Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Калдан агай ЛЕКЦИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.28 Кб
Скачать

3)Мыщьякты кератоз- көптеген минералдардың, қозбалардың,бояғыш заттардың құрамында болғандықтан осы заттармен тікелей жұмыс істейтін адамдарда пайда болуы

Актиниялық кератоз - ультрафиолетті және қара қызыл сәулелердің әсерінен дамитын ауру.Ашық дистрофиялық өзгеріске ұшыраған теріде пайда болады.Актиний –радиоактивті химиялық элементі,күміс ақ түсті металл,кендерде кездеседі.

Кератоз- эпидермистің мүйізді қабатының қалыңдауы.

Тері қабатының туберкулезі және созылмалы жаралы,гранулематозды терінің өзге ісіктері -рактың пайда болуына себепші болуы мүмкін.Тері туберкулезінде атрофияға ұшыраған теріде жаралар пайда болып,олар тереңдейді де қоргаған тіндерде боздану байқалады.2 % жағдайда теріде рак пайда болады.(Вишняков В.Т. Керблер және т.б 1979 ж)

Сондай- ақ тері рагы гуммалар мен мерезден қалған тыртық жерлерде де дамуы ықтимал.

Терінің қатерлі ісіктерінің көріністері,анықтау жолдары мен жіктелуі

Тері қабатының рагы-асқазан мен өкпе ісіктерінен кейінгі үшінші орынды иеленеді.ОЛ ісіктер әртүрлі тіндерден дамиды,бірақ көп кездесетіні –эпителиальды ісіктер. А.И.Пачестің (1983) бақылауы бойынша эпителиальды тері ісіктері 87,7% жағдайда кездеседі екен.

Жергілікті тіндердің құрылысын бұзатын ісіктер –базилома. Ол базальды клеткалы рак –жартылай қатерлі.Яғни ісік жергілікті тіндерді бұзумен қатар қайта-қайталанып өршуі мүмкін,бірақ метастаз бермейді.Кейбір жағдайда жергілікті тіндердің бұзылуы сүйек затын, өмірге аса қажетті ағзалар иен нерв,қан тамырларын қамтуы мүмкін.Ісіктің клиникалық көрінісі әрқилы.Бастапқыда теріде ауырмайтын тығыздық пайда болады,уақыт өте оның беті жараға айналады.Сосын қабықтанады.Ірің болмайды.Жара қабығын алып тастаса,ол қайта болады да,қайта тығызданып,жара үлкейе түседі.Бұл процесс бірнеше айға созылуы мүмкін.Науқас көбінесе бір жыл немесе одан да көп уақыт өткізіп дәрігерге қаралады.Бизалиома бет әлпетәндегі қатпарлардың эмбриональдық қосылу сызықтары бойында орналасады,яғни мұрын –ерін қатпарында,жоғарғы ерінде,көздің жоғары ішкі бұрышында,қабақта, көздің сыртқы бұрышы мен самайда.Жара ауырмайды,қыры бүрмеленген,негізі тығыз,кратер тәрізді көтеріліп бұрады. Жара май дағы тәрізді жайылып өседі.

Базалиоманы көбінесе клиникалық көрінісі бойынша (баяу бірақ ылғи өсіп отыруы,қырының тығыздығы,жара бетінде қабықтың қайта пайда болуы) анықтайды.Сонымен бірге цитология қолданылады. Егер ісік 1см-ден үлкен болмаса,онда толық эксцизиялық биопсия жасалады.

Бас пен мойын терісінің рагы. Бұл аймақта пайда болатын рактың ерте клиникалық көрінісі, көбінесе ісікті өзгеріске ұшырамаған тері қабатында ма , әлде ісікті жағдай туа пайда болды ма соған байланысты.

Бірінші жағдайда рактың бастапқы клиникалық көрінісі – базалиомаға өте ұқсас. Яғни ауырмайтын, тығыз түйін терінің бетінде немесе оның бетінен көтеріле орналасады. Терінің өзіне тән суреті бұзылып, ісік базалиомамен салыстырғанда тез өседі. Ісікте ауру сезімі болмайды, бірақ қышынуы мүмкін. Ісіктің жергілікті көрінісінің дамуы оның өсу формасына байланысты:

Экзофитті өсу формасы – ісік тері бетінен көтерілген, беті тегіс емес, қабыршақты затпен жабылған, негізі тығыз кең. Кейбір жағдайда терінің бүртікті қоңыр немесе қызыл түстегі түрлі түсті капустаны еске түсіретін өсінділер болуы мүмкін. Зақымдалған жағдайдаолар жараға айналады.

