Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pedagogika_psikhologia_ioa_emtikhan_suraktary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.79 Кб
Скачать
  1. Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі әдеби көздерді зерттеу әдістері

Әдеби көздерді зерттеу жұмысы зерттеушіге қарастыратын тақырып бойынша неғұрлым кең ақпарат алуға мүмкіншілік береді.

Оқушылар бірінші курстан бастап реферат, баяндама дайындайды, соңғы курста курстық және дипломдық жұмыстар жазады. Осындай жұмыс кезінде олар ғылыми және оқу әдебиеттерін зерттейді. Әдебиетпен жұмыс істеу – оқушы меңгеруге тиіс маңызды іскерлік болып табылады.

Әдебиеттерді зерттеу онымен танысудан басталады. Ең алдымен әдебиеттің атына, авторына, шыққан жылы мен баспасына назар аударылады.

Әдебиетпен жұмыс істеу төмендегі рет (схема) бойынша жүргізіледі:

І. Нені іздеу керек?

1. Оқу әдебеті

2. Ғылыми әдебиет

3. Анықтамалық әдебиет

ІІ. Қайдан іздеу керек?

  1. Библиографиялық көрсеткіштер

  2. Компьютерлік каталогтар

  3. Кітапханалық каталогтар

ІІІ. Қалай іздеу керек?

  1. Әдебиеттер тізімін құрастыру

  2. Библиографиялық көрсеткіштермен жұмыс істеу

  3. Әдебиеттерді іздеп табу

Оқу әдебиетіне оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдары жатса, анықтамалық әдебиеттерге сөздіктер, энциклопедиялар, мамандық анықтамалары жатады.

Ғылыми-педагогикалық ақпарат көздері – монография, баспасөз беттеріндегі мақалалар, ғылыми жинақтар, диссертация.

Монографияда ғылымның негізгі мәліметтері жүйелі түрде автордың өзімен беріледі.

Монографияның көлемі әр түрлі болады, бірақ көлемінің минимумы 100 бетке жуық.

Монографияда ғылыми зерттеу нәтижелері неғұрлым терең, жүйелі, толықтау беріледі. Монографиялардың авторлары белгілі ғылым саласында терең білімі мен мол тәжірибе жинақтаған ірі ғалымдар болады.

Мақалалар – шағын көлемді арнайы ақпарат беретін баспасөз.

Мақалада автордың кейбір сұрақтар бойынша жүргізген зерттеу нәтижелері көрсетіледі. Мақалалар арнайы ғылыми журналдарда шығады.

Ғылыми жинақтар – ғылыми журналдарға ұқсас, бірақ журналдар сияқты жиі шығарылмайды.

Редактолар жинақтарда ең маңызды, мәнді мақалалармен шығады.

Диссертация – монографияға ұқсас ғылыми еңбек, бірақ типографиялық жолмен шықпайды.

Диссертацияның түрлері: магистрлік диссертация, докторлық диссретация. Магистрлік диссертацияны қорғаған зерттеушіге ғылым магистрі, докторлық диссертацияны қорғаған зерттеушіге ғылым докторы деген дәреже беріледі.

Әр бір диссертация үшін типографиялық жолмен оның қысқаша мазмұны беріледі. Мұны автореферат деп атайды. Диссертациямен алғашқы танысуды авторефераттан бастау керек. Одан диссертацияның мазмұны бойынша зерттеуші мәліметтер алады.

Əдебиеттермен жұмыс істеу əдістерінің түрі сан-алуан. Олар:

  1. Библиография (кітапдерек)зерттелетін мәселе бойынша әдебиеттер тізімін құру.

Библиография жасағанда ең бірінші автордың тегі (немесе авторлардың, бірнешеуі болса), содан кітаптің аты, шығу жері, баспсөз, соңында шығу жылы.

Егер жинақ болса, онда ең бірінші жинақ аты, кейін авторладың аты-жөні, қаласы, баспасөз, шығу жылы.

2. Конспект – мәтіннің қысқаша мазмұны. Бірақ конспект жасағанда материал

шығармашылықпен белсенді меңгерілмейді.

3.Тезис – мәтіннің ең маңызды жерін қысқаша мазмұндау

Оқылған әдебиет мазмұны бойынша толықтау мәлімет беретін – тезистер.

Әр бір тезистің көлемі бірнеше жол, ал тезистердің жалпы көлемі әдебиеттің көлеміне байланысты. Бірақ шамамен бір тезис әдебиеттің бір-екі бетіне беріледі.

  1. Жоспар – негізгі тұжырымдамаларды, ойларды ретімен жазу

  2. Аннотация – мәтіннің мазмұнын бірнеше сөйлеммен беру

Аннотацияда жұмыстың негізгі мазмұны жалпылай және қысқаша беріледі. Аннотацияның көлемі әдебиеттің көлеміне байланысты, бірақ көбіне бір парақ беттен аспайды.

Әдебиетпен алғашқы танысуды аннотациядан бастау керек. Бұл әдебиеттің мазмұнын білуге, зерттеу тақырыбына сәйкестігін анықтауға мүмкіншілік береді.

Әдеби көздеріне аннотация жасағанда ең ірі тарауларын, тақырыптарын немесе бөлімдерін жиі жазып алады.

Аннотация – бұл оқылған материалдарды тіркеудің жалпылама әдісі.

  1. Цитата – мәтіндегі, әдебиеттегі пікірді сол күйінде беру

Цитатаның мәтіні өзгертілмей, дәл көрсетілуі керек. Цитатада сөздерді, сөйлемдерді қалдыруға, өзгертуге болмайды.

Егер цитатада сөйлем толық берілмесе, онда цитатаның басында, ортасында, соңында қалдырған сөздердің орнына көп нүкте қойылады.

Негізгі мәтінде цитаталар тырнақшаға алынып, автордың аты-жөні көрсетіледі.

  1. Баяндама – тақырыптың мазмұнын көпшіліктің алдында баяндау

Баяндама үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды.

Кіріспе бөлімінде баяндаманың тақырыбы, қарастырылатын мәселенің

маңыздылығы айтылады.

Негізгі бөлімінде материал жүйелі, бірізділікпен, дәлелді түрде баяндалады.

Қорытынды бөлімінде қарастырылатын мәселенің шешілу жолдары, ұсыныстар, қорытынды жасалады.

  1. Реферат – белгілі бір тақырып бойынша бір немесе бірнеше әдебиеттердің мазмұнын жазбаша түрде жеткізу.

Рефератта зерттелінетін жұмыстың негізі қысқаша мазмұндалады, белгілі тақырыпқа арнап құрастырылады.

Рефераттың нақты құрылымы болады: жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспеде тақырыптың маңыздылығы айтылады, негізгі бөлімде әдебиеттің негізгі мазмұнын ашады. Рефератта қорытынды бөлім міндетті емес, негізгі бөліммен аяқтауға болады.

Соңында әдебиеттер тізімі алфавит бойынша мынадай ретпен беріледі: авторы, кітаптың аты, қаласы мен баспасы, шыққан жылы.

Реферат мазмұнында автордың негізгі идеяларға, қорытындыларға деген ойлары бейнеленуі тиіс. Өйткені реферат мазмұнында автордың көзқарасы, талдауы болмаса, онда жазылған жұмыс конспект болып есептеледі.

емтихан билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]