдіктер мен жеміс – жидектер толық жойылып кету шегінде тұр. Қалада отырғызылған талдар мен бақтар өте кедей, оған қос өзінің габитуальдық және басқа да морфологиялық белгілері адамдарға жағымды жағдай тудыра алмайды, санитарлы гигиена жағдайын жақсартуға, эстетикалық сұраныстарын қанағаттандырмайды. Осыған байланысты бұл аймақта өспейтін өсімдіктерді отырғызып ғылыми тұрғыдан дайындау және оның өсуіне ықпалды технологияда өсіру. Өте үлкен тұрмысты экономикалық маңызы бар.
1993 жылы 30 маусымда Алматыда қол қойылған Ынтымақтастық келісім мен қосымша жарғыға сәйкес университеттің Университет кампусын көгалдандыру жұмыстары аясында 1994 жылы жалпы көлемі 100 гектарлық ботаникалық бақ ашылды. (сурет 2.2.2.)
(сурет 2.2.2.) А Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Ботаникалық бағы.
Қазіргі таңда бақта 127 түрге жататын 50 мыңға жуық ағаш бар. 2000 оқу жылынан бастап университеттегі биология мамандығының студенттеріне ботаникалық бақта практикалық сабақтар оқытыла бастады. 2012 жылы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің қолдауымен ботаникалық бақта аумағы 200 м2 жылыжай ашылды. 2013 жылы жаңадан дайындалған жоба шеңберінде университеттің шеңберінде көгалдандыру жұмыстарды атқару үшін, арнайы көшеттер өсіріле бастады.
Ботаникалық бақты жобалау кезінде жаңадан аймақтық территориялар анықталған. Олар мына сектірлерге бөлінеді: көрме саябағы; тәжірибелік зеріттеу; шаруашылық.
Көрме саябақтың құрамына кіретіндер
Дендрарий;
декаративтік бақтандыру аймағы;
су және су маңындағы өсімдіктер;
розари;
декаративтік гүлдендіру;
сиренгарий;
мәдени өсімдіктерінің өсіру жобасы;
Қазақстандағы өсімдіктер;
Қайыңды ормандар;
Қылқанжапырақты өсімдіктерінің өсіру жобасы.
Тәжірибелік зеріттеу секторы питомник және 12 аймақтан тұрады.
Ботаникалық бақтың дендрариі бақты орналастыру техникасы және бақ – саябақ архитектурасының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып ландшафт саябақ түрінде салынған. Бұл өсімдіктердің декаративті құрылыстарын және түрлерін әртүрлілігін анықтап, ағашты өсімдіктер таңдап зеріттеу мүмкіндіктерін туғызып, декаративтік бақтандыруға және көгалдандыруға жол ашады.
Зерттеу барысында маршруттық әдіспен ботаникалық бақта ағаштардың және шөптесін өсімдіктердің түрлік құрамы және фитосанитарлық жағдайы зеріттелді.
Ботаникалық баудағы өсірілетін негізгі шекілдеуікті жеміс ағаштарының өсу, сақтау жағдайлары және биологиялық ерекшеліктері.
Бүгінгі таңда Түркістан Ботаникалық бауда өсімдіктің бұталардың сорттары, сәндік ағаштардың 98 түрі өсіп тұр. Осы жоғарыда аталған өсімдіктермен қатар питомникте 3 тұқымдас және 9 түрлі дәнекті және дәнді жеміс ағаштарынан 29 сорты бар. Ботаникалық баудағы өсімдіктердің басым көпшілігі 12-15 жылдан бері өсім жемісін беріп келеді және біздің зерттеуіміздің объектісі қызметін атқаруда . Қазіргі таңда Түркістан қаласының Ботаникалық баудағы негізгі шекілдеуік жеміс-ағаштарының сорттары мыналар:
Джонатан -Америкалық сорт. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында аудандастырылыған. (сур. 3.3.1)
Ағаштары өскелең, крондары кең, дөңгелек, өте қою. Суыққа төзімді. Жемісі ерте - 4-5 жылда салады, өнімді жыл сайын береді. Әрбір ағаштан орта есеппен 70-88 кг жеміс алынады.
