Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Калдан агай ЛЕКЦИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.28 Кб
Скачать

Тіл рагы

Ісік тәрізді ауытқулар мен қатерлі ісіктер тілде пайда болса, науқастар оны ерте біледі. Ол тек ауру сезімімен ғана емес, сонымен қатар жұтыну, шайнау, сөйлеу қызметінің бұзылуымен сипатталады. Тіл қызметінің шектелуінің (қай бағытта болса да) диагностикалық маңызы зор. Тілді қолмен ұстап тексерудің өзі қиын емес. Кейбір жағдайда беткей орналасқан жараның көлемі кіші болғанмен, негізінде терең орналасқан сіңбенің (инфильтрат) болуы таңқалдырады.

Қалыпты жағдайда рак ісігі – тілдің бүйір қапталы мен астыңғы бетінде кездеседі. Сондай-ақ аррқы бетінде де орналасуы мүмкін. Ісіктің жаралы формасымен қатар, папиллярлы, сіңбелі түрлері де болады. Олар тілдің алдыңғы, ортаңғы және артқы бетінде жайғасады. Алдыңғы және ортаңғы тіл бөліктеріндекөп жағдайда жалпақ клеткалы мүйізденетін рак кездеседі. Ол жақ асты лимфа түйіндеріне метастаз береді. Ал артқы бөлігінде және тіл түбірінде төмен дифференцияцияланған мүйізденбейтін рак пен лимфоэпителиома кездеседі. Олар сәулелі емге өте сезімтал келеді. Тілдің артқы бөлігінің ісіктері –ішкі мойындырық көктамыры мен жұтқыншақ маңы майлы кеңістігінде орналасатын мойын лимфа түйіндеріне таралады. Тілдің бұл аймағында аралас (сілекей бездерінің ісіктеріне сай) ісіктер де (эпителиомалар) дамиды. Олар баяу дамиды және сәулелі емге көнбейді.

Тіл рагын өзге аурулармен өзге аурулармен шатастырып алмау керек. Ол үшін тіл абсцесіне, жаралы туберкулезге, мерез, папиллит, тіл жемсауы (зоб), миобластома ауруларына тән белгілерді есте сақтау қажет.

Тіл абсцесі

Тамақ ішкенде тілге бөтен дененің енуінен дамуы мүмкін(балық сүйегі,темір немесе жарықшаға).Мұндай жағдайды науқастар көп жағдайда ұмытпайды.2 тәулік уақыттан соң ауру сезімі сыздап,тұрақтанады,тілдің қимылы азаяды,қатаю пайда болады.Абцесстің айыру белгісі ретінде –оның дөңгелек шар тәрізді формасын,тіл арқасының шырышты қабығына жақын орналасуын,ортасында сарғыш немесе ақ дақтың болуын ескеру керек.Кейбір жағдайда жіңішке жыланкөз тесіктің болуы мүмкін. Күмәнділікті жою үшін биопсия жасайды.

Туберкулезді жара- ракты жараға қарағанда жалпақ,жиегі тегіс емес.Тілдің орта сызығында (науа тәрізденген тұсында) инфекциялық қақырық тұрып қалатын тұсында жиі кездеседі.­Өкпе туберкулезінің ашық формасымен ауыратын науқастарда жиі болады.Оны биопсия тәсілімен ажыратады.

Мерездік гумма- ракты сіңбе деп табылуы мүмкін.Егер гумма ыдырап,жара пайда болса,ол ракты жарадан өзінің жиегінің тегістігімен ,түзулігімен ажыратылады.Дұрыс диагноз қойған науқас анамнезі,Вассерманның қанға жасалған реакциясы және биопсия көмектеседі.

Папиллит деп тілдің арқа бөлігінде орналасқан жапырақ тәрізді бүртіктердің қабынуын айтады.Бүртіктер ісініп,қызарып,ауру сезімін тудырады.Сондықтан рактың еміздік тәрізді формасын еске салады.Паппиллитті орналасқан жеріне,басқа бөлімдерге өтпейтін ерекшелігімен ажыратады.

Тіл жемсауы –безді эпителийдің экзофитті өсуі.Ол тілдің артқы бөлігіндегі орта сызық бойында айдар тәрізді болып орналасады.Өз алдына ол қалқанша бездің жалғыз орын ауысып ауытқып орналасуы болуы мүмкін.Өйткені анық қалқанша безі мойнында қалыпты орнында дамымайды.Сондықтан операция жасап безді алғанда,эндокринді аурулардың алдын -алу шараларын ескеру қажет.Тіл жемсауы ұзақ,әрі баяу дамиды.Жыныстық қалыптасу кезінде ол тез өсе бастауы мүмкін.Ол уақытта сөйлеу,жұтыну қызметтері бұзылып ,қан кетуі мүмкін жағдайлар болады.Бұл без жалғыз без бе,әлде қосалқы без бе оны анықтау үшін радиоактивті йодпен изотопты тексеру әдісін жүргізеді.Шешуші диагнозды биопсия арқылы қояды.

Миобластомиома-өте сирек кездесетін бұлшықеттерден дамитын ісік.Бірінші рет А.И.Абрикосов анықтаған.(1926 ж) Ол тіл арқасында орналасады.Көбінесе жараланбаған эпителиймен жабылған,кейде ол қалыңдап,мүйізденуі мүмкін.