Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pedagogika_psikhologia_ioa_emtikhan_suraktary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.79 Кб
Скачать

2. Зейін жөнінде түсінік. Зейіннің негізгі қасиеттері

Зейін туралы ұғым.Зейін өмірде психикалық әрекеттің бір жағы бола отырып, адамның өнімді білім алуына, еңбек әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына көмектеседі. Зейін дегеніміз – сананы белгілі бір затқа, құбылысқа, объектіге бағыттап шоғырлануы және айқын бейнелеуін қамтамасыз ету. Зейін пайда болуына керекті шарттар: объектіні бөліп, оған назар аудару және басқа тітіркендіргіштерге алаңдамау. Зейінің физиологиялық құбалмылығы көрінісін И.П.Павлов ашқан қозудың оптималдық ошағы құбылысы түсінуге көмектеседі. А.А.Ухтомский ми қызметінің физиологиясын зерттеу нәтижесін доминантта жайлы түсіндіреді.

Сыртқы дүниенің кептеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқйіғанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгетжасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бегде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бүл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған козуларды өзіне тартып алып, солар-дың есебінен күшейіп отырады. А. А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың «Қозудың оптимальдык, алабы» дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.

И. П. Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық түрғыдан ете жақсы т8сіндіреді.

Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамай-ды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оп-тимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап - ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бүл жөнінде И. П. Павлов былай дейді:

Доминанта -латынның доминанс деген сөзі, қазақша устемдік вту деген мағынада.

«Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сы-ңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді». Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оп-тимальдық қозу алабының жүмысы болады. Оптималдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.

Мүндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптималдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап оты-ратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптар-дың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.

Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың, көздің түрлі қозғалыстары, бет бүру, үңілу, қүлақ тігу т.б.) жақсы көрінеді. Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені осы айтылғанға біршама үқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан да, кейбір мүғалімдер сыныптағы оқушылардың кескініне қарап, бір деген-нен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бүл, әсіресе, тәжірибесі аз жас мүғалімдерде жиі кездеседі. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелей отыру - мектептегі барша мүғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істеріңің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті нәтижелі етіп орындауға болатындығы мүғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.

Зейін қасиеттері.

Зейін қасиеттері:

а) Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы.

ә) Зейіннің ауысуы.

б) Зейіннің бөлінушілігі.

Сонымен зейін - сана мен бір объектінің арасындағы байланыс, яғни сананың сол объектіге бағытталуы. Осы бағытталу ерекшеліктері зейіннің қасиетін білдіреді. Зейіннің қасиеттеріне: тұрақтылығы, жиынтылығы, көлемі, бөлінуі, ауысуы, алаң болушылық.

Адам зейін бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтана алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы, хирург немесе дәрігердің жұмысындағы зейінді осыған жатқызуға болады.

Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтай алу арқасында адам істеп отырған ісін терең түсініп, оның әр түрлі байланысын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзінді жеткізе алудың басты бір белгісі. Зейіннің осы бір қасиетінің оқуда маңызы зор.

Зейіннің көлемі - адамның бұрынғы жинақтаған тәжірбиесіне байланысты. Бір мезгілде бірнеше объектіге көңіл аудара білу зейіннің көлемін көрсетеді.

Зейіннің бөлінуі. Әрекет барысында зейін бір ғана нәрсеге ие емес, 2- 3 нәрсеге түсуі мүмкін. Күрделі жұмыс үстінде 2-3 нәрсеге түсіп, түйілген зейінді бөлінген зейін дейді. Бұл қасиет өмірде керек. Мысалы, мұғалім бір уақытта класты бақылай отырып сабақты түсіндіру керек.

Зейіннің ауысуы. Зейіннің ауысуы деп - бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді атайды.

Алаң болушылық. Бұл зейіннің қызметіне байланысты адамның қасиеті. Адам ұзақ уақыт бойы өз зейінін тұрақтата алмайды. Алаң ғасырлық нағыз алаңғасарлық және алаңғасарлық болады.

Бір затқа немесе іс- әрекетке бар ынтасын салып, зейінін соған ғана аударуға байланысты, айналадағы басқа заттарды байқамау, оларға көңіл аудармау (мнимая, рассеяность) алаңғасарлық болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]