(сур. 3.3.1 – Джонатан сорты)
Алмасының ірілігі орташа (135 г), бір жағы шошақтау келген дөңгелек, ақшыл сары түсті, қызыл қоңыр реңді. Жұмсағы ақшыл, сарғыш, нәзік, шырынды, қышқылтым тәтті.
Боровинка: Орыстың күздік байырғы сорты. Ағашы қысқа төзімді. әрбір 2 центнерге дейін жеміс береді. Жемісінің ірілігі орташа, түсі көкшілсары жол-жол болады, дәмі қышқыл-тәтті (сур. 3.32).
(сур. 3.3.2 – Боровинка сорты)
Мелба – Канадалық сорт. Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылыған. Ағаштары орташа өседі, суыққа төзімді, крондары ағаштың жас шағынан сопақша, ал жеміс берген уақытта аумақты , кең болады (сур. 3.3.3).
(сур. 3.3.3 – Мелба сорты)
Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі –орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 75-100 кг. Жемісінің ірілігі орташа (130 г), түсі көкшіл сары, жұмсақ ақ, шырынды, қышқылтым тәтті, өзіне тән жақсы иісі бар.
Ранет Симиренко – Украиндық сорт. Қазақстан Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында аудандастырылған. (сур. 3.3.4)
(сур. 3.3.4 – Симиренко сорты)
Ағаштары өскелең, крондары дөңгелек немесе тайпақтау келеді. Суыққа онша төзімді емес. Жемісті ерте 4-5 жылда салады, жыл сайын өнім береді. әрбір ағаштан орта есеппен (140 г), бір жағы шошақтау келген домалақ, ашық жасыл, қабығының астынан толып жатқан ақшыл нүктелер көірініп тұрады. Жұмсағы сарғылт жасыл, тығыз, сулы, қышқылтым тәтті, хош иісті, шырынды.
Киргизское зимнее. Сорт Қырғыз ботаникалық бағында шығарылған. Апорт сорты мен кинг девид сортының буданы. Талдықорған облысында аудандастырылған (сур. 3.3.5).
(сур. 3.3.5 – Киргизское зимнее сорты)
Ағаштары өскелең, крондары орташа, жинақы, суыққа төзімді. Өнімді ағаш отырғызғаннан кейін 6-7 жылда салады. Жемісті жыл сайын береді, бір ағаштан орта есеппен 30-40 кг алма жиналады.
Талгарская красавица - Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы институтында лесная красавица сортының екпе көшеттерінен шығарылған. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс облыстарында аудандастырылған
(сур. 3.3.6).
Ағаштарының биіктігі орташа, крондары пирамидалды, тығыздығы орташа, суыққа өте төзімді. Жемісті жыл сайын мол салады, отырғызылғаннан кейін 5-7 жылда өнім береді. Әрбір жеміс ағашынан орта есеппен 140-280 кг өнім алынады. Лесная крсавица сортынан 2-3 апта кеш піседі. Жемісі ақшыл сары, тығыз, шырынлы , кіртілдек, дәмі тәтті.
(сур. 3.3.6 – Талгарская красавица сорты)
Аса құнды тағамдық өнім - жас жемістер адам организмін оның бір қалыпті жұмыс істеуі үшін қажетті витаминдер мен минералды тұздар мен, органикалық қышқылдармен, биологиялық активті заттармен қамтамасыз ететін негізгі көз болып табылады.
Лесная красавица
Алмұрт көп күтімді қажет етпейді, жылу сүйгіш, суыққа төзімсіз ағаш. Биікт. 10-12 м болады. Бұтақ шоғырының аумағы жалпақ, пирамида тәрізді. Жапырағы жұмыртқа пішінді, түксіз, жылтыр (сур. 3.3.7).
