- •Машина, көлік құралдары мен құрылғылардың физикалық тозуын анықтау тәсілдемелері
- •Көлік құралдарының индекстелген тозуын анықтау
- •Шығындық тәсілдің машина және құрал – жабдықтарды бағалауда қолданылатын әдістері
- •2.1 Нормативтік әдіс
- •2.2 Автотранспорттық көліктің пробегі мен жасын есептеу әдісі
- •2.3 Амортизациялық әдіспен есептен шығару әдісі
- •3.1. Функционалды ескіру (тозу)
- •3.2 Түзетілетін функционалды ескіру
- •3.3 Экономикалық немесе сыртқы тозу
- •Қорытынды
ЖОСПАР
КІРІСПЕ............................................................................................................
МАШИНА, КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ТОЗУЫН АНЫҚТАУ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ................
Көлік құралдарының тозуын анықтау..............................................
Шығындық тәсілдің машина және құрал – жабдықтарды бағалауда қолданылатын әдістері.......................................................
МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАР – ДЫҢ ТОЗУ КӨРСЕТКІШІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ...............................................................................................
Нормативтік әдіс..........................................................................................
Автотранспорттық көліктің пробегі мен жасын есептеу әдісі................
Амортизациялық әдіспен есептен шығару әдісі.......................................
МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛ - ДЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСКІРУІН (ТОЗУ) ЗЕРТТЕУ
Функционалды ескіру (тозу)...........................................................
Түзетілетін функционалды ескіру ...................................................
Экономикалық немесе сыртқы тозу.................................................
Машина, көлік құралдары мен құрылғылардың физикалық тозуын анықтау тәсілдемелері
Көлік құралдарының индекстелген тозуын анықтау
Жаңа немесе ұсталған автокөлік құралдарын бағалауға байланысты нарықтық құн автокөлік құралдарының бірінші немесе екінші нарықтағы құнына бөлінуі мүмкін. Бірінші нарықтағы құн – бірінші рет сатуға шығарылған автокөлік құралдарының нарықтық құны. Екінші нарықтағы құн – мемлекеттік тіркеуден өткен және сатуға ұсынылған, ұсталған автокөлік құралының нарықтық құны.
Тозу – бағалау қызметіндегі, эксплуатациялау үрдісінде бағалау объектісі құнының абсолюттік немесе қатысты жоғалуы. Тозу, оның пайда болу себептерінің түріне байланысты табиғи, функционалдық және моралдық (сыртқы) болып бөлінеді.
Табиғи тозу – автокөлік құралдары құнының эксплуатациялау үрдісінде, көліктің техникалық жағдайының өзгеруіне байланысты абсолюттік немесе қатысты жоғалуы, оның нәтижесінде көліктің функционалдық және эксплуатациялық сипаттамалары бұзылады (төмендейді). Табиғи тозудың негізгі себептері – тозу, пластикалық деформациялар, әр түрлі бұзылулар, коррозия, конструктивті материалдардың физика-химиялық ерекшеліктерінің өзгеруі.
Функционалдық тозу - автокөлік құралдары құнының көліктік және қосымша қызметпен байланысты, жеке функцияларының бұзылуына байланысты абсолюттік немесе қатысты жоғалуы, оның нәтижесінде көліктің функционалдық мүмкіндіктері төмендейді (азаяды). Мысалы, автомобиль-амфибий өзінің жүзе алу қасиеттерінен айырылғанда, функционалдық тозу пайда болады.
Моралдық (сыртқы) тозу – сыртқы факторлардың әсірінен хабардар сатып алушы үшін көліктің пайдалылығымен төмендеуіне байланысты автокөлік құралдары құнының абсолюттік немесе қатысты жоғалуы, мұндай факторларға өндіріс саласындағы ғылыми-техникалық прогресс, өндірістің, импорттың, автокөлік құралдарының тауар нарықтары мен эксплуатацияның мемлекетпен реттелуі, автокөлік құралы өндірісінің тоқтатылуы, олардың қосалқы бөлшектері өндірісінің тоқтатылуы, эксплуатацияның ұйымдастыру және т.б. жатады.
Автокөлік құралдары конструктивті күрделі құрылым екенін ескеріп, оны бағалауды 2 кезеңде жүргізу қажет.
