Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pedagogika_psikhologia_ioa_emtikhan_suraktary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.79 Кб
Скачать

2. Жан қуаттарының топтастыруы

Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мүны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Бүл топтастыру бойынша, психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді. Олардың бірі психикалық процестер деп аталса, екіншілері психикалық қалып, үшіншілері психикалық қасиеттер деп аталынады. Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестету, т. б.) сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарын тікелей танып білуде, енді біреулері (ойлау, қиял т. б.) бүлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, өзгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүниемен (объективтік шындықпен) үздіксіз қатынастағы белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері шешуші қызмет атқарады.

Психикалық кейіп (немесе қалып) адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т. б.) түрақты компоненттері. Жан қуаттарының осы екінші тобы ғылымда өлі де болса толық зерттелінбеген.

Психикалық қасиеттер — бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бүған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір таптық, үлттық, жас өзгешелік, мамандық ерекшеліктері де бірсыдырғы орын алады.

Психикалық процесстер— сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. ардың түрлері көп. Аспанда жүлдыздар жымыңдап, бір өшіп, бір жанып түр. Оқтын-оқтын самал желдің ақырын  толқып өскен лебі денеге тиеді, шөп сыбдыры баяу  қүлаққа шалынады, жас жусанның исі мүрын жарып түр, көлде әлсін-әлі қүрбақа бақылдайды. Осындайларды адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері арқылы сезінеді. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының толып жатқан жеке саналары сәулеленетін болса, қабылдауда олар түтастай, біріккен сапаларымен бейнеленеді.

Бір кезде қабылданған заттар санамыздан мүлде жойылып, өшіп кетпейді, оларды кейін керек кезінде түрліше елестетуге болады. Мысалы, студент үйіне хат жазып отырып, үйіндегілердің бет-пішініндегі нәрселерді көз алдына елестете алады. Мүндай жағдайда оның басында елес процестері пайда болады. Оған нәрселер мен заттардың образы қасында түрғандай көрінбей, жай елестеп отырады. Студент сабаққа дайындалады. Кейін мүғалім сабақ сүрағанда студент оқығанын есіне түсіріп, айтып береді, қажетті нәрселерді есіне жинайды да, қажетсіз, қызықсыз жерлерін үмытады. Бүл жерде ес процестері әңгіме болып отыр.

Ғалымның тыңнан бір жаңалық ашуы, инженердің машина ойлап шығаруы, оқушының шығарма жазуы т. б. үлкен қиялды қажет етеді. Бүрын қабылданған нәрселерді қайтадан өңдеп, образ жасауда көрінетін психикалық процесс қиял деп аталады. Алдымызда түрған мәселені шешу, заттардың себеп-салдар байланыстарын көрсету, болмысты жалпылай және жанама түрде тану — ойлау процесінің арқасында болып отырады. Сөйлеумен тығыз байланысты ойлау адам танымының ең жоғары түрі. Біз айналадағы нәрселерге талғаусыз қарамаймыз. Ісіміз оңға басса, көңіліміз толып^оған қатты қуанамыз, жаман нәрсені көрсек ренжимй, өділетсіз іске ашу білдіреміз. Қуаныш, қайғы, үнату, үнатпау, уайым, масаттану, достық, жолдастық, адалдық, шыншылдық т. б. адамның сан алуан сезімдері мен эмоцияларын бейнелейтін атаулар.

Қандай болмасын, бір әрекет жасау үшін алдымен оның жоспарын ойланамыз да алда түрған кедергілер мен қиыншылықтарды жеңуге кірісеміз, көздеген мақсатқа жету үшін барлық күш-жігерімізді жүмсаймыз. Мұнда адамның мақсат, тілек, қалау, тоқтам, ерік, жігер қажыр-қайрат процестері көрінеді.

Жан қуаттарының ішінен зейін ерекше орын алады. Зейін санамыздың барлық жақтарының (қабылдау, елес, ойлау, қиял т. б.) белгілі объектіге бағытталып. Зейін жан қуаттарының қай-қайсысына болса да дәнекер болады, оны күшейте де, өлсірете де алады, ерік процесі де онсыз пәрменсіз болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]