Гүлі ақ, қызғылт, сарғыш, кейде қызыл түсті, гүлтабақшасына шоғырланған. Жемісі — сары, жасыл не қызғылт түсті сопақша келеді. Салм. 20-300 гр-дай. Алмұрт отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда жеміс бере бастайды, 40-50 жылдай өседі. Мәдени сұрыптарын ұластыру арқылы өсіреді. Қазақстанда 14 сұрпы аудандастырылған, оның Орман аруы, Талғар аруы, хош иісті Алмұрт, деген сұрыптары кең тараған. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,Қызылорда облыстарында өсіріледі. Өсімдік зиянкестеріне төзімді
(сур. 3.3.7 – Лесная красавица сорты
3.2 Ботаникалық бауда өсірілетін негізгі сүйекті жеміс ағаштарының өсу жағдайлары және биологиялық ерешеліктері
Жеміс-жидек өсіретін шаруашылықтарда мол өнім алу үшін сортқа
ерекше мән беру керек.И.В. Мичурин «Әрбір жеміс ағашының жыл сайын
өнім беру қабілеті-бағалы сорт сапасы қасиеттерінің бірі» - деп атап
көрсетті.Сорттар дұрыс аудандастырылса олардың өнімі де1,5-2есе артады,
cондай-ақ бақ отырғызарда сорттарды дұрыс таңдай білудің де маңызы зор.
Қазіргі кезде өнеркәсіптік бақ шаруашылықтарында жеміс
дақылдарының аласа өсетін сорттары кең өріс алуға тиіс.
Аудандастырылған сорттар арасында өнімді ерте және жыл сайын салатын,
қуаңшылыққа төзімді,көктемде кеш гүлдейтін ағаштар таңдап алынады.
Алхорының сорттары.
Ботаникалық бауда алхорының Слива- Венгерка домашняя, Слива-
Фиолетово-красная, Кеш пісетін Шымкенттік қара өрік, Желтая Хопты,
Слива-рассвет ранний, Манчжурьская красавица және Көксұлтан атты
сорттары аудандастырылған.
Слива – венгерка домашняя.
Ескі сорт, Кіші Азиядан шықты деп жорамалданады.Ағаштары өскелен,
бөрікбастары кең пирамидалы,тығыз.Суыққа төзімділігі орташа.Ағаштары
отырғызылғаннан кейін 6-7 жылда жеміс салады. Бір жылы өнімді өте көп
берсе, екінші жылы аз береді.
Cурет-3.2.1. Слива – Венгерка домашняя
Әбден өсіп жетілген ағаштарынан өнімді мол беретін жылы 40 кило-
грамнан, аз беретін жылы 15-20 килограмнан жемісалынады.Гүл
бүршіктері көбіне жеміс бұтақтарында болады,ал бір жылдық
өсімдіктерінде ол аз. Жемістері үлкен емес, 25-30г, сопақша келген
жұмыртқа тәрізді. Қабығы тығыз, түсі қоңыр көк, оңай сыдырылады.
Жұмсағы тығыз,жасыл сары түсті,сулы,дәмі өте ұнамды,қышқылтым-тәтті,
кейде аздап ауызды қуырады. Сүйегі жұмсағынан оңай айырылады,
жемісі қазанда піседі, үзіліп түспей сабауында қысқа дейін тұрады.
Жинап алынған жеміс 15 күнге дейін шыдайды және тасуға өте төзімді.
Бұл асханалық және техникалық ең таңдаулы сорт, кептіргенде жемісі
жалпы салмағының 25%-дейін жоғалтады.
Слива-фиолетово-красная
Шетелде шыққан сорт. Ағаштары биік, бөрікбастары жинақы. Жемісті
4-5-ші жылда салады. Ағаштарын қысқа сүнгекті етіп өсіріп, құнарлы
жеткілікті топыраққа отырғызу, суаруды азайту керек.Осылай еткенде олар
жақсы өседі және әр ағаштан жыл сайын 25-30 кг өнім алуға болады.Тау
белдеуі аймағында бақылауға алынған 13 жылдың ішінде 1 ағаш орта
есеппен 22,8 килограмнан, ал өнім мол болған жылы 94 килограмнан
жеміс берген.
