- •Машина, көлік құралдары мен құрылғылардың физикалық тозуын анықтау тәсілдемелері
- •Көлік құралдарының индекстелген тозуын анықтау
- •Шығындық тәсілдің машина және құрал – жабдықтарды бағалауда қолданылатын әдістері
- •2.1 Нормативтік әдіс
- •2.2 Автотранспорттық көліктің пробегі мен жасын есептеу әдісі
- •2.3 Амортизациялық әдіспен есептен шығару әдісі
- •3.1. Функционалды ескіру (тозу)
- •3.2 Түзетілетін функционалды ескіру
- •3.3 Экономикалық немесе сыртқы тозу
- •Қорытынды
3.3 Экономикалық немесе сыртқы тозу
Экономикалық тозу ірі саладағы, аймақтағы,жалпы халықтық немесе дүниежүзілік технологиялық, социалды-экономикалық, экологиялық және саяси өзгерістердің әсерінен болған құнсыздануды айтады. Белгілі бір өнімге сұраныс пен ұсыныстың кемуі, шикізат сапасының кемуі де құнсыздануға әкеледі.
Экономикалық тозудың глобальді және локальді түрлері бар. Глобальді тозу негізінен дүниежүзілік, жалпы экономикалық, ғылыми-техникалық революциямен байланысты. Ал локальді сыртқы тозу аймақтық, салалық түрде сипатталады және де уақытша болады. Мысалы, 1970 жылдардағы Франция, Германия және Жапон автокөліктерінің әсерінен АҚШ нарығындағы американдық жеңіл автокөліктерге сұраныстың төмендеуі. Бұл халықаралық нарығындағы мұнай бағасының өсуімен байланысты болды. Американдық автокөліктердің жанармай шығыны еуропалық және жапондық автокөліктермен салыстырғанда едәуір жоғары болды. Нәтижесінде американдық автокөліктері экономикалық, яғни сыртқы тозуға ұшырады. Бірақ, кейіннен барлығы қайта түзелді.
Мысал 3.5.
Тәулігіне 1000 дана өнім шығаратын жабдықтың экономикалық тозуын анықтау керек. Егер де, берілген өнімге сұраныстың төмендеуі себебінен жабдықтың өнімділігі тәулігіне 750 дана құраса. «Бағаны тежеу» коэффициен- тін 0,7 – ге тең деп қабылдаймыз.
Шешімі:
Сыртқы тозу коэффициентін жабдықты толық пайдаланбау арқылы (3.1) – формула бойынша есептейді:
.
Қорытынды
Автокөлік құралдарын бағалау қызметі нарығының даму көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады. Автокөлік құралдарын бағала бойынша жұмыстарды жүргізу немесе қызмет көрсету нарығын кеңейтуге жағымды әсер ететін факторларға мыналар жатады:
автокөлік құралының стандартты кнструктивті қиыстырылуы;
автокөлік құралдарын міндетті мемлекеттік тіркеу,бұл процесс оның құнын бағалау кезінде көлікті нақты теңестіру үшін қажет;
автокөлік құралдарын эксплуатациялау процесінде апаттылықтың жоғары деңгейі, яғни жол-көліктік апаттан пайда болған материалдық залалды бағалауда көп мөлшерде жұмысты қажет етеді;
автокөлік құралдарына салық салу ережелеріне байланысты құқықтық –нормативтік актілерді бекітуді қажет етеді.
Автокөлік құралдарын бағалауды жүргізуге кері әсер ететін факторларға:
бөлшектер деңгейінің конструктивті қиындылығы және бөлшекті унификацияның төмен деңгейі. Қазігі автокөліктің бір моделінің немесе маркасының қосалқы бөлшектерінің саны 10 мыңға жуық. Ал эксплуатацияда 30 мың әр түрлі маркалы және модельді автокөлік бар, олардың қосалқы бөлшектерінің жиынтық саны ─ жүздеген миллион, және олар өзара ауыстырылмайды. Осының барлығы жөндеу және материяалдық құнын бағалауда ақпараттық қамтамасыз етуде қиындықтар туғызады;
автокөлік құралын бағалауда оның эксплуатациялық сенімділігін ескерудің қажеттігі, ол оның құнын анықтайды. Бағалауда міндетті түрде сенімділіктің келесі құраушылары, тоқтаусыздық және шыдам мерзімі (ұзақ қызмет көрсетушілігі) ескеріледі;
автокөлік құралы жоғары қауіпті обьект болып табылады, сондықтан оның бағасы конструктивті қауіпсіздікжағдайын көрсету қажет, ал егер оның деңгейі төмен болса, автокөлік иесінің шығындары бағалау обьектісінің шығындары бағалау обьектісінің құнынан асып түсуі мүмкін.
Қолданылған әдебиет тізімі
1. Адрианов Ю.В. Оценка автотранспортных средств. М: Дело 2002.- 486 с.
2. Быкова В., Ковалев АЛ. Как оценить износ оборудования // Обо-рудование: рынок, предложение, цены. - 2000. - №3.
3 В.П. Ан¬тонов, С.Д. Волошук, и др. Оценка машин, оборудования и транспортных средств. Под общ. ред. В.П. Антонова. -М.: Институт оценки природных ресурсов, 2001.
4. Иванов AM., Маркин И.В., Перевозчиков А.Г. О согласовании фи-зического, функционального и внешнего износа, выраженного в долях или процентах. Вопросы оценки. - 1997. -№3.
5. Ковалев А.П. Оценка стоимости машин, оборудования и транспортных средств. М: Интерреклама 2003.- 488 с.
6. Ковалев А.П., Еленева Ю.Я., Корниенко А.А. Оценка рыночной стоимости машин и оборудования: Учебно - практическое пособие / Под общ. ред. В.М. Рутгайзера. - М.: Дело, 1998. – 480 с.
7. Когаев В.П., Дроздов Ю.Н. Прочность и износостойкость деталей машин: Учеб. пособие. - М.: Высш. шк., 1991.
8. Козлов В.В. Техника оценки машин и оборудования. Вопросы оценки. – 2002. - № 2.
9. Корниенко А. А., Хомяков В. С. Автоматизированная система оценки стои¬мости технологического оборудования. Вестник машиностроения. 1996. № 11. С. 51-54.
10. М.Р.Насырова и др. Современный экономический русско-казахский толковый словарь-справочник. – Алматы: 2003. – 880 с.
11. Попеско А.И. Износ технологических машин и оборудования при оценке их рыночной стоимости. М: «Российское общество оценщиков» 2002
12. Саприцкий Э.Б. Методология оценки стоимости промышленного оборудования. - М.: Институт промышленного развития (Иформэлектро), 1996. – 64 с.
