- •Информатиканы оқытудағы мұғалімнің рөлі
- •Психология ғылымының тарихы, даму кезеңдері
- •Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі әдеби көздерді зерттеу әдістері
- •Информатиканы оқытуды жобалау. Тақырыптық жоспарлау. Сабақты жоспарлау
- •1. Тақырыптық жоспарлау
- •2. Сабақты жоспарлау
- •Қазақстанда педагогика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
- •3. Жалпы психология пәні, оның объектісі
- •Информатиканы оқыту әдістемесі пәні
- •Ойын және оның психологиялық сипаты, ойын түрлері
- •Жас ерекшелік туралы ұғым, белгілі кезеңдерге бөлінуі.
- •Бастауыш сынып информатикасын оқытудағы ақпараттық технологиялардың рөлі
- •2. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері: педагогикалық бақылау,
- •3. Қиял туралы жалпы ұғым. Қиялдың түрлері
- •1. Үй жұмысының формалары. Үй тапсырмасын беру әдістері
- •2. Түйсік туралы жалпы ұғым. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары.
- •3. Сабақ типтері мен құрылымы
- •1. «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бастапқы мақсаттары мен міндеттер.
- •2. Зейін туралы жалпы ұғым. Зейін түрлері
- •3. Дидактика туралы ұғым, оның міндеттері.
- •1. Инфоматика сабағының ерекшеліктері
- •2. Орта білім беру жүйесі. Мектептің жаңа түрлері, лицей, гимназия
- •3. Ес туралы жалпы ұғым. Ес саласындағы дара айырмашылықтар
- •1. Информатика кабинетінің қызметі. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар.
- •2. Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі аннотация, баяндама, тезис және жоспар.
- •3. Еңбек әpeкeтiнің психологиялык сипаты
- •1. Информатиканы бастауыш сыныптан бастап енгізудің алғы шарттары. Пропедевтикалық курстың негіздемелері. 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесінің бағыттары.
- •2. Ерік туралы жалпы ұғым. Ерік сапалары
- •3. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.
Бастауыш сынып информатикасын оқытудағы ақпараттық технологиялардың рөлі
Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде жасалған 12 жылдық мектептегі білім беру процесінің моделі, түрлі деңгейлі вариативті білім беру мазмұны негізінде және оқытудың репродуктивтілігі мен шығармашылык технологиялары үйлесімді қабысқан мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы негізінде қалыптастырылуы тиіс. Демек, 12 жылдық мектепте оқытуды ұйымдастыру жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге шешуші мәні бар мынадай принциптерге ие болады:
- жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі;
- күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы;
- ашықтығы;
- интерактивтігі.
Осы принциптер негізінде бағдарланған білім беру моделінде оқыту, оқушы (үйрену) мен мұғалімнің (оқыту) өзара байланыс әрекетінде әр оқу процесі компоненттерінің мақсаттарын үйлестіре ұйымдастыру болып табылады. Сабақты құрылымдауда оқушының өзін-өзі таныту мақсаттарына, оқу материалдарын модельдеуіне, оқушының өнімді әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызатын оқытудың формалары мен әдістеріне кезек беріледі.
Қазіргі кезде әлемде білім беру мәселесі дамуын үрдісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынмен көбеюі (кейбір дерек көздері бойынша адамға қажетті білім мөлшері екі жылда, ал кейбір деректерге сүйенсек он сегіз айда екі еселенуде). Сондықтан да бұрынғыдай жеткіншек ұрпақты энциклопедиялық біліммен қаруландыратын уақыт кетті, оған мүмкіндік жоқ, оны заман ағымы көтермейді.
Қазіргі заманғы ұрпақ таңдауында шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Оқушыны болашағына таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін, қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Сондықтан бүгінгі күні білім жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету әрбір мұғалімнің міндеті болып отыр.
12 жылдық білім берудің ерекшелігі ерте жастан информатика пәнінің оқу бағдарламасына енгізілуі. Онда жалпы орта білім беру педагогикалық процестің әрбір қатысушысының шығармашылық потенциалы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дамуына жағдай жасауға, сондай-ақ негізгі мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге, жоғары сатыдағы оқушыларды бейіндеп оқытуға бағытталған біртұтас жүйе құруды қарастырады.
