- •2. Дерма немесе дәнекер тінді қабат;
- •3)Мыщьякты кератоз- көптеген минералдардың, қозбалардың,бояғыш заттардың құрамында болғандықтан осы заттармен тікелей жұмыс істейтін адамдарда пайда болуы
- •Терінің қатерлі ісіктерінің көріністері,анықтау жолдары мен жіктелуі
- •5. Тері мүйіздігі – гистологиялық тұрғыдан шектелген ошақтың эпителиінің гиперплазиясы мен гиперкератозы ретінде сипатталады.
- •Лейкоплакия (веррукозды түрі)
- •Тіл рагы
- •Тіл абсцесі
- •Ауыз қуысы түбінің рагы
- •Таңдай рагы
№2 ЛЕКЦИЯ
Тақырыбы: Бет әлпеті тері қабатының, еріннің, ауыз қуысы ақзамдарының эпителиальді қатерлі ісіктері.
Лекцияның жоспары:
1.Тері қабатының құрылысы, ерекшелігі
2. Тері қабаты ісік тәрізді жағдайлары, жіктелуі
3. Тері қабатының рагы
4. Еріннің ісік тәрізді жағдайлары мен қатерлі ісіктері
5. Ауыз қуысы ақзамдарының ісікті жағдайлары мен қатерлі ісіктері.
Бет әлпетінің тері қабаты үш компонентті тін жүйелерінен құралған:
Эпидермис – эктодерманың туындысы, беткі қабат;
Дерма – терең қабат, дәнекер тіннен түзілген, меншікті тері, мезодерманың туындысы;
Тері асты май (шел) қабаты.
Орта есеппен тері қабатының жалпы көлемі 1,5м², салмағы -0,5кг.
Эпидермис – көп қабатты эпителиден түзілген 5 қабаттан тұрады:
а) базальдді немесе ұрықтану қабаты – ол ылғи көбейіп қабатты толықтырып тұратын цилиндрлі клеткалардан тұрады.
б) тікенекті қабат – жіп тәрізді өсінділері бар куб және ромб тәрізді клеткалардан құралған (фибриллалар).
Олар эпидермиске («құлып» тәрізді) мықтылық пен созылғыштықты қамтамасыз етеді.
в) түйіршікті (дәнді) қабат – протоплазмасында кератогиалин дәндері бар 2-3 қабат ромб тәрізді клеткалардан құралған.
Базальді, тікенекті және дәнді қабаттарды Мальпиги қабаты деп те аатайды.
г) мөлдір, жылтырақ немесе элейдинді қабат – дәнді қабаттың өзгерісінен туындаған құрылыссыз – талшықты қабат.
2. Дерма немесе дәнекер тінді қабат;
Эпидермис – осы дерманың арқасында клетка аралық саңылаулар арқылы қоректік заттарды (тін сұйықтығын, лимфаны, қанның сары суын) ала отырып, онымен шектеседі және төмен қарай емізікше ретінде тереңдейді.
Меншікті тері – коллагенді және созылғыш талшықтар мен аз ғана клеткалық элементтері бар аморфты заттан тұрады және бүртікті (еміздік тәрізді) , ретикулярлы қабаттарға бөлінеді.
Дермада – қан және лимфа тамырлары, тегіс және көлденең жолақты еттер, терінің нервтері – экстрорецепторлар (Краузенің соңғы колбасы – суық сезетін, Руффини денешіктері – жылыны сезетін, Фатер- Пегини денешіктері – қысымды сезетін және т.б.) , түкті, тері, май, апокринді бездері орналасқан.
Терінің қызметі үлкен.Ол сыртқы ортаның әсерінен қорғау, жылуды реттеу, зат алмасу, тыныс алу, сіңіру, сезімдену, секреция қызметтері іске асырады.
Бет әлпеті тері қабатының қатерлі ісікке жақын ісіктері.
Топталуы (жіктелуі):
І. Облигатты ісіктер:
1. Пигментті ксеродермия
2. Боуэн ауруы
3. Эритроплазия немесе Кейр ауруы
4. Көгілдір невус (қал)
5. Педжет ауруы
ІІ. Факультативті ісіктер:
1. Терінің кеш пайда болған сәулелі жаралары
2. Терінің мүйзденуі
3. Мышьякты кератоз
4. Тері қабатының туберкулезі
5. Актиникалы кератоз
6. Терінің созылмалы жазылатын жараларыы мен трофикалық жаралары (лепра, мерез, туберкулез, терең лейкоз және т.б.)
