Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ернур новый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

5 Бөлім. Қоршаған ортаны қорғау.

5.1 Жалпы экологиялық жағдай

Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс XX ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған.

Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі аныкталды.Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен XX ғасырда өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.

Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Мысалы, Қазақстанның шөлейтті, далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, ал өзен бойларында суармалы егіншіліктің ошақтары орналасқан. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі - адам денсаулығына әсері.

Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халык арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда. Мысалы, ірі калаларда автокөліктерден шыккан улы газдың молаюы байқалады. Көптеген елді мекендерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауына байланысты тұрғындар асқазан, ішек ауруларына ұшырайды. Тұрғын халықты сапалы ауыз су - қамтамасыз етуді жақсартпаған жағдайда өндіріс қалдықтарымен, әр түрлі тыңайтқыш, пестицидтермен ластанған өзен суын пайдалану қауіпті. Соның нәтижесінде әр түрлі ауру туғызатын бактериялар көбейіп, сары ауру сияқты дертке шалдықтырады.

Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың да тигізетін зиянды әсері көп. Мысалы, космодромға көршілес аудандарда, ядролық полигон төңірегінде тұратын халык қатерлі ісік, қанның азаюы (анемия), ак қан (лейкемия) ауруларымен көп ауырады. Қазіргі кезде Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырандардың сынығы, Орталық Қазақстан жеріне құлаған «Протон» қондырғылары халық денсаулығына өте зиян келтіруде.

Сонымен, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар медицинамен тығыз байланысты. Сондықтан елімізде аурулардың аумақка таралу заңдылықтарын зерттейтін медициналық география ғылымын дамытудың маңызы зор. Бұл ғылым саласы адам денсаулығына қоршаған ортанын табиғат жағдайларының әсер етуін де зерттейді. Адам - табиғат карым-қатынасы өте күрделі. Бір жағынан адам табиғат қорларын тұтынушы болса, екінші жағынан, өзі өзгерткен ортада өмір сүріп, ондағы кері өзгерістердің зардабын тартушы ретінде саналады. Бұдан адам қоғамының табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі болады. Адамдардың тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы жергілікті табиғат жағдайларымен байланысты. Жаздың жылы, қыстың қоңыржай болуы және т.б. жағдайлар қолайлы болса, құрғақ, құмды шөлдер мен биік таулар, қатал қыс, аптапты жаз қолайсыз әсер етеді. Дегенмен табиғат жағдайларынан басқа адам әрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері де адам тіршілігіне әсер етеді. Бұл соңғы экологиялық жағдайларға байланысты. Мысалы, өнеркәсіпті қалаларға қарағанда шеткі ауылдарда ауа аз ластанған. Ал керісінше, орталықтандырылған су құбырлар жүйесінің болуына байланысты қалаларда ауыз судың сапасы жақсы.

Жағалаудағы және су экожүйелерін қорғау аясында зауыттың демалыс үйінің маңындағы жердің ластануы мен Баянауылдағы Сабындыкөлдің батпақтануын болдырмау үшін маңайындағы аумақтың 10 гектар жерін тазалау және екі мың шаршы метр аумақта қамысты жинау жұмыстары қарастырылған.

Өндірістің негізгі қалдықтарының дұрыс пайдаланылуына феррохром қоқысының үнемі өңделуі септігін тигізуде. Зауыт 2016 жылы жоғарыкөміртекті феррохромның 940 мың тонна қоқысын қайта өңдеуді жоспарлап отыр.

Жүргізілген қайта құру барысында пеш жетілдірілген салқындату жүйесі бар жаңа электрқорек жүйесімен жиынтықталған.

Күрделі жөндеуден кейін ол әдеттегідей - магнезиттік шегендеуі бар цилиндрлік болды, ол былаудың көлемін және күмбез асты аумағын едәуір көбейтті. Бұнын барлығы күмбез бөлшектерінің цехтың өзге пештерімен өзара алмасушылығы есебінен тек агрегатқа қызмет көрсетуді ғана емес, сонымен қатар жөндеушілердің міндеттерін де жеңілдетті.

Жетілдіру барысында пеш сондай-ақ автоматтандыру және бақылаудың заманауи жүйелерімен жабдықталған.

АқсФЗ барлық өндірістік нысандары экологияға кері әсерін тигізуді төмендетуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық газтазарту және аспирациялық жүйелерді, қалдығы аз технологияларды қолдану арқылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы қажетті талаптарды есепке ала отырып жобаланды және пайдалануға енгізілді.

Ақсу ферроқорытпа зауыты – қазақстандық қара металлургия флагманы, қала салушы кәсіпорын. АқсФЗ үнемі демеушілікпен және қайырымдылықпен айналысады, зейнеткерлерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне қамқорлық көрсетіп, жетім қалған және мүгедек балаларға көмек көрсетеді, Павлодар облысы әкімдігінің арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандумдар шеңберіндегі игі істерді, сонымен қатар маңызы зор әлеуметтік жобаларды іске асырады.

Кесу жылдамдығын анықтайтын басты қозғалыс не айналмалы, не түзу сызықты болып табылады. Ол дайындамаға немесе кескіш құралға, ал бірқатар жағдайларда бір мезгілде дайындамаға және кескіш құралға хабарланады. Басты қозғалыс жоңқаның бөліну жылдамдығын анықтайды.

Өндірістің қауіпсіздігі жөніндегі директор Сергей Сидоров өткен жылы еңбек жағдайын және оны қорғауды, сондай-ақ саниатарлық-сауықтыру шараларын жақсарту мақсатында зауытта жалпы сомасы 600 миллион теңгелік 118 іс-шара орындалғанын атап көрсетті. Нәтижеде кәсіпорындағы 1700-ден астам қызметкердің жұмыс жағдайы жақсартылған. Жалпы еңбекті қорғау мәселесіне 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Барлық қызметкерлер белгіленген нормаларға сәйкес арнайы жұмыс киімімен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Мамандар жүргізген кешенді тексерулер нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша ереже, нормалар және нұсқаулықтардың 295 бұзылу фактісі анықталған. Қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан 10 жағдайда өндіріс жұмысы тоқтатылған.