Бірінші кезең – автокөлік құралының техникалық құрамын айқындап алу. Техникалық құрамы – бұл автокөлік құралының, буындары мен бөлшектерінің техникалық жағдайының қозғалыс және эксплуатация қауіпсіздігі шарттарына, талаптарына сәйкестігін анықтау. Бұл кезеңде автокөлік құралының функционалдық іс-әрекетін орындау мүмкіндігі айқындалады, яғни жолаушылар мен жүкті тасымалдауды жүзеге асыру. Егер автокөлік құралының функционалдық мүмкіндіктері қауіпсіздік және эксплуатация талаптарына сәйкес болса, онда ол зерттеудің екінші кезеңіне өтеді.
Екінші кезеңде экономикалық құрамы айқындалады. Экономикалық құрамы – бұл автокөлік құралының тауарлық (сандық және сапалық) қасиеттерін және бағалаудың жалпы әдістері негізінде оның құнын, объектінің өзгерген қасиеттерінің оның тұтыну құнына әсерін анықтау.
Бірінші және екінші кезеңдерде орындалатын іс-әрекеттер автокөлік құралдарын бағалау қызметінің жалпы мақсаттары болып табылады. Автокөлік құралдарын бағалауда жалпы мәселелерді шешумен қатар, жеке моменттерін де анықтап алу керек:
- ұсынылған автокөлік құралының сипаттамасы (моделі, шығарылған жылы, техникалық жағдайы және т.б.);
- ұсынылған автокөлік құралының қандай да бұзылған бөлшегінің сипаты;
- ұсынылған автокөлік құралының бұзылу көлемі;
- амортизациялық тозу көлемі;
- лакобояулық жабынның сипаттамасы (компоненттер жағдайы);
- қалпына келтіруге, жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектер;
- қандай да қосалқы бөлшектердің құны;
- автокөлік құралын жөндеуге қолданылатын материалдардың құны;
- қалпына келтіру шығындарының құны;
- жөндеу нәтижесінде автокөлік құралының тауарлық түрінің жоғалу құны;
- ұсынылған автокөлік құралының жойылу құны;
- ұсынылған автокөлік құралын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының көлемі және сипаты;
- жөндеудің техникалық-экономикалық жөндігі;
- нормативті (амортизациялық) тозуды ескергендегі, автокөлік құралының толық қалпына келтіру құны;
- сақтау, тасымалдау, эксплуатациялау және т.б. процесі негізнде, автокөлік құралының жағдайы мен қасиеттерінің өзгеруі нәтижесінде арзандату көлемі.
Автокөлік құралдарын бағалау қызметінің объектісі жеке және заңды тұлғалар мүліктік жауапкершілікке ие болатын, автокөлік құралдарының тұтыну қасиеттері болып табылады. Бұл мәселені шешуге автокөлік құралдарын бағалау әдістемесі келтіріледі, ол ғылыми рекомендацияларға сәйкес, халықаралық тәжірибемен қатар, қазақстандық нарықта жылжымалы және жылжымайтын мүлікке баға белгілеу ерекшеліктерін ескеріп жасалынған.
Ел экономикасы кеңістік пен уақытта бөлінген параметрлері бар жүйе болып табылады, сондықтан жалпы жағдайда құн территориялық және уақыттық факторлардың функциясын көрсетеді. Территориялық факторлар әр түрлі аймақтық нарықтар үшін ұқсас автокөлік құралдарының құндарының арасындағы айырмашылықты ескереді. Мысалы Алматының тауар нарығында шетел автомобильдерінің құны Атырау нарығындағы ұқсас автомобильдер құнынан орта есеппен 10-15% төмен. Уақытша факторлар инфляция және басқа да тұрақсыз сипаттағы себептер әсерінен ұқсас автокөлік құралдарының құнын бағалағанда бағалау мерзімі және орны көрсетілуі тиіс.
Машиналар мен құрал-жабдықтардың қалдық құнын анықтау үшін қайта қалпына келтіру құнынан жалпы тозу сомасы есептеледі.
Жалпы тозу дегеніміз – бұл физикалық бұзылулардан, функциялары ескіруден және әр түрлі әсер ететін экономикалық факторлардың есебімен объектінің сыртқы факторлардан (экономикалық жағдайлардан, қоршаған ортаның жағдайларынан т.б.) болатын мүліктің құнының төмендеуі.
Тозудың үш түрі бар. Олар: физикалық тозу, функционалдық тозу және сыртқы тозу.
Машиналар мен құрал-жабдықтардың физикалық тозы келесідей әдістердің қатысуы арқылы анықталады:
өмір сүру уақыты кезеңі;
техникалық жағадайын жалпылама бағалаудың әдісі.
