- •Дипломдық жұмыс
- •5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
- •Дипломдық жұмыс Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудағы халықтық мұраның алатын орны.
- •Дипломдық жұмысқа берілетін тапсырма
- •Бастапқы материалды және көздерді сипаттау:
- •Студенттердің қарастыратын сұрақтарынының тізімі:
- •3. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •4. Графикалық материалдардың тізімі:
- •5. Дипломдық жұмысты жазылуының календарлық кестесі:
- •6. Дипломдық жұмыстың аяқталу мерзімі: 12.05.2017 ж.
- •Мазмұны
- •1. Білім беру жүйесінде халықтық мұраны қолданудың ғылыми теориялық негіздері.
- •1.1 Халықтық педагогиканың қалыптасуы мен білім берудегі негізгі ұғымдар.
- •1.2 Қазақстанда халықтық мұра арқылы тәрбиелеу мен білім берудің тарихи аспектісі
- •1.3 Оқушаларға рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы халықтық мұраның ролі
- •1.4 Өзін-өзі тану пәніде жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру бағыттары
- •2. Тәжірибелік эксперименттік зерттеу мазмұны
- •2.1 Халықтық мұраны пайдалана отырып оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
- •2.3 Тәжірибелік эксперимент қорытынды нәтижелері
- •Сурет 2- Халықтық мұраны пайдалану негізінде оқушы тұлғасын қалыптастыру деңгейлерінің диаграммасы (экспериментке дейін)
- •Сурет 3 халықтық мұраны пайдалану негізінде оқушы тұлғасын қалыптастыру деңгейлерінің диаграммасы (экспериментке дейін)
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
М
40
%
әдени мұра негізінде оқушы тұлғасын қалыптастыру деңгейлерінің көрсеткіштері төмендегі 2-3 ші суреттерде сипатталды.
25
22
41,2
42,5
33,8
35
0
10
20
30
50
60
жоғары деңгей
орта деңгей
төменгі деңгей
Сурет 2- Халықтық мұраны пайдалану негізінде оқушы тұлғасын қалыптастыру деңгейлерінің диаграммасы (экспериментке дейін)
эксперименттік топ
бақылау тобы
Ж
38,7
28,8
42,5
45
18,8
26,2
0
10
20
30
40
50
%
60
жоғары деңгей
орта деңгей
төменгі деңгей
Сурет 3 халықтық мұраны пайдалану негізінде оқушы тұлғасын қалыптастыру деңгейлерінің диаграммасы (экспериментке дейін)
эксперименттік топ
бақылау тобы
үргізілген педагогикалық эксперимент балалар үйіндегі мектепалды тобындағы тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптасудың моделін, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерінің дұрыстығын біз ұсынған бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың тиімділігін дәлелдеді.
Қорытынды
Қазақстанда халықтық педагогиканың негізі тарихи бастауын еліміздің аумағында мәдени-әлеуметтік құбылыстар пайда болған кезеңнен алып, күні бүгінге дейін желісі үзілмей келе жатқан тарих. Қазақ халқы осы тарих пен мәдениеттің заңды мұрагері. Қазақстандық ұлттық білімнің генезисінде халқымыз бастан кешкен көшпелілер өркениетінің, түркі мәдениетінің, ислам дүниесінің, Еуразия әлемінің, әлемдік құндылықтардың қалыптасу, даму кезеңдерінің мәні мен мазмұны бар.
3. Халықтың тарихи-тәрбиелік ой-пікірі мен іс-тәжірибесі, сақ-ғұн және ұлы Түркі қағанаты дәуірлеріндегі рухани-мәдени құндылықтар, ортағасырлық Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарының, ақын-жырауларының тәлімгерлік мұрасы білім беру мен тәрбиенің оқушы тұлғасының қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғышарттары болып табылады.
4. Зерттеу проблемасы аясында жүргізілген әдіснамалық және теориялық талдаулар нәтижесінде біз халықтық мұраны білім берудің қалыптасуы мен даму кезеңдерін айқындаудың төмендегідей тұжырымдамалық тұғырларын негізге алдық:
- халық мұраның эволюциясын зерттегенде педагогикалық, оның ішінде этномәдени, этнопедагогикалық ой-пікірлердің пайда болуы мен дамуының тарихи-қоғамдық алғышарттарын анықтап алудың маңызы зор, себебі идеялар қоғамның тарихи-әлеуметтік жайына тәуелді;
- халықтық мұраны пайдаланып білім берудің нақтылы бір кезең мен қоғамдағы эволюциясының үрдісін (тенденциясын) анықтау да маңызды, өйткені, ғылым, білім беру мен мәдениеттің даму тарихын қоғамның тиісті кезеңдегі даму процесімен ұштастыра қарастыру керек;
- халықтық мұраны пайдаланып білім берудің генезисін анықтағанда қазақ елінің даму тарихын халықтың әр кезеңдегі қоғамдық құрылысын, саяси-экономикалық ерекшеліктерін ескеру қажет, себебі, қай елдің болмасын ғылымы мен мәдениетінің дамуы тарихтың әр кезеңінде әртүрлі болады;
- халықтық мұраны пайдаланып білім берудің тарихын, әдіснамалық, теориялық және практикалық негіздерін зерттегенде дерек көздері мен құжаттарды кешенді әрі толық қолдану, басқа тектес пәндердің де теориялық-әдіснамалық әдістерін қолданып, ғылыми-педагогикалық талдау жасау маңызды, бұлай етпеу халықтың сан ғасырлық тәлімдік тәжірибесі, ғұлама ғалымдарымыздың тәрбиелік ой-пікірлері, еліміздің басынан өткен қилы заман толық ескерілмей, нәтижесінде тарихи ақиқатты бұрмалауға әкеліп соғуы мүмкін.
