- •Информатиканы оқытудағы мұғалімнің рөлі
- •Психология ғылымының тарихы, даму кезеңдері
- •Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі әдеби көздерді зерттеу әдістері
- •Информатиканы оқытуды жобалау. Тақырыптық жоспарлау. Сабақты жоспарлау
- •1. Тақырыптық жоспарлау
- •2. Сабақты жоспарлау
- •Қазақстанда педагогика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
- •3. Жалпы психология пәні, оның объектісі
- •Информатиканы оқыту әдістемесі пәні
- •Ойын және оның психологиялық сипаты, ойын түрлері
- •Жас ерекшелік туралы ұғым, белгілі кезеңдерге бөлінуі.
- •Бастауыш сынып информатикасын оқытудағы ақпараттық технологиялардың рөлі
- •2. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері: педагогикалық бақылау,
- •3. Қиял туралы жалпы ұғым. Қиялдың түрлері
- •Үй жұмысының формалары. Үй тапсырмасын беру әдістері
- •2. Үй тапсырмасын беру әдістері
- •2. Түйсік туралы жалпы ұғым. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары.
- •3. Мағжан Жұмабевтың педагогика ғылымына қосқан үлесі.
- •Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру. Информатика кабинетінде жұмыс істеу ұзақтығы. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:
- •Дербес компьютерде жүмыс жасау алдында қауіпсіздік ережесінің талаптары:
- •3. Оқушы дербес компъютермен жүмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
- •4. Апаттық жагдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
- •2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері.
- •3. Ойын және оның психологиялық сипаты, ойын түрлері
- •Информатиканы оқыту құралдарының құрамы. Информатиканы оқыту құралдарының жүйесі
- •2. Жеке адам туралы жалпы түсінік, топтар психологиясы
- •3. Сабақ типтері мен құрылымы
- •«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бастапқы мақсаттары мен міндеттер.
- •2. Зейін туралы жалпы ұғым. Зейін түрлері
- •3. Дидактика туралы ұғым, оның міндеттері.
- •Инфоматика сабағының ерекшеліктері
- •2. Орта білім беру жүйесі. Мектептің жаңа түрлері, лицей, гимназия
- •3. Ес туралы жалпы ұғым. Ес саласындағы дара айырмашылықтар
- •Информатика кабинетінің қызметі. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар.
- •5.1.2. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар
- •2. Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі аннотация, баяндама, тезис және жоспар.
- •3. Еңбек әpeкeтiнің психологиялык сипаты
- •Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
- •Шағын жинақталған мектептің ерекшеліктері
- •3. Темперамент туралы жалпы ұғым. Темперамент түрлері
- •Информатика пәні бойынша үй жұмысы
- •2. Педагогтар, көрнекті адамдардың еңбек тәрбиесі туралы пікірлері.
- •3. Психологияның зерттеу әдістері
- •Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениеті.
- •2. Жан қуаттарының топтастыруы
- •3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы, принциптері. Білім туралы Заңы
- •1. Мектептегі информатика пәні тарауларының мазмұны мен құрылымы
- •2. Ерік туралы жалпы ұғым. Ерік сапалары
- •3. Ұстаздық қабілеттің түрлері.
- •Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты және міндеттері.
- •2. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары.
- •3. Мінез туралы жалпы ұғым. Типтік мінез бітістері
- •Информатика сабағының құрылымы
- •Қабілет туралы жалпы ұғым. Қабілет және нышан
- •3. Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын бақылау әдісі
- •Информатика пәні бойынша білімді тексеру
- •Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар.
- •2. Зейін жөнінде түсінік. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •3. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.
- •Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсатары мен міндеттері
- •2. Түйсік жөнінде түсінік. Түйсіктердің түрлері
- •2. Түйсік қасиеттері.
- •3. Қазақстан республикасындағы білім беру жүйесінің тарихы.
- •1 Информатика курсын бағдарламалық қамсыздандыру .
- •1. Информатиканы бастауыш сыныптан бастап енгізудің алғы шарттары. Пропедевтикалық курстың негіздемелері. 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесінің бағыттары.
- •2. Ерік туралы жалпы ұғым. Ерік сапалары
- •3. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.
2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері.
Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі. Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді. Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді. "Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді: • адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім"; • заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік"; • құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие"; • тән саулығы - "дене тәрбиесі". И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген. Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген. К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады. П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген. 1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді. А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды. Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді. Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген. Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады. М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды. Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу. Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған. Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің Негізгі мақсаты-Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды.