Мұндай білім беру жүйесі келешек ұрпақтың білімінің толығуына, жан-жақты болуына, шынайы әлем жағдайында тәрбиленуіне көп септігін тигізеді. Сонымен қатар, 12 жылдық мектеп жоғары мәдениетті, терең адамгершілігі қалыптасқан жүйедегі құндылықтарымен, сенімдерімен өз оқушыларының шығармашылық потенциалын дамытудағы инновациялық қызмет қабілеттілігін өздігінен жетілдіруге білікті маманды талап етеді. Ақпараттық технологияның қаулап өсуі мен ақпараттық қоғамның қалыптасуы, өркениетті елдердегі сияқты біздің республикамызда да ақпараттық мәдениетті қалыптастыру талабын туындатты.
Ақпараттық технологияны ерте жастан оқыту үшін пропедевтикалық кезең ұсынылады. Оның негізгі міндеті – оқушыларды компьютермен алғашқы таныстыру, оқулық ойындық бағдарламаларды, қарапайым компьютерлік тренажерды пайдалану процесінде ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтерін қалыптастыру. Бұл міндеттерді шешу оқушыларға алдағы уақытта компьютерді қолдану деңгейін тереңдете, келесі табыстарға қол жеткізудің алғашқы әзірлік-дайындықтарын жасауға мүмкіндік береді, оларды жаңа ақпараттық қоғам өміріне дайындайды.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнінің элементтерін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияның керемет мүмкіндіктерін кез келген пәнге қолдануға болатындығына көз жеткізу керек.
Информатика пәніне стандарт бойынша бастауыштың әрбір сыныбында аптасына 1 рет, жыл бойына 34 сағат арналған. Қазіргі кезде информатика пәні бастауыш сыныптан жүретін кейбір мектептерде Білім және ғылым министрі ұсынған – «Ақпараттық мәдениет негіздері» оқу әдістемелік кешені бойынша жүргізіліп келеді. Оқу әдістемелік кешен төрт бөлімді жұмыс дәптерінен және мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдан тұрады.
Әйтсде, Қазақстанның болашақ білімді азаматтарын даярлауда бұл оқулықтармен ғана білім беру жеткіліксіз. Сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу қарқыны, оқытудың жаңаша әдістерін дамытуды қажет етеді.
Жаңадан білім беру жүйесі сапалы және терең білім үрдісінде жаңа педагогикалық, ақпараттық, инновациялық технологиярға бағытталуы тиіс. Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің пайда болуы ақпараттардың мазмұнын адамның түрлі сезім мүшелері арқылы және аудиториямен интерактивті өзара әрекетке түсу арқылы қабылдауды, түрлі техникалық құралдардың көмегімен іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Міне осыған байланысты оқулық, дәптермен салыстырғанда электрондық құралмен оқыту дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады.
Әртүрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.
Оқытудың ақпараттық технологиялары – бұл білім беру саласында қолданылатын электрондық құралдар, компьютерлік желілер, компьютерлік телекоммуникациялар және басқа да құралдардың жиынтығы.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.
Электронды бағдарламалармен оқыту жылдам оқи және жаза алмайтын оқушылар үшін суреттеме, бейнелер арқылы көрсетіліп түсіндіріледі, сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға мүмкіндік алады. Осы мақсатта, сонымен қатар, сабақ ортасында сергіту сәттерін қоса оқыту әдістері өте тиімді ұйымдастырылуы тиіс. Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаларда оқушылар компьютермен танысып, өзара қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздер мен шағын әңгімелерді баспалап, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет салады. Сонымен қатар, өз бетімен өлең, әңгіме құрастыруды, өз бетінше жұмыс жасауды, жылдам ойлауды, шығармашылықпен айналысуды үйренеді.
Осындай оқыту әдістерін пайдаланғанда информатика пәнінің басқа пәндермен пәнаралық байланысының тығыздығы көрінеді. Сонымен қатар, бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, әрі ойлау қабілеттерін дамыту компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Электрондық оқулықтарды пайдаланғанда оқушылар мынадай тапсырмаларды орындай алады:
- математика сабағында қарапайым арифметикалық амалдарды, геометриялық ұғымдарға қатысты амалдарды;
- ана тілі сабағында мәтіндік редактордың көмегімен тақпақтар, құттықтаулар, өлеңдер, т.б. жазу арқылы өздерінің тіл байлығын, сауаттылығын, шығармашылық қабілетін арттырып, ойын тиянақты жеткізе алуға, еркін сөйлей білуге үйренеді;
- бейнелеу өнері, дүниетану сабағында тышқан манипуляторымен жұмыс істеуді ғана үйреніп қоймай, бейнелеу өнерінде пайдаланылатын саймандармен (қарындаш, қылқалам, өшіргіш, бояғыш, фигуралар, т.б) жұмыс істеуге дағдыланады.
Заман ағымына қарай сабақты жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ақпараттық техникалық құралдармен үйлестіре ұйымдастыру, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне белсенді жағдай жасайды.
