Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ернур новый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

7 Сурет – Пісіру орны

Электродоғалық пісіру цехының ішкі қабырғаларын, ондағы жабдықтарды ашық бояулармен бояу керек (сұр, сары, көгілдір). Бұл шара электродоғалық сәуленің жарқыл қуатын азайтуға доғамен қоршаған орта арасындағы контрасты азайту үшін қажет. Мысалы мырыш және титан түсті бояуларды жарықта шашыратады, ал сары түс ультракүлгін сәулелерді шашыратады.

Бөлмелер едені жанбайтын материалдардан жасалып, әр технологияның гигиеналық, технологиялық, пайдалану талаптарына сай болуы керек.

Электродоғалық пісіру жұмыстарын жүргізетін орын жанбайтын қалқалармен қоршалуы тиіс. Кіші және орта мөлшердегі бұйымдарды пісіру үшін арнайы кабиналар жасалады.

Дәнекерлеу ( пайка ) жұмыстары жүргізілетін орындарды бөлек бөлме-лерге орналастыру керек. Бөлме ішінің өңделуі, ауа жүретін жолдардың сыртқы беттері, жылу қондырғыларының, комуникациялардың сыртқы беттері жуып алуға мүмкін болуға қажет.

Лазерлік пісіру жұмыстары жүргізілетін цех, бөлім арнайы жабдықталып бөтен адам кірмейтіндей, сыртқы есіктерді ішкі құлыппен жабылуы және қауіп белгісімен жабдықталуы тиіс.

Бөлмелердегі табиғи және жасанды жарық шамасы сәйкес болуы қажет. Жарықтандыруды жобалаған кезде ауаның шаңды болуына байланысты мөлшерге қосымша коэффициентті қосу керек.

8 Сурет – Пісіру параметрлері

Пісіру аймағындағы ауадағы зиянды заттар мөлшері шекті рұқсат етілген коцентрациядан аспауы керек.

Бөлме микроклиматы орташа жұмыс ауырлығына сай, МЕСТ- ке сәйкес болуы керек.

Жабық ыдыстар ішінде пісіру жұмыстарын жүргізген кезде жарық бағыттағышы бар шамдары немесе қорғағыш торлы, қолға алып жүретін шамдарды пайдаланады. Мұндайда автотрансформаторларды қолдануға тиым салынады.

9 Сурет – Электргазбен пісірушінің бойына байланысты параметрлері

Материалдар мен дайындамаларға, оларды сақтау, тасымалдауға қойылатын қауіпсіздік талаптары.

Пайдаланылатын материалдар (пісіруге қажетті сым, электродтар, дәнекерлеу қалайысы, флюстар, газдар және сұйықтар) технологияда көрсетілген маркаларына, талаптарға сәйкес болулары керек. Радиоактивті зат бөлетін, вольфрамды сымдарды, санитарлық- техникалық байқаудан өтпеген басқа материалдарды пайдалануға болмайды.

Пісірілетін дайындамалар беттері, бөлшектер кірден, таттан басқа да ластанудан, майдан, қақтан тазартылып, құрғақ болуы тиіс. Пісіру, дәнекерлеу үшін материалдарды майсыздандыруға өрт және санитарлық бақылау органдары рұқсат еткен ерітінділерді қолдану керек. Бұл мақсатқа дихлорэтан, трихлорэтилен және басқа хлорлы көмірсутектерді пайдалануға және қызған бұйымдарды ерітіндімен сүртуге тиым салынады.

Пісіру және керсу жұмыстарына пайдаланылатын қысылған газдар 40 литрлік баллондарда сақталады. Баллондарды сақтау, тасымалдау, пайдалану- қысылған газдар сақталатын ыдыстарды пайдалану ережесіне сай болуы қажет. және ереже бойынша әр баллонның ішіндегі затының аты жазылған, арнайы ескерту бояуымен боялған болуы керек.

Қысылған газдарды жанғыш газдармен, оттегі баллонымен бірге сақтауға болмайды.

Баллондарды, оларды сақтауға лайықталмаған бөлмелерде, жылу қондырғыларына 1 метрден жақын, ашық от көзіне 5 метр жақын жерлерде сақтауға тиым салынады.

Толық баллондар бос баллондардан бөлек сақталуы керек. Зауытқа өткізілетін бос баллондарда қалдық қысым болуы қажет. Оттегі және ацетилен бірге тасымалдауға болмайды.

Жұмыс орындарын ұйымдастыру, жабдықтарды орналастыруға оны пайдалануға қойылатын қауіпсіздік талаптары.