Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ернур новый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать
  1. Бөлім. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру

2.1 Пісіру орны

Пісіру орны дегеніміз пісіру жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған жұмыс орны. Пісіру орны нәрлендіру көзі, электр сымдары, электродұстағыш, шлем және қалқаншамен, сондай-ақ әртүрлі аспаптар және айлабұйымдармен жабдықталады. Пісіру орындары тұрақты немесе жылжымалы болады. Қолданылатын тоқ тегіне және нәрлендіру көзінің типіне байланысты пісіру орындары келесі түрлерге бөлінеді:

- бір орынды (немесе көп орынды) пісіру түзеткіші немесе пісіру түрленгіштерінен тұрақты тоқпен нәрленетін пісіру орындары;

- пісіру трансформаторынан нәрленетін пісіру орны.

Тұрақты пісіру орындары әдетте мөлшері ықшам бұйымдарды пісіруге арналған төбесі ашық бөлмешік. Әдетте бұл бөлмешікте бір орынды пісіру түзеткіші немесе трансформатор орналасады. Егерде айналатын тұрақты тоқ түрлендіргіші қолданылатын болса, шуы көптігінен ол бөлменің сыртында орналастырылады. Пісіру орындарының көп орынды тұрақты тоқ түзеткіштерінен және түрлендіргіштерінін нәрленетін жағдайында пісіру тоғын бөлмешектерге шина немесе сымдармен таратады. Бөлмешектерде ажыратқыштар немесе магнитті қосқыштар орналастырылады. Жұмыс үстелінде, әдетте пісіру бұйымдарын құрастыру мен қысуға арналған айлабұйымдарды орналастырады, ал үстелдің жәшіктерін саймандар, түйір электродтар т.б. салуға пайдаланады.

Бөлмешектің қабырғасына электродтарды қыздырып,кептіру үшін қолданылатын кептіру шкафы ілінеді. Жылжымалы пісіру орындары бұйымдарды нақты құрылыс алаңдарында және өндірістік цехтардың аландарында үлкен мөлшерлі бұйымдарды пісіруге қолданылады. Нәрлендіру көздерін жаңбыр және қардан қорғау үшін бұл жағдайда, бастырма жасайды ал доға сәулесінен қорғану үшін қалқандар орналастырады.

1 Сурет – Қолмен пісіруге арналған пісіру орны

2.2 Пісіруге қажетті жабдықтар.

Электродұстауыштар

Электродұстауыштар электродтарды қысуға және оларға пісіру тоғын келтіруге арналады. Электродұстауыш келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:

- электродты жылдам және сенімді бекітуді қамтамасыз етуі;

- салмағының аз болуы (0,5 кг –ға дейін);

- жұмыста ыңғайлығы;

- электр тоғынан сенімді оқшаулануы;

- қызғаннан сенімді оқшаулануы;

- электродтардың толығырақ балқуын қамтамасыз етуі;

- пісіру сымын берік жалғастыруы мен сенімді электр түйісін қамтамасыз етуі қажет.

Қолмен доғалы пісіруге арналған электродұстауыштардың бірнеше типтері бар: ашалы, серіппелі, қыспалы. Кейбір электродұстауыштарда жұмыстардың қауіпсіздігін жоғарлату мақсатында пісіру процесі тоқтаған кезінде тоқты қолмен немесе автоматты түрде ажырату қарастырылған, электродұстағыштар, құрылғылық сұлбасымен бөлінуден басқа пісіру тоғы күшіне байланысты үш топқа бөлінеді:

I топ — 125 А-ге дейінгі тоқтың күшіне арналған;

II топ — 125 - 315 А;

III топ — 315 до 500 А.

Электродұстауыш 8000 электрод шығынына дейін жөндеусіз шыдауы қажет. Электродты ауыстыру уақыты 4 секундтан аспауы қажет.

2 Сурет - Тоқты қолмен ажырату жүйесі бар электродұстауыш

2 суретте тоқты қолмен ажырату жүйесі бар электродұстауыштың құрылымы келтірілген., ал 3 - суретте электродтарды бойлық және көлденең серіппелі қысуға арналған электродұстауыш көрсетілген.