Пигментті ксеродермия – терінің туа пайда болған қоректенуінің бұзылуы (дистрофия). Оны 1870ж Капоши анықтап дене конституциясына байланысты терінің күн сәулесіне сезімталдығының артуымен байланыстырған. Баланың жас кезінде (2-3жасар) көктем мен жаз мезгілдерінде дененің ашық тұстарында қызыл дақ пайда болады, тері қабаты қабыршықтанып, кебінеді. Уақыт өте келе сол жерлерде атрофиялық дақ, телеангиэктазиялар, әртүрлі сатыда (дәрежеде) пигменттелген тері учаскелері пайда болады. Содан соң тері жарылып, сүйелденген өсінділер мен тері қабатының тасуы (гиперкератоз) байқалады. Шешуші сатыда теріде рак пайда болады. Сонымен бірге теріде меланомамен саркоманың да пайда болатыны анықталған (Блохин Н.Н. 1971ж.)
Емі: 1. Фотоқорғаушы майлар (15%- ті парааминді бензойлы)
2. Тері кеуіп кеткенде – индиферентті майлы кремдер
3. Қатерлі ісікке айнала бастаған аймаққа жаұын фокусты рентгенді ем, хирургиялық тәсілмен кесіп алып тастау немесе электрокоагуляция емдері қолданылады.
Боуэн ауруы – 1912ж. анықталған. Қазіргі уақытта кейбір авторлар мұны эпидерма ішіндегі эпителиома деп, өзгелері эпидерма ішіндегі рак деп атап жүр. Бұл ауру түрінде бір немесе 20- ға жуық дақты – түйінді бөртпелер пайда болып, беті қабыршықтанады. Папулалардың (түйіншіктердің) қосылуынан формасы дұрыс емес сарғыш – қызыл түсті жара пайда болады. Олардың қабығын алып тондаса бүртік тәрізді, кейде тегіс, дымқыл жара байқалады (экзема тәрізді типі). Басқа жағдайларда жараның беті гиперкератозды қабықпен жабылған (сүйел тәрізді типі). Ауру өте баяу жүреді, бірақ аяғв ракпен аяқталады және ол ерте ақзамдарға жайылады.
Емі: Хирургиялық жолмен жүргізіледі.
(Электрлі қандауыр мен лазері қандауырды қолдану арқылы). Криотерапия мен сәулелі емде қолданылуы мүмкін.
Эритроплазия немесе Кейр ауруы-өте сирек кездеседі.Көбінесе ер адамдардың жыныс мүшелерінде кездеседі. 100% жағдайда ауру қатерлі ісікке өтеді.
Көгілдір невус (қал)-1906ж Tiche анықтап жазған. Оның өзіне тән көкшіл түсі кейде қоныр нмесе көмір-қара түсті болуы мүмкін.Ол меланоциттердің саны мен орналасуына тікелей байланысты.Бұл ауру жас кезде көп кездеседі және бет әлпетінде жиі орналасады.Өте баяу дамиды.Кейбір жағдайда өсуі өз бетімен толық тоқтап қалуы мүмкін.
Педжет ауруы- бұл беткей тері қабатының жараға айналуы.Оның беті қабықтанып,дымқылданып тұруы мүмкін.Түсі қара-қызғылт.Жара тыртықтанбайды,бірақ ұлғая береді.содан соң ол қатайып ракқа айналады.Бұл ауруға тән нәрсе-Педәнет клеткаларының болуы.Олар базальді қабатты орналасады.(Козлов В.А.,1985ж)
Бет әлпеті тері қабатының қатерлі ісікке жақын факультативті ісіктері.
1) Терінің кеш пайда болатын сәулелі жаралары-бірінші рет рентгенологтардың ашық тері қабатында пайда болатыны анықталған.Көбінесе бірінші рентген сәулесіне пайда болған реакциядан рактың туындауына дейін 9-11 жыл уақыт өткен. Бұл ауру түрімен рентген кабинетінің дәрігерлері, лаборанттары, орта медицина қызметкерлері және рентген сәулесімен көп емделген науқастар ауырады.Жараның тері қабатында пайда болуына-созылмалы дермадит(эритема), телеангиэктазиялы атрофиялық өзгерістер мен гиперкератоз себепші болады.
2)Терінің мүйізденуі.
Синонимдері-Унаның фиброкератамасы,қарттың мүйіздену және т.б. ол эпителидің шектелген гиперилазиясы мен анық байқалатын гиперкератоз өзгерістерімен сипатталады.Теріде тығыз,жалпақ негізді диаметрі 2-3мм-ден 1-2см болатын сұрғылт-қоныр түсі конус тәрізді төбешік пайда болады.Ол өзгермеген тері қабығында немесе лейкоплакиялық ошақтарда өсуі мүмкін.Мүйізденген қабыршақтар мезгіл-мезгіл өз бетімен түсуі немесе науқас аден оны кесіп тастап отыруы мумкін.Бірақ олар қайтадан пайда болып отырады.
Осы өзгерген ошақтың негізінің тығыздалуы және қабыршақтанудың жеделденуі оның қатерлі ісікке айнала бастағанының басқа белгісі.