Сурет-3.2.2. Слива-Фиолетово- Красная
Жемістері ірі, орташа, салмағы 48г, домалақ, кіндігі сәл шұқыр,
қабығы қалың, тығыз, әдемі көкшіл-янтарь түсті. Жұмсағы тығыз, сулы,
әдемі, тілді үйіретін тамаша қышқылтым – тәтті дәмі бар. Жемісі
қыркүйектің басында піседі.Жинап алынған жеміс 10күнге дейін шыдайды
және тасуға төзімді.Сорт өзінен ұрықтанады, бірақ оны Виктория, Ренклод
зеленый, Мирабель нансийская, Анна Шпет сорттарымен бірге
отырғызғанда өнімді жақсы береді. Суыққа онша төзімді еместігіне
қарамастан,ол өте белгілі сорт.Климат жағдайы бау шаруашылығы қолайлы
аймақтардадың бәрінде өсіруге болады.
К Е Ш П І С Е Т І Н Ш Ы М К Е Н Т Т І К Қ А Р А Ө Р І К.
Шымкент облысында тараған жергілікті сорт.Тамырының балапан
бұтақшаларынан өсіп – өнеді. Ағаштары өте өскелең, суыққа төзімді,
бөрікбастары сыпырғышқа ұқсайды.Жыл сайын мол өнім береді, жемісінің
дәмдік сапасы толық қанағаттанарлық. Жемістерінің орташа салмағы
25-30г, түсті қоңыр көк. Сүйегі жұмсағынан оңай айырылады. Кеш,
қыркүйекте піседі.Жергілікті халық қара өріктің жас жемістерін шардақта
ұстап, 2-3 айға дейін сақтайды.
Сурет-3.2.3. Кеш пісетін шымкенттік қара өрік
ЖЕЛТАЯ ХОПТЫ.
Уссурий алхорысының екпе көшетінен бағбан Хопты сұрыптап алған.
Қысқа төзімді, бойшаң, бөрікбасы сирек ағаш. Жемісі домалақ пішінді
терең ажымды. Дәмі қышқылтым. Жемістерінің орташа массасы 14-18 г,
ашық сары, сәл ақшыл реңді, тамыздың екінші жартысында піседі, 3-4
күндей сақталады.
Сурет-3.2.4. Желтая Хопты
Өздігінен жеміс бермейді, уссурий алхорысымен тозаңданады.
10 жылдық ағашының өнімділігі 40 кг жетеді. Жемісі компотқа және
тосапқа жарамды. Жемісін жас күйінде жейді, консерві жасауға және
кептіруге пайдаланады.
CЛИВА –РАССВЕТ РАННИЙ.
Шетелде шығарылған сорт. Ағаштарының бойы орташа, бөрікбастары
дөңгелек, суыққа төзімділігі онша емес. Бауға отырғызылғаннан кейін 3-4
жылдан соң жеміс сала бастайды. Алматы облысының тау белдеуі
аймағында бір ағаштан 13 жыл ішінде орта есеппен 15,9 килограмнан,ал
өнім өте мол болған жылы 91 килограмнан жеміс алынды.
Сурет-3.2.5. Слива-рассвет ранний
Жемістерінің ірілігі орташа (32), пішіні домалақ.Қабығы тығыз, күңгірттеу
келген сарғылт жасыл түсті. Күн жақтағы жемістердің білінер-білінбес
қызғылт көк реңі бар.Жұмсағы сарғылт жасыл,нәзік,тәтті және өте дәмді-
4,5балл. Сүйегі оңай айырылады. Жемісі тамыздың екінші жартысында
піседі, тез арада пісіңкіреп кетеді де,шашылып жерге түседі. Піскен кезде
ауа райы жауынды болса, жемістің кіндік түбі кейде жарылып –жарылып
кетеді. Алыс жолға тасу үшін жемісті қатты күйінде, көктей жинайды.
Жемісін жас күйінде жейді,консерві жасауға және кептіруге пайдаланады.
Кептірілген кезде 25,1% құрғақ өнім алынады, оның дәмдік сапасы
жақсы- 4,7 балл.