Инфильтративті формасы – терінің тереңінде шеміршек тәріздес тығыздықтағы инфильтрат пайда болады. Ол өсе келе өзінің дұрыс геометриялық формасын жоғалтады. Өйткені оның айналасында жаңа түйіндер дамиды. Ісік үстіндегі тері қабаты қабыршақты затпен жабылған. Түрі не өзгермеген немесе қызылдау, қоңырлау болуы мүмкін.

Инфильтративті-жаралы формасы –өте жиі кездесетін ісіктің түрі. Бастапқыда терінің тығыз инфильтрат пайда болады да, ол жараға айналады. Жараның ернеуі теріден көтеріліп кратер тәрізденіп тұрады. Негізі тығыз, аздап ауырады. Көп жағдайда жараның бетінде қабық болады, түбінде қызыл түсті тінмен жабылған. Аймақтық лимфа түйіндеріне метастаз береді.

Меланома – нейрогенді ісік. Оның негізін түрі өзгерген меланоциттер құрайды. 25-40% науқастарда бұл ісік бет-әлпетінде кездеседі. Көп жағдайда ісік туа біткен қал бар жерде дамуы мүмкін.

Бұл көп морфологиялы ісік. Бір жағдайда ол пигменттелген дақ немесе түйін (терінің тереңінде), басқа бір жағдайда үлкен негізі бар немесе жұқа аяқты бүртікті өсінді. Түсі – қарадан бозғылт-сұрға дейін немесе көгілдір болуы мүмкін. Пигментміз меланомаларда кездеседі. Аймақтық лимффа түйіндеріне ісік ерте таралады. Оны төменгідей 6 белгісінен білуге болады:

  1. Ісік бояуының интенсивті өзгеруі;

  2. Өлшемінің өсуі;

  3. Пигментті ісік терісінің жараға айналуы;

  4. Ұзаққа созылған қабыну процессінің пайда болуы;

  5. Аздап ине шаншығандай немесе қышу сезімінің болуы;

  6. Аймақтық лимфа түйіндерініңүлкеюі.

Тері Т1 - < 2 см

Т2 - > 2-5 см

Т3 - < 5 см

Т4 – ісіктің сүйекке бұлшықеттерге жайылуы

N1 – ісік орналасқан жағында қозғалатын түйін бар

N2 – екі жағында бірдей қозғалатын түйін бар

N3 – қозғалмайтын түйіндер

Анықтау қағидалары: 1) клиникалық көрінісі бойынша

2) цитологиялық зерттеу

3) қырынды затты зерттеу

4) биопсия операциясы

Қызыл еріннің қатерлі ісікке жақын аурулары

Қызыл ерін де, ауыз қуысы шырышты қабығы тәрізді 3 қабаттан құрылады:

  1. Базальды мембрана ( жарғақша ) бар жалпақ көп қабатты эпителий

  2. Шырышты қабықтың меншікті қабаты

  3. Шырыш асты қабаты

Осы соңғы қабат - борпылдақ дәнекер тіннен түзілген. Оның жақсы дамуы шырышты қабықтың қозғалғыштығын арттырады. Еріннің бұл қабатында майда түкірік бездері орналасады. Оған жанаса ерін бұлшық еттерінің талшықтары орналасады.

Ал енді, еріннің қатерлі ісігіне – көп жағдайда ұзақ уақыт болатын шектелген тығыз ошақтың, жаралардың қайта қозған хейлиттер (ерін қабынулары) мен ұзақ уақыт жазылмайтын жырықтардың болуы ісер етеді.

Бас және мойын ісіктерін зерттейтін комитеттің ұсынысымен, қызыл еріннің төмендегідей ісік тәрізді жағдайларына жіктеу берілген.

  1. Өте жоғары жиілікте қатерлі ісікке өтетін ісік тәрізді жағдайлар (облигатты)

а) сүйелді ісік

б) шектелген гиперкератоз

в) Мангонотти хейлиті (ерін қабынуы)

II. Төмен жиілікте қатерлі ісікке өтетін ісік тәрізді жағдайлар (факультативті)

а) лейкоплакия (веррукозды)

б) кератоакантома

в) тері мүйіздігі

г) папиллома (емізік тәрізді өсінді)

д) жалпақ қызыл теміреткі мен жүйелі қызыл жегінің эрозиялы-жаралы және гиперкератозды түрлері

e) сәулелі емнен кейін пайда болатын ерін қабынуы

Сүйелді ісік – 1965ж. Машкиллейсон А. Л. анықтап жазған. Көбінесе ер

адамдарда кездеседі. Тек қызыл ерінде 4мм-ден 1,0см ге дейін, жартылай шар

тәрізді, тығыз, еріннен 3-5 мм көтеріліп тұратын түйін пайда болады. Түсі

қызыл немесе тұнба қызыл түсті. Түйіннің беті өте жұқа майда

қабыршықтармен жабылған, қолмен ұстағанда ауырмайды, өзгеріске

ұшырамаған тіндерден шектелген. Барысы өте тез ісік, 2-3 айдан соң рак

пайда болуы мүмкін. Ол кезде түйіннің көлемі ұлғаяды, қабыршақтану

күшейеді, негізі тығыздалып, зрозия немесе жара білінеді.

