Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ниязбек курс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
109.24 Кб
Скачать
    1. Шығындық тәсілдің машина және құрал – жабдықтарды бағалауда қолданылатын әдістері

Бірыңғай объект бойынша есептеу – бағаланатын объект үшін конструкциясы, пайдаланатын материалдары және дайындау технологиялары бойынша ұқсас біріңғай объектілерді таңдап алады. Оның үстінде біріңғай объект басқа тағайындауға ие болып басқа салаларда қолданыла алады. Бірыңғай объект нарықта белгілі бір сұраныспен қолданылады және оның бағасы белгілі.

Бірыңғай объектіні дайындаудың өзіндік құны бағаланатын объектіні дайындаудың өзіндік құнына жақын және өндірістік факторлардың берілген объектілеріне арналған жалпыларының ықпалында қалыптасады.

Бірыңғай объектінің бағасы өндірістің таза өзіндік құнынан кәсіпорынның таза пайдасынан, пайдаға салықтан, саудаға үстеме бағадан және ҚҚС реттеледі. Бірыңғай объектінің толық өзіндік құны:

Бп.бір=[(1-ҚҚС)*(1-Нпрр)*Ббірлт]/(1-Нпр), (6)

Мұнда Бп.бір –бірыңғай объектінің бағасы

ҚҚС-қосымша құнға салынатын салық

Нпр-пайдаға салық ставкасы;

Кр-өнімнің оңтайлық көрсеткіші, яғни таза пайда мен сауда үстемесінің баға қатынасы бойынша;

Ббірлт- бірыңғай объектінің бағасы;

Оңтайлылық көрсеткішін анықтау көбірек қиындық тудырады, ол бәрінен бұрын нарықтағы берілген біріңғай объектіде сұраныстың қаншалықты жоғарылығына байланысты. Жоғары сұраныспен қолданылатын өнімнің оңтайлылық көрсеткіші 0,10-0,25 орташа сұранысқа ие өнім үштің -0,05-0,10 құрайды.

Бағаланатын объектінің толық өзіндік құны Өт біріңғай объектінің өзіндік құны бойынша есептелініп түзетіледі, объектілердің конструкциясының көлеміндегі айырмашылық ескеріледі:

Өтт.бір*(G/Gбір) (7)

Мұндағы G мен Бір –бағаланатын және біріңғай объектілер конструкциясының салмағы;

Өт –біріңғай объектінің өзіндік құны

Егер бағаланатын және біріңғай объект өндірістің әр түрлі типінде дайындалса, онда өндіріс сериясындағы коэффиценттердегі айырмашылықтарға түзету енгізіледі.

Бұдан әрі бағаланатын объектінің қалпына келтіру құны есептеледі. Ол мына формула арқылы есептелінеді:

Sқ=[(1-Нпай)*С]/[1- Нпайо] (8)

Мұнда С-бағалау объектісінің өндіргендегі толық құны

Ко-өнімнің оңтайлық көрсеткіші

Нпай-табыс салығының ставкасы

Бұл формулада оңтайлық көрсеткіші бағаланатын объектінің өтімділік дәрежесіне сәйкес болуы тиіс. Сұранысқа ие емес объектілерді де бағалау қалыс қалмайды, ол кезде олардың құны өзіндік құнына тең мәнге ие болады.

Элемент бойынша (агрегаттық) есептеу - бұл әдіс бағаланатын объект сатып алуға болатын және бағалары нарықта белгілі құрамдас бөліктерден жиналуы мүмкін. Мұндай бағалаудың неғұрлым тән мысалы, автокөліктің құнын олардың жиналатын бөлшектері бойынша бағалау болып табылады. Басқа мысал - әмбебап жабдықтың бірнеше бірліктерінен жиналатын тасқынды технологиялық желілер құнын бағалау.

Осы әдіспен жұмысты жүргізу мынадай:

  1. Бағаланатын объектінің құрылымын талдайды және олардың негізгі бөлшектерінің тізімін құрастырады.

  2. Объектінің әрбір бөлігі бойынша ақпарат жинайды. Егер бағалары уақыттың әртүрлі сәттеріне қатысты болса, онда оларды индекстейді.

  3. Бөлшектердің бағалары туралы жиналған мәліметтерді объектінің толық өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланады.

Ө=(1+Көз)*∑Бэл (9)

Мұнда ∑Бэл-осы бөлшектердің бағалары бойынша есептелген объекті бөлшектерінің сомалы құны;

Көз –дайындаушының өзіндік шығындарын ескеретін коэффицент (0,3-0,4-ке тең);

Содан соң қалпына келтіру құнын анықтайды:

S=[(1-Нпай)*Өт]/[1-Нпайо] (10)

Шығындарды талдау және индекстеу - бағалау тәжірибесінде айтарлықтай кең таралған мысал объектінің ескі құнын (бағасын) түзетуші индекстердің (индекс-дефляторлар) көмегімен қазіргі заманғы бағалар деңгейіне келтіру болып табылады. Егер осы объектке жататын өнімнің сол тобы үшін баға индекстері белгілі болса, объектінің бағасын тікелей индекстеу арқылы жүзеге асырылады.

