- •Информатиканы оқытудағы мұғалімнің рөлі
- •Психология ғылымының тарихы, даму кезеңдері
- •Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі әдеби көздерді зерттеу әдістері
- •Информатиканы оқытуды жобалау. Тақырыптық жоспарлау. Сабақты жоспарлау
- •1. Тақырыптық жоспарлау
- •2. Сабақты жоспарлау
- •Қазақстанда педагогика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
- •3. Жалпы психология пәні, оның объектісі
- •Информатиканы оқыту әдістемесі пәні
- •Ойын және оның психологиялық сипаты, ойын түрлері
- •Жас ерекшелік туралы ұғым, белгілі кезеңдерге бөлінуі.
- •Бастауыш сынып информатикасын оқытудағы ақпараттық технологиялардың рөлі
- •2. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері: педагогикалық бақылау,
- •3. Қиял туралы жалпы ұғым. Қиялдың түрлері
- •Үй жұмысының формалары. Үй тапсырмасын беру әдістері
- •2. Үй тапсырмасын беру әдістері
- •2. Түйсік туралы жалпы ұғым. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары.
- •3. Мағжан Жұмабевтың педагогика ғылымына қосқан үлесі.
- •Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру. Информатика кабинетінде жұмыс істеу ұзақтығы. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:
- •Дербес компьютерде жүмыс жасау алдында қауіпсіздік ережесінің талаптары:
- •3. Оқушы дербес компъютермен жүмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
- •4. Апаттық жагдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
- •2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері.
- •3. Ойын және оның психологиялық сипаты, ойын түрлері
- •Информатиканы оқыту құралдарының құрамы. Информатиканы оқыту құралдарының жүйесі
- •2. Жеке адам туралы жалпы түсінік, топтар психологиясы
- •3. Сабақ типтері мен құрылымы
- •«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бастапқы мақсаттары мен міндеттер.
- •2. Зейін туралы жалпы ұғым. Зейін түрлері
- •3. Дидактика туралы ұғым, оның міндеттері.
- •Инфоматика сабағының ерекшеліктері
- •2. Орта білім беру жүйесі. Мектептің жаңа түрлері, лицей, гимназия
- •3. Ес туралы жалпы ұғым. Ес саласындағы дара айырмашылықтар
- •Информатика кабинетінің қызметі. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар.
- •5.1.2. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар
- •2. Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі аннотация, баяндама, тезис және жоспар.
- •3. Еңбек әpeкeтiнің психологиялык сипаты
- •Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
- •Шағын жинақталған мектептің ерекшеліктері
- •3. Темперамент туралы жалпы ұғым. Темперамент түрлері
- •Информатика пәні бойынша үй жұмысы
- •2. Педагогтар, көрнекті адамдардың еңбек тәрбиесі туралы пікірлері.
- •3. Психологияның зерттеу әдістері
- •Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениеті.
- •2. Жан қуаттарының топтастыруы
- •3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы, принциптері. Білім туралы Заңы
- •1. Мектептегі информатика пәні тарауларының мазмұны мен құрылымы
- •2. Ерік туралы жалпы ұғым. Ерік сапалары
- •3. Ұстаздық қабілеттің түрлері.
- •Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты және міндеттері.
- •2. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары.
- •3. Мінез туралы жалпы ұғым. Типтік мінез бітістері
- •Информатика сабағының құрылымы
- •Қабілет туралы жалпы ұғым. Қабілет және нышан
- •3. Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын бақылау әдісі
- •Информатика пәні бойынша білімді тексеру
- •Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар.
- •2. Зейін жөнінде түсінік. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •3. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.
- •Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсатары мен міндеттері
- •2. Түйсік жөнінде түсінік. Түйсіктердің түрлері
- •2. Түйсік қасиеттері.
- •3. Қазақстан республикасындағы білім беру жүйесінің тарихы.
- •1 Информатика курсын бағдарламалық қамсыздандыру .
- •1. Информатиканы бастауыш сыныптан бастап енгізудің алғы шарттары. Пропедевтикалық курстың негіздемелері. 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесінің бағыттары.
- •2. Ерік туралы жалпы ұғым. Ерік сапалары
- •3. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.