Емі өзгеріске ұшыраған ошақты түгелдей сау тіндер аймағында кесіп алып,

гистологиялық зерттеу жүргізу қажет.

2) Шектелген гиперкератоз (мүйізденіп тасу) патоморфологиялық көзқарас бойынша бүкіл эпителий қабатының шектелген аймақта мүйіздену прцесінің күшеюімен сипатталады.

Клиникалық көрінісі: бұл ауру түрінде ісікке ұрынған қызыл ерін сәл ішіне кіріп, мүйізденген эпителийдің қабыршақтарымен жабылады. Гиперкератоздың күшті болуынан беті сұрғылт ақ түсті болады. Қабыршақты еріннен сыдырып алып тастаса, аздаған қан кетуі мүмкін. Жалпақ қызыл теміреткі және жүйелі қызыл жегімен салыстырғанда, шектелген гиперкератозды ошақта және маңындағы тіндерде қан кернеп қызару, қабыну белгілері болмайды.

Аурудың бірінші белгілері білінгеннен 6-12 ай өткен соң, ауру қатерлі ісікке өтуі мүмкін.

3)Мангонотти хейлиты немесе образивті қатерлі жақын ерін қабынуы

төмендегідей гистологиялық белгілермен анықталады: дәнекер тінге толған, клеткалы элементтерге тұнған (лимфоциттер, гистиоциттер, қан сарысу клеткалары, лаброциттер) эпителидің ақауы болады. Ақаудың айналасында эпителидің пролиферациясы байқалады. Тікенек қабаттың клеткаларының атипиясы (қалыпты түрден ауытқуы) мен комплексінің бұзылуы білінеді.

Дермада - клеткалы инфильтрация мен қан тамырларының кернелуі бар.

Клиникалық көрінісі: Манганотти хейлитінде, бұзылған ошақ бір немесе бірнеше беткей орналасқан, формасы дұрыс емес эрозиялармен сипатталады. Беті тегіс, қызыл түстес. Эрозиялардың бетінде қабық болады. Оларды алып тастаса аздап қан кетеді. Жүргізілген емнен кейін немесе эрозия өз бетімен жазылады. Бірақ біраз уақыт өткен соң, бұрынғы ошақта немесе бөтен жерде қайта эрозия пайда болады. Осылай процесс қайталанып отырады.

4-6 ай өткен соң бұл ауру қатерлі ісікке өтуі ықтимал. Оның белгілері төмендегідей болады: пайда болған эрозияның жазылмауы, оның бетінде еміздік тәрізді өсінділердің пайда болуы, ісіктің және оның айналасындағы тіндердің инфильтрациясының күшеюі.

Емі: тітіркендіргіш факторларды жою; эрозияның эпителизациясын күшейтетін дәрілерді қолдану (витамин А, копламин немесе никотин қышқылы). Жергілікті А витаминімен басу, кортикостероидты майларды жағу. Қатерлі ісікке өту сатысы болса хирургиялық ем жасап, гистологиялық зерттеу жүргізу.

4)Кератоакантома – өте сирек кездесетін, жылдам өсетін эпителиальды ісік. Қызыл еріннен көтеріліп тұрған ісіктің ортасында кратер тәрізді, мүйізденген заттар толған шұңқыр болады. Кратердің түбін жауып жатқан эпителиде акантоз құбылысы байқалады. Тінде – қан тамырларының айналасын қоршаған лимфоидты және плазмалы клеткалардың шоғырлануы мен қабыну белгісі болуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі: Кератоакантоманың дамуында 3 саты болады: өсу сатысы, анық даму (тұрақтану) сатысы, кері даму сатысы.

Ерте даму сатысында ісік жартылай шар тәрізді түйін болып білінеді. Өсе келе ісіктің беті сұрғылт- қызыл түстес болады, ал дәл ортасында мүйізденген тығыны бар кратер тәрізді шұңқыр пайда болады. Мүйізденген тығынды алып тастаса, қан кету байқалмайды.

Қысқа мерзім ішінде (4-6 апта) ісік диаметрінде 2см- ге жетуі мүмкін. Содан соң ол өз бетімен жазылып, тыртықтану пайда болады. Кейбір жағдайларда ісік – қатерлі ісікке өтіп кетуі ықтимал. Оның белгісі: ісіктің жазылуға бейімділігінің болмауы, негізінің тығыздалуы, мүйізденген қабықтарды алғанда – қанауы.