- •Информатиканы оқытудағы мұғалімнің рөлі
- •Психология ғылымының тарихы, даму кезеңдері
- •Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі әдеби көздерді зерттеу әдістері
- •Информатиканы оқытуды жобалау. Тақырыптық жоспарлау. Сабақты жоспарлау
- •1. Тақырыптық жоспарлау
- •2. Сабақты жоспарлау
- •Қазақстанда педагогика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
- •3. Жалпы психология пәні, оның объектісі
- •Информатиканы оқыту әдістемесі пәні
- •Ойын және оның психологиялық сипаты, ойын түрлері
- •Жас ерекшелік туралы ұғым, белгілі кезеңдерге бөлінуі.
- •Бастауыш сынып информатикасын оқытудағы ақпараттық технологиялардың рөлі
- •2. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері: педагогикалық бақылау,
- •3. Қиял туралы жалпы ұғым. Қиялдың түрлері
- •Үй жұмысының формалары. Үй тапсырмасын беру әдістері
- •2. Үй тапсырмасын беру әдістері
- •2. Түйсік туралы жалпы ұғым. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары.
- •3. Мағжан Жұмабевтың педагогика ғылымына қосқан үлесі.
- •Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру. Информатика кабинетінде жұмыс істеу ұзақтығы. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:
- •Дербес компьютерде жүмыс жасау алдында қауіпсіздік ережесінің талаптары:
- •3. Оқушы дербес компъютермен жүмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
- •4. Апаттық жагдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
- •2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері.
- •3. Ойын және оның психологиялық сипаты, ойын түрлері
- •Информатиканы оқыту құралдарының құрамы. Информатиканы оқыту құралдарының жүйесі
- •2. Жеке адам туралы жалпы түсінік, топтар психологиясы
- •3. Сабақ типтері мен құрылымы
- •«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бастапқы мақсаттары мен міндеттер.
- •2. Зейін туралы жалпы ұғым. Зейін түрлері
- •3. Дидактика туралы ұғым, оның міндеттері.
- •Инфоматика сабағының ерекшеліктері
- •2. Орта білім беру жүйесі. Мектептің жаңа түрлері, лицей, гимназия
- •3. Ес туралы жалпы ұғым. Ес саласындағы дара айырмашылықтар
- •Информатика кабинетінің қызметі. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар.
- •5.1.2. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар
- •2. Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі аннотация, баяндама, тезис және жоспар.
- •3. Еңбек әpeкeтiнің психологиялык сипаты
- •Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
- •Шағын жинақталған мектептің ерекшеліктері
- •3. Темперамент туралы жалпы ұғым. Темперамент түрлері
- •Информатика пәні бойынша үй жұмысы
- •2. Педагогтар, көрнекті адамдардың еңбек тәрбиесі туралы пікірлері.
- •3. Психологияның зерттеу әдістері
- •Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениеті.
- •2. Жан қуаттарының топтастыруы
- •3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы, принциптері. Білім туралы Заңы
- •1. Мектептегі информатика пәні тарауларының мазмұны мен құрылымы
- •2. Ерік туралы жалпы ұғым. Ерік сапалары
- •3. Ұстаздық қабілеттің түрлері.
- •Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты және міндеттері.
- •2. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары.
- •3. Мінез туралы жалпы ұғым. Типтік мінез бітістері
- •Информатика сабағының құрылымы
- •Қабілет туралы жалпы ұғым. Қабілет және нышан
- •3. Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын бақылау әдісі
- •Информатика пәні бойынша білімді тексеру
- •Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар.
- •2. Зейін жөнінде түсінік. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •3. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.
- •Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсатары мен міндеттері
- •2. Түйсік жөнінде түсінік. Түйсіктердің түрлері
- •2. Түйсік қасиеттері.
- •3. Қазақстан республикасындағы білім беру жүйесінің тарихы.
- •1 Информатика курсын бағдарламалық қамсыздандыру .
- •1. Информатиканы бастауыш сыныптан бастап енгізудің алғы шарттары. Пропедевтикалық курстың негіздемелері. 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесінің бағыттары.
- •2. Ерік туралы жалпы ұғым. Ерік сапалары
- •3. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.
2. Түйсік туралы жалпы ұғым. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары.
Түйсік туралы жалпы түсінік.
1. Түйсік дегеніміз сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың және қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейне.
Қарапайым келген, бірақ та өте ерекше танымдық процесс түйсік деп аталады. Ол біздің өзіміздің организмімізде дәл осы сәтте не болып жатырғанын хабарлайды. Олар біздің қоршаған орта жағдайына икемделуімізге және өз іс-әрекетімізді жинақтауымызға мүмкіндік береді.
Түйсік әлем туралы біздің барлық білімдеріміздің алғашқы байлығы. Түйсік арқылы біз көлем, пішін, түс, температура, иіс, дәм, айналадағы заттар мен құбылыстар жайында әртүрлі дыбыстарды ұғамыз, қозғалыс, кеңістікті бағдарлауды дабілеміз. Түйсік күрделі психикалық процестерге - қабылдауға, ойлауға, қиялға материал береді. Егер адам барлық түйсінуден мұқтаждық көрсе, онда ол қоршаған әлемді танып біле алмайды.
Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын белгілейтін қарапайым психикалық процесті түйсік деп атайды.
Түйсіктер заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін ғана миымызда бейнелейді.
И.В.Павловтың нерв қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді.
Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т.б.) үш бөліктен тұрады.
1) Қабылдағыш прибор (лат.сөз. - рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргіштерді нервтік қозуға айналдыратын жер.
2)Қозуды рецептордан миға жеткізетін жалғастырушы нерв жолдары (талшықтары).
3)Үлкен ми сыңарлары қыртысындағы үлкен тиісті клеткалар.(мидағы түрлі нерв орталықтары).
Барлық анализатор бөлімдер біртұтас қызмет атқарады. Егер осы айтылған анализатордың үш бөлімінің біріне зақым келсе (мыс, көзге зақым келсе) сол түйсіну бұзылады. Адамда пайда болатын түйсікті үш топқа бөлуге болады. Бұл түйсіктердің ең үлкен тобы дененің сыртқы жағында болатын сезім органдарының қозуынан болатын түйсіктер - экстерорецепторлар. (көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады).
2.Ішкі сезім органдарынан (ішек, қарын, қан тамырлары) пайда болатын түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Мыс., ашығу, шөлдеу, органикалық түйсіктер.
3. Қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс түйсіктері кинестезиялық түйсіктер тобына жатады. Бұл қозғалыс түйсіктерінің рецепторлары - проприорецепторлар. Мыс., бұлшық ет, сіңірлер жатады.
А. Сезгіштік және табалдырық
Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз — сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық — түйсік табалдыры-ғының шегі. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштің болмашы түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Мәселен, біреу алақанындағы бір ми квадрат аумақка түсетін салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу осындай жерге түскен салмақты алты грамнан бастап сезеді. Бұдан соңғы адамның түйсік табалдырығы екі есе артық та, абсолюттік сезііштігі екі есе кем екендігі көрінеді. Егер тітіркенудің шамасы табалдьфықтан төмен жатса, онда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозанды сезе алмайды, көз ультра күлгін сәулелерді көрмейді, қүлақ әлсіз дыбыстарды естімейді. Өйткені осы тітіркендіргіштердің бірде-біреуінде түйсік туғызарлықтай күш жоқ.
Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендір гіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табылдырығының мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тагы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3—4 грамм қосу керек. Айыру тадалдырығы түйсіктің түрлерінде әртүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың күші 1/100-те тең. Бүл айтылғандарды мынадай фактілермен дәлелдейді. 100 шамдық жарық күшіне тағы бір шамдық жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артатындығы байқалады. Ал жүз кісі қатынасқан хорға тағы да он адам қосылса, хордың даусы аздап болса да көтеріледі.
XIX ғасырдың орта шенінде өмір сүрген неміс ғалымдары Э. Вебер (1795—1878) мен С. Фехнер (1801 -1887) тітіркендіргіштердің күшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде түжырымдады. Мүны түйсіктің психофизикалық заңы дейді. Осы заң бойынша тітіркендіргіштердің күші геометриялық прогрессия жолымен көбейсе, одан туатын түйсіктер арифметикалық прогрессия жолымен өседі.
Әлсіз немесе күшті тітіркендіргіштердің ін бүл заңмен түсіндіру қиынға соғады.
Ә. Адаптация
Сезім мүшелерінің сезгіштігі эсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бүл қүбылысты адаптация дейді.
Адаптация құбылысы адам сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Түйсіктердің қай-қайсысы да адаптацияланады. Мәселен, көру түйсігіндегі адаптацияны алайық. Жарық жерден караңғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптациясын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде көздін қарашығы 17 есе үлғаяды. Бүл қарашықтан өтетін жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді деген сөз. Көздің қараңғыда көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалардың і ете күшті. Олардың нашар жарықты да жақсы сезе алатын қасиеті бар. Мәселен, 30—40 минуттан кейін караңғыдағы сезгіштігі 200 мың есе артады. Ал караңгыдан жарыққа қарай сезгіштіктің өзгеруі жарық адаптациясын көрсетеді. Алғашқыда күн көзге шағылысып, көз еріксіз жүмылады. Бірақ төрт-бес минуттан кейін көз бүган үйренеді де, көздің і қалпына келеді.
Адаптация қүбылысына перифериялық нерв жүйесімен қатар ми қабығы да қатысады.
Адаптация тері (тактиль) түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей де қалады. Температуралық түйсіктердің де адаптациясы мол.
Мөселен, судың бірқалыпты салқындығына дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады.
Иіс түйсіктерінде адаптация түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, камфараның иісі 1—2 минуттан кейін сезілмейтін болса, горщица мен нашатыр спиртінің иісіне адаптациялану тезірек болады.
Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте әлсіз, ауыр-сыну организмнің қалыпты жүмысының бүзылған-дыгын, осы сигналдың биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация қүбылысы үнемі өзгеріп отыратын сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне анализаторлардың қалай да бейімделе алатындығын байқатады.
Б. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация
Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайларға байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын көрсететін күбылыс болып табылады.
Сезім мүшелерінің біреуінің інен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мүны былайша түсіну керек. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге өсер етіп түрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның қабілетін арттырумен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады. Қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дүрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі үшуга дайындық кезінде үшкыштардың көздеріне 20—30 минут бойына қызыл көзілдірік киетіндері осыдан.
С. В. Кравков, К. X. Кекчеев зерттеулерінде адамның дамыл-дамыл таза ауада дем алуы, жеңіл дене қимылын жасауы, беті-қолды салқын сумен сүртінуі сезгіштігін арттыратындығы дәлелденген.
Сыртқы дүниенің заттары бір анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне түскен эсер, қалған сезім мүшелеріне де эсер етеді. Түйсіктердің бір-бірімен байланысқа түсуі сыртқы дүниенің қүбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігі (қышқыл нәрсе) сезгіштігін арттырады, түз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың өзі тәтті болып керінеді. Осындай өзара байланыс кору, сипай сезу, қозғалыс түйсіктерінде де көп байқалады. Түйсіктердің өзара байланысының өте айқын көзге түсетіні контраст (қарама-қарсылық) қүбылысы. Мәселен, айналасын ақ түске бояған сүр тік бүрыш айналасын қара түске бояған сүр тік бүрыштан күңгірттеу көрінеді. Ал осы сүр тік бүрыштың айналасын қоңыр түске бояса, жасыл тартып, сары түске бояса, көгілдір болып көрінеді. Тым-тырыс кезде дыбыс жақсы естіледі, ыссы нәрседен кейін салқынды түйсіну өзінен-өзі белгілі. Жоғарыда көрсетілген мысалдарда түйсіктердің қарама-қарсылығы жүйке процестерінің өзара индукция зандылығымен (бір мезгілдік индукция) түсіндіріледі.
В. Синестезия
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің, пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бүған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Мүндай адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, екіншілері — көгілдір-жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, , сипай сезу, иіс, дөм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы қүбылыс омірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия — түйсіктердің озара байланысының мөлшерден тыс дамыған бір корінісі.
Г. Бір ізді бейнелер (эйдетикалық ес)
Тітіркендіргіш інің тоқталғанына қарамай, аз уақыт болса да, түйсіктің оз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бүлар кору, есту, иіс, дәм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мәселен, адам 2—3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін козін жүмса (козді жүмғанда қабақтан жарық түсірмеу үшін шамды алақанмен қалқалау керек), жарықтың ізін айқын көре алады. Бір ізді образдардың бүл түрі оң бір ізді образдар деп аталады.
Қолымызға екі парақ ақ қағаз алып, бірін ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортасына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырайық. Бүдаң кейін осы қызыл қағаздан көз алмай 20—30 секундтай қарап отырып, козімізді сәл ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір түсті коруге болады.
Бүл теріс бір ізді образдардын мысалы. Соңғы түс алғашқы қызыл шаршының теріс бір ізді образы. Кино ленталарындағы жеке кадрлардың арасындағы үзілістерді байқамау осындай оң бір ізді образдардың қызметі болып табылады. Өйткені мұндайда бір тітіркендіргіш екіншісімен жалғасып отырады. Бір ізді образдар көбінесе байқалмайды. Өйткені көздің тор қабығы үнемі қозғалып түрады да, осыдан адамның көзі талмайды. Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөліктерінде түрлі лардан қалған іздер — бір ізді образдардың физиологиялық негізі болып есептелінеді.
Бір ізді образдарға үқсас, бірақ одан табиғаты бөлектеу заңдылықтың бірі — эйдетикалық қүбылыс. Бүл — эйдоне деген грек сөзінен алынған, мағынасы , сурет, бейне, идея деген мағынаны білдіреді. Кейбір адамдарда бүрын қабылдаған заттар мен қүбылыстарды, сол объектілер көзден таса пайда болған жағдайда да көріп түратындай қабілет болады. Осы жағдайға байланысты шықкан қисынды психологияда эйдетизм деп атайды да, осындай кабілеті бар адамдарды эйдетиктер деп атайды. Эйдетика образдары естің елестеріне, сондай-ақ түйсікте, ілеспе, бір ізді образдарға табигаты жағынан үқсас келсді. Эйдетикалық бейнелерді естің елестері мен ілеспе бейнелерден бір ерекшелігі, мүнда адам жоқ заттарды үсақ-түйектеріне дейін нақтылы тәптіштеп түсіне алады. Яғни, алдында жоқ нәрсені бүге-шігесіне дейін жақсы "көре алады" бірінен екіншісіне көзін оңай жүгіртеді
