Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Калдан агай ЛЕКЦИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.28 Кб
Скачать

Лейкоплакия (веррукозды түрі)

Патоморфологиялық тұрғыдан лейкоплакияның бұл түрі – эпителидің мүйізденуі мен гиперплакиялық құбылысының артуы айқын білінетін созылмалы қабынумен сипатталады.

Клиникалық көрінісі: көбінесе бұл ауруға ұрттың, ретромолярлы аймақтың, тілдің бүйір бетінің, ауыз қуысы түбінің шырышты қабықтары ұрынады. Ондай ошақ сау шырышты қабық деңгейінен немесе сүйелді өсінді ретінде көтеріліп тұрады. Оның беті дөңесті, сұрғылт-ақ түсті келеді. Тамақ ішкенде болатын зақымнан ошақтың бетінде эрозия немесе жара пайда болады. Түпкілікті емсіз лейкоплакияның веррукозды түрі 15-30% жағдайда қатерлі ісікке өтуі мүмкін.

Папилломатоз- ауыз қуысының шырышты қабығының өте көп ісіктері. Ол эпителидің беткі қабатындағы бүртіктердің гиперкерайтозды өсіп кетуімен сынақталған.

Клиникалық көрінісі. Бұл ісік таңдайдың,тілдің,ұрттың шырышты қабықтарында кездеседі. Кейбір папилломалар өздерін қоршаған шырышты қабықтан көтеріліп тұрады. Ол жіңішке аяқты немесе кең негізді болады. Беті дөңес немесе тегіс.Мүйіздену Процессі күшті болса,папилломаның түсі сұрғылт-ақ болып келеді. 15-30%-ке жуық жағдайда папилломатоз қатерлі ісікке өтуі мүмкін.

Қызыл жалпақ теміреткінің эрозиялы-жаралы және гиперкератозды формалары.

Жалпақ қызыл теміреткі-дискератоздың өзіндік ерекше формасы. Онда акантоз, гипер және паракератоз процестері айқын бөлінеді. Бұл аурудың 5 түрі бар:қалыпты,қан кернеген, эрозиялы-жаралы,буллалы және гиперкератозды.

Клиникалық көрінісі:Көбінесе бұл ауруға ұрттың, тілдің бүйір беті, ұяшықты өсінді ұрынады. 25-50% науқастарды шырышты қабығын бірге тері қабығының да ауруға ұшырауы мүмкін.

Қалыпты түрінде-түрі өзгерген шырышты қабықта сұрғылт-ақ түсті дөңгелек түйіндері пайда болып, өз ара бірігеді де тоқылған тәрізді бейне береді. Науқастар ешқандай шағым жасамауы мүмкін.

Экссудативті-қан кернген формасында жоғары аталған элементтер диффузды қан кернеп, домбыққан шырышты қабықта пайда болады. Ол аймақта күйіп қалғандай сезім пайда болады.

Эрозиялы-жаралы формасында-тоқыма-ау тәрізді өзгреген аймақта бір немесе бірнеше эрозиялар мен жаралар пайда болып, ұзақ уақыт жазылмайды. Науқастарды тамақ ішкенде пайда болатын ауру сезімі мен күйіп қалғандай сезімі мазалайды.

Буллалы (ішінде сұйық заты бар қуысты ісік) формасында-түйіндермен бірге шырышты қабықта ішінде сұйық заты бар қуысты дене пайда болады. Оларды жарса орнында эрозия қалады. Бірақ олар тез жазылады.

Гиперкертозды формасында- бүкіл элементтер (түйіншектер) бір-бірімен бірігіп біркелкі аумақ құрады. Олар шырышты қабық бетінен біраз көтеріліп тұрады, бірақ беті бұдырланып тығыздалу пайда болады.Бұл ауыздың эрозиялы-жаралы және гиперкертозды формаларда ғана қатерлі ісікке айналу мүмуін. Оның жиілігі 7%-ке, дейін жетеді.

Жүйелі қызыл жегінің эрозиялы-жаралы және гиперкератозды формалары.

Бұл ауруға көбінесе қызыл ерін шалынады,сонымен бірге ауыз қуысының шырышты қабығынында да өзгерістер болады, ауыздың патоморфологиялық негізі-ошақты немесе диффузды паракератоз акантоз, гиперкератоз өзгерістерімен қатар, эпителидің,атрофиялық аймақтарымен сипатталады.

Клиникалық көрінісі: Науқастар тамақ ішкенде ауру,қышыну,күйіп қалғандай сезімдердің пайда болғанына шағымданады. Шырышты қабықтың ауыз қуысындағы өзгерістері әр қилы болады. Кәдімгі қалыпты формасында шырышты қабықтың қан кернеп өзгерген аймағында гиперкератоз және атрофия құбылыстары байқалады. Осы жерде әртүрлі форма мен көлемдегі эрозиялар,жаралар пайда болып,ұзақ уақыт жазылмауы мүмкін.