2 – кесте Физикалық тозу көрсеткіштері
Физикалық тозуы, % бойынша |
Техникалық жағдайын бағалау |
Техникалық жағдайына жалпы сипаттама |
0 – 20 |
Жақсы |
Кемшілігі және зақымдылығы жоқ. Бөлек жөнделмеген эксплуатациялық элементтері бар және жөндеу кезінде жою мүмкіндігі бар. |
21 – 40 |
Қанағаттанарлық |
Элементтері жұмысқа жарамды, бірақ қазіргі жағдайда жөндеуден өтуін талап етеді. |
41 - 60 |
Қанағаттанарлықсыз |
Элементтері жұмысқа тек жөндеуден өткеннен соң жарамды. |
61 - 80 |
Апаттық |
Элементтердің жағдайы апаттық. Элементтердің барлық орындалу функцияларын тек қана толық ауыстыруды талап етеді. |
81 – 100 |
Жарамсыз, қолдануға келмейді |
Элементтердің жұмысқа жарамсыз жағдайы |
Автокөліктердің физикалық тозу пайызын анықтау үшін келесідей ақпараттарды дайындайды:
Спидомертден жол жүрілген есептік бойынша нақты көрсеткішін аламыз.
Автокөліктің техникалық куәлігіне сәйкес жүрілген уақыты.
Көліктің тозу пайызын мына формула арқылы анықтаймыз:
Итр = (К1*Пф+К2*Дф) (1)
Мұнда, К1 – жүрілген жол бойынша тозу көрсеткіші;
Пф – көлікті қарау кезінде спидометрдегі жүрілген жол (км);
К2 – уақыт факторлары бойынша тозу көрсеткіші;
Дф – көліктің нақты жүрілген қызметі.
Көліктің бұйымдық кешенін ауыстырғандағы жеке тозу есебін анықтайды: автокөлік дөңгелектері, аккумулятор батареясы және т.б.
Көліктің (бұйымдық кешенін) тозу есебінің құны мына формуларлар арқылы анықталады:
Сиз = Ц – Виз=Цр*((1-Итр)/100), тенге (2)
мұнда, Сиз – көлік құралының есептік тозу есебінің құны, теңге;
Ц – көлік құралының кешендік есебінің бағасы;
Виз – тозу есебіне сәйкес құнды төмендету өлшемі, теңге.
Жеке агрегаттар мен бұйымдық кешенді ауыстырған жағдайдағы үрдісі мен көлік құралының тозу есебін алғандағы қалдық құны мына формула арқылы анықталады:
Схиз = Сиз +∑Зі*(Итр-Иі)/100 (3)
мұнда, Схиз – көлі құралын ауыстырған жағдайдағы үрдісі мен тозу есебін алғандағы қалдық құны;
Зі – і-ші агрегатты ауыстыру шығындары;
Итр – көлік құралының комплекстік тозу есебі;
Иі – і-ші агрегатты ауыстыру үрдісіндегі тозу пайызы.
і-ші агрегатты ауыстыруға кеткен шығындары мына формула арқылы анықтаймыз:
Зі=Ці+Сі, теңге (4)
мұнда, Зі – і-ші агрегатты ауыстыруға кеткен шығындары;
Ці – і-ші агрегаттар бағасы;
Сі – і-ші агрегатты ауыстыруы бойынша жөндеу жұмысының құны.
Көліктің құнынан төмендету факторы болып пайдалану кезіндегі залалдардың пайда болуы. Олар мыналар:
темірдің қабыршықтануының (коррозия) орны мен залалы;
бөлшектер элементінің зақымдалуы, бөлінуі;
материалды және материалдық емес бөлшектерінің соғылуы, көгеруі, қабыршықтануы.
ластауы;
жөндеуден қалған белгілері;
агрегаттар мен бұйым бұрыштарының қатайтып жүргізілмеуі;
пайдалану кезіндегі айқындалатын ақаулықтар.
Тозу есебіндегі ақаулықтардан арылуы бойынша мына формула арқылы анықталады:
Здэ=СР+Цм+Цд*(1-Итр/100), тенге (5)
мұнда, СР – ақаулықтан арылуы бойынша жұмыс құнының сомасы;
Цм – ақаулықтан арылу үшін керекті материалдар құнының соммасы;
Цд – ақаулықтан арылу үшін керекті бөлшектік қорлар құнының соммасы;
(1-Итр/100) – ақаулықтан арылуы бойынша жаңарту коэффициенті.