Зерттеу проблемасы аясында жүргізілген кешенді талдаулар барысында біз Қазақстанда оқушыларға халықтық мұраны пайдаланып білім берудің қалыптасуы мен даму кезеңдерін шартты түрде үш кезеңге бөліп сипаттауға болады:
1 кезең: Қазақстанда оқушыларға халықтық мұраны пайдаланып білім берудің пайда болуы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХғ. басы);
2 кезең: Қазақстанда оқушыларға халықтық мұраны пайдаланып білім берудің қалыптасуы (ХХ ғасырдың 20-90 жылдары);
3 кезең: Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің дамуы (1991 жылдан бергі кезең).
Бұл кезеңдер Қазақстанда халықтық мұраны пайдаланып білім берудің түп тамыры қазақтың ұлт болып қалыптасуы, тұтасып бірыңғай халық болып даралануы, оның өзіне дейінгі әлеуметтік-тарихи тәжірибені санасына орнықтырып, тұрмыс-тіршілігіне пайдалана білуі арқасында іске асырғандығын зерделеуге, елімізде этномәдени білім берудің бүгінгі ахуалын анықтап, ертеңін болжауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күн талабынан туындап отырған этникалық толерантты тұлғаны қалыптастыруды біртұтас үздіксіз тарихи педагогикалық процесс ретінде қарастырдық.
5. Зерттеу жұмысында Қазақстанда халықтық мұраны пайдаланып білім берудің теориясы дамуының негізгі үрдістерін ашып көрсетуге тырыстық. Оның басты бағыттары: халықтық мұраны пайдаланып білім берудің қалыптасуы мен дамуы жалпыадамзаттық және ұлттық қатынастың диалектикасы арқылы анықталды; әр тарихи кезеңде білім мазмұнын сол кезде басым болған этностық мәдениет құндылықтары (халықтың тәрбиелік тәжірибесі, ойшылдардың тәлімдік идеялары, ұлттық дүниетаным, т.б.) құрады; этномәдени білім беру этностың базалық құндылықтарына (ана тілі, төл мәдениеті, тарихи жады, салт-дәстүрі т.с.с.) негізделді; этномәдени білімнің тарихи-мәдени және педагогикалық негізіне қашанда халық педагогикасы мен ұлттық тәрбие алынды т.б.
6. Біз зерттеуімізде Қазақстан орта мектептеріндегі халықтық мұраны пайдаланып білім берудің практикасының даму ерекшеліктері мен динамикасын көрсетуге тырыстық.
7. Зерттеліп отырған мәселе бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерге талдау жасай келе, зерттеу нысанасының бүгінгі күнгі қойылысы, жай-күйі айқындалып, мақсат, міндеттерімізге сәйкес оқушы тұлғасын адамгершілік тұрғыда қалыптастыруды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеуге және әдістемелік жағынан қамтамасыз етуге қол жеткіздік.
8. Халық педагогикасы мұраларын пайдалануда заман талабына сай кейбір мәселелерді шешу жолдары: халық педагогикасы материалдарын жинақтап, жүйелеу баланың даму деңгейіне сәйкес ықшамдау, бағдарлама мазмұнына ұлттық сипат беру мүмкіндіктерін қарау, мектепте өзін-өзі тану кабинетінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға баса назар аудару, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау қажеттілігі ескерілді.
9. Оқушыларға халықтық мұра материалдарын пайдалану арқылы тұлғаны қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін айқындауда:
- өзін-өзі тану пәніне қойылатын талаптар мен жауапкершіліктерінің басым болуына ерекше мән берілді;
- арнайы жүргізілетін эксперименттің анықтау, қалыптастыру және қорытынды кезеңдеріндегі іс-әрекет барысы зерттеу әдістеріне сәйкес жүйелі сипатталып, экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі сандық, сапалық көрсеткіштері эксперимент және бақылау топтарында көрсетілді.
10. Арнайы жүргізілген факультативтік сабақтар мен психологиялық ойын-жаттығулар, тренингтер педагогикалық жағдаяттар, ұлттық ойындар, қолөнер туындыларын пайдалану, ауыз әдебиеті үлгілері мен мерекелік ойын-сауықтар өткізу іс-шаралары зерттеу барысындағы тәжірибелік жұмыстардың қорытынды нәтижесі болады деп ой түйіндейміз.
Алынған қорытындылар негізінде төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:
- оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұны мен жүйесі әлемдік тәжірибелер негізінде жетілдіруді қажет етеді;
- оқу-тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану керек;
- оқушының рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда халықтық мұра материалдарын міндетті түрде және жүйелі пайдалану қажет етеді;
Болашақта өзін-өзі тану пәнінің жаңадан енгізілуіне орай, орта мектепте тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарын жетілдіру, жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланып, оқушылардың тұлғалық рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды шешуге бағытталған шетелдік тәжірибелерді салыстырмалы тұрғыда зерттеу ұсынылады.