Жүйелі қызыл жегінің эрозиялы-жаралы және гиперкератозды формаларының қатерлі ісікке айналу жиілігі 6%- тең болады. (Машкилейсон А. Л. 1974ж)

Сәуледен кейін пайда болатын ауыз қуысының уылуы (стоматит)

Ауыз қуысының шырышты қабығын сәулелі еммен емдегеннен 5-7 тәулік өткен соң ерте білінетін және кеш білінетін сәулелік реакциялар байқалады.Олар стаматит,яғни ауыз қуысының уылуымен сипатталады.

Кеш білінетін сәулелік реакциялардың патоморфологиялық көрінісі- эпителидің отрафиясы мен акантоздың әр түрлі аймақта пайда болуымен сипатталады. Жақын жатқан тін-домбығып, клетка элементтерімен сіңбеленген.

Клиникаклық көірніс:Науқастар ауыз қуысының кеуіп кетуіне,тамақ ішудің,сөйлеудің қиындауына шағымданады. Сондай-ақ дәм сезіну де төмендейді не тіпті өзгереді.Шырышты қабық кеуіп кеткен отрафияға ұшыраған кейбір жерінде гиперкератозды ошақ, тіпті сүйелденген өсінділерде болады. Ауыз қуысы кеуіп кеткендіктен өте оңай жарақатталады. Ол жерлерде қанағыш эрозиялар пайда болып,сәулелі жараға айналуы мүмкін. Бұл жаралар терең,жиектері тегіс емес,ауыратын, емге ауыркөнетін болады. Қатерлі ісікке айналуының белгісі: мүйіздену процесінің күшеюі мен тығыз сіңбенің пайда болуы.

Ауыз қуысының рагы.

Қалыпты жағдайда ракты жараның жиегі сыртқа қарай ашылып,қалыңдаған, кішкене ас табағы сияқты шырышты қабықтан көтеріліп тұрады. Жараның негізінде тығыз, шеміршеге тәрізді сіңбе білінеді.Жараның түбі лас фибринді шөгіндімен жабылған, тегіс емес. Ісік ары қарай өссе, жара кратер тәрізді шұңқырға айналады.

Рактың попилярлы (бүртікті) формасы- саңырауқұлақ тәрізді беті бұдырланып шырышты қабыққа шығады. Оның беті жараланып дереу қанағыш келеді, өзі тығыз болады.

Бүртікті өсінділердің ортасында немесе жиегінде кратер тәрізді жара болуы мүмкін.

Шырышты қабықтың сіңбелі (инфильтративті) ракты формасында сырт көзге шырышты қабық өзгеріссіз болып көрінеді, бірақ оның тереңінде шеміршек тәрізді тоғыздықтағы оның шегі жоқ, сіңбе орналасады. Қолмен басып тексергенде ауру сезімі үдеуі мүмкін.

Рак ары қарай дамыса жақ асты және мойын лимфа түйіндерінде метастаздар пайда болады. Егер ем дер кезінде қолданылмаса немесе сапасыз болса,науқастардың 90%-ті ісіктің ары қарай дамуынан және пайда болатын асқынулардан кейін 2 жылдай ғана өмір сүруі мүмкін.

Науқастың шағымы аурудың даму сатысына жәнеорналасқан жеріне тікелей байланысты. Рактың бастапқы сатысында – аздап шаншыған, күйіп қалғандай ауру сезімдері тамақ жегенде пайда болады. Ал рактың бүртікті экзофитті формасында – науқастың ауыз қуысында бөтен заттың барындай сезім мазалайды.

Рак дамыған сайын ауру сезімі өте күшті, қдайы болады. Егер ісік жақ сүйегіне жуық орналасса, ол тіс ауырып тұрғандай сезім береді. Ол өз алдына сау тісті жұлуына себеп болады. Кейбір жағдайда тістер өз бетімен босап, түсіп те қалуы ықтимал. Нерв талшықтарына қысым түссе, бұлшықеттің жартылай немесе толықтай салдануы пайда болады. Тілдің бұлшықетінде, ауыз қуысы түбінде, жұтқыншақты ісіктің прогрессиялы дамуы жұтыну, ауызды ашу қызметтерін нашарлатады. Оның салдарынан науқастың сілекей ағып, сөйлеуі қиындайды да, ауыз қуысында тамақ қалдықтары шіріп-ыдырып өте жағымсыз иістің пайда болуына әкеп соғады.

Ракты жараның ыдырауынан қан тамырлары зақымданып, жиі қан кетуі мүмкін. Кейбір жағдайларда қан кету өлім жағдайын тудырады. Жиі ауыз қуысында ракты ісік – тілдің шырышты қабығынан, содан соң ұрттың, ауыз қуысы түбінің, ұяшықты өсіндінің жиегінен дамиды.