Шағын жинақталған мектептің ерекшеліктері
Шағын кешенді мектеп дегеніміз – біріккен сынып құрамында шағын оқушылары бар жалпы білім беру мектебі. Ауылдық жерлерде шағын кешенді мектептер жиі кездеседі. Аз кешенді бастауыш мектепте қатарлас сыныптар болмайды, оқушылардың саны аз. Сынып — комплект — бір мұғалім — сынып жетекшісі басқаратын сынып, онда екі, үш, төрт сынып болуы мүмкін. Шағын кешенді мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты XVIII ғасырдың 60 жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің ділгір мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Шағын кешенді мектептерде негізгі назар ұйымдастыру жұмыстарына аударылады. Шағын жинақталған мектептердің оқу тәрбие үрдісін жетілдіру, дамыту үшін мұғалімдердің педагогикалық іскерлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау керек. Олармен әдістемелік жұмыстарды әдіскер – мұғалім – әдістемелік бірлестік үш бірлігін сақтай отырып жүргізген тиімді.. Себебі шағын жинақталған мектепке институт қабырғасынан шыққан жас маман екі класты қатар оқыту практикасынан өтпеген, оның әдістемесін толық меңгермеген болып келеді. Сондықтан шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне мектеп жұмысын терең де мазмұнды жоспарлауға нұсқау беріп, білім берудің жаңа технологияларымен жұмыс жасауға бағыттау керек. Әдістемелік көмектер беру үшін сабақтарына тікелей қатысып, әдістемелік талдау жасап, жекеше және топтық, ауызша және жазбаша кеңестер берген дұрыс болады. Шағын жинақталған мектептерді тұрған орындарына қарай топтастырып, «Әдістемелік күндер» өткізу тиімді. Әдістемелік күнде ашық сабақтармен қатар теориялық баяндамалар да қойылып, тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға болады. Шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің шеберлігін шыңдаудың тағы бір жолдары – шағын жинақталған мектеп мұғалімдері үшін сайыстар, байқаулар, бір пәндік немесе бір тақырыптық панорамалық сабақтар сайысын, имитациялық ойындар өткізу. Мұндай жұмыстар мұғалімдердің шағын жинақталған мектерде жұмыс жасаудағы кәсіби шеберліктерін шыңдайды. Шағын жинақталған мктептерге әдістемелік көмек ұйымдастыру үшін барлық шағын жинақталған мектептерді «ШЖМ – проблемалары және оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің әдістері мен формаларын іздестіру» деп аталатын үлкен бірлестікке біріктіріп, оларды бірнеше шығармашылық микротопқа бөліп, әр топқа айналысатын проблемаларын бекітіп, жүргізілген жұмыстарды қорытып, жинақтап қажетті әдістемелік жинақ дайындауға болады
Ауылдың жерде өсетін балалар өмірге көбірек бейімделеді. Балалар әр жастағы ұжымдарда тәрбиеленіп, жылы жүзділігімен, ашықтығымен, үйірсектігімен ерекшеленеді.
Бірақ кейбір балалар ашушаң, төбелесқор, ұстамсыз, үқыпсыз, жауапкершілігі жоқ болып келеді. Шағын комплектілі мектептегі оқушыға тәрбие беретін үш бағыт:
сабақтағы тәрбие жұмысы;
сабақтан және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары;
елді мекеннің қоғамдық ортасының тәрбиесі.
Тәрбиелік іс-шаралар мектеп көлемінде жылына 4-5 рет өтеді. Оларды ұжым бірігіп әзірлейді. Мұғалім балалармен бірге жоспар жасап, міндеттерді бөледі.
Мереке кезінде оның белгісі мен ұранына байқау ұйымдастырылады, сыйлықтар әзірленеді. Мұғалім тек көмектесіп, шараны балалар ұйымдастырып, өткізеді.
Тәрбие жұмысының жоспарын ұжымның өзі немесе аймақтың тәрбие орталықтары ұсынған бағдарлама бойынша жасайды. Жоспар бір аптаға, айға, жарты жылға жасалады. Ең бастысы әдемі жасалған жоспар емес, нақты істер. Сонымен, шағын комплектілі мектептегі тәрбие жұмысының өз ерекшеліктері бар, атап айтсақ, ата-аналармен тығыз байланыс, ер оқушының тәрбиесіне ықпал ету, халықтың дәстүрге сүйену, табиғатқа жақындық, ақыл-ой, дене, еңбек, моральдық, сезімдік тәрбие жүзеге асырылады. Жоспарда мұғалім, т.б. тәрбиешілердің оқушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары әр жас кезеңдеріне сай көрсетіледі. Тәрбие жұмысы ізгілік принципіне негізделген және баланың жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға бағытталған.
Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызы зор міндет. Еліміздің экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлкен үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндетін шағын жинақталған мектептер де бірге атқаруы керек.
