Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Калдан агай ЛЕКЦИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.28 Кб
Скачать

5. Тері мүйіздігі – гистологиялық тұрғыдан шектелген ошақтың эпителиінің гиперплазиясы мен гиперкератозы ретінде сипатталады.

Клиникалық көрінісі: ісік орналасқан ошақ, тығыз конус тәрізді көтеріліп, сұрғылт – қоңыр түстес болады. Ол баяу өседі. Мезгіл –мезгіл мүйізденген қабық өз бетімен түсіп қалып отырады.

Аурудың қатерлі ісікке өту белгісі бірі – оның негізінің тығыздануы, мүйіздену процесінің күшеюі.

Емі: тері мүйіздігін сау тіндердің шекарасымен кесіп алып тастап, гистологиялық зерттеу жүргізу керек. Ал енді қызыл еріннің созылмалы диффузды қабыну өзгерістері (метерологиялық және

безді хейлиттерде), сондай-ақ зақымнан және опеғрациядан кейінгі тыртықтардың қатерлі ісікке өту мүмкіншілігі өте төмен.

Төменгі еріннің рагы – мүйізденудің күшеюі, жарықтар мен жаралардың айналасындағы тіндердің инфильтрациясының пайда болуы, экзофитті еміздік тәрізді өсінділердің ұлғаюы. Экзофитті ісіктің түрі – папиллярлы (еміздік тәрізді) немесе фунгозды ( саңырауқұлақ тәрізді) негізі тығыздалған өсінді болып сипатталады. Тамақ ішкенде және ауыз қуысын тазалағанда ісік зақымданып, қан кетуі мүмкін.

Инфильтративті формасы – ерін тінінің тығыздалуымен, салбырап ішке кіріп кеткендей өзгеріспен, жараның қабықтануымен сипатталады. Ісік ерте аумақтық лимфа түйіндерінде таралады.

Жаралы – шіріген формасы – ісік сопақша формалы, ернеуі көтерілген, түбі қабықпен жабылған. Оны алып тастаса жарадан қан кетеді. Қоршаған тіндер базданған және олар жылдам шіріп талқандалады.

Төменгі жақ асты және иек асты лимфа түйіндеріне ісік тез жайылады.

Т 1< 2см

Т 2> 2-4см еріннің аумағындағы ісік

Т3> 4см

Т4 - басқа ағзамдарға таралады.

N1 – ісік орналасқан жағында қозғалғыш лимфа түйіні бар.

N2 – қозғалғыш лимфа түйіндері екі жағында бірдей орналасқан.

N3 – қозғалмайтын лимфа түйіндері бар.

Ерін рагының алдын алу шаралары:

  1. Еріннің ісік тәрізді жағдайларын дер кезінде анықтап, емдеу. Концерогенді факторлардың әсерін бәсеңдету немесе тоқтату.

  2. Темекі шегуді доғару, әсіресе темекіні соңына дейін шегетін адамдар.

  3. Метеорологиялық өзгерістерге өте сезімтал адамдар – әр түрлі қорғаныш майларын, кремдерін қолдануы.

  4. Әрбір адам зиянды өндіріс жағдайында жеке басының қорғану шараларын іске асыра білуі тиіс: инфрақызыл сәулелерден, шаң-тозаңнан

  5. Тістесу кемістіктерін емдеу, дұрыс протез салу, зиянды әдеттермен күрес жүргізу(ерінді тістеу, тіспен әр түрлі заттарды ұстап отыру және т.б.)

Ауыз қуысының ісіктері

Ауыз қуысының қатерлі ісіктерінің көбі – рак аурулары болып есептеледі. Басқа құрылысы бар ісіктер(саркома, меланобластома) өте сирек кездеседі. Барлық рак ауруларымен салыстырғанда ауыз қуысының қатерлі ісіктері 0,8-2,7%-тей болады(А.В.Чаклин 1963ж). Бұл ісіктің жиі кездесетін жерлері Орта Азия республикалары, Үнді, Пакистан мемлекеттері (А.В. Чаклин 1963ж). Өйткені бұл елдерде зиянды күнделікті дағдылар көп таралған. Мысалы, насыбай ату, темекі шайнау, шегу.

Қатерлі ісікке жуық аурулар

Ауыз қуысының рагын бастапқы сатысында ерет анықтап білуге болады. Өйткені ол көзбен көріп, қолмен ұстап тексеруге ыңғайлы. Сондықтан бұл ісік тәрізді жағдайлар мен қатерлі ісіктердің клиникалық көрінісі жақсы зерттелгенімен, олардың пайда болуының басты себептері толық ашылмаған.

Насыбайдың, темекінің, бетелдің химиялық әсерімен бірге, олардың жоғары температурасынан шырышты қабықтың күюі, сынған, бұзылған тістермен жарақаттануы, протездердің дұрыс жасалмауы да қатерлі ісіктердің пайда болуына үлкен әсер етеді. Ауыз қуысының тазалығының нашар болуы да рактың дамуына қолайлы жағдай тудыруы мүмкін. Ісіктер көп жағдайда 50-60-тан асқан ер адамдарда жиі кездеседі.

Ауыз қуысының қатерлі ісікке жуық ауруларының топталуы (жіктелуі) (1977ж.)

І. Қатерлі ісікке өте жоғары жиілікпен өтетін ісіктер(облигатты).

Боуэн ауруы

ІІ. Қатерлі ісікке төменгі жиілікпен өтетін ісіктер (факультативті)

  1. Лейкоплакия (веррукозды түрі)

  2. Папилломатоз (бүртікті еміздік тәрізді ісік)

  3. Жүйелі қызыл жегінің эрозиялы-жаралы және гиперкератозды түрі

  4. Жалпақ қызыл теміреткінің эрозиялы-жаралы және гиперкератозды түрі

  5. Сәуледен кейін пайда болатын ауыз қуысының уылуы(стоматит)

Боуэн ауруының гистологиялық көрінісі – интраэпителиальды карциномаға (carcinoma in citu), яғни эпидермис қабатымен шектелген(базальды жарғақшаны бұзбайтын) рактың бастапқы сатысына тән.

Ұзақ уақыт бойы, ісіктіңинфильтративті өсу белгісінің болмауы, Боуэн ауруын қатерлі ісікке жуық аурулардың қатарына жатқызуға себеп болған.

Клиникалық көрінісі: ауыз қуысының көбінесе артқы бөлігі, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығы, қанатша-жақ бүрмесі, тілдің артқы бүйір бөлігі ісікке ұрынады. Ол ошақтар ісікке қарай кірген, қан кернеп қызарған, формасы дұрыс емес, беті тегіс немесе дөңесті шырышты қабық болып суреттеледі. Кейбір жағдайларда ол ошақтарда эрозия пайда болады. Уақыт өте ісікте инфильтративті өсу белгісі білінеді, яғни қатерлі ісікке тән белгі айқындалады. Бірақ ісіктің интраэпителиалды өсу уақыты бірнеше жылға созылуы ықтимал.