Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ернур новый.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

10 Сурет – Жұмыс орнының өлшемдері

Өндірістік жабдықтардың бір-бірінен ара-қашықтығы, қозғалып келе жатқан механизмдерден, бөлшектерден, қоректендіру көздері шоғырынан (источники питания) ара қашықтықтары 1,5 метрден кем емес, ал автоматты пісіру қондырғылар арасы 2м кем болмауы керек. Жабдықтар мен дайындамалар, бұйымдар жинайтын орындар арасы 1-1,6м болуы керек.

Жанғыш материалдар сақталған жерден, пісіру орындары 4-10 м қашықтықта орналасуы керек.

Электрмен пісіру, кесу, дәнекерлеу жұмыстарын атқару кезіндегі, жұмысшыға ең аз физикалық жүктеме түсуін қамттамасыз ететін, тұрақты жұмыс орындары параметрлері

Металдарды пісіру қазіргі өнеркәсіптің барлық салаларында қолданылатын технологиялық процесс. Пісіру арқылы бір тұтас монолит жалғас қалыптастырылады және металдың атомдары өзара атомдық байланыс күші әсерінде болады. Атом аралық байланыс күші єсері орын алу үшін атомдар арақашықтыққа дейін жақындатылуы шарт. Мұндай дәлдікпен металды үстіңгі бетін өңдеуді қазіргі механикалық өңдеу тәсілдері қаптамасыз ете алмайды. Жылтырлатып өңдеу және хонинголау металдың үстіңгі бетін дәлдікпен іске асырады. Бұл металл атомдарының өзара әсерлесу күшіне қажетті арақашықтықтын бірнеше жүз есе артық арақашықтық.

Металл атомдарын пісіруге қажетті ара қашықтыққа жүықтау үшін жоғары температураға қыздырү мен жоғары қысым қолдану немесе пісірілген металл жиектерін балқытып кристалдандыру қолданылады. Сонғы тәсілді балқытып пісіру деген жалпы атпен атайды. Бұған электрдоғалы, газжалынымен (газбен), электрқожды пісіру тәсілдері жатады. Балқытылған жалғастырылатын металл жиектері балқытылған қосымша металмен (электрод материалымен) араласып кристалданады.

Кристалдану заңдылықтарына орай монолит пісірілген жік металлы қалыптасады. Негізгі және қосымша металдардан тұратын балқытылған металл көлемі пісіру ваннасы деп аталады.

Пісіру ваннасы салқындау нәтижесінде кристалданып пісірілген жік қалыптасады. Газ жалынымен пісіруде оның жылу қуаты металл жиектері мен қосымша металдың шағын көлемде жєне тез балқуын қамтамасыз ететін энергия көзі болып табылады.

3.2 Пісіру орнындағы пісіру үдерісі

Пісіру үдерісі түрлі металл құрылымдарын жасау кезінде кеңінен қолданады. Пісіру түрлі бөлшектер және бұйымдарды жөндеуде де қолданылып тұрады.

Қазіргі таңдағы кәсіпорындар заман талабына сай ірі, өнімділігі жоғары күрделі жабдықтарды қолдану, техникалық қызмет көрсетуді және технологиялық жөндеудің жоғары талаптарын ұсынады.

Металлургияда дамудың жоғары көрсекіштеріне жету эксплуатациялы-техникалық дайындық және өндірістік жабдықтың жұмыс істеу деңгейіне байланысты, өйткені қазіргі кәсіпорындарда барлық технологиялық үрдістер, олардың жабдықтары мен агрегаттарымен, тасымалдау машиналары және механизмдерімен тығыз байланысты.

Пісіру техникасы мен технологиясы қазіргі заманғы өндірісте жетекші орындардың бірі болып табылады. Жаңа машиналар мен ғимараттардың көптеген құрылымдарын, мысалға алғанда, ғарыш зымырандарын, сүңгуір қайықтарды, газ және мұнай құбырларын пісіру жұмыстарысыз дайындау мүмкін емес.

Бүгінгі күнде осыдан біраз уақыт бұрын ғана пісіру техникасы мен технологиясы экзотикалық деп есептелген материалдармен біріктірілді. Бұл титандық және бериллдік балқыламалар, молибден, вольфрам, құрылымдық беріктігі жоғары материалдар, керамика және сол сияқты әр түрлі материалдар болып табылады.

Еңбектің өнімділігін арттыруда механизацияландыру деңгейін арттыру мен пісіру жұмысын автоматтандыруда, бүгінгі таңда көптеген бұйымдарды сериялық өндіруде жаңа күрделі машиналар мен агрегаттарды жабдықтаудың мәнісі зор.

Осының бәрі – пісіру жұмыстарындағы мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптар, себебі олар пісіру жұмысының жаңа әдісі мен қолданылуын, пісірудің жаңа үлгідегі машиналарын меңгереді.

Пісіру жоғары пайдаланушылық сипатымен қоса, құрылымдар жасауға мүмкіндік беретін, бөлшектердің ажырамайтын қосылыстарын алудың ілгерілемелі технологиялық процесі. Пісірілген қосылыстардың артықшылығы, олардың әр түрлі міндеттердегі құрылымдарда кең қолданысқа ие болуына мүмкіндік туғызады. Пісіруді пайдалану құрылымдар өндірісі барысында материалдар мен уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.

Ғылыми-техникалық прогресстің дамуымен бірге әртүрлі қалыңдықтағы материалдар бөлшектерінің, ал осыған байланысты пісірудің қолданылатын түрлері мен әдістері де көбейді.

Қазіргі уақытта газдыэлектрмен пісіру – пісірудің кең таралған түрлерінің бірі болып табылады. Ол зауыт жағдайында, сондай-ақ құрылыста пісірілген құрылымдардың барлық дерлік түрлерін жасау кезінде қолданылады.

Қазіргі уақытта газдыэлектрмен пісіруші маманы үлкен сұранысқа ие және машина жасау мен құрылыстағы жетекші мамандықтардың бірі.

Металлургия – кендер мен қалдықтардан металдар мен қорытпаларды алатын өндіріс саласы. Металлургия ол физика, химия және басқада техника салаларының негізінде пайда болған металдау және оны тазалау тәсілдерін зерттейтін ғылым. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.

«Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен, ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерін шығару бойынша технологияны меңгеру мақсаты қойылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға арналған металургиялық кешеніндегі төртінші және бесінші өзгертіп жасау өндірісін құруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық бағдарламасы әзірленген, мұны іске асыру республиканың металлургиялық саласында жаңа технологияны негіздеу мен әзірлеуге жағдай жасайды. Осындай өндірістерді ұйымдастыру импорт бойынша шығынды бірқатар төмендетуге, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылық базасында жаңа жұмыс орындарын құруға, осы өнімге ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.