Бұл әдістің ерекшелігі мынада, индекстеуге объектінің тұтастай алғандағы құны (бағасы) емес, оның өзіндік құны реттелетін шығындар ұшырайды. Мұндай жағдайда обьектіні өндіру кезінде шығындалатын ресустардың баға индекстерін негізге алады. Ресустардың баға индекстері туралы ақпарат дайын бұйымдардың баға индекстері туралы ақпаратқа қарағанда анағұрлым қол жетерлік. Оның үстінде бағаның белгілі бір кезеңінің (жылдың, тоқсанның, айдың) соңына қатынасын білдіретін базистік баға индекстері туралы сөз болып отыр.

Шығындық көрсеткіштің бағалау сәтіне қарай мәнін келтіру үшін, шығу сәтінің жағдайы бойынша бұл көрсеткішті түзетулер енгізуші индекске көбейту қажет. Түзету енгізуші индекс – ресурстың баға индексін бағалау жағдайына қатынасы.

Объектінің шығысының өзіндік құны (ҚҚС-ынсыз) оның толық өзіндік құнын мына формуламен анықтайды.

S=[(1-Нпай- Ко)* Sшығ]/[1-Нпай] (11)

Мұнда Sшығ – уақыттың белгілі бір сәтіне арналған объектінің шығу құны (ҚҚС-ынсыз);

Нпай-табыс салығының ставкасы;

Ко-өнімнің оңтайлық көрсеткіші

Сонан соң өзіндік құн құрылымы экономикалық элементтер бойынша, яғни жұмсалатын ресурстардың түрлері бойынша беріледі. Іс жүзіндегі мақсаттар үшін төрт экономикалық элементтер бойынша өзіндік құндағы шығындарды топтастыру жеткілікті: материалдар (М), энергия тасмалдаушылар(Э), еңбек ақысы (Е), амортизация (А). Шығын деңгейіне қарағанда шығындар құрылымы неғұрлым тұрықты. Құрылымды бағалау үшін статистикалық жылнамалардан немесе дайындаушы-кәсіпорындардан алынған деректер қолданылуы мүмкін. Пайыздық қатынас бойынша құрылымда толық өзіндік құннан тұратын 4 экономикалық элементтерде көрсетілгендер есептеледі.

Ұсталған автокөлік құралының нарықтық құнын табиғи және моралдық тозуы, көлік құралының агрегаттарын ауыстыру, қайта жинақталуын (разукомплектация), қайта жабдықталу мен эксплуатациялық дефектілерін ескере отырып, бағалауды есептеу көп өлшемді жанама әдіспен, келесі формуламен жүргізіледі:

С=(Сқалд+Сауыс-Сқ.жин)*(1-Им/100)+Сқ.жабд-Сэд (12)

мұндағы:

Сқалд – газеттер, журналдар мен автомобильдердің құны туралы ақпаратбар басқа да басылымдар мәліметтері бойынша автомобильдің көлік құралы нарығындағы бағаларының арифметикалық орташасы;

Сауыс- базалық жинақталған агрегаттардың (тораптардың, жүйелердің, жабдықтың) ұқсас агрегаттармен ауыстырылуын ескеретін қалдық құн;

Сқ.жин – автокөлік құралының жинақталуын ескеретін (қайта жабдықтаудағы ауыстыруды қоспағанда), көлік құраушысының құны;

Им – бағалау мерзімінде жалпы жағдайда автокөлік құралының моралдық тозуы;

Сқ.жабд – бағалау мерзімінде қосымша жабдықты орнату арқылы, бірақ жинақтаудың агрегаттарын ауыстырусыз автокөлік құралын қайта жабдықтауды ескеретін құраушысының құны;

Сэд – бағалау мерзімінде істен шығу, ақаулық пен эксплуатациялық дефектілерін жою құны.

Эксплуатациялау басынан бағалау мерзімінде автокөлік құралдарының нақты жүрісі Lн спидометр бойынша анықталады. Ал егер спидометрлік бұзылған немесе оның нақты жағдайы нормативті құжаттар талабына сәйкес келмесе, эксплуатациялау басынан нақты жүрісі есептік жолмен анықталады.

Эксплуатациялау басынан шетел өндірісінің жеңіл автомобильдерінің жүрісін есептеу 2-қосымша кестесінің мәліметтеріне сүйеніп, жүзеге асырылады.

m n

Lн ═∑Li шет + ∑ Li ҚР (13)

i=1 i=m+1

мұндағы: m - жеңіл автомобильдің шетелдегі эксплуатациялау ұзақтығы, жылдар;

Li шет – i-ші эксплуатациялау жылындағы жеңіл автомобильдің шетелдегі орташа жылдық жүрісі (2-қосымша кестесімен анықталады), мың км;

n – бағалау мерзімінде жеңіл автомобиль жасы, жылдар;

Li ҚР – i-ші эксплуатациялау жылындағы жеңіл автомобильдің Қазақстан Республикасындағы орташа жылдық жүрісі (1- қосымша кестесімен анықталады), мың км.

