Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ернур новый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

3 Сурет - Электродұстауыштың типтері

Шлемдер мен қалқаншалар.

Шлемдер мен қалқаншаларды пісірушілердің көзі мен бет терісін электр сәулесінің зиянды әсерінен балқыған метал мен қож шашырандыларынан қорғану үшін қолданылады. Шлемдер мен қалқаншалары тоқ өткізбейтін материалдар – қара фетр және пластмассадан жасайды. Қалқанша немесе шлемнің салмағы 0,6 кг –нан аспауы қажет. Шлемдер мен қалқаншалардың қорғаушы шыны жарық фильтрі болады. Жарық фильтрінің өлшемі - 52x102 мм. Жарықфильтрі металл және қож шашырандыларынан сыртынан әдеттегі терезе шынысымен қорғалады, ол ластанғаннан кейін ауыстырылып тұрады.

Пісіру сымдары.

Тоқ күштік тораптан пісіру аппараттарына әдетте таңбалы сымдармен келтіріледі, пісіру аппараттарынан электродұстауыштарға –таңбалы мыс сымымен немесе елеулі механикалық әсері жоқта сымымен (алюминий сымды) келтіріледі. Бұл сымның ұзындығы 3 м – ден кем болмауы керек. Әртүрлі таңбалы сымдарды жалғастыру дәнекерлеумен, қыспа муфталармен орындалады. Пісіру аппаратынан жұмыс орнына тартылған сымның ұзындығы 30-40мм ден аспауы, керек, өйткені сымдағы кедергінің көбеюіне байланысты доға кернеуі азаяды. Нәрлендіру көзімен пісіретін бұйым арасын арзандау сымдармен жалғауға болады, көбінесе бұл мақсатта таңбалы сым қолданылады.

4 Сурет - Тұрақты пісіру орны

Электрпісірушінің саймандары.

Қолмен доғалы пісіргенде электрпісірушіге келесі саймандар қажет:

- балға, ол қожды кетіру және белгі жасауға қажет;

- болат щетка, ол металды пісірер алдында ластықтан тазартуға және пісіргеннен кейін қожды кетіруге қолданылады;

- кескіш (зубило), пісіру жігінің ақауларын қырқуға;

- жіктердің өлшемін тексеруге арналған үлгілер жиынтығы;

- метр, бұрыштық, болат сызғыш, белгілегіш;

- болат белгілегіш (немесе олардың жиынтығы).

Электрпісірушінің арнайы киімі.

5 Сурет – Электргазбен пісірушінің киімі

Электпісірушінің арнайы киімі (шалбар, куртка немесе комбинезон, сондай-ақ қолғап тығыз брезент, сукно, асбесті матадан жасалады. Шалбарды аяқ киімнің сыртынан киеді, өйткені аяқты металдың ыстық тамшыларынан, электрод қалдықтарынан қорғау қажет. Осы себептермен куртканы шалбардың сыртынан жіберіп киеді. Қуртканың қалтасына балқыған металл түспейтіндей қарастырылуы керек.

3 БӨЛІМ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

3.1 Пісіру орнының параметрлері

Пісіру жүргізетін орындар тұрақты немесе жылжымалы болады. Қолданылатын ток тегіне жəне нəрлендіру көзінің типіне байланысты пісіру орындары мына түрлерге бөлінеді:

– бір орынды (немесе көп орынды) пісіру түзеткіші немесе пісіру түрленгіштерінен тұрақты токпен нəрленетін пісіру орындары;

– пісіру трансформаторынан нəрленетін пісіру орны.

Тұрақты пісіру орындары əдетте мөлшері ықшам бұйымдарды пісіруге арналған төбесі ашық бөлмешік.

6 Сурет – Пісіру орнының қоршалуы

Бұл бөлмешікте бір орынды пісіру түзеткіші немесе трансформатор орналасады. Егерде айналатын тұрақты ток түрлендіргіші қолданылатын болса, онда ол бөлменің сыртында орналастырылады. Пісіру орындарыны. көп орынды тұрақты ток түзеткіштері жəне түрлендіргіштері нəрленетін жағдайда пісіру тогын бөлмешектерге шина не сымдармен таратады. Бөлмешектерде ажыратқыштар немесе магнитті қосқыштар орналастырылады.