Сқалд = (С1+С2+С3+...+Сz)/Z (14)

мұндағы:

С1,С2,С3,...,Сz - газеттер, журналдар мен автомобильдердің ұнытуралы ақпарат бар басқа да басылымдар мәліметтері бойынша автомобильдің көлік құралы нарығындағы бағалары;

Жалпы жағдайда автокөлік құралдарының моральдық тозуы келесі формуламен есептеледі:

Им = ∑ Имр, (15)

мұндағы:

Имр – автокөлік құралының тозуын анықтауда ескерілетін, р-ші фактор, %.

Автокөлік құралдарын бағалау мерзімінде, оны өндіруді тоқтатуын ескеретін, бірінші фактор төмендегі формуламен есептеледі:

Им1 = 2Ттоқ, егер Ттоқ ≤ 10 жыл (16)

мұндағы:

Ттоқ- автокөлік құралының өндірісі тоқтатылған уақытынан бағалау уақытына дейінгі мерзімі, жылдар.

Автокөлік құралдарының өндірісінің тоқтатылғаны туралы мәлімет 5-қосымшада берілген.

Бағалау мерзімінде ұқсас тораптар мен элементтерді ауыстыру кезінде орнатылған шиналар, аккумуляторлар мен глушительдің табиғи тозуын есептеледі. Шиналардың зақымдар мен дефектілер жоқ болса, шиналардың табиғи тозуы келесі формуламен есептеледі:

Нж - Нн

Иш = ---------------- * 100 % + ΔИш.эу (17)

Нж – Нмүм

мұндағы:

Нж – жаңа шинаның протекторы суретінің биіктігі, мм;

Нн – бағалау мерзімінде шина протекторы суретінің нақты биіктігі, мм;

Нмүм – шина протекторы суретінің минималды мүмкін биіктігі, мм;

ΔИшэу–шинаның эксплуатациялау мерзіміне байланысты қосымша тозуы, %.

Әртүрлі типоөлшемді (маркировкалы) шиналар үшін жаңа шина протекторы суретінің биіктігінің мәндері 4-қосымшада көрсетілген. Автокөлік құралдарын бағалауды жүргізуде жаңа шина протекторы суретінің биіктігі келесідей анықтайды. Алдымен автокөлік құралы шинасының шет жағындағы маркировка бойынша моделі мен типоөлшемі анықталады. Орнатылған модель, типоөлшем және протектор суреті үшін қосымша мәліметтерінен жаңа шина протекторының суреті биіктігінің сандық мәні табылады.

Қалпына келтірілген шиналар үшін протектор суретінің биіктігі жаңа ұқсас шина протекторы суретінің биіктігінің 80 %-ын құрайды.

Әрбір шина үшін протектор суретінің нақты биіктігі глубиномер немесе штангенциркуль көмегімен, протектордың жүріс жолының (беговая дорожка) ортасындағы 4-6 нүктелердің өлшемінің орташа арифметикалық мәнімен анықталады.

Жол жүру қауіпсіздігінің ережелеріне сәйкес шина протекторы суреттің минималды мүмкін биіктігі мынаған тең: жеңіл автомобильдер -1,6мм; жүк автомобильдері-1мм; автобустар-2мм; мотоциклдер және мопедтер-0,8мм.

Ишэу = 7 * Тш – 9, егер Тш ≤ 5 жыл (18)

мұндағы:

Тш – шинаның эксплуатациялау мерзімі, жылдар.

Аккумуляторлық батареяның табиғи тозуы төмендегі формуламен анықталады:

Так

Иак.б. = ------------ * 100 % , (19)

Так.н

мұндағы:

Так – бағалау мерзімінде аккумуляторлық батареяның нақты эксплуатациялау мерзімі, жылдар;

Так.н – ауыстыруға (жарамсыз деп табуға) дейінгі аккумуляторлық

батареяның нормативті қызмет көрсету мерзімі, жылдар.

Аккумуляторлық батареяның нақты қызмет көрсету мерзімі автокөлік құралын бағалау мерзімі мен оны жасау мерзімі арасындағы периодтың ұзақтығымен анықталады.Аккумуляторды жасау мерзімі маркировка бойынша, аккумуляторлық батарея жинағының корпусында көрсетілген (үстінде) немесе цифрлық бекітпе түрінде тұйықтағыш және шығу клеммасы (полюсінде) арқылы анықталады. Шетел өндірісінің аккумуляторлық батареясына жасау мерзімі көрсетілген әріптік-цифрлық маркировка қолданылады, ондағы әріп айды, ал цифр – жасау жылын көрсетеді.

Аккумуляторлық батареяның ауыстыру (жарамсыз деп табуға) дейінгі қызмет көрсету мерзімі ретінде төменгі мәндерді алу қажет:

4 жыл – автокөлік құралдарының орташа жылдық жүрісі 40 мың км. болуы керек;